ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аудандық семинар 2022
Тренинг тақырыбы:“Көңіл-ашылған гүл”
Мақсаты: Тренингке қатысушылардың психологиялық саулығын нығайту үшін
эмоциялық қысымды түсіру.
Міндеттері: Тренингке қатысушылардың өзін қалыпқа түсірудің психологиялық
әдістерімен таныстыру. Өз-өзімен жемісті еңбек етуі үшін қолайлы
жағдай туғызу. Ішкі жан сарайының үйлесімділігін сақтай отырып,жеке
басының қасиеттерінің дамуын жетілдіру.
Керекті құралдар: Проектор,презентациялар,әр адам санына сәйкес дөңгелекшелер мен
Түйреуіштер, мальберт,4 плакат,4 бағыттаушы бағандар,музыкалық
колонка,А-4 парақтары,майшам және т.б.
Тренинг барысы:
Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін сіздерге зор денсаулық,шығармашылық шабыт ,отбасыңызға амандық пен береке тілеймін!Бүгінгі мақсат, бір сәт болса да осы тынымсыз ұстаз еңбегі мен отбасымыздағы қауырт тірліктен дамыл тауып, көңіл-күйімізді сергіту мақсатында психологиялық тренинг жаттығулар жасап ,психологиялық ойындар арқылы өз жан дүниемізге үңілу,сергіп алуды ұсынамын.
1- жаттығу: “Қол алысу”
Ш арты:Психолог қатысушылардың біреуіне жақындап,тілек айтып, сол қолымен амандасады. дәл солай сол қолымен келесі адам психологтың қолын жібермей қатысушылармен амандасады және т. б. барлық қатысушылар қол ұстасып,тілек айтып, соңғы қол алысушы оң қолымен жүргізушіге оралғанша қайталанады.
Талқылау: Жаттығу ұнады ма?
Қандай ұсыныс берер едіңіз?
2-жаттығу: «Эмоциялар жұлдызнамасы»
Шарты:Суреттегі құстың қауырсындары, әйнектер, массаж «кірпі»доптар,
пластикалық түсті шарлар бар. Тренингке қатысушыларға ең ұнаған немесе
назарын аударған 1 затты таңдау ұсынылады. (Қатысушылар психолог ұсынған қорапшадан өздеріне ұнаған суретті алып,түйреуішпен кеудесіне қадап алады.)
1.Сіз қауырсынды таңдадыңыз! Сізге қызмет бабымен көтерілу оңай; ашық жарқын, жақсы тыңдаушысыз;мейірімді, әсерлі және нәзік жансыз; кез- келген адамды қиын сәтте қолдауға және күлдіруге, көңіл-күйді көтеруге дайын; сіз әзілқойсыз.
2.Шыны тасты таңдасаңыз – сізде әрқашан бәрі сәтімен орындалады; сіз ашық жансыз, қарым-қатынас жасауыңыз оңай, икемді жансыз; біреудің ықпалымен жүрмейсіз,әсем,әдемілікке құштарсыз және сәнмен киінудің шеберісіз.
3.Егер сіз «кірпі» шарларын таңдасаңыз-сіз жұмбақ және тартымды жансыз; шапшаң, жігерлі және көңілдісіз; өзіңізді ренжітуге жол бермейсіз, өзіңіз үшін тұра аласыз, өз денсаулығыңызға зор қамқорлық жасайсыз, сіз кез келген жағдайды оңай шешетін жол таба аласыз.
4.Кімде түрлі – түсті шарлар бар – бұл сіздің, көңілді және жігерлі екеніңізді білдіреді, ашық, мейірімді және сенімді адамсыз, көпшіл, сіз әрқашан алда боласыз, жеңіске ұмтыласыз, сіз барлық жерде көзге түскішсіз, сіз жүрген жер - мереке. Сіз- ортаның гүлісіз.
3- жаттығу: «Тез ата» жаттығуы:
Мақсаты:Шапшаң әрекет етуге шақыра отырып,шаршау сезімін басып,көңіл-күйді
көтеру.
Шарты: Қазір әуелі қолдарыңызға алған суретің артында тұрған цифрлар бойынша қай
цифрды атаса ,сол адам орнынан тұрады. Психолог әуелі санды атайды,орнынан
тұрған адам өзі қалаған бір цифрды атайды.
Талқылау: Жаттығу ұнады ма?
Қандай ұсыныс берер едіңіз?
4 жаттығу:
« Суреттегі ой» жаттығуы:
1.Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады.
2.Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
3.Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік . сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау керек.
4.Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер, менімен келісесіздер ме? Керемет, жарайсыздар!
Талдау. Жаттығу ұнады ма?
Қандай ұсыныс берер едіңіз?
5 - жаттығу:"Сәлемдеме"
Шарты:Қатысушылар бір-біріне жақын шеңберде тұрады. Қолдарын көршілерінің
жауырынына қолдарын қояды. Қатысушылардың бірі көршілерінің бірінің
жауырынынан белгілі ритмде қағып, "пакетті жібереді". Сигнал
мүмкіндігінше тезірек берілуі керек және шеңбер бойымен авторына оралуы
керек.
Талқылау. Жаттығу ұнады ма?
Қандай ұсыныс берер едіңіз?
6.“Ең бірінші нені көрдіңіз? ” суретті тест
1.Қала. Егер бірінші кезекте биік ғимараттар көзіңізге болса,онда сіз көпшіл және мақсатты адамсыз. Мұндай тұлғалар көбінесе басталған бизнесте жетістікке жетеді және өмірдегі жеңімпаздар болып табылады.
2. Орман- Орманды романтиктер мен армандаушылар көреді. Мұндай тұлғалар өздерінің ішкі әлеміне назар аударады және көбінесе қиялдың әсерінен болады. Сіз әлі де ғажайыптарға сенесіз және ерте ме, кеш пе сізде де керемет оқиға болатынын білесіз.
7 -жаттығу:"Сезімдерді жеткізу"
Шарты:Барлығы қатарға тұрып, бір-біріне қырын қарап тұрады, бірінші адам екіншісіне бұрылып,
оған қандай да бір сезімді (қуаныш, ашу, қайғы, таңданыс және т. б.) мимикамен жеткізеді,
екінші адам келесі адамға сол сезімді беруі керек және т. б. соңғысынан қандай сезім
алғанын сұрайды және оны бастапқыда қандай сезім жіберілді және әр қатысушы алған
сезімін қалай түсінді.
Талқылау. Жаттығу ұнады ма?
Қандай ұсыныс берер едіңіз?
8 . "Американдық психолог" ойыны:
1.Сіз "орман" ұғымын немен байланыстырасыз?
2.Сіз "теңіз" ұғымын немен байланыстырасыз?
3.Сіз "мысық" ұғымын немен байланыстырасыз?
4.Сіз "жылқы" ұғымын немен байланыстырасыз?
1.«Орман" дегенде көз алдыма ….
2.«Теңіз" дегенде көз алдыма ….
3.«Мысық" дегенде көз алдыма ….
4.«Жылқы" дегенде көз алдыма ….
Американдық психологтардың пікірінше, орман- өмірмен, теңіз-махаббатпен, мысықтар-әйелдермен, жылқылар - ер адамдармен байланысты.
9. «Менің көңіл-күйім»
10. Қорытынды «Майшам» жаттығуы.
Шарты: Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс
жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, тренингтен алған өз әсерлерімен ой
бөлісіп майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғаным, жарық деген
жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі
тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!
Психолог:Назар салып ,тыңдағандарыңызға рахмет! тренингіне қатысуға уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Отбасыңызға амандық пен береке,еңбектеріңізге жеміс пен сәттілік тілеймін!
Психолог: У.Ж.Абдалова
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы
бойынша білім бөлімінің “Жауқазын”бөбекжайы”
жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Абдалова У.Ж.