Файл: Студентті есебі Мен Зкір Жанар Жанатызы Жетісу облысы, Кербла ауданы ауданы,Жайна батыр ауылы Ж. Тобаяков атындаы орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Студенттің есебі

Мен Зәкір Жанар Жанатқызы Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы ауданы,Жайнақ батыр ауылы

«Ж.Тобаяков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 08.05-20.05.2023 ж аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өттім.

Практиканың бірінші аптасында мектеп директорының орынбасарымен,пән мұғалімімен,сынып жетекшісімен,оқушылармен таныстым.Сабақ кестесін,сабақ уақытын,оқушылардың тізімін,пән бойынша және тәрбие жоспарымен таныстым.Бөлінген сыныптардың сабақтарына қатыстық,мұғалімдермен пікір алмастық.

Әдістемелік жұмыстар бойынша:

1.Оқу жоспарларына сәйкес оқушыларға білім беру бағдарламасының негізінде сабақ жоспарымен таныстым.

2.Сабақ жүргізуге арналған оқу әдістемелік материалдарымен таныстым.

3.Оқушылардың білімін тексеруге арналған тест сұрақтарын,таратпа материалдар және т.б. педагогикалық бақылау түрлерін жасауға көмектестім.

Практиканың екінші аптасында берілген сыныптар бойынша сабақтар өтілді.Сабақта дидактикалық құралдар,презентациялар,видиолар көрсетілді.Тәрбие сағаттары өткізілді.Күнделікті сабақ жоспары жазылды.

«Түстер еліне саяхат.Р дыбысын машықтандыру» тақырыбында сабақ өтілді.Сабақ барысында артикуляциялық,тыныс алу,саусақ жаттығуларын жасатты.Р дыбысына арналған тапсырмалар әр түске бөлініп жасалған,оқушылар қызыға орындады.

Практиканың екінші аптасында тәлімгеріммен бірге интелектуалды сайыс өткіздік.Тақырыбы: “Ойлы болсаң озып көр”

Мақсаты:Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тиянақтау,шапшаңдыққа,жылдамдыққа,жинақылыққа тәрбиелеу,ақыл-ойын дамыту,білімді,дарынды,озық болуға жетелеу,пәнге деген қызығушылығын оя

.

Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында маған көрсетілген қолдау мен әдістемелік көмек жоғарғы деңгейде болғандықтан,іс-тәжірибеде өзіме жүктелген жұмыстарды атқаруды еш қиындық туындамады.Мен оқушылармен жұмыс жасауды үйрендім,сонымен қатар жетекшім тапсырған жұмыстарды жасап үйрендім.


Біздің іс-тәжірибеден алғанымыз:


  • Біз,яғни болашақ мұғалімдер үшін кәсіби даярлық жүйесінде педагогикалық практиканың рөлі айрықша болды.

  • Университетте алған теориялық білімдерімізді оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаландық.

  • Өз мамандығымызға деген сүйіспеншілігіміз артты.

  • Педагогикалық практиканы болашақ қызметіміздің тұтас нысаны ретінде сезіндік.

  • Іс-тәжірибе барысында кәсіби сапамыз қалыптасты.

Қорыта келгенде осы пеадгогикалық іс-тәжірибеден өту арқылы мен 3 апта ішінде болашақта өз мамандығым бойынша білікті маман болу үшін өзіме біраз тәжірибе жинақтадым деп есептеимін.