Файл: Бiлiм берудi мектепке дейiнгi йымдарын ктiп стауа жне пайдалануа ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 96
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
62. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарының учаскесiн және
үй-жайларын күтiп-ұстауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Барлық үй-жайларды жинау желдетумен күнделiктi, жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды әдiспен жүргiзiледi. Әйнектердiң iшкi беттерi апта сайын сүртiледi, айына бiр рет жуылады; сыртқы бетi ластануына қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет. Еден күнiне екi рет жуылады; жиһаздар, радиаторлар, терезенiң алды, балалардың киiм шкафтары күн сайын сүртiледi және аптасына бiр рет жуылады. Музыка және гимнастика сабақтарына арналған бөлмелерде жинау әр сабақтан соң жүргiзiледi.
64. Барлық үй-жайларды күрделi жинау ай сайын және эпидемиоллгиялық көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi. Жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген өнiмдер мен заттардың тiзiлiмiне сәйкес.
65. Сору желдеткiш жүйелерiнiң жалюз торкөздерi шаңнан тазартылады, оларды тек сыртқы ауа мен үй-жай ауасының температурасы күрт өзгерген кезде жабу керек.
66. Сору желдеткiшiнiң шахталарын тазалау жылына кемiнде екi рет жүргiзiледi. Әйнектерiн сыртқы және iшкi жағынан тазалай отырып терезе ойықтарын жуу жылына екi рет (көктемде және күзде) жүргiзiледi.
67. Топтық бөлiктердiң қызмет етуi кезiнде күрделi жөндеу және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерiн жүргiзуге жол берiлмейдi.
68. Жаңадан сатып алынған ойыншықтарда олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын сертификаттары болуы тиiс. Жұмсақ және түктi ойыншықтарды қоспағанда, ойыншықтар пайдалану алдында 2% сабынды-сода ерiтiндiсiн қолдана отырып жуылады, ағын сумен шайылады, содан соң кептiрiледi.
69. Бiрiншi топтағы сәбилер үшiн пайдаланылған ойыншықтар күнiне екi рет 2% сабынды-сода ерiтiндiсiн қолдана отырып жуылады, содан соң ағын судың астында шайылады және кептiрiледi. Ересек балаларға арналған пайдаланылған ойыншықтар күнделiктi күннiң соңында жуылады. Қуыршақтың киiмi ластануына қарай жуылады және үтiктеледi. Ойыншықтарды жуатын ыдыс таңбаланады.
70. Iшi жұмсақ материалдармен толтырылған ойыншықтар пайдаланылғаннан кейiн күн соңында бактерицидтi шаммен 30 минут бойы, 25 сантиметр арақашықтықта дезинфекцияланады. Пенолатекс, түктi ойыншықтар дайындаушы-зауыттың нұсқауы бойынша өңделедi.
Сәби жастағы балаларға және изоляторда iшi жұмсақ материалдармен толтырылған және пенолатекстен жасалған түктi ойыншықтар пайдаланылмайды.
71. Барлық төсек әбзелдерi (матрацтар, жастықтар, көрпелер) таңбаланады, төсек әбзелдерi жиналмалы (жайылатын) кереуеттердi қолданғанда таңбаланады. Үш төсек әбзелiнiң жиыны және екi матрац тысы болуы қажет.
72. Төсек әбзелдерiн, сүлгiнi ауыстыру ластануына қарай, аптасына кемiнде бiр рет жүргiзiледi. Төсек әбзелдерi мен жаялықтар пайдаланылғаннан кейiн арнайы таңбаланған ыдыстар мен қаптарға салынады. Кiр төсек әбзелдерi кiр жуатын орындарға (клеенка және мата) қаптарда жеткiзiледi. Мата қаптар жууға берiледi, клеенка қаптар сабынды-сода ертiндiмен өңделедi. Топқа таза төсек әбзелдерi жуылған қаптарда жеткiзiледi. Төсек әбзелдерiн: матрацтарды, жастықтарды, көрпелердi, жатын қаптарын әрбiр күрделi жинау кезiнде тiкелей жатын бөлмелерде терезенi ашып желдетiп, мерзiмiмен сыртқа шығару керек. Эпидемиологиялық көрсеткiштер бойынша камералық әдiстi қолдану арқылы дезинфекциялау жүргiзiледi.
73. Кiлемдер күнделiктi шаңсорғышпен тазартылады, ал ауқымды жинау кезiнде қағылады және ылғал щеткамен сүртiледi, жылына бiр рет химиялық өңдеуден өткiзiледi. Құндақтау үстелдерiн, балалардың жаялық астына салатын клеенкаларын, манеждердiң, төбешiктердiң жапқыштарын күнiне екi рет және ластануына қарай сабынмен жуу керек. Нәжiспен былғанған жағдайда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып арнайы бөлiнген шүберекпен бөлiндiлерден тазалау жүргiзiледi.
74. Жеке түбектердi пайдалану қызмет көрсететiн персоналдың қадағалауымен жүргiзiледi. Түбектер қолданылғаннан кейiн ыстық сумен (температура 60оС төмен емес) жуылады. Унитаздар, ванналар, есiктердiң тұтқалары, еден, крандар, қабырғалар күнделiктi жуу құралдарын пайдалана отырып жуылады.
75. Топтарға арналған үй-жайлардағы үстелдер тамақ iшер алдында және содан соң ыстық сумен жуылады, орындықтар күнiне бiр рет сүртiледi.
76. Жабдықтың әрбiр түрi сүртiледi, қолданғаннан кейiн жуылатын, кептiрiлетiн және құрғақ күйiнде қақпағы бар, арнайы таңбаланған ыдыста сақталатын арнайы шүберекпен жуылады.
77. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тiркелген жағдайда белгiленген тәртiппен ағымдық және қорытынды дезинфекциялау жүргiзiледi.
78. Сәби топтарында кәрiз болмаған жағдайда нәжiс жинауға арналған қақпағы бар шелек, түбектерге арналған дезинфекциялық ерiтiндiсi бар сыйымдылық және оларды шаюға арналған таза суы бар шелектер болуы қажет.
79. Дәретхананы жинауға арналған жинау мүкаммалының (шүберектер, шелектер, шөткелер) таңбасы болады және дәретхана бөлмесiндегi арнайы шкафта сақталады. Барлық жинау мүкаммалын қолданғаннан кейiн жуу құралдарымен ыстық суда жуу қажет. Унитаздардың iшкi беттерiн тазалау үшiн бiр унитазға кемiнде екi щетка қарастырылады. Жуу және дезинфекциялау құралдары және олардың жұмыс ерiтiндiлерi балалардың қолы жетпейтiн жерде сақталады. Қолданылатын дезинфекциялау ерiтiндiсi ерiтiндiнiң дайындалған күнi көрсетiлген белгi бекiтiлген, таңбаланған сыйымдылықта нұсқауға сәйкес дайындалады.
80. ББМДҰ-ның үй-жайларына шыбындардың ұшып кiруiн болдырмау үшiн желдету үшiн ашылатын терезелерге, желдеткiштерге, фрамугаларға тор көздер орнатылады.
81. Ғимаратқа кiретiн жерде қырғыштар, торлар, кiлемшелер, щеткалар орнатылады, әр үй-жайдың кiретiн есiгiнiң жанында балалардың әрбiр кiргенiнен кейiн тазаланып жуылатын ылғал кiлемшелер төселедi.
ББМДҰ-ның учаскесi таза ұсталады.
Ойын алаңының жабдығы және кiшi сәулеттiк нысандары балаларды серуендету және ойнату алдында күнделiктi сүртiледi, құм алаңындағы құм ылғалданады, аптасына бiр рет араластырылады. Құм айына бiр рет ауыстырылады немесе 7-10 күнде бiр рет қайнаған сумен өңделедi және бетiн жабатын бастырмасы болады.
82. Кәрiз болмаған жағдайда су өткiзбейтiн, бетондалған қоқыс төгетiн орларды, қоқыс жинағыштарды олардың 2/3 көлемi толған кезде тазалау және қолдануға рұқсат етiлген дезинфекциялау құралдарымен өңдеу керек. Ауладағы дәретханалардың iшкi беттерi мен есiктерiнiң тұтқалары күн сайын жуылады және апта сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып өңделедi.
83. Жүзу бассейндерiн жобалау, салу, реконструкциялау кезiнде санитариялық ережелер Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6417 болып тiркелген «Коммуналдық мақсаттағы объектiлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 28 шiлдедегi № 555 бұйрығымен регламенттеледi.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
84. Жылына кемiнде бiр рет жаз мезгiлiнде ББМДҰ-ның ғимараты мен үй-жайларына ағымды жөндеу, сондай-ақ қолданыстағы инженерлiк коммуникацияларға тексеру жүргiзiледi.
Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымының ауа-жылу режимiне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тiкелей немесе бұрыштан желдету балалар болмаған кезде жүргiзiледi. Желдетудiң ұзақтығы сыртқы ауаның температурасына, желдiң бағытына, жылу жүйесi жұмысының тиiмдiлiгiне байланысты және балалардың топтардың бөлмелерiне қайтып келуiне отыз минут қалғанда аяқталады. Дәретханалар арқылы желдетуге тыйым салынады. Бiр жақты желдетудi балалар бар кезiнде жүргiзуге жол берiледi. Жылдың жылы мезгiлiнде үй-жайда ауа алмастыруды тоқтаусыз жүргiзу ұсынылады, салқын мезгiлде ересек балалар үшiн үй-жайдағы ауаның температурасын қосу 18оС дейiн және кiшi мектепке дейiнгi балалар үшiн қосу 19оС дейiн төмендетiп желдетуге жол берiледi.
86. Жылдың салқын мезгiлiнде фрамугаларды, желдеткiштердi балалар ұйықтағанға дейiн жиырма минут бұрын жауып қою керек; ұйықтаған кезде бiр жақтан ашып, оянар алдында отыз минут бұрын жабу керек. Жылдың жылы мезгiлiнде ұйықтау үй-жай ауасының температурасын ескере отырып терезелер, фрамугалар ашық кезiнде жүргiзiледi.
87. Ауаның температурасын бақылау балалар бойының ұзындығына байланысты iшкi қабырғада 0,8-1,2 м биiктiкке iлiнген тұрмыстық термометрдiң көмегiмен жүзеге асырылады.
88. Балаларды таза ауада серуендету оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына сәйкес күнiне кемiнде екi рет жүргiзiледi. Ауаның температурасы -15оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 7 м/с артық болғанда серуендеудiң ұзақтығы қысқартылады. 4 жасқа дейiнгi балалар үшiн серуендеу ауаның температурасы -15оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 15 м/с болғанда, ал 5-7 жастағы балалар үшiн ауаның температурасы -20оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 15 м/с артық болғанда жүргiзiлмейдi. Барынша сауықтыру әсерiн қамтамасыз ету үшiн:
1) бағдарламада көзделген балалардың таза ауада болу мерзiмiн қысқартуға жол бермеу керек;
2) балалар киiмдерiнiң ыңғайлы жағдайында серуендеу уақытында балалардың қимылдау белсендiлiгiн барынша қамтамасыз ету қажет.
Балалардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ас блогының құрамына мыналар кiредi: дайындау және ыдыс жуу бөлмесi бар ас үй, тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түлiкке арналған қойма және көкөнiстер қоймасы. Ыдыс жуу, дайындау және өңдеу бөлмелерi ас үйден қалқалармен бөлiнедi немесе мақсатына қарай аймақтарға белгiленедi.
Ескерту. 89-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
90. Ас блоктарында: көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жекеменшiк үй иелiктерiнде, сондай-ақ осы санитариялық ережелер бекiтiлгенге дейiн салынған мектепке дейiнгi ұйымдардың технологиялық және тоңазытқыш жабдықтармен жабдықталуы, тамақ қабылдау жағдайлары ББМДҰ-ның қуатына байланысты тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органымен келiсiледi.
91. Тамақ өңдеу және дайындау үшiн арнаулы электр жабдығы орнатылады, газ плитасын қоюға жол берiледi. Ас үй үй-жайлары механикалық сору желдеткiшiмен жабдықталады. Елуге дейiн орны бар селолық ББМДҰ-да оттығы бөлек үй-жайға шығатын, қатты отынмен жанатын ас үй плитасын қолдануға жол берiледi.
92. Термометрлерi бар тоңазытқыш қондырғылары қарастырылады. Тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыш қондырғыларында өнiмдердiң әр түрiн сақтауға арналған орындарды нақты анықтау керек.
93. Бiр жастағы балаларға арналған өнiмдер (қоспалар) бөлек тоңазытқыштарда сақталады. Көкөнiстер көкөнiстер қамбасында (көкөнiс қоймасында), құрғақ өнiмдер сөрелермен, шкафтармен немесе стеллаждармен жабдықталған қоймаларда сақталады. Өңдеуге арналған үстелдердiң беттерi тұтастай металдан жасалған тотықпайтын болаттан немесе дюралюминийден қарастырылады. Бетiне мырышты темiр төселген үстелдерде тек шикi ет пен балықты өңдеуге жол берiледi. Қамырға бетi тегiс сүрленген, ағаштың қатты түрiнен жасалған үстел қарастырылады.
94. Шикi және дайын өнiмдердi бөлшектеу үшiн бөлек бөлшектеу үстелдерi, ағаштың қатты түрiнен жасалған, тегiстелген жарықтары мен саңылаулары жоқ пышақтар мен тақтайлар болуы керек. Пластмассадан және престелген фанерадан жасалған бөлшектеуге арналған тақтайларды пайдалануға жол берiлмейдi.
Тақтайлар мен пышақтар былай таңбалануы тиiс: «ШЕ» - шикi ет, «ШТ» - шикi тауықтар, «ШБ» - шикi балық, «ШК» - шикi көкөнiстер, «ПЕ» - пiскен ет, «ПБ» - пiскен балық, «ПК» - пiскен көкөнiстер, «Гастрономия», «Майшабақ», «Н» - нан, «Ас көк».
95. Қалдықтар қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады, оларды тазалау олардың 2/3 көлемiнен артық толуына қарай жүргiзiледi. Сыйымдылықтар күнделiктi тазартылады және 2% кальцийленген сода ерiтiндiсiмен жуылады, содан кейiн ыстық сумен шайылып, кептiрiледi.
96. Сапасы мен қолданылу саласы сапа және қауiпсiздiк сертификаттарымен расталатын тотықпайтын болаттан, шойыннан (таба), қалайыланбаған темiрден (қаңылтыр таба) жасалған эмальданған ас үй ыдыстарын қолдануға жол берiледi. Ас үй ыдыстары арнайы сөрелерде