Файл: азастан республикасындаы отбасылыТрмысты зорлызомбылыА арсы ісимыл таырыбы бойынша тере Схбат алу гайды рметті респондент! азастанды оамды даму институты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТЕРЕҢ СҰХБАТ АЛУ ГАЙДЫ
Құрметті респондент! «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ҚеАҚ Отбасы институтын зерттеу орталығы «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбының проблемаларына практикалық ұсыныстар дайындау бойынша терең сұхбат алуды жүргізеді. Сіздің сауалнамаға қатысып, сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз. Қатысқаныңыз үшін рақмет!
Сауалнамаға қатысатындар үшін

Респонденттің жасы______________________

Жынысы ___

Білім деңгейі _____________________

Мамандығы ___________________________

Қызмет саласы _______________________

Орташа ай сайынғы табысы ____________

Бала саны __________________________

Қатты ауруының болуы __________

Зорлық-зомбылықтан кейін аурулардың болуы___

Мүгедектігінің болуы__________________

Зорлық-зомбылықтан кейін мүгедек болып қалуы___


  1. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы қазақстан қоғамы үшін қаншалықты өзекті деп ойлайсыз? (Қазақстанның отбасыларында зорлық-зомбылық жиі кездесе ме?)

  2. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері қандай деп ойлайсыз?

  3. Сіз отбасында бірінші рет зорлық-зомбылыққа тап болғаныңыз туралы айтып бере аласыз ба? Ол қалай болды? Зорлық-зомбылықты кім бастады? Оған не себеп болды?

  4. Зорлық-зомбылықты одан кейін жалғасты ма? Ол қалай көрініс тапты?

  5. Сізді ренжіткен адамның мінез-құлқына оның туысқандары ықпал етті деп ойлайсыз ба? Нақты кім ықпал етті (анасы, әкесі, қарныдасы, апасы, інісі, ағасы) және ол қалай болды?

  6. Ұрыс-керіс кезінде сырттан біреу, мысалы көрші немесе өтіп бара жатқан адам немесе отбасы мүшелері көмектесті ме?

  7. Зорлық-зомбылық жиі қайталанды ма? Зорлық-зомбылық неден көрінді? Қазіргі уақытта зорлық-зомбылық тоқтады ма?

  8. Жүктілік кезінде зорлық-зомбылық болды ма? Жүктілікке дейінге қарағанда жиі болды ма? Ол қалай болды?

  9. Зорлық-зомбылықты тоқтатуға не себеп болды?

  10. Сіздің туысқандарыңыз бен жақындарыңыз бұл жағдайға қалай қарады? Сізге көмек қолын созды ма? Қоршаған адамдар тарапынан қандайда бір айыптаулар немесе аяушылық болды ма?

  11. Көмек сұрадыңыз ба? Қайда бардыңыз? Сіз неге сол сәтте көмеккке жүгіндіңіз?

  12. Сіз полицияға жүгіндіңіз бе? (жүгінбесеңіз неге?) Полиция қандай да бір көмек көрсетті ме?

  13. Сіз Дағдарыс орталығына, паналайтын үйге, немесе сенім телефонына хабарластыңыз ба? Олар туралы білдіңіз бе? Олардың жұмыстары туралы қайдан білдіңіз?

  14. Көрсетілген қызметті қалай бағалар едіңіз?

  15. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда ішкі істер органдары қызметкерлері (полиция учаскелік инспекторы) Сіздің құқығыңызды сақтады ма, Сіздің психологиялық жағдайыңыз есепке алынды ма?

  16. Сіз бірінші рет көмекке қашан жүгіндіңіз? Бірінші зорлық-зомбылық жағдайы мен бірінші көмекке жүгіну арасында қанша уақыт өтті? Сізге бірден көмекке жүгінуге не кедергі келтірді?

  17. Сізді қолдайтын/паналататын жақындарыңыз бар (болды ма) ма? Сіз өзіңізді ренжіткен адамнан бөлек тұра аласыз ба? Егер тұра алмасаңыз неге? Осы сәтте Сізге кім көп көмек көрсетті және ол немен аяқталды?

  18. Сіз өзіңізді ренжіткен адамға қайтып келдіңіз бе, неге? Бұған агрессор қалай қарады? Осы уақытта Сіздің кәмелетке толмаған балаңыз болды ма? (Бұл сұрақ зорлық-зомбылық күйеуі/серіктесі тарапынан болған жағдайда қойылады).

  19. Зорлық-зомбылықтан кейінСіздің денсаулық жағдайыңыз өзгерді ме, денеңізде жарақаттар бар ма? Зорлық-зомбылық психологиялық жағдайыңызға әсер етті ме?

  20. Сіз балаларыңыз үшін, толық отбасы болу үшін өзіңізді ренжіткен адаммен қалдым деп айта аласыз ба? (Бұл сұрақ зорлық-зомбылық күйеуі/серіктесі тарапынан болған жағдайда қойылады).

  21. Сіз ажырасуға, бөлек кетуге тырыстыңыз ба? (Бұл сұрақ зорлық-зомбылық күйеуі немесе серіктесі тарапынан болған жағдайда қойылады).

  22. Осындай зорлық-зомбылық жағдайлары туысқандарыңыз арасында болды ма, және басқалары мұны қалай түсіндіреді. Сізді ренжіткен адамды ақтап, құрбанды кінәлады ма?

  23. Қолданыстағы заңнамалар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайды деп ойлайсыз ба? Оны өзгерту үшін Сіз не ұсынар едіңіз?

  24. Соңғы жылдардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзгеруін (жақсарды, төмендеді, өзгерген жоқ) қалай бағалар едіңіз және ол немен байланысты? Жағдайды жақсарту үшін не істеу қажет?



Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз!