Файл: Негізгі орта білім беру дегейіні 59сыныптарына арналан аза тілі мен дебиеті пнінен жаартылан мазмндаы лгілік оу бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 93
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде емес)
1-тарау. Жалпы ережелер
-
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. -
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. -
Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады. -
Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады. -
Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды. -
Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. -
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. -
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. -
Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. -
Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады. -
Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік т әсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады. -
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек. -
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. -
Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. -
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалды қ және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады. -
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр. -
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады. -
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс. -
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. -
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
-
шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағ-дыландыру; -
білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру; -
туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу; -
оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету; -
оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту; -
оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт дәс-түрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
-
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін (B1, B2,) негізге ала отырып, айқындалған.
2-тарау. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
-
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
-
5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат; -
6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат; -
7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат; -
8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат; -
9-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.
-
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтиже-лер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады. -
Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді. -
Оқыту пәнінің мазмұнын 4 бөлім құрайды:
1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым.
5) сөйлеу нормасын сақтау.
-
«Тыңдалым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
болжау; -
назарын шоғырландырып тыңдау; -
сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну; -
көркем шығармаларды тыңдау; -
негізгі ойды анықтау; -
тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
-
«Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
мәтіндегі ақпаратты анықтау; -
стильдік ерекшеліктерді анықтау; -
көркем шығармаларды оқу; -
мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау; -
қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу; -
өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.
-
«Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру; -
эссе жазу; -
көркемдегіш құралдарды қолданып жазу; -
мәліметтерді жинақтау; -
орфография және пунктуация.
-
«Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Сөздік қорының алуандығы; -
Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті; -
Орфоэпиялық нормаларды сақтау; -
Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау; -
Сенімді және еркін жауап беру; -
Визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.
-
«Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөз таптары;
2) сөйлем.
-
«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы білім мазмұны -
Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: тірек сөздер арқылы болжау, негізгі мазмұнын түсіну, нақты ақпаратты анықтау, күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты сөздердің мағынасын түсіну, көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну, негізгі тақырыпты анықтау, сұрақтарға жауап беру.
2) айтылым: жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу, амандасу мәнері мен ұлттық этикет формалары, қазақ тіліндегі төл дыбыстары мен үндестік заңы, мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, берілген сұраққа лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу, иллюстрацияларды сипаттау.
3) оқылым: негізгі ақпаратты анықтау, хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау, көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау, мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру, қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.
4) жазылым: ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарына сай хабарлама, хабарландыру, хат жазу, эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу, жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
-
Тілдік бағдар:
1) сөз таптары: жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау, заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін орынды қолдану, болымды және болымсыз етістіктер, мекен және мезгіл үстеулер, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу.
2) сөйлем: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
-
«Қазақ тілі» пәнінің 6-сыныптағы білім мазмұны -
Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау, тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну, әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау, тыңдалым материалдары бойынша шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.
2) айтылым: тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу, тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту, шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау, диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.
3) оқылым: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян, түйіндеме, орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау, мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру, қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру.
4) жазылым: мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу, эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастыру, жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау, үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
-
Тілдік бағдар:
1) сөз таптары: деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді қолдана білу, өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін орынды қолдану, етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді орынды қолдану, талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін және себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу,
2) сөйлем: жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру.
-
«Қазақ тілі» пәнінің 7-сыныптағы білім мазмұны -
Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау, әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну, повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдау, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.