Файл: Жоспар Кіріспе Уды жануарлар азасына cepi. Уды азаа ену жолдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспар:
-
Кіріспе -
Удың жануарлар ағзасына әcepi. -
Удың ағзаға ену жолдары. -
Улы заттардың ағзадағы күйі және олардызалалсыздандыру жолдары. -
Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әcepi. -
Ағзадан удың бөлінуі. -
Қорытынды
Кіріспе
Жануарлартүрініңуға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У турлімал ағзасына әр түрлі әсер eтeдi. Мысалы: ipi қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қараганда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ipi қара малға қараганда оймак гүл гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар ушін ас тұзы өте қауыпты болса, ал мысыктарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б.
Барлық шөп коректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдыгы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешілер темекіге сезімтал, ал көп бөлімді қарынды малдар үшін, у сасыр өте қауыпты. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминнің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал кеп бөлімдіқарынды малдарда байқалмайды. Ceбeбi, олардыц мес қарынында «В» витаминнің синтезінеу сасыр улы әсер көрсете алмайды.
Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әcepi токсикологияның негізгі бөлгі болып табылады. Ол мал ағзасынаулардың уытты әсер ету механизмын карастырады.
Токсикокинетика - малдың жіті және созылмалы улануы кезәндегі улы заттардың сіңу, таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады.
Ағза мен улы заттардыңөзара әcepi екі жағдайда болады.
Оныц біріншісі – контактілі (жанасу), екіншісі ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері.
Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларга байланысты. Олар:
- Малдың уға сезімталдығы.
- Ағзаның жағдайы.
- Удың ағзаға ену жолдары.
- Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әcepi.
Малдың улы заттарға сезімталдығы. Жануарлартүрініңуға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У турлімал ағзасына әр түрлі әсер eтeдi. Мысалы: ipi қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қараганда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ipi қара малға қараганда оймак гүл гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар ушін ас тұзы өте қауыпты болса, ал мысыктарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б.
Барлық шөп коректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдыгы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешілер темекіге сезімтал, ал көп бөлімді қарынды малдар үшін, у сасыр өте қауыпты. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминнің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал кеп бөлімдіқарынды малдарда байқалмайды. Ceбeбi, олардыц мес қарынында «В» витаминнің синтезінеу сасыр улы әсер көрсете алмайды.
Ағзаның жағдайы. Мунда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғурлым мал жас болса, соғурлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Ceбeбi, оларулы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардыц залалсыздандыру қабілеті әдетте жақсы. Keйбip жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдыгы олардың жынысына да байланысты болады. Қайбір түріне урғашы малдар еркек малдарға қарағанда төзімдірек келеді.
Ауру малдың, әcipece, жуқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының улы заттарға қарсы тұру кабілеті айтарлықтай төмендейді. Уларға қарсы әсер бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне байланысты. Өйткені ол қандагы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, әcipece, жуқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл қызметi әлсірейді және жүйке, эндокринды жүйелердің удың әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарга жауап беру кабілеті төмендейді.
Агзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер турінде байқалады. Ағзада функционалдық өзгерістер тек удың уытты және летальді мөлшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы улану кезінде удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауыда мүмкін. Бірақ, ол бауырға зиянды әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды факторларга қарсы тұру кабілеті төмендейді.
Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде,бәрақ ұзақ уақыт eнyi, олардың ағзада жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ақ, ағзаның гипо және гиперсенсибилизациясына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Удың ағзаға ену жолдары. Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызга ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондагы микрофлоралармен араласады. Муның бәріқарынға түскен улы заттардың физикалық-химиялық құрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, құрамында алколоидтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, алкаломель қарында уытты әсер ете алмайды, бipaқ кейбір жағдайларда сулемага айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол өте уытты. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанга, қанарқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удын сорылуы аз деңгейде болады.
Тыныс алу (ингаляциялык) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар (көміртегі тотығы, күкіртті cyтегi,аммиак) т.б. аэрозольдар, шаң-тозан түсуі мумкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген өкпе улпалары қабынуга ушырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанга сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді.
Улы заттар әр түрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылыда сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді.
Кейбір улы заттар тepi арқылы да eнyi мүмкін.
Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әcepi. Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі улпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілер пайда болады.
Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгікөрінісіболып табылады.
Улы заттардыц резорбтивті (қанга сінгеннен кейінгі) әcepi ағзаның қан тамырлар жуйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түріндебілінуі мүмкін. Қан улы заттарды букіл ағзаға тасымалдайды және жүйке улпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бузылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколоидтар жатады.Ағзаға түскен улы зат улпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген өзгерістерге ушырайды. Бул өзгерістер удың физикалық - химиялық қасиеттерімен аныкталады, сондай-ак ағзаның залалсызданыдыру мүмкіндігіне немесе удың бөлінуіне де байланысты болады.
Улы заттардың ағзадағы күйі және олардызалалсыздандыру жолдары. Кейбір улар ағзада сорылып (сіңіріліп), улпалар мен торшаларга таралып, олармен өзара әсерлеседі. Улы заттардың ағзада таралуы бірдей немесе кейбір мүшелерге көп мөлшерде таңдамалы түрде жинақталуы мүмкін. Сондыктан да мүшелердің зақымдалуы әртүрлі бағытта болады. Әcipece алиментарлы (азықтық) улану кезінде улы заттар бауырда көп жинақталынады.
Сонымен қатар, көп жағдайда зақымданған мүшелерде у залалсызданады. Мундай жағдайлар көбінесе созылмалы улану кезіндебайқалады. Мысалы: фтор қосылыстары сүйек улпасында немесе хлорорганикалық қосылыстардың май улпаларында шөгуінен (қор - депо) пайда болады. Булауырметалдар мен басқада көптегенулызаттарға да қатысты.
Көп жағдайда улардың ағзада әр турлі қосындыларға айналуы қиынға түседі. Осыдан барып ағза көптеген улар үшін ыңғайлы залалсыздандыратын орын болып табылады.
Ағзада өтетін тотығу-тотыксыздану реакциялары немесе кешенді құрылымдар түзілуі улы заттардың құрылысын өзгертіп, концентрациясын төмендетіп, молекулаларының ыдырауына әкеліп соқтырады. Ағзада тотығу реакциясы өте жақсы жүреді, бул көптеген улы заттарға да әсер етеді Нитриттердің - нитратқа, альдегидтердің - кышкылдарға, бензолдың - фенолға, морфинның - оксиморфинге айналуын атап көрсетуге болады.
Бауырда кейбір улы заттар күкіртпен кешенді қосылыс түзеді. Осының нәтижесінде фенол туындылары залалсызданады, фенильсульфаттар күкіртпен қосылады. Кейбір улар ағзада тез бузылады, керісінше біреулері біртіндеп өзгереді. Созылмалы уланулар нәтижесінде ағзаға түскен улар жинақталып, кумулятивті әсер етеді
Ағзадан удың бөлінуі. Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады. Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан кұсу aктісi арқылы шығуы мүмкін, ал удың сорылып болғаннан кейін негізгі шығу жолы буйрек пен несеп шығару жолдары болып табылады. Кебінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сут, сілекей, тepi) белсенді әсер етеді.
Улы заттар агзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген куйде шығады. Сондықтан, құсыкты зерттеуді улануды балаудағы маңызы өте құнды болып есептеледі. Бул соттык ветеринария жағынан да аса маңызды.
Несеп сынамаларын зерттеген кезде, көп жағдайда удыц өзi емес қалдықтары табылады. Бул атропин, стрихнин секілді заттармен уланғанда болуы мумкін. Несеп бөлу мушелері аркылы суда еритін және ағзаға қан арқылы таралатын заттар шығарылады. Несептің құрамында алколоидтар, нитраттар, эфир майлары,метал қосылыстары болады. Жіті және созылмалы улануларда несепті зерттеуді улануды балауда маңызы зор. Құсу aктісі тән емес барлық малдарда улы заттар нәжіспен шығарылады. Булнегізінен ipi қара малы мен жылқыларға қатысты. Дегенмен, құсу aктici тән болса да, улы заттың бip бөлігі нәжіс арқылы шығарылады. Бул кебінесе, удыңішекте нашар ыдырап, қанның құрамына енбеген жағдайда болады. Осындай жолмен ағзадан алколоидтар, металл қосындылары, кейбір улы заттар өзгермеген калпында бөлініп шығады.
Улы заттардың деммен (тыныс алу) бөлінуінің маңызы да айтарлыктай. Мысалы: шыккан ауадан сарымсактыңиісi шықса, онда ол мышьяк қосылыстарымен уланғандығын көрсетеді.
Сонымен қатар, кейбір уытты заттар едәуір мелшерде сутпен бөлінеді. Әcipece, суттің құрамындағы хлорорганикалык қосылыстардың (ДДУ, гексахлоран т.б.) болуы, жас төлдер менадамдарга қауып түндіреді. Tipi кезіндегі созылмалы улануды аныктау үшін, экскретті зерттеу қунды болып табылады (зәр, нәжіс, қусық массасы).
Улану — сыртқы ортадан (ауыз, тыныс алу жолдары, тері жабындары, ағзаның әртүрлі қуыстарына тікішек, құлақ тесігі және басқалар арқылы) түсетін шығу тегі әртүрлі улы заттардың (өнеркәсіп пен тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, өсімдік және жануар текті токсиндер, жауынгерлік уландырушы заттар, т.б.) ағзаға әсер етуінің нәтижесінде туындайтын патологиялық үдеріс.
Уақыт бірлігі ішінде ағзаға өтетін удың мөлшеріне қарай уланулар жіті және созылмалы болуы мүмкін. Улану көбінде кенеттен басталады және жалпы қатерлі ауру, кейде өмір үшін айтарлықтай қауіпті өзгерістер түрінде көрінеді. Тамақтан және зиянды газдардан улану кезіндегі өзі-өзіне көмек пен алғашқы көмек көрсету мәселелерін қарастырамыз. Уланудың барысы көмектің қаншалықты жылдам және тиімді көрсетілгеніне байланысты болады. Көпшілік жағдайларда өз уақытындағы біліктілік шаралары өлімге әкелетін біршама мөлшердегі улы заттармен уланған адамның өмірін де сақтап қалуға кепілдік бола алады. Кешіктірілген және (немесе) ретсіз көмек тиімсіз болып шығады, тіпті аз мөлшерден улану кезінде де айтарлықтай асқынудың дамуы мүмкін.
Тамақтан улану — бұл тамақ арқылы ағзаға зиянды және улы заттардың түсуінен туындайтын ayырсыну жай-күйі.
Уланудың ауырлығы енген удың мөлшеріне, оның әсер ету күшіне, сіңу жылдамдығы мен басқа да себептерге байланысты болады.
Тамақтан ауыр улану кезінде (асқазанның қатты ауырсынуы, құсу, іш өту) асқазанды шаю керек. Бұл үшін калий перманганатының немесе ас содасының әлсіз жылы ерітіндісін құсу басталғанға дейін ішу қажет. Ол үшін 5-6 л ерітінді қажет болуы мүмкін. Калий перманганаты болмаған кезде жылы суға аздап сабын қосылады. Іш тазаланғаннан кейін белсендірілген көмір қабылдап, тыныштық пен денені жылытуды (аяқ-қолға жылытқыш қою) қамтамасыз ету керек. Сусынды (қызылшай) молынан ішу жалғастырылады. Егер жай-күйі нашарласа дәрігерге жүгінген жөн.
Қышқылдар мен сілтілерден тамақтық улану кезіндегі алғашқы көмек көрсеткенде асқазанды шайып, құстыруға болмайды: сұйықтықтың асқазаннан ас жүру жолымен кері ағуы ас жүру жолы мен тыныс алу жолдарын күйдіруі мүмкін. Егер зардап шегушінің сусын ішуге шамасы келмесе, он да дәрігер келгенге дейін оған екі-үш стақан суық сүт, екі шикі жұмыртқа беру керек. Науқасты төсекке жатқызып, жастықтың көмегімен басын және денесінің жоғарғы бөлігін көтеру керек. Асқазаны ауырған кезде оған мұзы бар резеңке қапшық қою керек.