Файл: Таырыбы Салауаттылы денсаулы кепілі Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 64

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Сен бір құшақ газет - журнал көтеріп келе жатқан хат тасушыға кездестің…

2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал көршіңнің ролигі жоқ…

3. Анам ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті…

VІ. Мәтінмен жұмыс.

Жақсылық пен жамандық (ертегіні сахналау)

1. Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?

2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынани келгенше ешкімге де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар теқ қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.

Тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекенім»

Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ой бөлісу.

Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу.

Көрнекілігі: Мультимедия, презентация, бейнебаян: «Отбасы құндылығы», шарлар, гүлдер.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар 5 «А» сыныбының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Отбасым – бақыт мекенім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

-Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.

Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».

-Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?

Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

І. « Жүректен — жүрекке» шеңбері.

Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.


Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.

Сұрақтар:

1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Отбасының басшысы кім?

3. Отбасы қандай болуы керек?

4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?

5. Сен қандай отбасын армандайсың?

5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?

7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Oтбасым — менің жүрегім

Отбасым — менің тірегім

Отбасым – менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

ІІІ кезеңіміз «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл кезеңде

1-топ. Отбасы туралы өлең жолдарын айтады.

2-топ, «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.

3-топ. «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.

4-топ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.

Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

ІҮ кезең . «Конверттегі сұрақтар»

«Біз баламызды танимыз ба?» деп аталады. Бұл кезең ата — аналарға арналады. Ортаға 6 ата-ананы шақырамыз.

Құрметті ата-аналар конверттің біреуін таңдап, ондағы сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.

№1

1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

№2

1. Балаңыздың сүйікті асы не?

2. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

№3.

1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

№4.

1. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

2. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

№5.

1. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?

2. Балаңыздың жағымды және жағымсыз қасиеттерін атаңыз.

Анаң-күнің жүрегің,

Әкең -өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Әжең- асыл ардағың,

Атаң- дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.



Ағаң –қамқор асқарың,

Інің- мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

Бейнебаян «Отбасы құндылығы»

1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?

2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?

3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?

Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Кері байланыс: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.

-Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.

Тақырыбы: «Әкешім - бәйтерегім»

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.

Көрнекіліктер: 1. Әке - асқар тау. 2. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. 3. Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық. 4. Әке - шаңырақтың негізгі тірегі. 5. Жаманнан жақсы туады, жақсыдан жаман туады - адам айтса нанғысыз. 6. Әке - балаға сыншы. 7. Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар - кері кете туады. 8. Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың 9. Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ.

Сабақ барысы:

(«Әке туралы монолог» видео ролик көрсетіледі.)

1 - жүргізуші. Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала – жүрек тілегін...

«Әке - бәйтерек, бала жапырақ» деп қазағымыз айтқандай бүгінгі мектебімізде өткелі отырған «Әкешім - бәйтерегім» атты бастауыш сынып оқушыларының өнеге сағатына қош келдіңіздер!

1 - оқушы:

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ал, әкелер, өздеріңе арналған

Бүгінгі той, қуаныш пен мерекең.


2 - оқушы:

Есімде бейнесі әкемнің

Күлімдеп қарайтын

Мен саған талпынсам

Құшағын жая сап, көтеріп алатын.

3 - оқушы:

Бойға қуат береді

Әй жарайсың дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соңы естігім келеді.

4 - оқушы:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

5 - оқушы:

Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

6 - оқушы: Әр сөзінің ақырын,

Жақсылыққа тірейді.

Қадап айтып ақылын,

Көпке бақыт тілейді.

7 - оқушы: Әкем шытса қабағын -

«Байқа балам» дегені.

Алған көп - ақ сабағым,

Жақсы көрем мен оны.

8 - оқушы: Арқа сүйер панасың,

Ақылы мол данасың

Адал етіп өсірген,

Мендей ерке баласын.

9 - оқушы: Қамқорсың әке өмірде,

Қуатым сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.

10 - оқушы Аңсаймын жылы сөзіңді,

Ақылшым болған кезіңді.

Есімде әке сақтаймын,

Асқар биік өзіңді.

11 - оқушы: Арманым едің аңсаған,

Әкелсем бақыт мен саған.

Ұрпағың болып жалғадым,

Қуаншы, әке, сен маған.

12 - оқушы: Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім.

13 - оқушы: Көкке өрмелеп көңілің,

Нұрға толсын өмірің.

Бақытты бол, жан әке,

Ұзақ болсын ғұмырың.

14 - оқушы: Асқар тау әкешім бар сүйенішім,

Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.

Қабақ шытса балалық қылығыма,

Ешқашан болмақ емес ренішім.

1 - Жүргізуші: Көмегімен біздерді мәпелеген,

Ардақты жан өмірде әке деген.

Бақыттымын өмірде әкем барда,

Сол бастаушым - биікке жетелеген

2. «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - сіз менің сүйікті әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман - сау болуыңызды тілеймін.

Әкелерге сұрақтар қою

1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы

2. Балаңыздың сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?

3. Балаңыздың ізгі қасиеттері

4. Балаңыздың жаман қасиеттері

5. Балаңыздың пікірімен санасасыз ба?

6. Балаңыздың үйдегі тұрақты міндеттері не?

Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы
адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.

Музыка ойналып тұрады.

Көрініс: 1 - жүргізуші: Әке - асқар тау ( әке бастап шығады, балаларға тау суреттері тағылады.)

1 - жүргізуші: Ана - қайнар бұлақ ( ана бастап шығады, балаларға бұлақ суреттері тағылады.)

1 - жүргізуші: Бала жағасындағы құрақ. ( Ең ұзын бала бастап шығады, қалғандары құрақ суретін тағып шығады.)

Жүргізуші: Ойлайды әрқашан да бала қамын,

Көремін аялаған алақанын.

Әкемнен алған асыл қасиетті,

Елімнің керегіне жаратамын.

Мақал - мәтелдер

Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әке балаға қарыз,

Бала далаға қарыз.

Әке балаға сыншы.

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

Әкеден безген ұл болмас,

Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен,

Ана жүрегі теңізден терең.

Әкелі бала жаужүрек,

Әкесіз бала сұм жүрек (Бұқар жырау).

Әкелі жетім анық жетім,

Шешелі жетім жарым жетім.

Әкем аты шапқан сайын өрлейді.

"Әкем бар" деп мақтанба топқа түсері жоқ болса.

"Балам бар" деп мақтанба жаман туған боқ болса.

"Ағайыным бар" деп мақтанба дос - дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса (Төле би).

Әкем маған ат берді, "далақта да шап" деді.

Әкемнің өлерін білсем өнерін сатпас па едім.

Әкемнің шоты аса - аса тиеді.

Әкенің жақындығы жездедей - ақ.

Әкең бермегенді базар береді.

Әкең жақсы кісі еді жел жағыңа пана еді.

Анаң жақсы кісі еді жетімдерге ана еді.

Әкең мұрап болғанша отырған жерің ой болсын.

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтпексің?

Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін.

Әке сөзі — оқ,

Шеше сөзі — боқ.

Әкесі бардың арысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

Әкесіз жетім гүл жетім,

Шешесіз жетім тұл жетім.

Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.

Әкесі қоңыз атанғанның баласы доңыз атанады.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.

Әкесінің баласы — адамның баласы, адамның баласы — бауырың.

Әкесі оқ атпағанның баласы боқ атпайды.

Тақырыбы: «Өрт – тілсіз жау»