Файл: Таырыбы Салауаттылы денсаулы кепілі Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 63

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мақсаты: өрттің шығу себептерімен таныстыру; экстремалды жағдайда өзін дұрыс ұстауды және жылдам әрекет етуді үйрету.

Әдісі: әңгімелесу, мысал келтіру, ойындар.

Көрнекі құралдар: плакаттар, шелек, жіп.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

– От – жарық пен жылудың көзі. Ол ежелгі адамдарға жабайы жануарлардан қорғануға, тамақ дайындауға және құрал-саймандар жасауға көмегін тигізген. Қазіргі таңда, адамзат отты қолдану арқылы көптеген технологиялық жетістіктерге жетуде. Алайда, қауіпсіздік ережелері бұзылған кезде, ол тілсіз жауға айналып, үлкен апатттарды тудырады.

II. Негізгі бөлім – Өрт шыққан кезде не істеу керек екендігін кім біледі? Әр түрлі жағдайларды қарастырайық.

1-жағдай: Сіз теледидар көріп жатқан кезде, оның артқы жағы түтіндеп, өртене бастағаның байқадыңыз. Осындай жағдайда не істеу керек? (балалар жауап бере бастайды). Теледидарды тоқтан ажыратамын; Үстіне дымқыл шүберек жабамын; Есікті жауып, бөлмеден дереу шығамын; «101» нөміріне қоңырау шаламын.

2-жағдай: Табада май өртеніп жатыр. Не істейсіз: Газды өшірімен; Табаға ылғал сүлгіні лақтырамын.

3-жағдай Ғимараттан киімі өртеніп жатқан адам жүгіріп шықты. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады? Адамның үстіне мата жабамын; Жерге құлатып, домалатамын.

-Өрт кезіндегі іс-әрекет тәртібі «101» нөмірі арқылы өрт сөндірушілерге қоңырау шалып, не жанып жатқаның, нақты мекен-жайыңызды, аты-жөніңізді және телефон нөміріңізді хабарлаңыз; үрейге берілмей, сабыр сақтаңыз; лифтіні қолданбай, тек баспалдақпен түсіңіз; өртті өшіруге шамаңыз жетпесе, ол жерден тезірек кетіңіз; түтінді бөлмеде жорғалап жүруге тырысыңыз, себебі, төменгі жақта ауа көбірек; аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл сүлгімен жауып қойыңыз, бұл өкпеге кіретін тұншықтырғыш газдың мөлшерін азайтады; терезелерді сындырмаңыз, өйткені өрт оттегімен қоректенеді. Кенеттен есікті немесе терезені ашып қалсаңыз, оттың жануы күшейе түседі. Өрттің шығу себептері отты абайсыз қолдану (сіріңкемен ойнау); далаға жағылған отты сөндірмей кету; электр жылытқыш құрылғыларын қараусыз қалдыру; тұрмыстық газдың шығып кетуі; электр сымдарының қысқаша тұйықталуы; өшірілмеген шам; найзағай соққысы; пиротехниканы абайсыз қолдану.

Ойындар «Өртті сөндір» ойыны

Оқушылар 2 топқа бөлініп, еденге 2 шелекті қояды. Алғашқы қатысушылар ыдыстарына су құйып, шелектерге төгеді. Содан соң, өз командаларына жүгіріп барып, ыдысты келесі ойыншыларға береді. Шелекті бірінші болып толтырған команда жеңіске жетеді.


«Екі етік – бір жұп» ойыны

Бірінші ойыншының сол аяғы, екінші ойыншының оң аяғына жіппен байланған. Олар қол ұстасып, мәреге жету керек.

-Өрт кезінде жылдам және бірлесіп жұмыс істей білу өте маңызды. Өртті сөндіруден гөрі, оны болдырмау оңай. Сондықтан, сіздерді осы сабақта айтылған кеңестерді күнделікті өмірде қолдануға шақырамын. Ең жақсы қорғаныс – қауіпсіздік ережелерін білу және қатаң сақтау.

Тақырыбы: «Дені саудың, жаны сау»


Мақсаты:

Білімділік: Балалардың денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі манызын түсіндіру;

Дамытушылық: Денсаулығын күту, іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге, қадірлеуге  тәрбиелеу.

Түзетушілік: Дыбыстарын түзетіп отыру.

Көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер.

Меңгерілетін сөздер: Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі. Дені саудың, жаны сау. Денсаулық – зор байлық.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті

  • Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді өту үшін көңіл-күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.

  • Балалар, кезекпен барлық адамзатқа жақсы денсаулыққа арналған тілектер айтайықшы:

Мысалы: Денсаулық - адамның басты байлығы, сондықтан денсаулықты сақтай білейік. Күлкі - адам өмірін ұзартады, ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін. Көңіл - күйіміз әрқашан көтеріңкі болсын.

  • Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

 

Әңгімелесу.

-«Таза жүру өмірде» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адамның денсаулығын сақтауға кім жауапты? Неге?

-Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?

-Салауатты өмір сүруге не кедергі болады?

-Өз бойыңдағы жағымсыз әдеттерден арылу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Жаңа ақпарат.

  • Дені сау, жан-жақты дамыған жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам тән сұлулығын жан сұлулығымен  үйлестіргенде ғана өмірлік мақсатына жете алады. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет.

1-нұсқа

Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.



1.Қоршаған орта ластығы. (күн,ауа,су,топырақ , т.б,)

2.Дұрыс тамақтанбау.

3.Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

4.Зиянды заттарды қабылдау.

5.Тазалықты сақтамау.

6.Отбасындағы кері жағдайлар.

7.Адамда стресс жағдайларының жиі болуы

2-нұсқа

Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлар.

1.Дұрыс тамақтану.

2.Қоршаған орта тазалығы. (күн,ауа,су,топырақ, т.б.)

3.Дене шынықтыру.

4.Зиянды заттарды қабылдамау.

5.Жеке бастың тазалығын сақтау.

6.Қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

7.Эмоциялардың оң болуы.Үйдегі дене еңбегінің дұрыстығы.

 

Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »

Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, апалақтаймыз, зиянды болса, аяғымызды жерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.

  • Бала жаттығулар жасаса;

  • Бала ағашқа өрмелесе;

  • Бала ауыр заттарды көтерсе;

  • Бала басқа баланы итеріп жіберсе;

  • Бала сіріңкемен ойнаса;

  • Бала терезені сындыратын болса;

  • Бала қолын жуса;

  • Бала күнге қыздырынса;

  • Бала  балмұздақты көп жесе;

  • Бала балаларға қарай жөтелсе;

  • Бала тамақ үстінде күлсе;

  • Бала табиғи суға шомылса;

  • Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы- зиянды әрекеттерді

жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.

Оқушыларға денсаулықтың он құпиясына көңіл аударуылары сұралады:

Денсаулықтың он құпиясы  (Адам Дж.Джексон).

Денсаулықтың бірінші құпиясы –денсаулықпен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр.

Денсаулықтың екінші құпиясы –біздің тыныс алуымызда болып табылады.

Денсаулықтың үшінші құпиясы –шынығу әрекеттері күш әкеледі.

Денсаулықтың төртінші құпиясы –дұрыс тамақтану күші.

Денсаулықтың бесінші құпиясы –күлкі. Күлкі –бұл мәңгілік емші.

Денсаулықтың алтыншы құпиясы –демалу күші.

Денсаулықтың жетінші құпиясы –тұлғаны түзу ұстай білу күші.

Денсаулықтың сегізінші құпиясы –таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.

Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы –сенім күші.

Денсаулықтың оныншы құпиясы –сүйіспеншілік күші.

Қорытындылау:

-Денсаулық – адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.