ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 56
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жауап парағыСтудент аты жөні: Тұрсынова Айдана Топ: ПМНО-21-33Пән:Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесіАралық бақылау ЕмтиханЕмтихан билеті: №8
2, Оқушылардың әріпті, сөзді, сөйлемді дұрыс жазу машықтарын жетілдіру үшін жаттығулар орындатылады, бұндай жаттығулар біркелкі көлбеулік пен арақашықтықты және жазу байланысын сақтау сияқты дағдыларын жетілдіреді. Алғашқы жазуды жеңілдету мақсатымен әліпбидегі кіші және бас әріптер графикалық тұрғыдағы оңай-қиындығына, бір-бірімен ұқсастығына, өзара қосылу бірлігіне қарап топ-топқа бөлінеді. 1. Әріп құрамында тек негізгі немесе қосымша элементі бар, жазылуы оңай кіші и және ш әріптері. Олар сағат тіліне қарсы қозғалыспен жазылады. Бұл әріптерді жазу оңай болғанымен, оқыта бастағанда айтарлықтай қате кетеді. Кейбір оқушылар бұл әріпті жіңішке, басқа элементтерін қысыңқы етіп жазады.Мұндай қателер әріптің әртүрлі жазылған үлгілерін салыстыру нәтижесінде жойылады. Балалардың жұмыстарындағы қателерді мұғалім түрлі жолдармен түзетеді: 1) қате жазылған сөз сызылып, үстіңгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады; 2) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады; 3) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады, тұсына ескерту жазылады (керекті әріптің я сөздің дұрысы немесе соны еске түсірерліктей сөз көрсетіледі немесе тиісті сұрау қойылады, кітаптан тиісті параграф ережесі көрсетіледі, т.б.); 4) қате әріптің астын сызып қояды, ешқандай ескерту берілмейді. Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану: 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты (I-II сыныптарда айқынырақ түзетулер қолданылады, III –IV сыныптарда күрделірек әдістер қолданған мақұл (3-4 әдістер), 2) оқушылардың дайындық дәрежесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты сызылып қана қойылады, ал қабілеті төмен оқушылардың қателерін түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы. Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда
динамикалық стеротип орнайды да, одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін, дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды қате жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе оқулықтан қарап жазуға дағдыландыру керек. 3, Тақырыбы:З дыбысы және әрпіБілімділігі:Балаларды "З з" дыбысы және әрпімен таныстыру. З з дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету.Дамытушылығы: З дыбысы бар сөз,сөйлем ойлату арқылы балалардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелілігі:Балаларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа , қайырымдылыққа тәрбиелеу. Әдемі, таза жазуға баулу .Сөздік жұмыс:Әдіс – тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеуКөрнекіліктер: слайд, суреттер
-
Алфавиттік жазу тарихы -
Графикалық және каллиграфиялық қателер және оларды болдырмау жолдары

| Іс- әрекет | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
| Ынталандыру Сезімді ояту |
Шаттық шеңбері Дос болайық бәріміз Жарасып тұр әніміз Тыныштықты сақтаймыз Атсын күліп таңымыз. | Балалар шаттық шеңберіне тұрады Дос болайық бәріміз Жарасып тұр әніміз Тыныштықты сақтаймыз Атсын күліп таңымыз. |
| Ұйымдастыру Ізденістер | Балалар біз бәріміз «Үйшікей» ертегісін білеміз гой. Сол үйшікей ертегісіндегі кейіпкерлер бізден көмек сұрай келіпті. Біз оларға тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе? Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды: Үйшік үйшік! Кім үйшікте тұрады? Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүріп жатады. Бір күні бақылдап бақа келеді. Өткенді қайталау (Бақаның тапсырмасы) -Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? — Қане дыбыстайық — Кім айтады и дыбысы қандай дыбыс? — И дыбысына қатысты сөздер айтайықшы — өте жақсы И дыбысы сөз басында, ортасында, аяғында да кездеседі екен. Жаңа сабақ (Қоянның тапсырмасы) Олай болса мына видоға назар аударайық Маса. Асылбек кітап отыр еді. Желдеткіштен маса ұшып кірді. Маса бөлме ішінде ызыңдап ұшып жүрді. Ол Асылбектің қолына қонып, шағып алды. Асылбек қолын шапалақпен шарт еткізіп еді, бірақ маса ұшып кетті. Асылбек мынадай өлең айтты: Шағып алды адамды, Ауыртады тызылдап, Үйдің іші қараңғы Масалар жүр ызыңдап. Балалар маса қандай дыбыс шығарады?
- З дыбысы неге ұқсайды? З дыбысына байланысты сөздер айтылады, З дыбысының орнын анықтау керек. Жарайсыңдар, балалар, Балалар, мына сөздерден көріп отырғанымыздай З дыбысы сөздің басында, ортасында соңында кездесе береді екен. Шығармашылық жұмыс Артық суретті сызып тастау. І топ Қаз, жүзім, сәбіз, алма І І топ Зымыран, зырылдауық, білезік, кітап ІІІ топ Жұлдыз , көзілдірік , қобыз, мысық Сергіту сәті: Оқулықпен жұмыс (Түлкінің тапсырмасы) Бағандағы сөздерді оқыту: а)хормен оқу б) Дыбыстық талдау жасау Тіл ұстарту жаттығуы З дыбысының қалай дыбысталуын қайталап, мынадай үлгіде жаттықтырады: За- за -за -ауа қандай таза. Дәптермен жұмыс З з әріптерінің жазба , баспа түрлерімен таныстыру. - тақтада көрсету - ауада бірлесе жазу З –әрпін жазу, топты аралау, көмек қажет еткен балаларға көмектесу. Ойын «Кім жылдам?» (Қасқырдың тапсырмасы) Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. 1.Түрі жылқы бейнесі, Жолақ- жолақ жейдесі. (Зебра ) 2. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш) 3. Жасыл шатыр астында, Кететіндей үзіліп. Тұр көп маржан тасындай, Мойыл моншақ тізіліп. (Жүзім) 4. Көкала костюм киеді, Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз) - Енді балалар қарбыз сөзінен сөйлем құрайықшы. | Көмектесейік И дыбысымен И и и и Дауысты дыбыс Ине, инелік, шие Ззззз З з з з з Дауыссыз Зәкір, зебра жұлдыз За- за -за -ауа қандай таза. 3 санынан ұқсайды 1 зебра , 2.сызғыш, 3.жүзім, 4. қарбыз |
| Қорытындылау Өзін – өзі бағалау | Аюдың тапсырмасы Бүгін қандай дыбыспен таныстық? -З дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па? -З әрпіне байланысты сөздер айтайықшы Суреттердің ішінен З дыбысы бар сөздерді табу. З Жарайсындар балалар, дұрыс таптыңдар Міне балалар бүгін біз тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы үлкен әдемі ұй салуға көмектестік. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. | З дыбысымен Дауыссыз Зәкір, жұдыз, қозы |