Файл: Викторина Масаты Оырмандарды ертегілерді білу арылы ойлау, сйлеу абілетін йлесімді дамыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 46

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Әжемнің ертегілеріне саяхат» әдеби викторина

Мақсаты:

Оқырмандардың ертегілерді білу арқылы ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту;

Оқырмандарды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;

Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;

Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу.

Міндеттері:

Оқырмандармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру;

Оқырмандардың кітапханаға қызығушылықтарын арттыру;

Оқырмандардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдісі: Сұрақ-жауап. түсіндіру - көрсету, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.

Қатысушы топ: 3-4 сынып оқушылары.

Викторина барысы:

Сайысымыз бес кезеңнен тұрады:

1 кезең – Таныстыру.

2 кезең – «Жұмбақтар».

3 кезең – «Кім білгір?»

4 кезең – «Тауып ал»

5 кезең – «Сиқырлы сандық»

Байқаудың ережелері өте қарапайым. Әр дұрыс жауап үшін команда 1 балл алады. Егер бірінші команданың жауабы болмаса, қарсы команда жауап беруге құқылы. Барлық байқаулардың міндеттері ертегілердің есімдерімен, батырларымен немесе оларды жазған авторлармен байланысты.

1.«Таныстыру» деп аталатын алғашқы байқау. Осы байқауда

әр команданың капитандары өз командасының атын айтады.

2.Келесі кезең «Жұмбақтар»

Бұл сайыста ертегілердің атауы жұмбақ арқылы жасырылады.

Осы жұмбақтың атауын үш тілде атап айтуларын керек.

(1 топ)

1.Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен әжеден,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан.

(Бауырсақ)

2. Кішкене қыз орманға,

Жалғыз өзі барады.

Әжесіне қартайған

Бәлішін салып алады.

(Қызыл телпек)

3. Өз ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай – шу

(Түлкі)

4.Сұрғылт тартқан түсі бар.

Ақсиған көп тісі бар.

Қыстау маңын ториды,

Ауылдың өш бар иті. (Қасқыр)

5. Мен корольдік балдамын,

Он екіде қашып кетемін

Хрусталь туфлиімді байқадым,

Кездейсоқ жоғалып кеткенін. (Золушка)

6. В лесу тёмном на опушке,

Жили дружно все в избушке.

Маму дети поджидали,

В домик волка не пускали.


Эта сказка для ребят… (Волк и семеро козлят, қасқыр және жеті лақ, Wolf and seven goatlings)

(2 топ)

1. Сұрғылт тартқан түсі бар.

Ақсиған көп тісі бар.

Қыстау маңын ториды,

Ауылдың өш бар иті. (Қасқыр)

2. Жеміс- жидек жегенім,

Балды жақсы көремін. (Аю)

3. Атай өзі салғанын

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта алмады (Шалқан)

4. Джунглиде өскен жасынан,

Епті бала болыпты,

Багира, Бану достары

Шерхан оның қас жауы (маугли)

5.Сақалы жоқ, мұрты жоқ

Байларды алдайды

Күлкіменен көгерген

Ол біздің -............... (Алдар көсе)

6. Кто в корзине Машу нёс,

Кто садился на пенёк


И хотел съесть пирожок?


Сказочку ты знаешь ведь?

Кто же это был? (Медведь)

(3 топ)

1. Кедей еді бұл бала,

Айы туды оңынан,

Жын шығады керемет,

Сиқырлы оның шамынан

(Алладин)

2. Үй жинаған ұқыпты,

Бір қыз бопты ертеде

Тыңдамаған мысықты

Салыпты ғой әлекке

(Мақта қыз бен мысық)

3. Сұр, бірақ қасқыр емес,

Құлақтары ұзын, бірақ қоян емес,

Тұяқтары бар, бірақ жылқы емес.

(Есек)

4. Құжынаған жұмыскер

Бірлескенде тым іскер. (құмырсқа)

5. Секіреді, бала емес,

Сақалы бар,шал емес. (ешкі)

6. Девочка добрая в сказке жила,

К бабушке по лесу в гости пошла.

Мама красивую шапочку сшила

И пирожков дать с собой не забыла.

Что же за девочка-лапочка.

Как зовут её? … (Красная Шапочка, Қызыл телпек, Redcape.)

3. «Кім білгір?» байқауы

Әр командаға 10 сұрақ қойылады. Дереу, ойламай жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіз, «келесі» деп айтыңыз. Бұл уақытта қарсылас команда үнсіз отыруы керек.

(1 топ сұрақтары)

  1. Киплингтің «Маугли» атты ертегісіндегі улкен жыланның есімі кім? (Каа)

  2. Қызыл телпек құмарадағы май мен бауырсақтарды кімге апаруға асықты? (Әжесіне)

  3. Ұсқынсыз үйрек қандай құсқа айналды? (Аққу)

  4. Ертегілерде кездесетін жағымсыз кейіпкер? (Мыстан кемпір)

  5. Қызыл телпектің себетінде не болды? (Бәліш)


  6. Күлше қыз балда нені жоғалтты?


  7. Бауырсақ ертегісінде бауырсақты кім жеп қойды?

  8. Қызыл телпек кімге барды? (әжесіне)


  9. Алтын балықты ұстаған кім?


  10. Ертегілерде жиі өтірік айтатын кейіпкер кім?


  11. Ертегілер ең басында қалай басталады?


  12. Ертегілер қиял-ғажайып болады ма әлде шынайы ма?


  13. Күз айларын ата?


  14. Аптаның төртінші күні қалай аталады?


  15. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін ата?


  16. Ақшақар ертегісінде, неше ергежейлі болды?


  17. Жыл басы кім болды?


  18. Жыл басына таласпаған қандай жануар?


  19. Бремен музыканттарына қандай жануарлар болды?


  20. Ертегілерде ең жауыз, зұлым жануар қандай?


  21. Қасқыр және жеті лақ ертегісінде, қасқыр неше лақты жеп қояды?


  22. Ең айлакер қу жануар?


  23. Қызыл телпек қандай жануарға алданып қалады?


  24. Машаның досы кім?


  25. Су перісінің аты кім?

  26. Ер төстіктің достарын ата


  27. Мауглидың досы кім?


  28. Бауырсақ ең бірінші қай жануарға кездеседі?

  29. Ең қорқақ жануар?

  30. Ең айлакер кім?


4. «Тауып ал». Ертегілер елінен және мултьфильмдерден суреттер көрсетіледі. Балалар сол ертегінің және мультфильмнің атауын айтуы керек.

5, «Сиқырлы сандық» байқауы.

Сиқырлы сандықта әр түрлі ертегілерден алынған заттар бар. Мен оны алып шығамын.Атауын тауып, қазақ және ағылшын тілдерінде атау керек, сосын бұл нысанның қай ертегіден шыққанын кезекпен талқылайды.