Файл: ысамерзімді жоспар 3саба Сабаты таырыбы Бір айнымалысы бар сызыты тедеу. Мндес тедеулер. Бір айнымалысы бар сызыты тедеулерді шешу..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
№3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу.».
Бөлім: | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу |
Педагогтің аты-жөні: | Л. Тоқшылықова Н.Шенгельбаева Б.Тналиев |
Күні: | 12.01.23 |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу; 6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу; |
Сабақтың мақсаты: | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің маңызын біледі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешеді.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Балаларға сәттілік тілеу. | |||
Жаңа сабаққа кіріспе | «Миға шабуыл» әдісі арқылы математика, информатика пәндерін және өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | 1.Мәндес теңдеу дегеніміз не? 2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер дегеніміз не? 3.Кез-келген сызықтық теңдеулерді қалай шешер едіңдер? 4. Теңдеудің түбірі дегеніміз не? | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Экраны 6-сынып оқулығы, жұмыс дәптерлері, презентация |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 31 мин. | 1-тапсырманың алгоритмін анықтатып, орындатады, бақылайды. | 1-тапсырма Жұптық жұмыс 1.Айдос дүкеннен алма сатып алды. Айгуль Айдостан қарағанда 3,5 кг артық алды. Екеуі бірігіп 63,5 кг алма сатып алатын болса, Айдос және Айгуль неше килограммнан алма сатып алады? | Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Теңдеу құрады 2.Теңдеуді шешеді 3.Теңдеудің түбірін табады | |
| 2-тапсырманың алгоритмін анықтатып, орындатады, бақылайды. | 2-тапсырма: Жеке жұмыс 1. Теңдеуді шешіп, түбірін табыңдар: 1) 4х+5(3–2х)=5–11х; 2) 8x+3(7–2x)=4x+3; 3-тапсырма Топтық жұмыс: постер қорғау Оқушылар өздері бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге мәтінді есеп құрастырып,теңдеуді шешіп,постер қорғайды | Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Жақшаны ашады 2.Ұқсас мүшелерді біріктіреді 3.Теңдеудің түбірін табады Дескриптор: Жалпы – 4 балл 1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге мәтінді есеп құрастырады 2.Теңдеуді шешеді 3.Теңдеудің түбірін табады 4.Математикалық тілде жеткізе алады | ДК экраны 6-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Бекіту: | -Алгортим деген не? -Алгоритм түрдерін ата. -Сызықтық агоритм деген не? | | | |
Сабақтың соңы | Кері байланыс: БББ әдісі. Бағалау Үйге тапсырма | | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. | |