Файл: Балаа тиімді трбие беруді басты баыттары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Балаға тиімді тәрбие берудің басты бағыттары
Өз халқын, Отанын сүйетін нағыз азамат тәрбиелеуде ата-ананың ролі ерекше. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді құрметтеу, ұяңдық, пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздыцң әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс. Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге.Ата-ананың өзара тату-тәтті  сыйластығы, мейірбандық пен ыстық ықыласы, сөйлеген сөздері бәрі-бәрі балаға ерекше әсер етеді. Отбасындағы ұрыс-керіс, орынсыз жанжал, балағат сөздер баланы жақсы әдетке тәрбиелейді. Өйткені бала іштей тынып, не істерін білмейді. Ата-ананың оғаш мінезі балалардың дөрекі, тілазар, қатыгез, өзімшіл болып өсуіне әсер етеді.Баланың нағыз азамат болуына ықпалды ортаның бірі жолдас-жорасы, достық қарым-қатынастары, мінез-құлықтарын білгені жөн. Олардың өзара қарым-қатынасына құрметпен қарауы керек.Ата-ананың себепсіз ренжіп, қабақ шытып, осы балаларды неге ертіп келесің, басқа достар табылмады ма? … дегендей сөйлеуі дұрыс емес. Мұндай көзқарас баланың намысына тиеді, қатты мазалайды.Сондай-ақ үй ішіндегі заттардың өз орнында болуының да мәні зор. Мысалы:ол бұйымдар шашылып жатса, ата-ана қарамаса баланың мінезі де алқын-жұлқын тартып, бойынан сабыр кетеді. Баланың сабаққа тыңғылықты әзірленуде тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Ықыласымен  оқымайтын баладан нашар оқушы шығады.Олардың көбі ата-ана бақылауынан тыс қалған балалар. Себебі ата-ана жұмысты желеу етіп мектепепен еш байланыс жасамайды. Тіпті баласының сынып жетекшісінің кім екенін білмейтін ата-анада баршылық. Мұндай ата-аналардың балалары оқуға сүлесоқ қарайды, тәртібі нашар, жауапкершілікті сезінбейді. Үй тапсырмасын дұрыс орындамайды, жиі-жиі сабақ қалдырады. Әрине осындай бақылаусыз қалған бала сапалы білім, сапалы азамат, өнегелі тәрбие алмайтыны белгілі.

«Дұрыс тәрбие-балаға өмірлік азық»
Сынып жетекшісі, ол-қоғамның талабына сай белгілі бір сыныптағы оқу-тәрбие процесін ұйыдастырушы басты тұлға. Ол оқушылардың таным әрекетін ұйымдастырып, олардың әлеуметтену процесін қалыптастырады,болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделу, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, сыныптағы жағымды көңіл-күй жағдайын жүзеге асыру.Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Соның ішінде негізі міндетті қоғамның талабына сай азамат тәрбиелеу.


В.А Сухомлинскийдің тілімен айтқанда: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін». Себебі жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да педагогикалық әрекетте  сынып жетекшісінің  бала тәрбиесіндегі міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы ерекше. Соған қарамастан бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жасады: ата-аналар жиналысы, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасында болу.т.б.Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас , тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарауы тиіс. Оқу тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулері тиіс.Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық.
"Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы"
Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі ойын орасан зор роль атқарады. Ойын балалар үшін айналадығы танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұннан әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу.



Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.

Қимыл ойындары алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруға болады. Мысалы, «Соқыр теке», «Арқан тарту», «Төс қағыспақ», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ» т.б. ойындар жатады. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.

Ыстық стол ойыны

Алдымен ортаға бір орындық қоямыз, сол орындыққа ата-аналарды кезектесіп келіп отыруға шақырамыз. Ата-анаға бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар қойылады.

1-сұрақ. Балаңыз үйге мектептен ашулы келіп, мұғалімінің үстінен арыз (жалоба) жасады, бірақ мұғалім кінәсіз. Сіздің іс-әрекетіңіз?


2-сұрақ. 11-15 жас аралығындағы балалардың жас өспірімдік шаққа бейімделу кезеңінде балаға қандай көмек көрсетесіз?


3-сұрақ. Бала мінезіндегі ауытқушылық себептері мен факторлары неден туындайды деп ойлайсыз?

4-сұрақ. Ата-ана мен мұғалімнің арасындағы келіспеушілік болса, сіз қандай шешімге келер едіңіз? Егер мен мұғалім болсам....

Доп лақтыру ойыны

Бұл ойында ата-аналар бір –бірінен доп лақтыру арқылы сұрақ – жауап алады.

1-сұрақ. Балаңыздың жаңа ортаға тез үйренуі үшін қандай көмек бересіз?