Файл: Ашы трбие саатын жоспарлау, йымдастыру жне ткізу Ашы трбие сааты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ашық тәрбие сағатын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу
Ашық тәрбие сағатыоқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы толған тілектерін тәрбиеде, адам өмірінде кездесетін, жағымды, жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардың дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, ел – жандық сезімдерін шыңдауда.

Ашық тәрбие сағаты тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.

 

Ашық тәрбие сағатын өткізудегі дайындық барысында:

1. Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын мақсат, міндеттерін анықтау.

2. Тәрбие сағатының міндетіне сай, оның мазмұнына қатысты материалдар жасау.

3. Тәрбие сағатының дайындау және өткізудің жоспарын құру.

4. Көрнекілік құрылысын, музыкалық шығармаларын таңдау.

5. Оқушылар ұжымында ашық әңгіме жаймашуақ жағдайын туғызу.

6. Тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері шақырудың тиімділігін анықтау.

7. Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау;.

8. Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағаттарынан алынған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.

 

Ашық тәрбие сағатын өткізу шарты

¨ Студент практикант тәрбие сағатын ұйымдастыру формалары мен мазмұнын, амал-тәсілдерін түсіндірген жөн.

¨ Тәрбие сағатының мазмұнын құрастыруда, оқушыларға жаңа мағлұмат бере отырып, біртіндеп оны бағалау, талдау әрекетіне көшіріп отыруы тиіс.

¨ Студент практикант тақырып немесе мәселені талдау барысында оқушылардың сөзіне аса жауапкершілікпен назар аударып отыруы кез-келген жағдайда, түзетулер енгізіп отыруы, қосымша сұрақтар қою олардың назарын, мәселенің басты идеясын бұрып, ой тастап көмектесіп отыруы қажет.

¨ Оқушылардың материал мазмұнын қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек, әсіресе тәрбие сағаты шамамен 20-25 минут өту барысында оқушылардың белсенділігі бәсеңдеу болған жағдайда, мазмұны қызықты, жаңа мәселені қою, жағдаят ойластыру.

¨ Студент практиканттің сөз мәнері, дауыс ырғағы, оның қарым-қатынас тілектестігін ескерудің маңызы өте ерекше.

¨ Тәрбие сағаты барысында оқушылардың орналасуы кіммен парталас болу, таңдау құқығын өздеріне қалдыру.

¨ Тәрбие сағатын өткізу тәжірибесін жинақтауды біртіндеп, дәстүрге айналдыру қажет.


¨ Тәрбие сағатын өткізу барысында оқушылардың жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу қажет (тыныштықты сақтау, сөйлеушілердің сөзін бөлмеу, жақсылап тыңдау, талас тудырмау).
Тәрбие сағатының қызметі

¨ Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі түрі.

¨ Тәрбие жұмысының негізгі функцияларын жүзеге асыру.

¨ Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі қойылған міндеттерді жүзеге асыру.

¨ Сынып оқушылар ұжымын біріктіру.