Файл: 206 мектепгимназияны директор жанындаы 4 жиналыс хаттамасы 27. 03. 2023 жыл атысаны 147 атыспааны жо Кн тртібінде Kundelik kz.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 32

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

206 мектеп-гимназияның директор жанындағы №4 жиналыс хаттамасы
27.03.2023 жыл
Қатысқаны – 147

Қатыспағаны – жоқ

Күн тәртібінде
1.«Kundelik.kz» электрондық-ақпараттық жүйесінің толтыруы жайлы

Баяндамашы: ДОІЖО Айтбаева А.Б.

2. Дене шынықтыру пәнінің оқытылуы (10-сыныптар)

Баяндамашы:ДТІЖО Д.Совет

3. Химия пәндерінің оқытылуы, сарамандық, зертханалық

жұмыстардың барысын тексеру (10-сыныптар)

Баяндамашы: ДОІЖО А.Қасқарбаева

Тыңдалды.

Мектеп-гимназия директоры №1 жиналыста айтылған мәселелер шешімінің орындалуын қанағаттанарлық деп есептеп, жиналысты бастады.

Бірінші мәселеде ДОІЖО А.Айтбаева мұғалімдердің «Kundelik.kz» электрондық-ақпараттық жүйесінің толтыруы жайлы туралы айтылды.

«Kundelik.kz» электрондық-ақпараттық жүйесінің мониторингінде 2022 – 2023 оқу жылының қыркүйек айында 160 мұғалім, 2066 оқушы. «Kundelik.kz» электронды журналы жүйесіне тіркелген пайдаланушылардың күнделікті мониторинг есебі бойынша белсенділігі 60%-дан кем болмауы керек, алайда, шектік пайызға жете алмаған күндердің бар екендігі айтылды. Оқушылар мен ата-аналардың белсенділігі төмен болғандығы себепті, жыл соңында пайызымыз көтерілмей, рейтингте тиісті көрсеткішке жете алмайтындығымызды айта келе, кемшілік жіберген мұғалімдер мен сынып жетекшілерге шара қолданылу ұсынылды.

Шешім: Мұғалімдердің «Kundelik.kz» электрондық-ақпараттық жүйесінің толтыруын бақылауда ұстау және толтырмаған мұғалімдермен жұмыс ДОІЖО А.Айтбаеваға тапсырылсын.

Екінші мәселе бойынша ДТІЖО Д.Совет 10-сыныптарда дене шынықтыру пәнінің берілу жайлы баяндады.

№206 мектеп-гимназияда 13 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызмет атқарады. Барлығы да жоғарғы білімді мамандар. IV тоқсанның сәуір айында 10 сыныптардағы дене шынықтыру пәнінің оқытылуына бақылау жүргізілді. Мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабақ жоспарының жазылып, бекітілуін оның күнтізбелік жоспармен сәйкестігін, сынып журналдарының уақытылы әрі дұрыс толтырылуын, сынып журналының, сабақ жоспарының және күнтізбелік жоспарлардың сәйестігіне сондай-ақ, мұғалімнің сабақ түсіндіру, үйрету әдіс-тәсіліне үлкен мән берілді.


Мурсалимов Ерлан 10 «Б» 10 «Ә» сыныбына сабақ береді. 10 «Ә» сыныбы ұлдарын бірнеше топқа бөліп, әр түрлі жаттығу жұмыстарын дұрыс орындауды талап етеді. Сабақ соңында футбол элементтерін дұрыс пайдалана отырып, 10 минут «Футбол» ойынын ойнатты. Қателіктерді дер кезінде түсіндіріп, толықтырып отырады.

Қалибек Игнат 10 «А», 10 «В» сыныптарына сабақ береді. 10 «В» сыныбында «Футбол ойынының техникасы»» тақырыбында өткен сабағына қатыстым. Сабақ жақсы өтті, оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығы жоғары. футбол ойыны туралы мағлұматтары көп. Мұғалім жалпы сабақты жақсы түсіндіреді. Оқушылармен қарым-қатынасы жақсы. Мұғалімнің өтіп отырған сабағы күнтізбелік жоспарға сәйкес. Сынып журналдары уақытысында толтырылған. Бекітілген сабақ жоспары бар. Мұғалім сабақ өту әдіс-тәсілін жақсы жолға қойған. Сабақтың мақсатымен, күнделікті спорт жаңалықтарымен таныстырып отырады. Жаңа тақырыпты жете түсіндіріп, әр жаттығуды оқушыларға толық жасатуға тырысады. Мұғалімнің сабағы қызықты өтті.

Ұсыныс:

• Әр сыныптағы дене шынықтырудан босатылған оқушыларға қызықты ойын түрлері ұйымдастырылса және оқушылардың дене шынықтыру сабағына толық қатысуын қатаң қадағалау

• Мұғалімдерге сабақ жоспарларын уақытында бекіттіріп отыру ұсынылады

• Оқушылардың спорт формасын толық кию бақылау

Үшінші мәселе бойынша ДОІЖО А.Қасқарбаева 10-сыныптарда химия пәндерінің оқытылуы, сарамандық, зертханалық жұмыстардың барысын тексеру жайлы баяндады.

Мектепішілік бақылау жоспары бойынша 10 сыныптарда сарамандық жұмыс пен зертханалық жұмыстардың жүргізілуі қаралды.

Мақсаты:сарамандық жұмыс пен зертханалық жұмыстың жүргізілуін зерделеу.

Әдістемелік нұсқаулық бойынша жаратылыстану бағыты бойынша 6 (алты)зертханалық жұмыс және 1(бір) парактикалық жұмыс ,ал гуманитарлық бағыт бойынша 3(үш) зертханалық жұмыс жүргізілуі тиіс.

Күнтізбелік жоспар бойынша зертханалық жұмыс пен сарамандық жұмыс жүргізілген. Электрондық күнделікке оқышылардың баллдары қойылған.

Шешім: 10-сыныптар бойынша сарамандық және зертханалық жұмыстардың жүргізілуі қанағаттанарлық деп есептелсін.
Жиналыс төрайымы

№ 206 мектеп-гимназия директоры Алиакбарова Ф.М. Хатшы Зиаділда Н.Т.