Файл: Ж. Б. Иманбаева, З. С. Жаниязова, А. біласымова Математикадан 14 сыныптар шін баылау жмыстары жне ызыты таспырмалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 1033
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ж.Б.Иманбаева, З.С.Жаниязова, А. Әбілқасымова
Математикадан 1-4 сыныптар үшін
бақылау жұмыстары және қызықты таспырмалар
Ж.Б.Иманбаева, З.С.Жаниязова, А. Әбілқасымова
Математикадан 1-4 сыныптар үшін
бақылау жұмыстары және қызықты таспырмалар
Бастауыш сынып мұғаліміне арналған жинақ
Қызылорда қаласы, 2014 жыл
Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының 2014 жылғы ___ сәуірдегі Ғылыми-әдістемелік кеңесі отырысының № __ хаттамасына сәйкес баспаға ұсынылды.
Дайындағандар:
Иманбаева Жұмагүл Бекмырзақызы - № 136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Жаниязова Зубайра Сайлаубайқызы - № 136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Әбілқасымова Айна - №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Пікір жазғандар:
Калиев Б.К. – Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Физика және математика» кафедрасының меңгерушісі, физика - математика ғылымдарының кандидаты.
Қойшыбаев М.Н. - Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.
Алғы сөз
Математика пәні бойынша ұсынылып отырған бұл жинаққа бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру мақсатында алынатын бақылау жұмыстарының нұсқалары енгізіліп отыр. Бақылау жұмысы оқушыларда математикалық және геометриялық түсінік қалыптастырады; есте сақтау және оны сәйкес жағдайларында қолдануға үйретеді; терминдердің мән-мағынасын түсініп, сәйкес іс-әрекет жасауға машықтандырады; өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамытады; талдай білуге, қорытынды жасауға, ізденіске бейімдейді.
Оқушының күнделікті тақырыптар бойынша алған білім, білік, дағдыларын мұғалім берілген бақылау жұмыстары арқылы анықтап, жалпы сыныптың білім деңгейіне және тапсырмалардың түріне қарай меңгерілуіне де сараптама жасап, зерттеу жүргізе алады. Ағымдағы бақылау жұмыстарының түрлі нұсқаларын өтілген материалдар бойынша мұғалім өзі таңдап алады немесе қосымша сабақтарда қодануына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, енгізіліп отырған қызықты есептер мен логикалық тапсырмаларды мұғалім әр сабақ сайын пайдалана отырып
, оқушылардың ойлау, елестету, дәлелдеу, теріске шығару, талдау, салыстырмалы қарау, қортынды жасау қабілетін дамытады.
1-4 - сыныптарда «Математика» пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың да маңыздылығын жоғары бағалауға болады. Ол арқылы әр бала қосымша ізденеді; білімге құмарлығын арттырады; танымдық түсінігін қалыптастырады.
1-тоқсан Бақылау жұмысы №1
І нұсқа | ІІ нұсқа |
суретін сал және салыстыр. |
суретін сал және салыстыр. |
2. Суретте қанша фигура болса, сонша алманың суретін сал. | 2. Суретте қанша фигура болса, сонша алмұрттың суретін сал. |
3. Суреттегі фигуралардың ұқсасын қорша. | 3. Суреттегі фигуралардың ұқсасын қорша. |
4. Үш нүкте арқылы кесінді жүргізіп мынадай фигура сыз. | 4. Төрт нүкте арқылы кесінді жүргізіп мынадай фигура сыз. |
1-тоқсан Бақылау жұмысы №2
І нұсқа | ІІ нұсқа | ||||||||||||||
1.Амалдары орында 1 + 2= 3 – 1= 2 + 1= 3 – 2= | 1.Амалдары орында 1 + 2= 3 – 1= 2 + 1= 3 – 2= | ||||||||||||||
2.Салыстыр. 5 * 4 3см * 5см 5 * 1 5см * 4см 2 * 4 4см * 3см | 2.Салыстыр. 4 * 2 4см * 2см 0 * 5 3см * 2см 3 * 4 5см * 3см | ||||||||||||||
3.Сандар қатарын толықтырып жазыңдар.
| 3.Сандар қатарын толықтырып жазыңдар.
| ||||||||||||||
4. 0,1,2,3,4,5 сандарын пайдалана отырып, 5 теңсіздік жазыңдар. | 4. 0,1,2,3,4,5 сандарын пайдалана отырып, 5 теңдік жазыңдар. |
2-тоқсан Бақылау жұмысы №1
І нұсқа | ІІ нұсқа |
1. Амалдарды орында. 5 – 3 2 + 6 6 – 6 2 + 4 5 – 4 2 + 3 7 – 2 1 + 5 4 – 3 | 1. Амалдарды орында. 1 + 3 6 – 3 5 – 3 5 – 2 2 + 2 3 + 3 2 + 3 5 – 5 1 + 4 |
2. Мына қатардағы сандарды толықтыр. 0, 1, .....3, ....., 5, 6, 7, 8, ......, 10. | 2.Мына қатардағы сандарды толықтыр. 10, 9, ....., 7, 6, ....., 4, ......, 2, 1, 0. |
3.Тапсырманы орында. 4 қараөріктің және одан 3-еуі кем алманың суретін сал. Алма қанша? Санмен жазып көрсет. | 3.Тапсырманы орында. 4 алманың және одан 2-еуі артық шиенің суретін сал. Шие қанша? Санмен жазып көрсет. |
4. Салыстыр. < > = таңбаларының қажеттісін қой. 5 – 1 * 3 2 + 3 * 4 | 4. Салыстыр. < > = таңбаларының қажеттісін қой. 4 + 1 * 5 4 + 2 * 5 |
2-тоқсан Бақылау жұмысы №2
І нұсқа | ІІ нұсқа |
1. Амалдарды орында. 8 – 3 2 + 8 10 – 6 5 + 4 8 – 4 2 + 7 9 – 2 5 + 5 8 – 8 | 1. Амалдарды орында. 6 + 3 9 – 3 6 – 4 7 – 2 2 + 6 3 + 7 4 + 4 10 – 7 6 – 6 |
2. Тапсырманы орында. 4 қызыл доптың және одан 2-еуі артық көк доптың суретін сал. Көк доптар қанша? Санмен жазып көрсет. | 2. Тапсырманы орында. 5 қызыл шардың және одан 3-еуі кем көк шардың суретін сал. Көк шар қанша? Санмен жазып көрсет. |
3. Салыстыр. < > = таңбаларының қажеттісін қой. 8 – 2 * 7 + 1 3 + 1 * 4 + 2 3 + 5 * 8 – 6 5 – 3 * 6 – 4 | 3. Салыстыр. < > = таңбаларының қажеттісін қой. 6 + 3 * 7 – 2 6 – 1 * 5 + 2 9 – 6 * 8 – 4 2 + 4 * 8 – 6 |
4. Ұзындығы 6см болатын кесінді сыз. | 4. Ұзындығы 5см болатын кесінді сыз. |
3-тоқсан Бақылау жұмысы №1
І нұсқа | ІІ нұсқа |
1. Амалдарды орында. 9 – 3 3 + 6 8 – 6 6 + 4 10 – 4 7 + 3 7 – 5 3 + 5 7 – 3 | 1. Амалдарды орында. 5 + 3 10 – 3 10 – 8 9 – 2 7 + 2 7 + 3 6 + 3 9 – 5 5 + 4 |
2. Өрнектерді салыстыр. 5 * 3 + 3 5 + 2 * 8 – 3 6 * 7 + 2 4 + 6 * 9 – 1 | 2. Өрнектерді салыстыр. 6 + 2 * 8 5 + 2 * 9 – 3 4 + 5 * 9 6 + 3 * 10 – 2 |
3.Есепті шығар. Мұражайға 4 ұл және одан 4 – еуі артық қыздар барды. Мұражайға неше қыз барды? | 3.Есепті шығар. Кинотеатрға 5 ұл және одан 2 – еуі артық қыздар барды. Кинотеатрға неше қыз барды? |
4. Өрнектер жаз. 6, 3 және 9 сандарын пайдаланып, екі қосынды және екі айырма жаз. Олардың мәндерін тап. | 4. Өрнектер жаз. 5, 3 және 8 сандарын пайдаланып, екі қосынды және екі айырма жаз. Олардың мәндерін тап. |
5. Ұзындықтары 4см және 7см болатын кесінділер сыз. | 5. Ұзындықтары 5см және 8см болатын кесінділер сыз. |
3-тоқсан Бақылау жұмысы №2
І нұсқа | ІІ нұсқа |
1. Есепте. 4 + 3 = 8 – 5 = 7 + 2 = 9 + 1 = 3 + 3 = 4 – 4 = | 1. Есепте. 6 – 5 = 7 + 3 = 4 + 4 = 10 – 9 = 5 – 3 = 5 – 5 = |
2.Мәні 8-ге тең болатын қосындыларды жаз. | 2.Мәні 9-ға тең болатын қосындыларды жаз. |
3. Өрнектерді салыстыр. 4 + 4 * 9 – 1 10 – 5 * 4 + 3 6 + 2 * 10 – 2 | 3. Өрнектерді салыстыр. 8 – 3 * 7 + 2 9 + 1 * 9 – 1 10 – 1 * 7 + 3 |
4.Есепті шығар. Ағашқа 6 торғай және одан 2 – еуі кем кептер қонып отыр. Кептер нешеу? | 4.Есепті шығар. Ағашқа 6 торғай және 4 кептер қонып отыр. Кептерлердің торғайлардан нешеуі кем? |
5. 4см – ден 5см артық кесінді сыз. | 5. 7см – ден 2см кем кесінді сыз. |
3-тоқсан Бақылау жұмысы №3
І нұсқа | ІІ нұсқа |
1. Амалдарды орында. 5 + 3 = 9 + 1 = 6 – 4 = 8 – 3 = 10 – 9 = 2 + 4 = 8 – 5 = 10 – 1 = 6 – 2 = | 1. Амалдарды орында. 3 + 2 = 5 + 4 = 4 + 6 = 6 – 2 = 8 – 4 = 8 – 6 = 7 – 3 = 10 – 5 = 10 – 7 = |
2. Теңдеуді шеш. 10 – х = 6 х + 3 = 7 | 2. Теңдеулерді шеш. х + 3 = 5 х – 4 = 3 |
3. 6, 4, 2 сандарынан амалдар төрттігін құрастыр. | 3. 8, 2, 10 сандарын пайдаланып амалдар төрттігін құрастыр. |
4. Ербол 8 жаста, ал Нұрбол 5 жаста. Ербол Нұрболдан неше жас үлкен? | 4. Айгүл 10 жаста, ал Нұргүл 7 жаста. Айгүл Нұргүлден неше жас үлкен? |
5. Ұзындықтары 6см және 8см болатын кесінділер сыз. Оларды салыстыр. | 5. Ұзындықтары 4см және 7 см болатын кесінділер сыз. Оларды салыстыр. |
3-тоқсан Бақылау жұмысы №4
І нұсқа | ІІ нұсқа |
9 – 7 = 2 + 4 = 6 – 2 = 7 + 2 = 10 – 3 = 6 + 3 = 7 – 6 = 1 + 8 = 4 + 2 + 3 = 5 + 4 + 1 = 7 – 5 + 1= 9 – 6 – 2 = |
5 + 3 = 4 + 4= 6 – 4 = 8 – 0 = 0 – 3 = 5 + 2= 6 + 2 = 9 – 4 = 4 – 3 + 2 = 6 – 2 + 4 = 5 + 2 – 7 = 5 + 3 + 2 = |
2. Салыстыр. 6 + 2 * 6 + 4 3 + 2 * 7 – 3 5 + 3 * 9 – 2 9 – 2 * 8 – 4 8 – 4 * 1 + 3 5 + 0 * 5 – 0 | 2. Салыстыр. 5 + 4 * 6 + 3 4 + 3 * 8 – 5 6 – 4 * 9 – 6 10 – 8 * 6 – 4
|
3.Тура теңдіктерді теріп жазыңдар. 5 = 5 3 = 1 + 4 9 = 8 8 + 1 = 8 7 = 7 3 + 5 = 8 | 3.Тура емес теңдіктерді теріп жазыңдар. 5 = 5 3 = 1 + 4 9 = 8 8 + 1 = 8 7 = 7 3 + 5 = 8 |
4.Есепті шығар. Қорада 7 үйрек және одан 2-еуі кем тауық бар. Қорада қанша тауық бар? | 4.Есепті шығар. Тал басында 6 торғай және 3-еуі артық кептер отыр. Тал басында кептер нешеу? |
5. 5 см кесінді сыз. Одан 2 см кем кесінді сыз. | 5. 4 см кесінді сыз. Одан 3 см артық артық кесінді сыз. |
4-тоқсан Бақылау жұмысы №1
І нұсқа | ІІ нұсқа |
9 саны мен а – ның айырмасын жаз. а = 9, а = 1, а = 3, а = 5, а = 7 |
2 саны мен а – ның қосындысын жаз. а = 8, а = 6, а = 4, а = 2, а = 0 |
2. Теңдеулерді шеш: 4 + а = 10 а – 4 = 4 | 2. Теңдеулерді шеш: 8 – а = 6 а + 3 = 7 |
3.Мәні 6-ға тең болатын қосындыларды жаз. | 3.Мәні 7-ге тең болатын қосындыларды жаз. |
4.Есепті шығар: Айгүл 3 тарелке, ал Гүлнұр сонша тарелке жуды. Екеуі бірге неше тарелке жуды? | 4. Есепті шығар: Айдос 4 ойыншық, ал Жандос сонша ойыншық жасады. Екеуі бірге қанша ойыншық жасады? |
5. Ұзындығы 5 см және одан 3 см артық кесінді сыз. Оларды салыстыр. | 5. Ұзындығы 6 см және одан 4 см артық кесінді сыз. Оларды салыстыр. |