Файл: сценарий клинической симуляции ВПС. Тетрада Фалло-каз.docx
ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 610
Скачиваний: 4
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПЕДИАТРИЯ БОЙЫНША №2 ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ |
||
МЕДИЦИНАЛЫҚ СИМУЛЯЦИЯНЫҢ СЦЕНАРИЙІ ҚБ 2014 |
Интерндердің қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляцияның сценарийі 2013-2014 оқу жылы
Клиникалық жағдай: «Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло Тетрадасы диагностикасы және жүргізу тактикасы».
Ситуациялық есеп: Сіз –кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 11 айлық бала көмекке жүгінді.
-
Сұрау жүргізу: анамнезін жинап, баланы қараңыз.
-
Лабораторлы –аспаптық зерттеулерге интерпретация жүргізіңіз
-
Диагноз қойыңыз
-
Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Соңғы қорытынды (outcomes):
-
Жүрек ақауы бар науқасқа сұрау жүргізу, физикалды зерттеу.
-
ТПЖА. Фалло Тетрадасы клиникалық диагнозын білу.
-
ЖҚА, ЖЗА, кеуде қуысының рентгенограммасы, ЭКГ, ЭХО-КГ нәтижесін талдау.
-
ТПЖА. Фалло Тетрадасы диагнозы бар науқасты жүргізу тактикасы.
-
Пациентпен оптималды қатынас қалыптастыру және қорқыныш сезімін басу
Бағалау беті (check-list)
Клиникалық жағдайға байланысты
«Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло Тетрадасы диагностикасы және жүргізу тактикасы».
№ |
Қадамдарды бағалау критерилері |
Баллмен бағалау |
||
Дұрыс орындалды |
Ескертулермен орындалды |
Орындалған жоқ |
||
1 |
Шағымдарын, анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
2,0 |
1,0 |
0 |
2 |
Физикалды зерттеу жүргізудің дұрыстығы және кезеңділігін сақтау- жалпы және тыныс алу жүйесін қарау |
2,0 |
1,0 |
0 |
3 |
Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалды зерттеу жүргізудің дұрыстығы және кезеңділігін сақтау |
2,0 |
1,0 |
0 |
4 |
Клиникалық симуляция жағдайында қарастырылған симптомдардың талдануының дұрыстылығы |
2,0 |
1,0 |
0 |
5 |
Болжам диагнозды негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Зерттеу жоспарын тағайындау |
1,0 |
0,5 |
0 |
7 |
Ажырату диагнозын жүргізу |
2,0 |
1,0 |
0 |
8 |
ЖҚА, ЖЗА интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
9 |
ЭКГ талдау |
1,0 |
0,5 |
0 |
10 |
Кеуде қуысының рентгенограммасын талдау |
1,0 |
0,5 |
0 |
11 |
ЭХО-КГ талдау |
1,0 |
0,5 |
0 |
12 |
Қорытынды диагнозды негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
13 |
Емдеу жоспарын негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
14 |
Ем нәтижесін бақылау |
1,0 |
0,5 |
0 |
15 |
Пациентпен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
қорытынды БАЛЛ |
|
|
|
Максималді балл 20
Стандартталған актер (пациент) үшін мәтін сценарийі және оның рөлінің сипаттамасы:
Пациент: бала, 11 айлық анасымен
Шағымдары: физикалық дамуда қалыс қалу (дене салмағы 7 кг), физикалық немесе эмоционалды жүктеме кезінде ентігу немесе периоальды ентігудің пайда болуы.
Сұрақтың мәні |
Актерге сұрақтың құрылуы |
Актер жауабы |
Ентігу сипатын нақтылау |
Қандай ентігу-дем алу қиындаған немесе дем шығару қиындаған ба? |
Аралас сипаттағы ентігу |
Ентігудың ұзақтығын нақтылау |
Ентігу тұрақты түрде мазалай ма немесе жүктеме кезінде пайда бола ма? |
Жылаған кезде және емізген уақытта пайда болады. |
Көгеру пайда болу уақытын нақтылау |
Көгеру тұрақты ма, әлде физикалық жүктемемен байланысты ма? |
Эмоционалды және физикалық жүктемеден кейін пайда болады. |
Салмақ қосудың қалыс қалу уақытын нақтылау |
Қай уақыттан бастап салмақ қосуы қалыс қалды? |
2 айлығынан бастап салмақ қосу қалыс қалған |
Анамнезі: 2 айлығынан бастап салмақ қосуы қалыс қалған, емізген уақытта тез шаршап қалады, тіпті емшектен бас тартады. Бронхит және пневмониямен ауырмаған.
Объективті: Тері қабаты цианозды реңкті, шеткі цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы анықталады. Жүрек аймағы өзгермеген, салыстырмалы жүрек тұйығы шекарасы: сол жақ- сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен, оң жақ-оң жақ парастерналды сызық бойымен, жоғарғы- II қабырғааралық. Жүрек тондарының үні қалыпты, ЖҰС-минутына 140 рет. Төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II тон екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген. Өкпеде пуэрилді тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ, сипағанда ауырсынусыз. Бауыр және талағы ұлғаймаған.
Жалпы қан сынағы
НЬ - 170 г/л
Эр – 5,4х1012/л
Т.к. - 0,91
Тромбоциттер - 450х109/л
Лейк - 6,1х109/л
т/я - 3%
с/я - 26%
э - 1%
лимф -64%
мон - 6%
ЭТЖ - 2 мм/сағ.
Жалпы зәр сынағы
түсі-сары
меншікті салмағы-1005
белок-жоқ
лейкоцит-0-1 көру аймағында
жалпақ эпителий-0-2 көру аймағында
Электрокардиограмма:
Қорытынды: Жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы.
Эхокардиография
Қорытынды:
Екі өлшемді ЭХО-КГ:
- қарыншааралық перденің мүкістігін тікелей көру
- қолқаның парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен ығысуы және оның дилатациясы
- өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру.
Кеуде қуысы мүшелерінің рентгені
Қорытынды: Өкпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «ағаш аяқ киім» түрінде, өкпе васкулиризациясының азаюы, өкпе артериясының доғасының төмен түсуі, оң жақ жүрекше дилятациясы.
«Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло Тетрадасы диагностикасы және жүргізу тактикасы».
Клиникалық есептің жауаптарының эталоны
№ |
Қадамдарды бағалау критерийлері |
Эталон жауаптары |
1 |
Науқастың шағымдарын анықтау. Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
Ентігу сипатын, физикалық және эмоционалды жүктемемен байланысын нақтылау. Ауру және өмір анамнезі |
2 |
Жалпы қарау, тыныс алу жүйесінің физикалды зерттеу кезеңділігін сақтау және жүргізу дұрыстығы |
Объективті: қарағанда жағдайы ауыр. Тері қабаты цианозды реңкті, шеткі цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы анықталады. Өкпе перкуссиясы-өкпелік тыныс. Өкпеде пуэрилді тыныс, сырыл жоқ. |
3 |
Жүрек қан тамыр жүйесін физикалды тексеру жүргізу дұрыстығы |
Қалыптысқан «жүрек бүйірі». Салыстырмалы жүрек тұйығы шекарасы: Сол жақ- сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен Оң жақ-оң жақ парастерналды сызық бойымен Жоғарғы- II қабырғааралық. ЖҰС-150 рет минутына. ТАЖ-52 рет минутына. Төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II тон екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген. |
4 |
Медициналық симуляция жағдайында келтірілген симптомдарды дұрыс талдау |
Науқас жағдайын дұрыс бағалады. Науқаста жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі симптомдары бар. |
5 |
Болжама диагнозды негіздеу |
Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло Тетрадасы. |
6 |
Зерттеу жоспарын тағайындау |
-ЖҚС, ЖЗС - кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы. -ЭКГ, ЭХО-КГ |
7 |
Ажырату диагнозын жүргізу |
Эбштейн аномалиясы, өкпе артериясының атрезиясы, жалғыз қарынша, жалпы артериалды баған диагноздарымен ажырату диагнозын жүргізді. |
8 |
ЖҚА, ЖЗА талдау |
Гемограммада полицитемия. Жалпы зәр сынағы-өзгеріссіз. |
9 |
ЭКГ талдау |
Жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. |
10 |
ЭХО КГ талдау |
- қарыншааралық перденің мүкістігі - қолқаның парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен ығысуы және оның дилатациясы - өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру. |
11 |
Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасын талдау |
Өкпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «ағаш аяқ киім» түрінде, өкпе васкулиризациясының азаюы, өкпе артериясының доғасының төмен түсуі, оң жақ жүрекше дилятациясы. |
12 |
Қорытынды диагнозды негіздеу |
ТПЖА. Фалло Тетрадасы. Ентігу-цианозды ұстамасы. |
13 |
Емдеу алгоритмі |
1% промедол (0,05 мл/год)+Кордиамин 0,1 мг/жылына бір шприцте б/е Оттегі Көктамырішіне ағынды түрде натрий бикорбонаты Алдын алу үшін-Обзидан 1 мг/кг тәулігіне. Оперативті ем. |
14 |
Емдеу тиімділігін бақылау |
Ентігу-көгеру ұстамасын тоқтату |
15 |
Пациентпен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру |
Пациентпен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру және қорқыныш сезімін басу. |
|
Барлығы: |
|
Симулияның жабдықталуы:
1.Парақ тапсырмамен, актер үшін сценарий, қадамдарды бағалау критерийлері
2. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасы
3. ЖҚС, ЖЗС
4. ЭКГ, ЭХОКГ нәтижесі
5. Фонендоскоп, тонометр
-
Актер-пациент.
Қойылым: оқу бөлмесі – қабылдау бөлімі.
-
Кушетка – 1
-
Құралдар үшін стол-1
-
Препараттармен медициналық шкаф (Промедол, Кордиамин, Кислород, натрий бикарбонат)
Құрастырушының аты-жөні – Төлебаева А.Қ.
Рецензенттер аты-жөні: м.ғ.д. Қатарбаев А.Қ., м.ғ.д. Омарова К.О.
ББК жиылысының № 6 хаттамасы 25.02.14