Файл: Білім беру йымдарын баалау лшемшарттарын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 61

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

      5) тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы) болуы және нәтижелерін талдау;

      6) үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;

      10. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:

      1) МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы.

      11. Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар:

      1) балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау;

      2) тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау.

2-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

      12. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнына өлшемшарттар:

      1) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

      3) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;


      4) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көртөмендік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;

      5) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);

      6) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру;

      7) ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру;

      8) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын игеру;

      9) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;

      10) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау.

      13. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:

      1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;

      2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;

      3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.

      14. Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар:

      1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер);



      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;

      4) 4,9-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау.

      15. Оқу мерзіміне өлшемшарттар:

      1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;

      2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағыканикул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.


3-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

      16. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына өлшемшарттар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесіне сәйкес әзірленген және бекітілген оқу жылына арналған жұмыс жоспарының (қызмет бағыттары бойынша) болуы жәнетехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларыныңмазмұнына сәйкестігі:

      жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқыту немесе жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді оқыту;

      зертханалық-практикалық сабақтарды орындау;

      өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өту;

      аралық және қорытынды аттестаттауды тапсыру;

      егер жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарында өзгеше көзделмесе, курстық және дипломдық (жазбаша немесе практикалық) жұмысты орындауға;

      бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін қоса отырып, техникалық және кәсіптік білім берудің модульдерге интеграцияланған білім беру бағдарламаларын оқыту;

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКОБкБ) жұмыс берушілердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттары (бар болса) талаптарының негізінде әзірлеген білім беру бағдарламаларының болуы;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) 1, 2-қосымшаларына сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі- ТжКБ) оқу жоспарының моделінегізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы;


      4) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша ТжКОКкБ бекіткен жұмыс оқу бағдарламаларының болуы;

      5) білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін жеке оқу жоспарын және арнайы оқу бағдарламасын (бар болған жағдайда) іске асыру;

      6) қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша мамандық бейінін ескере отырып, міндетті жалпы білім беретін пәндердің, сондай-ақ тереңдетілген және стандартты оқыту деңгейлеріндегі пәндердің тізбесі мен көлемінің сәйкестігі (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін);

      7) бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын зерделеу (орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін);

      8) жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе базалық модульдерді, сондай-ақ кәсіптік модульдерді (әскери мамандықтарды қоспағанда) оқыту;

      9) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту;

      10) Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалауды әртүрлі бақылау түрлері арқылы үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу;

      11) білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктерімен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ білім беру бағдарламасын ішінара немесе толық игеруді көздейтін инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін (ақыл-ойы сақталмаған адамдар болған кезде) әзірленген арнайы оқу бағдарламаларының болуы;

      12) білім алушылардың физикалық бұзушылықтары мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы негізінде инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін (ақыл-ойы сақталған адамдар болған кезде) әзірленген жеке оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы.

      17. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:

      1) күндізгі оқу нысанында міндетті оқу жүктемесі,сондай-ақ факультативтік сабақтар мен консультацияларды қоса алғанда, білім алушылардың аптадағы оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы және сәйкестігі;