Добавлен: 03.02.2019

Просмотров: 775

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОФОКЛ

Софокл (Sophokles) (б.з.б. 496 – 406 ж. ш.) – ежелгі грек ғұламасы, драматургиялық біздің заманымыздан бұрын 440 – 439 жылы әскери қолбасшы болған. Ол мемлекет істеріне де араласып, эллиндер мәдениетінің дамуына үлес қосқан. Ертеден жеткен мәліметтер бойынша 120-дан астам драма жазған, 30 мәрте трагик ақындардың айтысына қатысып, 24 рет бас бәйгені иемденген. Бізге 7 драмасы толығымен, 90-нан астамы үзінді қойылымдар түрінде жеткен. Ерте жазылған драмасы “Аякс” саналады. “Антигона” (441), “Эдип патша” (425), “Филоктет” (409), “Колондағы Эдип” (Софокл өлгеннен кейін 401 жылы қойылған) драмаларының жазылған уақыты шамамен анықталса, “Трахинянкілер”, “Электра”, т.б. драммалық шығармаларының жазылған мерзімі белгісіз. Софокл шығармалары Грекиядағы құл иеленушілік құрылымның дамып, гүлденген кезеңін, қоғамдық-саяси оқиғаларға толы өзгерістерді, ел демократиясының жай-күйін бейнеледі. Софокл еңбектеріндеЭсхилЕврипид пікірлерімен келісе отырып, пьесаларда актерлер санын екіден бірнешеге көбейту, хор бөлімдерін қысқартып, қимылдай жүріп диалог негізінде сөйлесу, сөзді іс-әрекетпен толықтыру секілді жаңа жобалар ұсынды. Ол сахнаға жаңа декорациялар енгізіп, маскаларды жаңаша жасады. Софокл туындылары адам мәселесін алғашқы орынға қоя отырып, өмір шындығын қарама-қайшылықтар негізінде көркем жеткізуімен ерекшеленді. Ол шығармаларында еркіндікке толы адамзат рухының қатал тағдырға қарсы іштей күресуін шынайы бере білді. Грек ойшылы Гомердің шығармаларын үлгі тұта отырып, мифологиялық оқиғаларды шығармаларына арқау еткен Софокл “Трахинянкілер” трагедиясында соғыс майданында әрдайым мерейі үстем болған Гераклдың (Геркулес) өлімін бейнеледі. Жас арудың ағасына деген жанашырлықтан басын өлімге тігуін “Антигона”, әке өлімі үшін қызының кек алуын “Электра”, әкесін өлтіріп күнәға батқан ұлдың жайын “Эдип патша”, “Колондағы Эдип”, адалдыққа қулық-сұмдықтың, зұлымдықтың қарсы қойылуын “Филоктет” секілді трагедиялары мазмұндайды. Софокл дарынды актер ретінде де танылды, актерлік өнерді кәсіби деңгейде дамытуға, сан қырынан жетілдіре түсуге баса назар аударды. Әлем әдебиетінде Софокл ірі тұлғалар сомдап, образдар галереясын жасаған ежелгі грек трагедиясының аса көрнекті өкілі ретінде бағаланады.[1][2]

Өмірбаяны

Эсхилдан кейінгі афиндық ұлы трагик ақын Софокл б.з.б. 496 жылы Афины жанындағы Колон деген жерде дүниеге келген. Туған жері Колонның сұлу табиғатын ақын «Эдип Колонда» атты трагедиясының бірінші стасимасында жырға қосқан. Оның әкесі Софиил қару-жарақ шеберханасының қожайыны болды. Яғни, материалдық жағынан дәулетті болған Софиил өз баласына жан-жақты, терең білім беруге талпынды. Сонымен бірге, Софоклды гимнастика мен музыка өнеріне баулыды. Осылайша Софокл атақты Лампрдың өзінен музыкалық дәріс алды. Софоклдың б.з.б. 480 жылы Саламин аралында өткен үлкен салтанатты жиында гимн айтуы – оның музыкалық сауаттылығының бірден-бір дәлелі болып табылады. Онымен қоса, Софокл өз драмаларының кей бөлімдеріне музыка жазды. Ал Гомердің «Одиссей» поэмасының негізінде жазылған өз драмасында патша қызы Навсикаяның рөлін ойнағанда, ерекше ептілікпен доп ойнауы – оның афиндық палестрден, яғни спорттық мектепте жақсы тәлім алғандығын көрсетеді. Жалпы антикалық мәліметтерге сүйенсек, Софокл музыкалық және гимнастикалық өнері бойынша көптеген жетістіктерге жеткен. [3] Аттикалық трагедияның үш ұлы драматургы дегенде Эсхил, Софокл, Еврипид есімдерін атасақ, гректер үшеуінің де өмірін Саламин жеңісімен байланыстырады. Мәселен, Эсхил Саламин соғысына қатысқан, Софокл бұл жеңісті хор арқылы жырлаған, Еврипид Саламин жеңісі уақытында дүниеге келген. Үш сүйікті ұлының тағдырын бұлайша байланыстыру парсы жаугершілігінің бетін қайтарған Саламин түбіндегі жеңістің грек халқы үшін қаншалықты маңызды болғандығын көрсетеді. Софокл б.з.б. V ғасырдағы грек жұртының ең сүйікті трагик ақындарының бірі болған. Ол 60 жылдық шығармашылық өмірінде 123 драма жазды. Яғни орта есеппен алғанда жылына 2 рет алқалы топтың алдына шығып отырған. Оның шығармалары ылғи сәтті болып, 24 рет бірінші орын алған, ара-арасында екінші орынды місе тұтқанымен, ешуақытта үшінші орын алып немесе жеңіліп көрмеген. Софокл өз дәуірінде атақты болғанымен, оның біздің заманымызға дейін 7 драмасы ғана жеткен: «Аякс», «Трахиндық әйелдер», «Антигона», «Эдип патша», «Электра», «Филоктет», «Эдип Колонда». Шығармаларының сюжетін Софокл үш мифологиялық циклдан алған: троялық мифтер циклынан «Аякс», «Электра», «Филоктет»; фивылық мифтер циклынан «Эдип патша», «Эдип Колонда», «Антигона»; Геракл туралы мифтер циклынан «Трахиндық әйелдер». Драмаларының жазылған уақыты белгісіз. Зерттеушілер кейбір драмаларының сахналанған уақытын ғана шамалап көрсетеді. «Филоктет» - б.з.б. 409 жылы, «Эдип Колонда» - б.з.б. 401 жылы ақын өлімінен кейін қойылған; ал «Эдип патша» трагедиясы Афиныдағы б.з.б. 430-429 жылдар аралығында болған эпидемиядан кейін туған деп топшыланады. 1912 жылы Оңтүстік Египет құмдарынан табылған папирустар ішінен Софоклдың «Із кесушілер» шығармасының үлкен бір фрагменті табылған. [4] Софокл шығармаларында көтерілген негізгі мәселе – жеке адам тағдыры. Драматург Грекиядағы құл иеленушілік қоғамның дамып, гүлденген кезеңін, қоғамдық-саяси оқиғаларға толы өзгерістерді, елдегі демократиялық жағдайды бейнелейді. Софокл өзіне дейінгі трагиктер пікірлерімен келісе отырып, актерлар санын, хор орындаушылардың санын он бес адамға дейін көбейтті, драмалық әрекетті күшейтті, хор бөлімдерін қысқартты. Шығармаларына музыкалық өңдеу жасап декорациялық живописьті қосты. Алғашқы кезде жазған шығармаларының бірі – «Триптолемде» патриоттық тақырыбын көтерумен қатар, егіншілік пен молшылық құдайы Деметраның халыққа жер бөліп берген қамқорлығы жөнінде айтылады. Эсхилмен салыстырғанда Софокл кейіпкерлері өз бетінше шешім қабылдайтын тәуелсіз болды, олар өзге кейіпкерлермен қалай қарым-қатынасқа түсу керектігін өздері шешті. Софокл құдайларды сахнаға жиі шығарған жоқ. Себебі ол индвид – жеке тұлға мәселесін бірінші орынға қойды. Демек, Софокл туындылары адам мәселесін алғашқы орынға қойып, өмір шындығын қарама-қайшылықтар негізінде көркем жеткізуімен ерекшеленді. Оның «адамдар қандай болуы керек болса, мен оларды солай суреттеймін» деген сөздері осыған дәлел. [5] Эсхил секілді Софокл да ақшаның үстемдігіне қарсы болды («Антигона», «Эдип патша»), ол демократиялық мемлекеттің күшейгенін қалады («Аякс»). Бірақ Софокл шығармаларында қарама-қайшы келетін пікірлер де орын алып отырады. Мәселен, бірде Аполлонның дәстүрлі религияларының орындалуын, құдай заңдарының орындалуын талап етсе («Антигона»), бірде адамзаттың азат еркіндігін («Эдип патша») дәріптейді.




















Эсхил (б. з. д. 525—456) — бірінші грек драматургі"трагедия атасы". Трагедиялык ақындардың мүшәйрасына 13 рет қатысып (кейбір деректерде 28 рет делінген), бәрінде де жүлдеге ие болған, б.з.б. V ғасырдағы афиндық атақты үш трагик ақындардың (Эсхил, СофоклЕврипид) бірі.

Эсхил жазған 70 трагедия мен 20 сатиралық драмадан, бізге 7 драманың ғана толық нұскасы және 400-ге жуық фрагменттері жеткен. Олар — "Жалбарынеандар","Парсылар"Бугаудагы Прометей Фивтің жеті жауы" және "Орестея" трилогиясына енетін "Агамемнон"9 "Хоэфор- лар", "Эвменидтер" трагедиялары.

Өмірбаяны

Ол Афины жанындағы Элевсин қаласында дүниеге келген. Әкесі – Эвфорион, афиндық көне ақсүйектерден, эвпатридтерден шыққан. Ол жеке шаруашылығы, яғни жүзімдіктері бар дәулетті адам болған. Олардың отбасы гректердің парсыларға қарсы соғысында ерекше белсенділік танытқан. Эсхилдың өзі артына жазып қалдырған эпитафиясында грек тарихындағы маңызды үш шайқас: Марафон (б.з.б. 490 жыл; бұл соғыста Софоклдың ағасы Кинагир қаза тапқан), Саламин (б.з.б. 480 жыл), Платей (б.з.б 479 жыл) шайқастарына қатысқандығын айтқан. Эсхил өзін ақын ретінде емес, Марафон шайқасына қатысқан жауынгер ретінде көбірек бағалаған. Демек, ол өзінің ақындық жетістіктеріне қарағанда азаматтық және жауынгерлік әрекеттерін жоғары бағалаған, қалай болғанда да оның эпитафиясында драмалық сайыстардағы жеңісі туралы ешқандай сөз жоқ.[1]Эсхилдың жастық шағы Писитраттардың құлау уақытына және Афиныдағы демократиялық құрылыстың беку уақытына сәйкес келді. Эсхилдың жас кезінде Афинының қала ретіндегі маңызы шамалы болған. Бірақ, ол өз қаласының да грек әлемінде биік деңгейге көтерілгендігінің куәсі болды. Ол ағаларымен бірге парсыларға қарсы шайқастарға қатысты. Осы шайқастардан кейін ақындық аренаға шықты. Эсхил алғаш рет трагиктер жарысына шамамен б.з.б. 500 жылы қатысқан, бірақ бірінші жеңіске тек б.з.б. 484 жылы жеткен. Жалпы алғанда, Эсхил тірі кезінде 13 рет, қайтыс болғаннан кейін 15 рет жүлделі бірінші орынды иемденген. Афиндықтар Эсхил шығармаларын жоғары бағалаған. Оған Эсхил қойылымы боларда билік басындағылардың арнайы хор ұйымдастырғандығы дәлел.[2]Эсхил бірнеше рет Сицилияға барып, онда өз драмаларын қойған, ал б.з.б. 476 жылы сол уақыттағы Сиракуздардың билеушісі Гиеронның Этна қаласының негізін салуына арнап «Этналықтар» атты трагедиясын жазған. Б.з.б. 470 жылы өзінің «Парсылар» трагедиясының екінші қойылымын тамашалау үшін Сицилияға тағы барады. Ал б.з.б. 458 жылы Сицилияға біржола кетіп, онда Гиерон сарайында тұрады. Сонда, Гелл қаласында б.з.б. 456 жылы қайтыс болады. Эсхилдың Сицилияға кетіп қалуын ежелгі биографтар оның жас ақын Софоклдың ақындық жетістіктерін көре алмауынан деп түсіндіреді. Дәл осы жылы екі ақын афиндық сахнада бірге өнер көрсетеді. Софокл «Триптолем» трагедиясын, ал Эсхил бізге белгісіз бір трилогиясын қояды. Софокл шығармасы көрермендердің де, әділқазылардың да көңілінен шығады. Бірақ әділқазылар алқасы эллиндік атақты драматургке қарсы дауыс бере алмай, сол кездегі әскербасы Кимон мен оның достарына шешім қабылдауды ұсынады. Нәтижесінде Софокл жеңіске жетіп, бас жүлдені алады. «Триптолем» трагедиясының сәтті шығуының бір себебі Софокл актерлар санын 3 адамға арттыруында болатын. Бұл диалогтың қызық, түсінікті болуына ықпал етті. Яғни, Эсхилдың осы оқиғадан соң біржолата Сицилияға кетуі – замандастарының өзінен 30 жас кіші Софоклге бірінші орынды беріп, оны алға шығаруына қарсы болуынан деп түсіндіреді. Софоклға дейінгі барлық трагиктер секілді Эсхил драмаларындағы рөлдерді өзі орындады әрі тәжірибелі актерларды да жалдап отырды. Театрға қосқан зор үлесінің арқасында Эсхилды «трагедия атасы» деп таныды. Бірақ, әрине трагедия жанрының негізін салушы деп гректер б.з.б. VІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Феспидті танығаны белгілі. Оны Гораций «трагедияны арбамен тасушы» деп атаған. Себебі Феспид трагедия қоюға қажетті костюмдер мен маскаларды бір жерден екінші жерге тасып жүрген. Ол трагедия жанрының бірінші реформаторы болды, хорға жауап беретін актерларды енгізді. Актер маскасын өзгерте отырып, драмадағы барлық рольді өзі орындап шықты. Одан кейін де грек әдебиетінде бірнеше трагик ақындар болғанымен, олар Эсхил секілді драма структурасына айтарлықтай жаңалықтар енгізген жоқ. Эсхил Феспидтен кейінгі трагедия жанрындағы ұлы реформатор болды. Оның драмалары өз заманының өзекті мәселелеріне арналды, ал Дионис культімен байланыс сатиралық драмаларында көрініс тапты. Эсхил шығармашылығы ежелгі Римде де танымал болды. Энний, Акций, Сенека секілді рим әдебиетшілері оны үлгі тұтты. Афиндықтар Эсхил шығармашылығын өте жоғары бағалап, мақтан етті. Драматург өлімінен кейін де оның драмалары жиі көрсетіліп, сахнадан ұзақ уақыт түскен жоқ. Өз драмаларына қажетті сюжеттерді Эсхил Гомерден және эпикалық циклдардан алып отырды.[3]


Эсхил драмалары

Эсхил драмалары — афины демократиясының дәуірлеу кезеңінің айнасы (б.з.д. V ғасырдың бірінші жартысы). Грек-парсы соғысы тұсында ортак мүдде туыстырған афинылықтардың патриоттық рухының көтерілуі — Эсхил шығармаларыныћ негізгі арқауы. Эсхил тағдырға — Мойраға сенді, тіпті оған Құдайлар да бағынышты болған дщ ойлады. Эсхилдің Прометей туралы трагедиясы — гуманистік Пафосқа толы классикалық туынды. Зевс құдай адамзатты жер бетінен жойып жіберейін деп ойлаған кезде, Прометей аспаннан қасиетті отты ұрлап алып, оны адамдарға әкеледі. Бұдан кейін де неше түрлі көмегін корсетіп, үй салуды, жер игеруді, уақытты санауды, жабайы ардарды асырауды, дәрілік шөптерді ажырата білуді, т.б. үйретеді. Адамдарға көмектескені үшін қаһарлы Зевс ашуланып, Гефестке оны жердің түбіне, Скифияға (Қара және Каспий теңізі алабында орналасқан елдігректер осылай атаған) апарып, жартасқа бұғаула деп бұйырады. Зевстің айткандарына көбеген Прометейді Құдай жартаспен бірге жер асты — Тартарға түсіреді. Прометей — жан дүниенің терең трагизмімен әлемдік әдебиетте оқшау тұрған образ.



































Еврипид



Еврипид мүсіні, б.з.б. Ежелгі римдік түпнұсқа копиясы

Еврипид (б. з. д. 480—406) — үшінші трагедия ақыны. 92 драмалық шығарма жазған, бізге содан 17 трагедия мен 1 сатиралық драма жеткен. Оның трагедиялары әр түрлі саяси көзқарастарға және қазіргі заман туралы ойларға толы. 35 жылдық шығармашылық өмірінде үлкен табысқа жеткен емес, бар-жоғы бес рет бірінші бәйге алған. Соғыс атаулыға қарсы жазылған патриоттық шығармаларында ("Троя әйелдері,"Андромаха"Геракл"Гераклидтер")антикалық дәуірдің демократиялық идейларына қатты көңіл бөлді. Еврипид жасаған бейнелер мен сюжеттерден кейін көптеген әдебиетшілер үлгі алды. Драматург кейіпкерлерін шындық өмірге жақындатты. Оның жағымды кейіпкерлері байлыққа қызығушылық қылмыс жасауға апаруы мүмкін деген ой айтады. Ол соғыстың адамдарға, әсіресе әйелдер мен балаларға қаншама қайғы-қасірет әкелетінін көрсетеді ("Гекуба "Троя әйелдері"). Соғысты тек өз елінің тәуелсіздігін сақтау үшін ғана бастауға болады, — деп есептейді Еврипид.

Еврипидтің танымал трагедияларының бірі — "Медея". Оның сюжетіаргонавтар туралы аңыз-мифтен алынған.

Афиндықтарға Еврипидтің адамдардың өмірін, ойын, мінезін барынша айқын көрсетуі, миф пен дінге жеңіл қарауы ұнамады. Еврипид атақ пен даңққа тек өлгеннен кейін ие болды. Тек б.з.д. IV ғасырдан бері ұлы трагедия ақыны деп аталып келеді.

Өмірі

Еврипид – ежелгі Грекияның ең соңғы «ұлы трагик» ақыны, «сахна философы» атанған драматург.

Еврипид б.з.б. 480 жылы 23 қыркүйекте Саламин аралындағы жеңіс күнінде дүниеге келген делінеді. Ғылымда «Паросс шежіресі» деген атпен белгілі, грек тарихындағы ірі оқиғаларды б.з.б. ІІІ ғасырға дейін қарастырған, ХVІІ ғасырда табылған мраморлық тақтада Еврипидтің туылған жылы б.з.б. 484 жыл деп көрсетіледі. Аристофанның «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» комедиясында Еврипидтің ата-анасы жеміс-жидек сатумен айналысқан қарапайым адамдар делінеді. Ал кей деректерде, Еврипидтің әкесі – Мнесарх пен анасы – Клейтоның афиндық дәулетті отбасына жатқандығын, Еврипидтің Аполлон храмында қызмет еткенін жазады.[1]


Еврипид жақсы білім алған, философ Анаксагор мен Архелайдың, софистер Протогор мен Продиктің досы болған. Продик пен Анаксагордан шешендік өнер, әдебиет бойынша тәлім алса, Сократтан философиялық дәрістер тыңдайды. Бала күнінде Еврипид гимнастикамен айналысып, ұл балалар арасындағы жарыстарда жеңімпаз атанады. Олимпиялық ойындарға қатысуға талаптанғанымен, жасының кішілігіне байланысты қабылданбайды. Одан бөлек сурет өнерімен де айналысты. Бірақ, кейіннен гимнастиканы да, сурет өнерін де тастап, бірыңғай поэзия мен философияға бет бұрады.

Еврипидтің тағы бір ерекшелігі – оның сол заман үшін сирек дүние болып табылатын бай кітапханасы болды. Еврипид құнды кітаптарды жинады, өзі де кітап жазды.[2] Алғашқы «Пелиада» атты драмасы б.з.б. 455 жылы қойылды, бірақ автор мен қазылар арасында келіспеушіліктер болғандықтан, ол жеңіске жеткен жоқ. Драма жазудағы шеберлігі үшін Еврипид б.з.б. 441 жылы алғаш жүлдесін жеңіп алғаннан бастап, өмірінің соңына дейін (б.з.б. 406 жыл) жазуды тоқтатқан жоқ.

Драматург елдің саяси өміріне араласқан да, ешқандай мемлекеттік қызмет атқарған да жоқ, тек оңашада отырып жазумен ғана айналысты. Тіпті, қаланың у-шуынан қашып, үңгірде тұрып, көптеген құнды дүниелер тудырған. Оның үстіне Еврипид табиғатынан тұйық, ауыр мінезді, көп сөйлемейтін, көп адамдармен араласа бермейтін біртоға жан болатын. Бірақ, соған қарамастан, Еврипид өз заманының озық ойлы адамдарымен араласа отырып, қоғамның өткір мәселелерін көтере білді. Эллиндік дәуірде шетелдіктерге Саламин аралындағы Еврипидтің үңгірін көрсету дәстүрге айналған.[3]

Еврипид көзі тірісінде өзіне лайықты бағасын ала алмаған жан. Ол өз дәуіріндегі ең келелі, өзекті мәселелерді көтергенімен, оны замандастары бағалаған жоқ. Мәселен, драматургтың жазған 92 драмасының тек үшеуі ғана театрлық сайыстарда жүлделі орынға ие болды. Ал өлгеннен кейін «Вакхандықтар» мен «Авлидтегі Ифигения» драмалары жеңіске жетті. Өміріндегі осындай келеңсіз жайлар әсер еткен болуы керек, драматург қартайған шағында, нақтылай айтқанда б.з.б. 408 жылы македон патшасы Архелайдың еліне шақырған ұсынысын қабылдап, сонда көшіп кетеді. Македон елінде Архелай патшаға арнап «Архелай» драмасын жазады. Оған қоса, Дионис культіне байланысты жергілікті салт-дәстүр негізінде «Вакхандықтар» деп аталатын драмасын жазып қалдырады.

Еврипид б.з.б. 406 жылдың басында Македонияда мәңгілікке өмірмен қош айтысады. Афиндықтар драматургтың денесін туған қаласына қойғысы келгенімен, Архелай патша қарсы болып, оны Македония астанасы Пелл қаласында жерлеп, ескерткіш орнатады. Архелай патшаның Еврипидке қаншалықты зор құрмет көрсеткенін Аристотель «Саясат» атты еңбегінде жазып қалдырған.

Еврипидтің қазасын естігенде Софокл кезекті трагедиясының соңғы репитициясын жүргізіп жатқан екен. Өзінің ұлы қарсыласына деген құрметтің белгісі ретінде Софокл қойылым үстінде сахнаға қара жамылып шығып, актерлар мен хор орындаушыларды жалаңбас, веноксыз шығарады. Мұнан кейін афины театрында Еврипидке арнап статуя қойылады.


Шығармашылығы

Драматург Еврипид шығармалары: «Алкестида» (б.з.б. 438 жыл, 2 орын), «Медея» (б.з.б. 431 жыл, 3 орын), «Гераклидтер» (б.з.б. 430 жыл, 1 орын), «Ипполит» (б.з.б. 428 жыл, 1 орын), «Андромаха» (б.з.б. 425 жыл), «Гекуба» (б.з.б. 424 жыл), «Жалбарынушылар» (б.з.б. 423 жыл), «Электра» (б.з.б. 420 жыл), «Геракл» (б.з.б. 416 жыл), «Троялықтар» (б.з.б. 415 жыл, 2 орын), «Тавридтегі Ифигения» (б.з.б. 414 жыл), «Ион» (б.з.б. 414 жыл), «Елена» (б.з.б. 412 жыл), «Финикиялықтар» (б.з.б. 410 жыл), «Циклоп» (б.з.б. 408 жыл, сатиралық драма), «Орест» (б.з.б. 408 жыл), «Вакхандықтар» (б.з.д 407 жыл, 1 орын), «Авлидтегі Ифигения» (б.з.б. 407 жыл).

Еврипид тірі күнінде Эсхил мен Софокл секілді ақынға лайықты сый-құрметке ие болып, қошемет көрмегенімен, оның шығармаларының өміршең, шынайы болғандығы драмаларының көп сақталуынан да білінеді. Эсхил, Софоклмен салыстырғанда, Еврипид көп оқылған драматург болды. Мәселен, атақты драматургтер Эсхил мен Софоклдың тек жеті-жетіден ғана драмалары сақталса, Еврипидтің 92 драмасынан 18-і сақталған. Оның 17-сі трагедия болса, біреуі («Циклоп») сатиралық драма болып табылады. Ал кейбір еңбектерде Еврипидке телініп жүрген «Рес» драмасын тілі мен жазылу стиліне қарап көптеген антик әдебиетін зерттеушілер Еврипидтің туындысы деп санамайды.

Еврипидтің кейінгі заманда ғана жиі оқылған драматург емес, өз дәуірінде де халқының сүйіктісі болғаны Плутарх жазбаларынан білінеді. Б.з.б. 413 жылы афиндықтар Сицилияға әскери жорық жасап, жеңіліске ұшырайды. Сонда тұтқынға түскен көптеген афиндықтардың бостандық алуына себеп болған Еврипид шығармалары болған. Бұл жөнінде Плутарх: «Сицилиялықтар афиндықтарды құлдыққа сатты, маңдайларына ат сияқты таңба басты... Тұтқынға түскендердің біразын Еврипид құтқарды деуге болады. Себебі, гректермен салыстырғанда сицилиялықтар Еврипид талантына табынушылар болды. Сырттан келгендер Еврипид драмаларының үзінділерін әкелсе, сицилиялықтар оны дереу жаттап алып, бір-біріне айтып беретін. Тұтқында болып, босап шыққандардың көпшілігі Еврипидке келіп, рахмет айтып, бостандыққа қалай қол жеткізгендерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Яғни олар Еврипид өлеңдерін естерінде сақталып қалғандарын қожайындарына айтып беріп, еркіндік алса; кейбіреулері Еврипид трагедияларындағы өлеңдерді айтып өз тамақтарын асырады» деп жазады.[4]

Еврипид Феспид пен Эсхилдан кейінгі трагедия жанрындағы ұлы реформатор болды. Оның ең маңызды көркемдік ерекшелігі – ол трагедиялық кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіндегі күресті көрсете алды. Егер Софокл кейіпкерлері өз позициясына, өз әрекетінің дұрыстығына кәміл сенген, сол үшін өмірін қиюға да өкінбейтін жандар болса, Еврипид кейіпкерлері мың ойланып, мың толғанып, өз әрекетінің дұрыс-бұрыстығын саралап, күмәнданумен болады. Кейіпкерлердің ішкі күйзелісі бұл драматургтың, Еврипидтің күйзелісі болып танылады. Себебі, Еврипид трагедия жанрындағы өзіне дейін қалыптасқан моральдық нормалар мен мифологиялық шындықтарды жоққа шығарды. Эсхил мен Софокл қалыптастырған көпірмелі сөздерден бас тартты. Кейіпкерлердің ішкі әлеміне, сезіміне, ақыл-ойына көп көңіл бөлді. Егер хор партиясы Эсхилда әрекетпен байланысты, ал Софоклда міндетті болса, Еврипидта маңызды емес. Эсхил трилогиясының сюжеті Еврипидте бір трагедияның көлеміне сыйып кетеді. Драмадағы орынды үнемдеу үшін және көбірек айту үшін Еврипид прологты енгізеді. Пролог драманың жалпы барысымен байланысты емес, ол кіріспе іспетті рөл атқарады. Софокл әрекет бірлігін, композиция құрылымын бағаласа, Еврипид үшін ең маңыздысы – патетикалық көріністерді жасау, кейіпкерлердің характерін ашып көрсету және аудиторияның алдында көрермендерді толғандыратын философиялық, этикалық, әлеуметтік, діни мәселелерді талқылау.[5]