Файл: Бiлiм берудi мектепке дейiнгi йымдарын ктiп стауа жне пайдалануа ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 93

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
немесе стеллаждарда, ұсақ мүкаммал шкафтарда сақталады.
      97. Ас үй ыдыстарын жуу үшiн жуатын ванналар орнатылады немесе оларға ыстық және суық суы жүргiзiледi. Ваннаның кәрiзге қосылатын жерiнде ауа айырғыш қарастырылады.
      98. Ас блогының үй-жайларында жуу құралдарын қолдану арқылы ылғалды тәсiлмен күнделiктi жинау, кейiннен барлық үй-жайларды, жабдықтар мен мүкаммалды дезинфекциялау арқылы айына бiр рет ауқымды жинау жүргiзiледi.
      99. Бөлшектеу мүкаммалы (тақтайлар, қалақшалар, араластырғыштар) және ас үй ыдыстары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген жуу құралдарын қолдану арқылы ыстық сумен (500С) жуылады, ыстық сумен шайылады, содан соң стеллаждарда кептiрiледi.
      Метал мүкаммал жуғаннан кейiн духовкада қыздырылады; ет турағыштарды қолданғаннан кейiн бөлшектейдi, жуады, ыстық сумен шаяды және кептiредi. Ыдыстарды, ас үй мүкаммалын және үстелдi жуып болғаннан кейiн шүберек жуылады, жиырма бес минут бойы қайнатылады, кептiрiледi және жабық ыдыста сақталады. Щетка, ерштер жуылады және арнайы бөлiнген жерде сақталады.
      100. Дератизациялау, дезинфекциялау, дезинсекциялауды көрсетiлген қызмет түрiне лицензиясы бар ұйымдар жүргiзедi.
      101. ББМДҰ-ға жеткiзiлетiн тағам өнiмдерiнде сертификаттары немесе олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын басқа да құжаттары болады. Шикi және дайын өнiмдер бөлек сақталады.
      Тез бұзылатын өнiмдер тоңазытқыш камераларында немесе тоңазытқыштарда 2-6оС температурада және осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес сақталады. Тоңазытқыш камераларындағы және тоңазытқыштардағы температураны бақылау үшiн термометрлер қолданылады. Бiр тоңазытқыш жабдығы болған кезде ет, балық пен сүт өнiмдерiн сақтау орындары жеңiл жуылатын және өңделетiн арнайы сөрелердiң мiндеттi құрылғысымен қатаң шектелген болуы тиiс.
      102. Сусымалы өнiмдер құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда қабырғадан 20 см және еденнен 15 см қашықтықта орналасқан стеллаждардағы қаптарда немесе қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда сақталады.
      103. Ақ нан мен қара нан бөлек, есiктерiнде желдетуге арналған тесiктерi бар шкафтарда сақталады, астыңғы сөренiң еденнен арақашықтығы кемiнде 35 см қарастырылады. Шкафтардың сөрелерi қоқымнан арнайы щеткалармен тазартылады және 1% асханалық сiрке су ерiтiндiсiн қолдану арқылы шүберекпен сүртiледi.
      104. ББМДҰ-да балаларды ыстық тамақтандыру балалар кемiнде төрт сағат болған кезде ұйымдастырылады. Балаларға арналған тамақты ББМДҰ-ның арнайы қызметкерi дайындайды.

      Балалардың тамағы толыққанды, өнiмдердiң құрамы бойынша әртүрлi, өсiп келе жатқан ағзаның физиологиялық қажеттiлiктерiн негiзгi тағамдық заттармен толығымен қанағаттандыратын болуы, тағам картотекасы және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiлген өнiм тiзбесiнiң ассортиментi бойынша ұсынылатын жетi және он күндiк ас мәзiрi негiзiнде жасалуы тиiс.
      Жазғы сауықтыру кезеңiнде рационға жемiстердi, шырындарды, сүттi қосу арқылы қосымша тамақ iшу (екiншi таңғы ас) есебiнен тамақ iшу жиiлiгi көбейедi және түске дейiн кемiнде 1,5-2 сағат бұрын берiледi.
      105. Күнделiктi дайын өнiмнiң тәулiктiк сынамасы қалдырылады. Тәулiктiк сынаманы таңдау және сақтау медицина қызметкерлерiнiң бақылауымен жүргiзiледi. Сынамалар қақпағы бар таза (қайнатып өңделген) шыны ыдысқа салынады және тоңазытқыштың арнайы бөлiнген жерiнде +2oС -тан +6oС –қа дейiнгi температурада сақталады. Тәулiктiк сынамалар келесi күнi немесе демалыс күннен кейiн (демалыс күнiнiң санына тәуелсiз) дайындалған таңғы аспен, түскi аспен, түстен кейiнгi жеңiл тамақпен немесе кешкi аспен ауыстырылғанға дейiн сақталады.
      106. Осы санитариялық ережелерге 6-қосымшада:
      ББМДҰ-да тәрбиеленетiн балаларға арналған тамақтану нормалары (1-кесте);
      балаларға арналған қуат, ақуыздар, майлар мен көмiртектер тұтынудың ұсынылатын шамалары (2-кесте);
      тәулiктiк рационның құнарлығын бөлу (3-кесте);
      балалар үшiн жастарына байланысты үлестерiнiң массасы (4-кесте);
      бiр азық-түлiктi басқа азық-түлiкпен ауыстыру кестесi (5-кесте);
      салқындатып өңдегендегi шығындар (6-кесте);
      жылумен аспаздық өңдегенде тамақ өнiмдерiнiң шығындары (7-кесте) келтiрiлген.
      107. ББМДҰ-ның медицина қызметкерi:
      1) күнделiктi ас мәзiрiн құрастырады және аспаздық өңдеудiң дұрыстығына, өнiмдердiң толық салынуына, тағамның шығымына және дайын тағамның дәмдiк сапасына бақылау жасайды;
      2) үшiншi тамақтарға С витаминiн қосуды жүргiзедi, өнiмдердi сақтау, өткiзу мерзiмдерiнiң және ас блогының санитариялық жағдайының сақталуын бақылайды.
      108. Дайын тамақ балаларға сынамасы алынып, бағаланып және дайын тамаққа арналған бракераж журналына жазылғаннан кейiн берiледi. Медицина қызметкерi әр тағам түрiнiң дәмдiк сапасын бағалайды, үлестiрiлетiн тағамның салмағы мен көлемiнiң ас мәзiрiнде көрсетiлген мөлшерге сәйкестiгiн көрсетедi.
      109. Тағам шығымын тексеру үшiн он порция өлшенедi. Медицина қызметкерi айына бiр рет тағамның құндылығына және ингредиенттерiне есептеу жүргiзедi.


      110. Тамақ дайындау кезiнде мына талаптар сақталады:
      1) шикi және пiскен өнiмдердi өңдеу тиiсiнше таңбаланған бөлшектеу мүкаммалын қолдана отырып әртүрлi үстелдерде жүргiзiледi;
      2) ет-сүйек сорпалары сүзiледi;
      3) салаттарға арналған шикi көкөнiстер өңделедi және «ПК» - пiскен көкөнiстер деген таңбасы бар тақтайшалар мен үстелдерде туралады;
      4) кемiнде екi ет турағыш қарастырылады, шикi және пiскен өнiмдерге бөлек;
      5) ет немесе балық турамасынан жасалған котлеттер, биточкалар екi жағынан кемiнде он минуттан қуырылады және дайын болғанға дейiн 220-250оС температурада духовкада қуырылады;
      6) бiрiншi және екiншi тамақтарға қолданылатын пiскен ет он минут бойы 220-250оС температурада қайталап термиялық өңдеуге (сорпада, тұздықта қайнату, тандыр шкафында қуыру) ұшырайды;
      7) пiсiрмелер, омлеттер бес-алты минут бойы 220-250оС температурада духовкада пiсiрiледi;
      8) бiрiншi және екiншi тамақтар ыстық плита үстiнде екi-үш сағаттан артық тұрмайды;
      9) ашыған сүт нан илеуге ғана жұмсалады;
      10) қатық, iрiмшiк және басқа да ашыған сүт өнiмдерiн, ет қосылған құймақтар, флотша макарон, зельцтер, кремi бар кондитерлiк өнiмдер, сусындар, морс, форшмак, фритюр өнiмдерiн, студень, паштеттердi, гамбургерлердi, хот-догтарды, фритюрде қуырылған тоқаштарды, езiлген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, майонез қосылған салаттарды дайындауға жол берiлмейдi;
      11) пастерленбеген, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеуi жоқ сүт, iрiмшiк және қаймақты, суда жүзетiн құстың жұмыртқасы мен етiн, үйде дайындалған консервi өнiмдерiн, газдалған сусындарды пайдалануға жол берiлмейдi;
      12) сүт өңдеу ұйымдарында өндiрiлген шағын орамадағы қаймақ пен iрiмшiк арнайы термиялық өңдеудi қажет етпейдi.
      111. Өнiмдердi аспаздық өңдеу кезiнде витаминдердi сақтау ережесiн сақтау қажет: көкөнiстердiң қабығын жұқалап аршу, көкөнiстердi түнде аршып қоймау, аршылған көкөнiстердi суда 1,5 сағаттан артық ұстамау, тамақ дайындау үшiн оларды қайнаған суға салу.
      Гиповитаминоздың алдын алу мақсатында салқын сусындарды (компот, кисель және т.б.) аскорбин қышқылымен жасанды витаминдеу жүргiзiледi. Компотты витаминдеу 12-15оС температураға дейiн салқындатылғаннан кейiн, оларды өткiзу алдында жүргiзу ұсынылады, ал кисельге аскорбин қышқылының ерiтiндiсiн 30-35оС температураға дейiн суығанда, оны араластырып және өткiзу температурасына дейiн салқындата отырып құяды. С витаминiнiң тәулiктiк нормасы сәби жасындағы балалар үшiн 50 миллиграмм, ал мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн 70 миллиграмм. Витаминделген тағамдар жылытылады.

      112. Тағам өнiмдерiн тасымалдауды арнайы жабдықталған автокөлiктерде жүргiзу қажет. Автокөлiктiң «Объектiге және көлiк құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргiзу ережесiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 18 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 26 қарашада № 5899 болып тiркелген) сәйкес санитариялық паспорты болуы қажет.
      Экспедитордың арнайы киiмi және «Жеке медициналық кiтапшаларды беру, есепке алу және жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 768 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 26 қарашада № 5895 болып тiркелген) сәйкес жеке медициналық кiтапшасы болуы қажет.
      Өнiмдерге арналған ыдыстар таңбаланады және тағайындалуына қарай қолданылады, қолданылғаннан кейiн тазартылады, 2% кальцийленген сода ерiтiндiсi бар ыстық сумен жуылады (1 литр суға 20 грамм), шайылады, кептiрiледi және сөрелерде сақталады.
      113. ББМДҰ-да фаянстан, фарфордан жасалған асханалық және шай ыдыстары, тотықпайтын болаттан жасалған асхана құралдары пайдаланылады. Шетi сынған, пластмассадан жасалған ыдыстарды және алюминийден жасалған аспаптарды пайдалануға жол берiлмейдi.
      114. Буфеттерде асханалық ыдыстарды жуу үшiн тиiстi таңбалары бар үш ұялы жуғыш немесе ыдыс жуатын машина орнатылады. 2003 жылға дейiн салынған және қайта жаңартылған ББМДҰ-да екi ұялы жуғыштарға рұқсат етiледi.
      Алдымен 50-60оС температурада бiрiншi ұяда рұқсат етiлген жуу құралдарын қоса отырып шай ыдыстары жуылады, шайылады, содан соң асхана ыдыстары жуылады. Ыдыстарды жуған кезде оларды тамақ қалдықтарынан мұқият тазарту қажет, бiрiншi ұяда 50-60оС температурада жуу құралдарын қоса отырып ыстық сумен жуады, екiншi ұяда 65оС-дан төмен емес температурада ағынды сумен шаяды, торкөздi сөрелердiң үстiне кептiрiледi. Арнайы жуғыш және ағынды су болмаған жағдайда асханалық ыдыс үш легенде рұқсат етiлген жуу құралдарын қосу арқылы ыстық суда жуылады, жуылған ыдыс ыстық суда шайылады, кейiннен кептiрiледi.
      115. Асханалық құралдар: қасықтар, шанышқылар рұқсат етiлген жуу құралдарын қоса отырып жуылады, 65оС температурадағы ыстық сумен шайылады және кептiрiледi. Емiзiктер жуылады, он бес минут бойы қайнатылады және қақпағы жабылатын шыны ыдыста сақталады. Сүт қоспасына арналған кiшкене бөтелкелер қыл және майсыздандыратын құралдардың көмегiмен (қыша, ас содасы) жылы ағынды сумен жуылады, содан соң он бес минут қайнатылады және таңбаланған жабық эмаль ыдыста сақталады. Асханалық ыдыстарды жууға арналған шүберек жуылады, кептiрiледi, ашық эмаль ыдыста құрғақ күйiнде сақталады.

      Ыдыстарды зарарсыздандыру үшiн эпидемиологиялық көрсеткiштер бойынша әр топқа құрғақтай қуыратын шкафтар немесе дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдыстарды шылауға арналған сыйымдылықтар орнатылады.
      116. Топтық үй-жайларда тамақ қалдықтарын жинау үшiн таңбаланған қақпағы бар сыйымдылық бөлiнедi, ол әр қабылданған тамақтан кейiн тазартылады, кальцийленген сода ерiтiндiсiмен жуылады, ыстық сумен шайылады және кептiрiледi.
      117. Ас блогының қызметкерлерi кемiнде арнайы киiмнiң үш жиынымен және жеке бас гигиенасы ережелерiн сақтау үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiледi. Ас блогының қызметкерлерi мынадай жеке бас гигиенасының ережелерiн орындайды:
      1) жұмыс басталар алдында сырт киiмiн шкафқа iледi, қолын сабынмен және шөткемен ыстық суда жуады;
      2) тек таза арнайы киiммен жұмыс iстейдi;
      3) ас блогынан сыртқа шыққанда, дәретханаға барғанда арнайы киiмдi шешедi, асханаға оралғаннан кейiн қолын сабынмен және шөткемен ыстық суда жуады, содан соң арнайы киiмдi киедi.