Файл: Осы ебек шартын (ары арайшарт) 1) Тараптарды деректемелері Бір жаынан жмыс беруші.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЕҢБЕК ШАРТЫ № 9
Ш.Ділдабеков а/о «01» 09. 2019 ж
Осы еңбек шартын (ары қарай-шарт)
1) Тараптардың деректемелері:
Бір жағынан жұмыс беруші :
«Кенжегүл ана»бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Назаркулова Гулжан
Мекен жайы. Түркістан обылысы, Жетісай ауданы Ш.Ділдабеков а/о,Жаңа дала ауылы, Білім №42А
Екінші жағынан жұмыскер:
Темірханқызы Бексұлу , ИИН 980113400589. Куәлік номері 036546781
Мекен жайы. Түркістан обылысы, Жетісай ауданы Ш.Ділдабеков а/о,Жаңа дала ауылы, Сейдехан ата №26
2) Белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
__________________Тәрбиеші________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) Жұмыстың орындалатын орны «Кенжегүл ана» бөбекжай балабақшасы___________________________________________
_____________________________________________________________________________
4) Еңбек шартының мерзімі:
Еңбек шарты: «01» қыркүйек 2019 жылдан белгісіз мерзімге қабылданды.
(егер уақыты көрсетілмесе, белгісіз мерзімге қабылданды.)
1) белгіленбеген мерзімге,
2) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
3) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
4) маусымдық жұмысты орындау уақытына;
5) Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзарту- дың саны екі реттен аспайды. Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі,
6) Зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, шектеусіз,жыл сайын ұзартылуы мүмкін.
5) Жұмыстың басталу күні 01.09.2019 жыл
6) Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі :
6.1.Жұмыскерлер үшін демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
6.2.Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
6.3.Ұйымда жұмыс уақыты сағат 8-00 ден басталып, сағат 18-30 да аяқталады.
6.4.Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бір күн беріледі.
6.5.Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00 ден 14-00 дейін беріледі.
6.6. Жұмыскерге демалыстардың мынадай түрлері:
1) Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы 30 күнтізбелік күнге беріледі.
2) Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы 12 күнтізбелік күнге беріледі.
3) Әлеуметтік демалыс.
Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.
Жұмыс беруші:
1) неке тіркелгенде;
2) бала туылғанда;
3) жақын туыстары қайтыс болғанда;
4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
Жұмыскерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;
4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.
Егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болған кезең еңбек өтіліне есептеледі.Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
7) Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары:
7.1.Жалақы бір айда бір реттен кем емес,келесі айдың бірінші он күндігінен кешіктіріл- мей,
7.2.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
7.3.Жұмыс уақытынан тыс жұмыстары үшін, мереке, демалыс күндеріндегі жұмыс үшін заң шеңберінде жалақысынан 1,5 есе мөлшерде төленеді.
8) Егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер _
Қосымша ақы төленді .
Жұмыскердің:
1) заңнамада көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
5) бос тұрып қалғаны үшін Ұжымдық шартқа сәйкес ақы төленуіне;
6) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
7) кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге;
8) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
9) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
10) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
11) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
12) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
13) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
15) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
16 еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;
17) жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
18) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
19) Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
20) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге құқығы
бар.
Жұмыскер:
1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
2) еңбек тәртібін сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
7) келтірілген нұқсанды Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.
10) Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері:
Жұмыс берушінің:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) жұмыскерлермен еңбек шарттарын Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
5) жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
6) Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;
8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;
10) Кодекске сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
11) Кодекске сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;
12) жеке еңбек дауын шешу үшін Кодексте көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.
Жұмыс беруші:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
2) жұмысқа қабылдау кезінде Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
3) жұмысқа қабылдау кезінде Кодекстің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;
5) жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де
төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
6) жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
7) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне
ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын
бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге;
8) Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;
9) жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
10) жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;
12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
13) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
15) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
16) жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге;
17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;
18) жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
19) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
20) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;
21) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;
22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң,жағдайлары- ның және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;