Файл: Сабаты таырыбы Тынымбай Нрмаанбетов Анасын саынан бала Уде.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 70
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» Уәде.
Бөлім: | 4-бөлім. Отбасы құндылықтары | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Әбдікерім Ақбаян Әбдікерімқызы | |||||
Күні: | 11.04.2023 | |||||
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» Уәде. | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.3.2.1 Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хат жазу 5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау | |||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды. | |||||
Құндылықтарға баулу: Күтілетін нәтиже: | Ата-ананың отбасындағы орны, Отбасы мүшелерінің тәрбиеде алатын орны,үлкенді құрметтеу Анаға деген шексіз сүйіспеншілік артады. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі | Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны |
Ширату жаттығуы «Мен қандаймын?» 2 минут Сабақтың басы: Топқа бөлу https://flippity.net/rp.php?c=1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20&t=Random%20Name%20Picker 2 мин Өткен сабақты еске түсіру Жаңа сабаққа кіріспе | Мұғалім сабақтағы жағымды ахуалды қалыптастыру мақсатында: «Мен қандаймын?» ширату жаттығуын өткізеді Топқа бөлу: flippity.net сайтты арқылы, білім алушылары атын атау арқылы сабақта бар жоғын тексереді.Ана,бала,Отбасы өздері арқылы бөледі. « Тарсия» әдісі арқылы Т.Нұрмағамбетовтың өмірбаянын, «Анасын сағынған бала» шығармасының мазмұнын құрастыру https://wordwall.net/resource/54640206 сайты арқылы тақырыпты ашу мақсатында ой қозғау сұрақтарын тақтаға шығарады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Білім алушылар «Мен қандаймын?» әдісі арқылы,шеңбер болып тұрып,өзінің жағымды қасиеттерін айтады. flippity.net сайтты арқылы кездейсоқ аттарының шығуына қарай топтарына барып отырады. Сұрақтарға жауап береді Сыныптастырының пікірін толықтырады | «Өзін өзі бағалау парақшасы» Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, сұрақтарға дұрыс жауап берген балдарын алады.Өздері балдарын бағалау парақшасына түсіреді.. | ||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 31 мин. | 1-тапсырма Топтық жұмыс: (Айтылым). Мұғалім 3 топқа тапсырмалар таратып береді. 1-топ мәтін үзіндісін таратып береді 2-топ: Көзқарастар кестесін береді 3-топ: Сұрақтарды таратып береді. | Берілген тапсырмалар бойынша өзара пікірталас жүргізеді. | Дескриптор
Жалпы -10 балл «Жедел саты» әдісі арқылы бағаланады. | Оқулық, таратпа мәтін жұмыс дәптерлері. | ||
Сергіту сәті «Жаңбыр әдісі» | 2-тапсырма Жұптық жұмыс: Берілген үлгі бойынша оқушыларға тапсырма береді. Интерактивті тақтаға Жаңбырлы табиғат суреті шығарылады. | Үлгіні пайдалана отырып, өз ойларын тұжырымдап,сұрақтарға жауап береді. Оқушылар жаңбырдың дыбысын шығарады. | Дескриптор: - Дайын үлгіні пайдалана отырып,берілген сұрақтарға өзіндік ойын айтады. Жалпы -10 балл «Термометр» әдісі арқылы бағаланады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері.қима қағаздар | ||
Сабақтың соңы Рефлексия 7 мин. | 3-тапсырма Жеке жұмыс (жазылым) Сержанның хатын жазуға береді Кері байланыс: https://answergarden.ch/3110218 интернет ресурсы арқылы. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» әдіс-тәсілі көрінеді | Хаттың жазылу стилін сақтай отырып,хат жазады.. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту жазу сабаққа қорытынды жасайды. | Дескриптор:
Мұғалім оқушыларды жаңа тренд әдістермен бағалайды. Яғни «Жедел саты» , «Термометр»,»Телефон» әдістері. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері. | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Жедел саты» , «Термометр»,»Телефон» және 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
1-тапсырма
Топтық жұмыс: (Айтылым).
1-топ
Есмағанбет жеңіл мәшинеге мінер сәтте ғана ол аз уақыт атасының аяғына оратылған болып белінен құшақтады. Баланың бұл айласы да: «Мен туралы қайта ойлан.Уәдеңді ұмытпа» дегені сияқты еді».Осы үзіндінің алдындағы оқиғаны баяндайық.Сержанның көңіл күйі неге өзгерді.
2-топ
Сержанның екі түрлі көзқарас тұрғысынан сипаттап көрейік.
Сержан оқырман көзімен
Сержан автор көзімен
3-топ
Тобымызбен ақылдасып мына сұрақтар төңірегінде жауап берейік.
А) Баланың анасы неге алыс Алматыда жүр?
Ә) Автор бұл әңгімесі арқылы қандай ой айтқысы келді?
Б)Әңгімені оқығаннан кейін қандай сезімде болдыңдар?
В) Сержан сияқты қазір анасын сағынып жүрген балалар барма?
Біз балаларға қалай көмектесе аламыз?
2-тапсырма
Жұптық жұмыс:
Достар,төмендегі тапсырманы орындайық және үлгіні пайдаланып,өз жұбымызға әңгіме бойынша сұрақтар дайындайық.
Сержан бүгін таза футболка
мен шортик киген
Сержан әкесінің емес, НЕГЕ? Сержан аталарының
шешесі ,яғни ішінен Аязбайды
Күміскүлдің жақсы көреді.
баласымын дейді.
3-тапсырма
Жеке жұмыс: (Жазылым)
1.Сержан Есмағанбет атасымен бірге Алматыға бара алмады,бірақ хат жазып жіберетін болды.Ол хат не туралы деп ойлайсыңдар? Сержанның атынан анамызға хат жазып көрейік .
Бағалау парақшасы
№ | Критерий | Ұпай |
| 1.Хаттың стилі сақталуы | 1 |
2.Әңгімемен байланыс сақталуы | 1 | |
3.Ойын баяндаудағы жүйелілік | 1 | |
4.Ойын баяндауда тілдік ерекшеліктердің дұрыс пайдаланылуы. | 1 | |
5.Емлеге сай жазылуы | 1 |
Жоғары ұпай-5