Файл: Пні Педагогика Мамандыы 0111000 Негізгі орта білім беру Біліктілігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, тұп-тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, ол қылықпын орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы, олардын тәрбиелік ролін арттыру үшін оңдағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып, тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет. Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінін де тәрбиелік мәні зор.
Соңғы жылдарда мектеп өмірінін дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі - оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады. Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер тағайыңдалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесуі тиіс. Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін-өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады. Соңғы жылдарда сыныптан тыс дене шыныктыру - спорттық жұмыстардын жүргізілуіне көңіл көп артуда. Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.
Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің ішінде тәрбие жұмысын жан-жақты, кешенді түрде жүргізіп, жалпы халықтық ағарту ісіне үлкен үлес қосып отырған «Жастар сарайы». Мұнда тәрбиенін барлық саласына арналған үйірмелер жұмыс істейді. Сондықтан оларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта олардың ғылыми негізде жұмыс істеуін практикамен байланыстыруды мақсат етуді және жоспарлы жүргізілуді қамтамасыз ету үшін «Жастар сарайларындағы» үйірмелерге арналған бағдарламалар құрастырылып жарыққа шығуда. Сарайлар мен үйлердің қазіргі уақытта жастарға арналғаны да бой көрсете бастады. Бұлармен қатар клубтар бірлестігі, жеке секциялар түріндегі бірлестіктер де кұрылды.
Табиғаттағы тіршілікті жете білуде жас натуралистер станциялары, парктер мен алаңдар т.б. үлкен қызмет атқарады. Мектептен тыс мекемелердің бір түріне жазғы демалыс лагерінде жатқызуға болады. Бұл жұмыс мектеп штатына сыныптан және мектептен тыс жұмыс женіндегі директордын орынбасары кызметі енгізілгеннен соң белгілі дәрежеде жанданып 1966 жылы «Жалпы білім беретін орта мектептін жұмысын одан әрі жаксарту шаралары туралы» қауылдан соң мүмкін болды.[3]
2.3. Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте исыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен оқудан тыс үргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие мінеттерін толықтыру және терендету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық тану, белгілі бір нәрсеге қызығушылына мен ынтасын ояту, қогамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастаруды көздейді . Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету . Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі. Сыныптан және мектсптен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны талдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндетгеріне, оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысы атқарылады.
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунтар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын- жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынтерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуга арналған байқауларды ұйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікір талас, әңгіме түріңде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тогыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілекгері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.
11. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
12. "Атамекен" бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
13. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдардын атап өту.
14. Сынып жиналыстарын өткізу.
15. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жендеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
16. Мұражайларға, көрмелерге, демалалыс -мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
17. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
Іс-тәжірибелік бөлім
Семей қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектепте мемлекеттік іс-тәжірибеден өту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырдық.
Үйірме жұмысы, семинар, сыныптан тыс тәрбие сағаттары, факультатив сабақтарын өткіздім.
Ақындар үйірмесінің жылдық жоспары
Р\С | Тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
1 | Тілім менің -тірлігімнің айғағы... (Тіл мерекесіне арналған ақындар мүшәйрасы) | | |
2 | Дала данышпаны -Мұхтар (Ұлы тұлғаның туылған күніне арналған жырдан шашу) | | |
3 | Республикам менің! | | |
4 | Абай -поэзия патшасы (Бас ақынның шығармашылығын дәріптеуге арналған жыр кеші) | | |
5 | Елін сүйген, елі сүйген елбасы (Тұңғыш президент күніне орай газетке мақала мен өлең арнау) | | |
6 | Тәуелсіздік деп жырлайды жүрегім...(Тәуелсіздік күніне арналған қалалық ақындар сайысы) Мұқағали- мәңгілік ғұмыр (Мұзбалақ ақынның 85 жылдық мерейтойына арналған жырдан шашу) | | |
8 | Алаш арыстары (Ұлт көсемдері болған Ә.Бөкейханов, Т. Рысқұлов, т.б. ерен еңбек жолын дәріптеуге арналған жыр сайысы) | | |
ҮЙІРМЕНІҢ МАҚСАТЫ:
Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
· Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету:
· Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасуға дағдыландыру;
· Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
· Лирикалық шығарманы жан жақты талдай білуге дағдыландыру.
ҮЙІРМЕНІҢ МІНДЕТІ:
Жоғарыда көрсетілген мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:
· Оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
· Бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;
· Зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
· Жазушы шеберлігіне көз жеткізу;
· Әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;
· Оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.
Аталған курс бойынша білім алған оқушы оқу жылының соңында күтілетін нәтиже:
· Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;
· Берілген мәтіннен тілдік көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады;
· Кез келген әдеби шығармаға жан- жақты талдау жасай алады.
Іс-тәжірибе кезінде ақындар үйірмесінің белсене қатысуы арқылы «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты сыныптан тыс іс-шара өткіздім.
Жоспары:
Тақырыбы: «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» (Мұзбалақ ақынның 85 жылдық мерейтойына арналған жырдан шашу)
Мақсаты:
-XX ғасырдың таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,
-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу .
Әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: шарлар, ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары, мақала қиындылары т.б.
Ұйымдастыру кезеңі:
Кеш мемлекеттік ән ұранның асем әуенімен басталады
ЖҮРГІЗУШІЛЕР: Шегебаева Жарқынай мен Тұрсынбекова Гүлсезім
1-жүргізуші:
Кіріспе сөз. ХХ ғасырдың таңғажайып ақыны, қалың қазағының аяулы ұлына айналған Мұқағали Мақатаев көзі тірі болғанда,ертең сексен екіге толар еді. Артына өлместей өміршең өлең-жырларын қалдырған ақиық ақынға арналған « Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай…» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай. Мына жұртым неге жатыр тойламай. Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай,-деп жырлаған Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай осы кеште айтылатын өлең-жырлар, қойылымдар мен баяндамалар, би мен әнде ұлы ақынның құрметіне арналады.
2-жүргізуші: Шарасынды шаттықтың мұңы басым, Нұр сәуле боп жүректе нұры қалсын. Мұқағали мұзарттың мұзбалағы, Шашып өткен әлемге шұғыласын-дей отыра кешімізді Мұқағалидың өмір баянынан бастасақ кезекте ортаға өз баяндамасын ұсынатын студентеріміз:
Абдуллаева Азиза мен Алдасүгір Айдана. Баяндама оқылып болғансоң.
1-жүргізуші:
-Поэзия! Менімен егіз бе едің? Мен сені сезесің бе неге іздедім? Сені іздедім досымнан, қасымнан да, Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да. Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда, Қызыл –жасыл шұғыла шашылғанда… Махаббаттан іздедім, сағыныштан, Арманымнан іздедім алып ұшқан!… – дей отыра Мұқағалидің өлеңдерін оқуды ұсынамын.
6-сыныптар арасында Қайым Мұхаметхановтың 100 жылдығына арналған «Қазақтың Қайымы» семинар сабақ ұйымдастырылды.
Жоспары:
Тақырыбы: «Қазақтың Қайымы»
Мақсаты: Қ.Мұхамедханқлының туғанына 100 жыл толуына орай ғалымның еңбектерін насихаттау
Міндеттері:
Білімділік: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғалармен тереңірек танысуға қызығушылығын арттыра отырып, олардың Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру, шығармаларының бүгінгі күндегі маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылық: Қазақ әдебиеті пәніне, жалпы Қайым Мұхамедханов шығармашылығына қызығушылықтарын, білім алушылардың ой өрісін, шығармашылық қабілетілігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамзат құндылықтарын сақтауға үндеу, өнерді, ғылымды құрметтеуге баулу. Қазақ халқының төл әдебиетін, мәдениетін насихаттау.
Түрі: семинар сабақ
Әдісі: Баяндама оқу, сюжеттер мен таныстыру.
Көрнекілік құралдар: Қанатты сөздер, буклет, көркем әдебиеттер көрмесі
Техникалық құрал: мультимедиа
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қайым – ұстаз
ІІІ.Қайым – абайтанушы
IV.Қайым – ғалым
V.Қорытынды кезең
5 сыныпта өткізілген сыныптан тыс тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: «Қыз сыны»
Мақсаты:
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.