Файл: Клдік антитоксинні андай дозасын беру керек .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 248

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




























ИНФЕКЦИЯя

Ер адам 21 жаста, жедел ауырған. Әлсіздік, температурасының жоғарылауы 38°С, аздаған тамақтағы ауырсынуы мазалайды. Анкасында қызару цианотикалық түсте, ұлғайған бадамшада сыртына шықпайтын, қиын алынатын сұр жабынды анықталады. Мойын шел қабатында ісіну жоқ.

Күлдік антитоксиннің қандай дозасын беру керек ?

***ОТВЕТ*** 10000-20000 ЕД

Әйел 20 жас, ауруының 3ші күні мынандай шағымдармен түсті: жоғары дене қызуы 390С, әлсіздік, аздаған тамағының ауыруы. Жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,40С. Пальпация кезінде жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырсынусыз. Аңқада-цианотикалық түсті қызару, бадамшалары жұтқыншақ доғашықтарынан шығыңқы, ісіңген, сұр түсті жабындымен жабылған, шпательмен алынбайды. Анамнезінде: 2 күн алдын қызметтесі баспа ауруымен ауруханаға жатқызылған.Науқасты шығару үшін қанша теріс бактериологиялық зерттеу алу керек?

***ОТВЕТ*** 2

42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-90/60 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильраттар анықталады. В гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.Қандай ұйымдастыру әрекетін бірінші болып орындау керек?

***ОТВЕТ*** Науқасты оқшаулау

42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырау, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы улану белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-90/60 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильраттар анықталады. В гемограммада: лейкоциттері – 24х10
9/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді?

***ОТВЕТ*** Көк тамырға инфузионды ерітіндерді еңгізу
16 жастағы бозбала аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне келіп түсті. Шағымдары:дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, сол жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфатүйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Гемограммада: лейкоциттері – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдері -4%,сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттері – 6%, моноциттері -2%. Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек:

***ОТВЕТ*** Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу
34 жастағы ер адам, ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне білегінің ортаңғы аймағындағы жараға шағымданып келген. Ауырғанына бір апта болған, алғашында білегіндегі дақты байқаған, кейіннен ол дақ қанды көпіршікке айналған, көпіршік жарылып, жара пайда болған. Жара ұлғайып бүкіл қолына жайылған қарқынды ісіну дамыған. St.localis: оң жақ білектің ортаңғы аймағында - 2х2 см көлемді ауырмайтын жара анықталып, айналасын гиперемияланған сақина көмкерген. Жараның шетінде серозды сұйықтаға бар көпіршіктер байқалады. Қолы түгелдей ісінген. Қолтығында лимфаденит анықталады. Жара бөліндісін бактериологиялық әдіспен тексергенде споратүзуші грамша оң боялатын таяқша табылған. Қандай емдеу әдісін бірінші кезекте тағайындаған жөн?

***ОТВЕТ*** Антибактериалды ем

48 жастағы ер адам облыстық ауруханаға оң жақ мойын аймағында ісінудің пайда болуына, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданып келген. Бір апта бұрын өлген түлкінің терісін сойған. Оң жақ мойынның лимфа түйіндері 2х2 см дейін ұлғайған, аздап ауру сезімді, қозғалады, терісі өзгермеген. Гемограммада: лейкоциттері – 16х109/л, т/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф – 78%, лимф. – 22%, мон.6%.Антибактериалды емдеуді қандай дәріден бастаған жөн?

***ОТВЕТ*** Стрептомицин

36 жастағы ер адам емхана дәрігеріне оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, терінің қышуына және дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Тері және шырышты қабаттары сарғыштанған. Кеуде аймағында папулезді дақтар байқалады. Іші жұмсақ, оң қабырға астында сезімталдық анықталады, бауыр 1,5 см-ге ұлғайған, көкбауыр көлемі қалыпты. “Ертіс” өзенінен аулаған сазан балығынан дайындалған “Хе” салатын тамаққа қолданған. Жалпы қан анализінде: Лейк.-9.2×10

9/л, т/я нейтр.-5%, с/я нейтр.-55%, эоз.-15%, лимф.-22%, мон.-3%, ЭТЖ-23мм/сағ.

Зәр анализі: өт пигменттеріне «оң». Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-0,9 ммоль/л, жалпы билирубин-35,6 ммоль/л, тікелей билирубин-18,4 ммоль/л, тікелей емес билирубин-17,2 ммоль/л. Қай лабораторлық зерттеу әдісі диагнозды дәледейді?

***ОТВЕТ*** Нәжісті микроскопиялық зерттеу
47 жастағы әйел адам, Павлодар қаласының тұрғыны, 2 күн бұрын оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі ұстамасының пайда болуына байланысты учаскелік дәрігерді шақырған. Бауыр аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, 2 рет құсу, дене температурасының жоғарылауы, терісіндегі қышыну сезімі мазалаған. Анамнезінде – созылмалы холецистит. Ауруын қуырылған сазанды тағамға қолдануымен байланыстырады. Тері мен шырышты қабаттары аздап сарғыштанған. Іші жұмсақ, өт қабы аймағынданда ауырсыну байқалады. ЖҚА: Лейк.-10,5×109/л, т/я нейтр.-5%, с/я нейтр.-45%, эоз.-24%, лимф.-20%, мон.-6%, ЭТЖ-26 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-0,9 ммоль/л, билирубин жалпы - 38,9 ммоль/л, тікелей билирубин - 18,9 ммоль/л, тікелей емес билирубин - 20 ммоль/л. Нәжісті микроскопиялық зерттеу әдісімен мысық қос езуінің (кошачья двуустка) жұмыртқалары табылған. Қандай дәрі ЕҢ тиімді?

***ОТВЕТ*** Празиквантел
48 жастағы аңшы аймақтық дәрігерге қаралған. 2 ай бойы жүрек пен ұйқы безі аймақтарындағы арқасына иррадиацияланатын тұрақты ауру сезімі мазалаған. Ентігуге, кеуде торшасындағы ауыру сезіміне, қақырық пен жөтелге шағымданады. Кейде қақырықта қан жолақтарын байқаған. Жалпы қан анализінде: лейк.-9,2×109/л, т/я нейтр.-6%, с/я нейтр.-44%, эоз.-18%, лимф.-28%, мон.-4%, ЭТЖ-28 мм/сағ. Рентгеногаммада˗ оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі домалақ пішінді көленке көрінеді. Отау жасалғаннан кейін қандай дәрі тағайындаған тиімді?

***ОТВЕТ*** Немазол

35 жастағы әйел адам ауруханаға иерсиниозға күдіктеліп жатқызылды. Лабораторлық зерттеу жүргізілген. Жалпы қан анализі: лейк.5,9×109/л, т/я-4%, с/я-46, эоз.-1%, лимф.-42%, мон-7%, ЭТЖ-12 мм/сағ. Иерсиниозыдқ антигенмен ТЕГАР (РПГА) 1:200. Нәжістің бактериологиялық анализі: Yersinia enterocolitica. ЕҢ тиімді этиотропты дәрі:

***ОТВЕТ*** Ципрофлоксацин

***ОТВЕТ***

25 жастағы әйел адам, жедел ауырып бастаған: қалтырау, екі реет құсу, тамағының ауыруы, тізе және шұнтақ буындарының ауыру сезімі, іштің өтуі пайда болған, дене қызуы 39,2°С-қа дейін жоғарылаған. Ауруының 4-ші күні зәрі қоңырланған, склералар мен терісінің сарғаюы, «шұлық» пен «қолғап» түріндегі ұсақ дақты бөртпе байқалған. Бауыры ұлғайған, тілі «таңқұрай тәрізді». Болжама диагноз: Иерсиниоз.Этиотропты емде қолданылатын ЕҢ тиімді дәрі:


***ОТВЕТ*** Ципрофлоксацин

22 жастағы бойжеткен, студент, ауруының 4-ші күні дәрігерге келген. Бірінші күннен бастап эритромицин қабылдаған. Қызбасы жоары, Лакунарлы баспа, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Денесінде және аяқ-қолдарында қызарған теріде ұсақ нүктелі бөртпе анықталады. Гепатомегалия, күніне 2-3 рет іші өтеді, патологиялық қосындылар жоқ. Болжама диагноз: Псевдотуберкулез. Ем тағайындалған.Патогенетикалық терапияға кіреді:

***ОТВЕТ*** Дезинтоксикация

22 жастағы бойжеткен, студент, ауруының 4-ші күні дәрігерге келген. Бірінші күннен бастап эритромицин қабылдаған. Қызбасы жоары, Лакунарлы баспа, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Денесінде және аяқ-қолдарында қызарған теріде ұсақ нүктелі бөртпе анықталады. Гепатомегалия, күніне 2-3 рет іші өтеді, патологиялық қосындылар жоқ. Болжама диагноз: Псевдотуберкулез. Ем тағайындалған.Этиотропты ем мақсатымен таайындалады:

***ОТВЕТ*** Ципрофлоксацин

33 жастағы әйел адам, теплица жұмысшысы, 5.01 күні жедел ауырып бастаған. Дене қызуы 39,00C-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, бұлшық еттердің ауыру сезімі, жүрек айнуы, тәбеттің жоғалуы мазалаған. Келесі күні ішінің ауыру сезімі, іштің өтуі қосылған, зәр түсі қоңырланған. Кешкі уақытта бөртпе пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, температура 38,80С, аңқасында шырышты қабат қызарған, склералары субиктериялы, терісінде көптеген дақты-папулезды бөртпе байқалады, қол басы мен аяқ басы «қолғап» және «шұлық» тәрізді қызарған. Тынысы везикулярлы, жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты, пульс 100 рет/мин, ҚҚ 110/70. Тілі ылғалды, ұшы ашық-қызыл, бауыры ұлғайған, нәжісі сұйық.Этиотропты ем мақсатымен тағайындау ЕҢ тиімді болып табылады:

***ОТВЕТ*** Ципрофлоксацин 500 мг 2 рет күніне

***ОТВЕТ***

Әйел адам 30 жаста, ауруханаға бұлшық еттердегі ауру сезімі, әлсіздік, тәбетінің нашарлауына, ыстыққа шағымданып түсті. Жедел ауырған: дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, тамақта ауру сезімі, бас ауру, енжарлық, тәбеттің жоғалуы пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері және шырышты қапаттары таза қалыпты түсте. Аңқада: бадамшалары ұлғайған, іріңді жабындымен жабылған. Мойын қолтық асты лимфотүйіндері ұлғайған, ауру сезімді. Гепатомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде: 12 күн бұрын жеке адамдардан бұзау сатып алған, етін бөлу кезіндеоң қолының саусағын кесіп алған. Жараны өңдемеген. ҚЖА: лимфомоноциттер (75%). Листериозға күмәнданған.ЕҢ тиімді этиотропты препарат:


***ОТВЕТ*** Цефазолин

Әйел адам, 25 жаста, дәрігерге жыныс жолдарынан шырышты бөлінділердің бөлінуіне дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып келді. Қараған кезде: дене қызуы – 38.4єС. Шап лимфо түйіндері ұлғайған. Дәрігер клиникалық лабораторлы тексеру жүргізгенен кейін алдын ала «Генитальді листериоз» деген диагноз қойды. Листериозды емдеу үшін қандай препараттар тобы ЕҢ тиімді?

***ОТВЕТ*** Цефалоспориндер

Әйел адам 25 жаста, дәргерге тамақтағы ауру сезімі, жұтынған кезде күшейуіне, дене қызуының 39,2ºС, дейін көтерілуіне, жөтел, әлсіздік, бас ауру, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқада айқын жайылмалы қызару, бадамшалары гипертрофияланған, лакунада көп ірің байқалады. Жақ асты лимфотүйіндері пальпацияланады, қозғалмалы, сезімтал. Гепатомегалия. Эпид. анамнезінде: науқастың айтуы бойынша жиі шикі сүт ішеді. ЕҢ тиімді этиотропты ем:

***ОТВЕТ*** Цефазолин 3,0/тәу

Жүктілігі 18-19 апта әйелге клинико-анамнестік және зертханалық тексерулерден кейін листериоз деген диагноз қойылды. Қандай дәрі этиотропты ем ретінде тағайындау керек:

***ОТВЕТ*** Ципрофлоксацин

25 жастағы ер адам, дене температурасының көтерілуіне, әлсіздікке, жүрегінің айнуы мен құсуға шағымданып жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Бір апта бойы ауырады. Ауырғанынан 2 апта бұрын 10 жастағы туысқаны балалар жұқпалы аурулар ауруханасына осындай клиникалық көріністермен . Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты жабындылары, көзі сарғайған. Бауыры 1,0-1,5 см қабырға доғасынан төмен анықталады, аздап тығыздалған, зәрі қоңыр түсті. Қандай ем ЕҢ тиімді?

***ОТВЕТ*** Дезинтоксикациялық
52 жастағы әйел адам, ауруының 2 күні терапевтке қаралған. Ішінің толғақ тәрізді ауруына, жүрегінің айнуына, басының ауруына, ішінің 10 ретке дейін өтуіне, тенезмдер мен жалған шақыруларға шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы - 37,5°С, АҚҚ - 100/60 мм с. б. Ішін пальпациялағанды: сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы анықталады. Нәжісі аз мөлшерде, шырышты, қан аралас. ҚЖА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э - 1, т - 2, с - 75, л - 18, м - 5. ЭТЖ - 17мм/сағ.Қандай ем тағайындаған ЕҢ тиімді?

***ОТВЕТ*** Ципрофлоксацин

30 жастағы әйел адам, ауруының 2 күні терапевтке қаралған. Ішінің толғақ тәрізді ауруына, жүрегінің айнып, басының ауруына, ішінің 15 ретке дейін өтуіне, тенезмдер мен жалған шақыруларға шағымданады. Қарап тексергенде: