Файл: Алматы аласы Алатау ауданы 182 жалпы білім беретін мектепті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 41
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Полатова Назира Курбоналиевнаға |
ПІКІР
Полатова Назира Курбоналиевна– 2013 жылдан бері осы аталған мектептің физика пәнінің мұғалімі. Санаты педагог-модератор. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары , әр істің қыр-сырын таба білетін мұғалім.
Физика сабағында жаңартылған білім мазмұнын қолданып, төрт дағдыны оқушы бойына дарытып, әртүрлі әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушыларды дамытып келеді. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Әр сабағын шығармашылық ізденіспен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді және іс-тәжірбиесімен әріптестері арасында бөліседі. Өзінің бос уақытында заманның талабына қарай үздіксіз курстарға қатысып, білімін әрдайым толықтырып отырады. Оқушылары ғылыми жоба, олимпиадалардың аудандық, қалалық, Республикалық кезеңдерінің жеңімпаздары.
Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Еңбегі зор, адамгершілігі мол, ұжым ортасында беделді, ашық мінезінің арқасында әріптестерімен және оқушылармен тез тіл табысып, жас мамандарға көмектесіп отырады Өзінің алға қойылған мақсаттары орындалуын, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қоятын қарапайым ұстаз.
Мектеп директоры : А.Нұрғазы.
Алматы қаласы Алатау ауданы
№182 жалпы білім беретін мектептің
физика пәні мұғалімі
Полатова Назира Курбоналиевнаға
ПІКІР
Полатова Назира Курбоналиевна ұжымда 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Білімі жоғары, педагог-модератор санатындағы мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, аудандық, қалалық, республикалық сайыстарға қатысып жүрген ізденімпаз ұстаз.
Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты. Оқушылар, ата-аналар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Білім көрсеткіштері пәні бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.
Полатова Назира Курбоналиевна білім беру жүйесіндегі болашағы мол ұстаздар қатарына жатқызамыз.
Директордың ОІЖ орынбасары:А.Қ.Сабирова
| Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Полатова Назира Курбоналиевнаға |
ПІКІР
Полатова Назира Курбоналиевна – осы аталған мектептің физика пәні мұғалімі және 7 «Е» сыныбында оқитын ұлым Турдахунов Данилдың оқытушысы. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан, әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың шығармашылық тұлғаға жетелеу.
Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда.
Назираа Курбоналиевна өзіне тән ұйымдастырушылық деңгейдегі үйлесімді қасиеттері бар. Ол талапқойғыш оған қоса мейірбан, жауапкершілігі бар ұстаз. Әріптестері, оқушылары мен ата-аналары арасында еңбегі сіңген беделге ие. Осы әрекеттердің нәтижесін көру үшін жүргізілетін жұмыстары жоғары дәрежедегі тәжрибелі ұстаз деп білемін .
Ата-ана: Турдахунова Лена
| Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Полатова Назира Курбоналиевнаға |
ПІКІР
Полатова Назира Курбоналиевна әдістемелік бірлестік жетекші ретінде берер пікірім, 2013 жылдан бастап физика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Білімі жоғары, жоғары санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс - жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Н.Шаулиева
| Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Полатова Назира Курбоналиевнаға |
ПІКІР
Полатова Назира Курбоналиевнаға 2013 жылдың 1-қыркүйегінен бастап бірге жұмыс істеп келеміз. Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты.
Оқушылар, ата - аналар, құрбы - құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық - коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды.
Білім көрсеткіштері пәні бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.
Әріптесі: А.Бухарбекова
| Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Полатова Назира Курбоналиевнаға |
ПІКІР
Полатова Назира Курбоналиевна еңбек өтілі сегіз жыл, жоғары оқу орыны Қазақ Мемлекттік Қыздар Педагогикалық Университетін тәмамдаған. Мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасын, күнтізбелік тақырыптық жоспарды, қысқа мерзімді жоспарды жақсы игерген, білікті маман.Аудан көлемінде, мектепішілік көлемде семинар, тренингтер, ашық сабақтарын өте жоғары деңгейде көрсете білді. Мерзімді басылым беттерінде ашық сабақтары мен мақалалары жарияланып тұрды. Оқушылары аудандық, қалалық, республикалық байқауларының жеңімпаздары. Бұл аталған шаралардан алған марапаттарына қарай отырып, мұғалімнің тынымсыз, жанкештілікпен атқарған еңбегінің жемісі деп білемін. Мұғалімдік қызметіне кіріскелі өзін жан-жақты ізденімпаз, жаңашыл ұстаз екенін байқатты. Сынып оқушыларымен де тамаша тіл табыса біліп, оқушылар мен ұстаздар арасында жақсы беделге ие болды.
Назира Курбоналиевна білімі жоғары ұстаз. Еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып жүрген ұстаздардың бірі. Еңбек жолында аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, жаңаша білім беруді көздейді. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2022 - 2023 оқу жылында «Цифрлі заман» атты апталықта 7 сыныппен өткізген ашық сабағы жақсы деңгейде бағаланды.
Директордың ОІЖ орынбасары:Н.Т.Менғали