Файл: Бейсембетова Динара айратызы ( 9 сынып осымша сабаа арналан тапсырмалар ).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 61

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бейсембетова Динара Қайратқызы

( 9 сынып қосымша сабаққа арналған тапсырмалар )
Түсінік хат

Бұл көмекші құралдың мақсаты 8- 9 сыныпта химияны оқу барысында оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеру деңгейін анықтауда мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып отыр.

Мұнда бейорганикалық химия курсының барлық тақырыптары бойынша бірнеше дидактикалық тапсырмалар,есептер мен жавттығулар берілген. Бұл мұғалімдерге оқушылардың жекелеген мәселелер бойынша білімін тексеруге мүмкіндік береді. Барлық жұмыстар төрт нұсқада берілген, олар мазмұны мен сипаттамасы бойынша ұқсас болып келеді. Тапсырмалар өзінің дидактикалық мақсаты бойынша ерекшеленеді: олардың біреуі оқушылардан тек материалды қарапайым қайталауды талап етсе, екіншілері салыстырып, анализ жасауға машықтандырады, үшіншілері шығармашылық деңгейде ойлап, жаңа жағдаяттарда оны қолдана білу деңгейін талап етеді.

Әрбір өзіндік жұмыста шәкірттер бойында белгілі бір икемділік, іскерлік дағды қалыптастыру сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады. Оқушылардың білім мен білік, іс -әрекет дағдыларын тығыз қалыптастыра отырып, есте сақтау, тез ойлау, дұрыс жауап беру, өз пікірін айту, дәлелдей алу әрекеттері күшейіп, ой-өрісі шыңдала түседі.

Мұндай тапсырмалар жалпылама жұмыста барлық оқушыларды бірдей жұмылдыруға да, олардың жеке жұмысын ұйымдастыруға да мүмкіндік береді. Әр тақырып қорытындалады, бұл барлық тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруде ыңғайлы болып табылады.

I.8-сынып материалдарын қайталау.

1 тапсырма

1.Мына қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар және салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:



Қосылыстар

Формулалары

Салыстырмалы молек.масса.табу

1.

күкірт (VI) оксиді







2.

калий фосфаты







3.

алюминий сульфаты







4.

барий хлориді









2.Теңдеуді аяқтап, коэффиценттерін қойыңыз,реакция типін көрсетіңіз:

Zn + HCl → ZnCl
2 + ….

Hg O → …. + …

3.Сөйлемді толықтырыңыз:

а) жай заттың атомдары күрделі заттың құрамындағы элемент атомдарының біреуінің орнын басатын реакция ... деп аталады.

б) қосылу реакциясының нәтижесінде ... немесе ... заттардан ... түзіледі.

4.Калий сульфатындағы әрбір элементтің массалық үлесін есептеңіз.

Берілгені: Шешуі:



Т/к:

5.Массасы 8г магний оксиді алынуға қажетті оттегінің массасын есептеңіз. Химиялық реакция теңдеуінің сызбанұсқасы:

…Mg + O2 → MgO

Берілгені: Шешуі:



Т/к:

2 тапсырма

1.Оттегінің: а) хроммен (VІ) б) күкіртпен (ІІ) в) фосформен (ІІІ) реакция теңдеулерін жазыңыз.

2.Әр қатарда бір оксид көрсетілген белгіге сәйкес келмейді: а.негіздік оксидтердің арасындағы қышқылдық оксид: 1) Na2O; SO2; BaO; K2O. б.қышқылдық оксидтердің арасындағы негіздік оксид: 2) Cr2O3; SO2; NO2; P2O5 в.қышқылдық оксидтердің арасындағы екідайлы оксид: 3) Al2O3; Na2O; ZnO; CrO3 Сәйкестерін табыңыз: А) ......... Б) ......... В) .............

3.Анықтаманы толықтырыңыз Қышқылдар дегеніміз - ............................... атомдарынан және..................... тұратын күрделі заттар.

4.Қышқылдардың атауларын жазыңыз:

HNO3 - ………………………….

H2SO4 - …………………………

HCl - …………………………….

H3PO4 - …………………………

H2S - …………………………….

H2CO3 - …………………………

5. Көміртегі оксидінің сутегімен салыстырғандағы тығыздығы қаншаға тең?

Берілгені: Шешуі:



Т/к

3 тапсырма

1.Тұздардың формуласын құрастырыңыз:




HNO3

HCI

H2SO4

H3PO4

H2CO3

H2S

Na



















Ca



















AI




















2.Негіздердің аттарын атап,оларды жіктеңіз:



NaOH, KOH, Ca(OH)2, Al(OH)3, Fe(OH)3, Fe(OH)2, Cr(OH)3.

бірнегізді

екінегізді

үшнегізді










3. Мынадай заттар берілген: магний, күміс, мыс оксиді, темір сутегі. Осылардың қайсысымен тұз қышқылы әрекеттесе алады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

4.Айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:

Fe → Fe2O3 → H2O → H2 → HCl → BaCl2

5.Судың 0,2 молі айырылғанда сутегінің қанша мөлшері және массасы түзіледі? Химиялық реакция теңдеуі: Н2О → Н 2 + О2
Берілгені: Шешуі:



Т/к:
4 тапсырма
1.Химиялық элемент 3-периодта орналасқан және сутектің қосылысының жалпы формуласы Н2R .Осы химиялық элеметті атап, жоғарғы оксидінің формуласын құрастыр, оның қасиетіне сипаттама бер.

2. Атом ядросындағы протон мен нейтрон санын табу керек .

а) натрий б) аргон

3.Реттік нөмірлері 3 және 17 болатын элемент атомдарының арасында қандай байланыс түзіледі.

4.Келтірілген сызбанұсқаны пайдаланып, судың металдармен, оксидтермен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар. М-металл,Э-бейметалл.

а) M + H2O = MO + H2

б) M2O + H2O = MOH

в) M + H2O = M(OH)2 + H2

г) ЭO3 + H2O = H2ЭО4

5. 20 г сілтіні 60 г суда еріткен. Мыналарды есептеңдер:

а)алынған ерітіндінің массасын

б)еріген заттың массалық үлесін

5 тапсырма

1.Төмендегі қосылыстардың формулаларын жазыңдар:азот қышқылы, алюминий сульфаты,күкірт(VI) оксиді, фосфор қышқылы,магний нитраты, калий карбонаты,темір(III) хлориді,фосфор(V) оксиді,натрий фосфаты

2.Химиялық реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойып,осы заттардың аттарын атаңыз:

а) Mg + HCl → MgCl2 + H2

б) CaO + HNO3 → Ca(NO3)2 + H2O

в) AgO → Ag + O2

г) HCl + K → KCl + H2

3.Берілген тұздардың формулаларындағы барлық элементтердің валенттіліктерін анықтаңыз:

MgCO3 AgSO4 Na3PO4 KMnO4 H2SO4

4.Белгілі үлгідегі магний мен темірдің массасы бойынша мөлшерлері бірдей--2%. Үлгідегі қайсысының атомдары көп? Магнийде ме,әлде темірде ме?

Берілгені: Шешуі:




Т/к:

5. Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша есептеңіз:

3Fe + 2O2 → Fe3O4 + 1116 кДж.Егер реакция нәтижесінде 3348 кДж жылу бөлінген болса, онда мұндай реакция үшін оттегінің қанша массасы қажет?

Берілгені: Шешуі:



Т/к:

II.Электролиттік диссоциациялану теориясы

1 тапсырма
1.Төмендегі заттардың ішінен электролиттер мен бейэлектролиттерді ажыратып жазыңдар:

Заттар__Электролиттер__Бейэлектролиттер'>Заттар

Электролиттер

Бейэлектролиттер

1.калий хлориді







2.оттек







3.магний нитраты







4.қант







5.спирт







6.натрий гидроксиді







7.тұз қышқылы







8.мыс сульфаты









2.Электролитке ................ және ............................................ ... байланысы бар

заттар жатады

Бейэлектролиттерге .................... және ...................................... байланысы бар заттар жатады
3. Диссоциациялану дәрежесі мынадай формуламен өрнектеледі:


4. 200 молекула тұздың 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі 

5. Құрамында 49 г күкірт қышқылы бар ерітіндімен 4 г магний оксидін өңдегенде алынған тұздың массасын табыңдар

Берілгені: Шешуі:



Т/к:

2 тапсырма

1.Оң және теріс зарядты бөлшектер ........................................... деп аталады

2.Төмендегі заттардың ішінен күшті электролиттер мен әлсіз электролиттерді ажыратып жазыңдар:

Заттар

Күшті электролит

Әлсіз электролит

1.күкірт қышқылы







2.натрий нитраты







3.сірке қышқылы







4.азот қышқылы







5.фосфор қышқылы







6.натрий гидроксиді







7.тұз қышқылы







8.калий сульфаты








3. Мына сызбанусқаға сәйкес Н++ОН- молекулалық реакция тендеуін

жазыңыз.
..........................................................................................................................................................................................................................................................................
4.Ортафосфор қышқылы,калий гидроксиді және аммоний сульфатының

диссоциациялану теңдеуін жазыңыз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................

5.200 г 20% -тік натрий гидроксиді ерітіндісіне 3моль мыс (II) сульфаты бар ерітіндіні құйғанда түзілген тұнбаның массасын есептеңдер

Берілгені: Шешуі:



Т/к:

3 тапсырма

1.Мыналардың ішінен қышқылдық ортаны көрсететін тұздардың астын сызыңдар: барий корбанаты,натрий нитраты,мырыш хлориді,калий сульфаты,кальций хлориді,калий фосфаты,литий сулфаты,күміс хлориді,темір(II) хлориді

2.Мына реакцияны аяқтап,толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар: CuСI2+NaOH →
..........................................................................................................................................................................................................................................................................
3. Ерітіндіде pH>7 болатын тұздардың астын сызыңдар және қандай негіз бен қандай қышқылдан түзілетіндігін көрсете отырып дәлелдеп беріңіздер:

NaCl, К2СО3,Li2SO4,FeCI3,Na2SO3,Cu(NO3)2,K2S,AI2(SO4)3,CaCO3,AgCI,Na2SiO3

..........................................................................................................................................................................................................................................................................

4.Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың қатарын көрсетіңдер: а.FeСI2,AI2S3,KNO3 б. Na2CO3, K2S, Li2CO3 в. NiCI2, ZnSO4, KCI

..........................................................................................................................................................................................................................................................................

5. Күкірт(IV) оксидінің  11,2 литрі қалыпты жағдайда  қанша грамм болады



Берілгені: Шешуі:



Т/к:

4 тапсырма

1.Кестеде көрсетілген заттардың арасындағы иондың теңдеуін жазыңдар:




ВаCI2

Na2CO3

AgNO3


H2SO4









HCI









KCI