Файл: Осы ебек шартын (ары арайшарт) 1) Тараптарды деректемелері Бір жаынан жмыс беруші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


23) жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;

24) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Жұмыс берушінің Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

11) Еңбек шартын жасасу және өзгерту мен тоқтату тәртібі:

1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.

2. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толық -тырулар енгізуді тараптар осы 11-1) көзделген тәртіппен қосымша келісім түрінде жаз -баша нысанда жүзеге асырады.Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарламаны еңбек шарты тараптарының бірі береді және екінші тарап оны берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Еңбек шартының талаптарын өзгерту, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерту туралы хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы бапта белгіленген мерзімде екінші тарапқа хабарлауға міндетті.

3.Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімдел- меген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі. Еңбек шартының жекелеген талаптарының

жарамсыз деп танылуы еңбек шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.

Еңбек шартын тоқтату үшін негіздері (ҚР ЕК 49-бабы),:

1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу (ҚР ЕК 50-бабы),

2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы (ҚР ЕК 51-бабы),

3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу (ҚР ЕК 52-бабы),

4) жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты (ҚР ЕК 55-бабы),

5) жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу (ҚР ЕК 56-бабы),

6) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар (ҚР ЕК 57-бабы),

7) жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы (ҚР ЕК 58-бабы),

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын лауазымға тағайындалуы (ҚР ЕК 59-бабы),


9) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы (ҚР ЕК 60-бабы).

12) Тараптардың жауаптылығы : Осы Еңбек шартында қарастырылған өз міндеттерін дұрыс орындамау немесе орындаудан бас тартуға байланысты ҚР заңнамаларына сәйкес екі тарап та жауапкершілікке тартылады.

13) Шарттың жасалу күні мен реттік нөмірі: _ 01.09.2019жыл____№ 9___________________________

14) Жұмысқа қабылдауды ресімдеу:
14.1.Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
14.2. Жұмыскерді жұмысқа алу туралы бұйрық № 9 01. 09. 20 19 ж М.О
14.3. Еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық № ____ _____20 ж М.О

14.4. Еңбек шартының тоқтатылуына ҚР Еңбек кодексінің (ҚР ЕК 49-бабы),: бабы негіз

болып табылады.

Жұмыскер:

Темірханқызы Бексұлу Жұмыс беруші:

Назаркулова Гулжан Умиралиевна

–––––––––––––––––––––––––––

«01 » 09. 2019 жыл «01 » 09. 2019 жыл