ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп: | Абай атындағы орта мектеп |
Педагогтің аты-жөні: | Айтқұрман Жансерік |
Пәні: | Математика |
Күні: | 03.02.2023 |
Сыныбы: | 4-сынып |
Сабақатың тақырыбы: | ТАҢДАП АЛУ ТӘСІЛІМЕН ШЫҒАРЫЛАТЫН КОМБИНАТОРЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 4.4.4.1 «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы: комбинаторлық есептер жөнінде түсініктерінің болуы. Оқушылардың көбісі: «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару Оқушылардың кейбіреуі: «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді талдау және шығару |
Құндылықтар: | Сыйластық; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы 2 мин. | Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: | Сәлемдесу, қал сұрасу | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Сары, қызыл, жасыл, житондар |
Ортасы 7 мин. | Күннің жадын жазу Көркем жазу Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Таңдап алу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептер Білу Бүгін біз комбинаторлық есептерді таңдап алу тәсілімен қалай шығаруға болатындығын білетін боламыз. | Жас суретшіде бояудың төрт түсі бар. Табиғат көрінісін бояу үшін екі түс таңдап алу қажет. Оны қанша тәсілмен таңдауға болады? Түстерді әріптермен белгілеп, нұсқаларды жаз. | Дескриптор: Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысты. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
5 мин. | Тапсырманы орында | Есіңде сақта! Нұсқаларды жазу жүйесіз болмауы тиіс! Таңдап алудың дұрыс жолы: сандарды өсу ретімен жазу. Мұндай таңдап алуда бірде-бір нұсқа қалып кетпейді және нұсқалардың қайталануына жол берілмейді. Егер сандарды жазуда цифрлар қайталанбайтын болса, онда 6, 7, 8, 9 цифрларынан неше екі таңбалы сан құрастыруға болады? Жауабы: 12 сан. | Дескриптор: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. | Оқылым, жазылым тапсырмалары. |
5 мин | Тапсырманы орында. | Арман суреттері бар фишканы үш рет лақтырды. Арманда «Күн» мен «Кемпірқосақ» суреттерінің түсу ретінің неше нұсқасы болуы мүмкін? Жауабы: суреттерінің түсу ретінің 8 нұсқасы болуы мүмкін. | Дескриптор: Тапсырманы қатесіз орындай алады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері |
4мин | Графикке қарап, оның сипаттамасын құрастыр. Сұрақтарға жауап бер. Қозғалыс графигі бойынша тағы сұрақтар құрастыр. | Графиктен жаяу жүрген туристің А пунктінен таңертең сағат 9-да 4 км/сағ жылдамдықпен жолға шыққанын анықтауға болады. 1 сағаттан соң 12 км/сағ жылдамдықпен оның соңынан велосипедші турист шықты. • Велосипедші қай уақытта аялдады? • Велосипедші қанша уақыт аялдады? • Аялдағаннан кейін велосипедшінің жылдамдығы қалай өзгерді? | Дескриптор: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері |
Сергіту сәті 2мин | | | | https://youtu.be/Sb6f2p0kqdk |
3мин | Сызбалар бойынша есеп құрастыр. | 1) (10 + 15) • 2 = 50 км 2) 90 – (10 + 15) • 2 = 40 | Дескриптор: Ауызша тез есептейді. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері |
4мин | Зерттеу жұмысын жүргіз. Зерттеу жұмысын жүргізіп, әрқайсысының жасын табады. | Кітапханада ерекше жануарлар туралы кітаптарды төрт бала таңдады. Олар 5, 8, 13 және 15 жаста. Балалардың аты – Айна, Бауыржан, Шолпан және Күләш. Олардың біреуі балабақшаға барады. Айна Бауыржаннан үлкен, ал Айна мен Шолпанның жасының қосындысы үшке бөлінеді. Сонда әр баланың жасы нешеде? | Дескриптор: зерттеу жұмысын жүргізеді, жауабын табады. ҚБ: Смайликтер арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері |
Соңы 2 мин. | Үй тапсырмасы: | 8 тапсырма | | 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері |
Кері байланыс 2 мин | | | «Алма ағашы» әдісі | |