Файл: Пні Педагогика Мамандыы 0111000 Негізгі орта білім беру Біліктілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 53

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

«Физика - математика және ақпараттық жүйе» бөлімі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастыру негіздері

Пәні: Педагогика

Мамандығы: 0111000 – «Негізгі орта білім беру»

Біліктілігі: 0111093 – «Информатика пәні мұғалімі»

Тобы: ИИ – И – 19

Орындаған: Кенесбай Гулжайна

Ғылыми жетекшісі: Әбиева Гүлжайна


Қызылорда, 2023 жыл


Мазмұны:

Кіріспе

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс............................................................15 түрлері және оларды басқару

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

2.1.Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ...............................................13

тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері

2.3. Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие..................................17

жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері.

. Іс-тәжірибелік бөлім ..................................................................................... 28

Қорытынды............................................................................................................33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................................................35

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына тән қадір-қасиеттерді: ұлттың сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдык және рухани құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйытқы болады.

Бүгінгі таңдағы қоғамның талабы тұлғаның әлеуметтік сипатының дұрыс қалыптасуы. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім мен тәрбие беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Тұлғаны дамыту үрдісі - әрі қиын әрі ұзақ үрдіс. Субьект мен обьект адамның дүниені өзгерту, игеру жөне тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни субьект өз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жаратылыс пен таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субьект осы дүниеде ең ақырғы себеп, ең ақырғы нәтиже болып табылады.

Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де. Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету - тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды.


Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселелеріндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білім жүйесін қайта құру мен ұймдастырудың басты жұмыс жоспарына тұлғаның және оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге жағдай жасау, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты даярланған азамат етіп шығару жатады. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» -жетектеу дегенннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады. ал «педагог» сөзі бала жектеуші мәнін білдіреді.

Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірге басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі зандылықтары жөніндегі ғылымга айналды.

Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеп ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауга үйретеді. Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын галаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан әулетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.

Жұмыстың мақсаты: Оқу процесінде оқушылардың жеке адам болып қалыптасуын ғылыми тұрғыда негіздеу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап отыру.



Жұмыстың міндеттері:

а) Оқушылардың тұлғасын дамытуда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың алатын орны;

б) мұғалімдерінің оқушылардың жеке тұлғаны дамытудағы аспектіні психологиялық эксперимент жүзінде тексеру.

Жұмыстың пәні: Оқушы тұлғасын дамытудағы сыныптан тыс жұмыстар жүргізу

Жұмыстың объектісі: Мектептің оқу тәрбие процесі

Жұмыстың әдістері: Педагогтардың сыныптан тыс жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаны дамытудағы іс-тәжірибесімен танысып, құндылығын анықтау, оқушылармен әңгімелесу

Жұмыстың болжамы: Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жеке адам тәрбиелеуге арналған жұмысты сол тақырыпқа сай жүргізу.

Жұмыстың жұмысының әдістері: педагогикалық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;

-сауалнамалар, топтық жеке әңгімелесулер, жеке адамды зерттеу әдістемелері.

ІІ- Бөлім Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

2.1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері

Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттері мен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек еріктілік, ең алдымен, сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.

Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелікгері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:

1. Сыныптан немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстарды қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс жұмыс түрлерімен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.

2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек, талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.


Окушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да онын қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білуі керек.

3. Ал үшінші ерекшелігі, жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге негіз бола алмайды.

Керісінше әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.

Сыныптан немесе мектептен тыс жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, қүштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.

4.Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт секцияларында, көркем өнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардын белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болуы керек.

Оны педагогтер бағыттап отырады. Сыныптан тыс сабақтарға басшылық жасау бастамашылдық пен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның бастамашылдығы мен дербестігі толығырақ жан жақты керініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар рөлінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар рөлінде де көзге түседі. Жоғары сыныптардағы оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.

5.Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болуы керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.

6.Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. Алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Нәтижелі болуы үшін бүл жұмыстардын нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айкын жасалған графигі болу керек.


7. Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланын санасына, сезімше және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.

8. Соңғы жылдарда сыныптан тыс, мектептен тыс жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндайда жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.

9. Барлық жұмыс түріне тартылатын және тартылған оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.


    1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері мен оларды басқару

Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстын бір түрі - үйірме. Үйірмелер түрі: пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, математика, биология, т.б.; драмалық үйірме - көркем сөз үйірмесі, би, фото, радио үйірмелері. Бұларға мұғалімдер немесе ата-аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді. Кейде үйірмелерді секция немесе клуб, кейде коғам деп те атайды. Айталық, «Жас ақындар үйірмесі», «әдебиетшілер клубы» т.б.

Сыныптан тыс жұмыстын екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы, «Пушкин ертегілері», «Абай және орыс ақындары». Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайтуда қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа кеш өткізудін дәл қазіргі қайта құру кезеңінде мәні артып тұр. Сол сияқты моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет. Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудын немесе кездесу ұйымдастырудың мәні де зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтын мән-жайын айтуға келе ме? - деген сиякты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру кажет. Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрыңғыдан ерекше бір түрі - сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фестивальдар немесе тапшыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердін, ой тапқырлығы мен қимыл шапшандығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдын білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардын түрін кеңінен өрістеу - бүгінгі күннің тілегі.