Файл: Бекітемін аракемер ксіптік колледжі мкК аа шебері Тукеева Ж. С. Саба жоспары 8.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БЕКІТЕМІН
«Қаракемер кәсіптік колледжі»
МКҚК аға шебері
________________ Тукеева Ж.С.
Сабақ жоспары № 8
Күні-айы:_____________ Топ: ЭМ - 07 Курс: I
Мамандығы: 1504000 - фермер шаруашылығы.
Біліктілігі: 1504092 – Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер.
Бөлімнің тақырыбы: Электрлік монтаждау жұмыстары негіздері
Сабақтың тақырыбы: Түйіспелі қыздыру тәсілі мен сымдар мен кабель талсымдарын пісіру және дәнекерлеу
Сабақтың мақсаттары:
- білімділік: Сымдарды дәнекерлеу және пісіру тәсілі арқылы жалғау туралы түсінік беру,түйіспелі қыздыру тәсілі арқылы сымдар мен кабель талсымдарын пісіру және дәнекерлеу жұмыстарына дағдыландыру.
- дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, сымдар мен кабельдерді дәнекерлеу арқылы жалғауды үйрету және дамыту.
- тәрбиелік: Студенттерге техника қауіпсіздігін сақтауды, құрал-саймандарды күтіп ұстауды, ұжымдаса еңбек ете білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы.
Сабақтың әдістері: Ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау).
Пәнаралық және пән ішіндегі байланыс: Физика: Кернеу және ток көзі, Электроматериалтану: Алюминий және мыс
Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Интерактивті тақта, инструктивті технологиялық карта, дидактикалық материалдар, әр түрлі сымдар мен кабельдер, паяльник, канифоль, флюс, припой, оқшаулағыш таспа , монтер пышағы, қысқыш.
Өткізілетін орны: №6 ауылшаруашылығын электрмен жабдықтау зертханасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Студенттерді түгендеу;
1.3. Студенттердің оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Кіріспе нұсқау: (42 мин)
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Студенттердің теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:
-
Кабельдер дегеніміз не? -
Сым дегеніміз не? -
Сымдардың маркалануы. -
Сымды не үшін кварц – вазелинмен майлаймыз? -
Сымдар мен кабельдерді ұштау технологиясын айтыңыз?
2.3. Студенттерге сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету.
Пісіру және дәнекерлеу
Пісіру дегеніміз бір - бірімен жалғастырылытын екі бөлшектің түйісетін жерінде қыздыру арқылы олардың атомдарын өзара біріктіріп бөлінбейтіндей етіп тұтастыру процесі.
Дәнекерлеу - жалғаудың ең сенімді, бірақ күрделі әдісі. Алюминий сымдар үшін А маркалы припойлар қолданылады. Дәнекерлеу операциясы төмендегі тәртіппен жүреді: Әр тал сымның оқшаулағышын алады, щеткамен немесе пышақпен мұқият тазартады да, араларында қуыс пайда болатындай етіп, қосақтап бұрайды. Сымдарды алюминийдің балқу температурасына жуық (8600С) температураға дейін дәнекерлеу шамымен немесе газдық жанарғымен қыздырады. Припой таяқшасымен жалғанған жерді сүртеді. Осылайша сым бетіндегі жай балқитын оксидтік пленканы алады. Балқыған припой сымдар арасындағы қуысты толтыру керек. Жалғанған жерді бензинге малынған таза шүберекпен сүртеді, соңынан глифтальды немесе поливинилхлоридті лакпен қаптайды. Сыртынан жабысқыш таспамен оқшаулайды және екінші қайтара лакпен қаптайды.
Дәнекерлейтін аспап және дәнекер
Дәнекерлегіш (Паяльник) — металдарды дәнекерлеу кезінде қолданылатын қол құралы. Ішкі құрылымына көз жүгіртсек, құрал — қыздыратын зат, стержен, изоляциялық қалам, тоқ берілетін кабель мен тоқ көзіне жалғанатын вилкадан тұрады. Арзан тұратын дәнекерлегіштер дәл осы құрылымдардан құралған. Тоққа қосылғаннан кейін, берілген тоқ қыздырғышты іске қосып, одан әрі қарай жылу стерженге беріледі. Стерженді әдеттегідей мыстан жасайды. Дәнкерлегіш температурасы шамамен 180-300°C арасында болады.
Негізі одан басқа функциясы көп дәнекерлегіштер көп. Өзіндік қасиеттеріне қарай олардың функциясыда әр түрлі. Бізге ең арзаны, және сымдарды дәнекерлеуге жарайтын болса жетеді. Ең қарапайымының бағасы шамамен 1000 теңге, бағасы қолжетімді.
Дәнекер (припой) дегеніміз қорғасын пен қалайының қорытпасы, біріктіруші материалдың қызметін атқарады. Дәнекерлеуде жай сымдарды жалғауда ПОС-30 және ПОС-40 екі түрі жиі қолданылады. Олардың ерекшелігі құрамындағы қалайының проценттің мөлшеріне байланысты. Балқу температурасы ПОС-30– 225 °C, ал ПОС-40 – 234 °C тең.
Флюсты жалғау, біріктіру жұмыстарында қыздыру арқылы қолданады. Флюстар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
– метал мен біріктіру барысында ешқандай химиялық реакция бермеу керек.
– тазалау барысында дақ қалдырмау керек.
Әмбебап флюстар алюминийден, мыстан жасалған сымдарды жалғауда қолданылады.
Техника қауіпсіздігі
Дәнекерлеу және пісіру кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау қажет(қызып тұрған дәнекерлегішке күйіп қалмау үшін ұқыппен ұстап, істету барысында тек сабынан ұстау, істетпеген кезде дәнекерлегіш қоятын арнайы тұғырға қою керек), құрал - саймандарды және материалдарды үнемді, ұқыпты пайдалану керек.
2.4. Студенттердің өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және студенттердің жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
1. Сымдар мен кабельдерді дәнекерлеу дегеніміз не?
-
Сымдар мен кабель талсымдарын дәнекерлеу барысын баяндап беріңіз? -
Пісірумен дәнекерлеудің айырмашылығы қандай? -
Дәнекерлеуішпен біріктіруде қандай заттар қажет?
2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2.8. Студенттерге тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
3. Студенттердің оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу
(180 минут).
3.1. Студенттердің өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:
-
Дәнекерлеу ісін бастамас бұрын, сымның жалғанатын ұшын тазалап аламыз. -
Дәнекерлегішті қыздырамыз, бір сымның ұшын флюсқа жібітеміз және дәнекерлігішпен қыздырамыз. -
Екінші сымдыда да дәл осылай қайталаймыз. -
Екі сымның дайындалған ұштарын бір біріне түйістіріп қоямыз. -
Данекерлегішпен дәнекердың (припойдың) кішкене бөлігің қыздырып балқытамыз. -
Дәнекерлегіштің ұшында балқып тұрған дәнекерді (припойды) екі сымның ортасындағы бостыққа толтырып дәнекерлейміз. -
Дәнекерленген жерді оқшаулаймыз.
3.2. Ағымдағы нұсқау:
-
Жұмыс орнын дайындау. -
Таңдап алынған кабельдің немесе сымның сыртқы оқшауламасын тазарту. -
Студенттердің дәнекерлегішпен жұмыс істеуін қадағалау. -
Еңбек тәсілдерін, орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру. -
Жұмыс ретінің сақталуын қадағалау.
4. Қорытынды нұсқау (45 мин):
4.1. Сабақты қорытындылау.
4.2. Жіберілген қателерді талдау.
4.3. Студенттердің жұмысын бағалау және оны түсіндіру.
4.4. Үй тапсырмасы: Берілген сымдарды үйде дәнекерлеу арқылы жалғау.
5. Жұмыс орнын жинастыру.
Ө/о шебері:____________У.Ш. Мухамеджанов
1.3 тақырып Сымдар мен кабель талсымдарын жалғау және ұштау
Электрлік түйіспеге қойылатын талаптар. Алюминийден жасалған сымдар мен кабель тасымалдарының жалғану ерекшеліктері. Сымдар мен кабель талсымдарын жалғау және ұштау тәсілдері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Механикалық қыспақтардың көмегі мен алюминий және мыс талсымдарын ұштау. 16-240 мм2 сығымдаумен қимасымдарын және кабель талсымдарын жалғау және ұштау. Түйіспелі қыздыру тәсілімен сымдармен кабель талсымдарын пісіре және дәнекерлеу. Кабель талсымдары мен сымдарды термит және газбен балқытып біріктіру. Термиттік және газдық балқытып біріктіру көмегімен сымдар мен кабель талсымдарын жалғауды өндірістік оқу шебері жариялап көрсетеді.
Жұмысты өндіріу құралдар, материал, аппаратура және механизация құралдары
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік шаралары
Білім алушылар орындайтын жаттығулар: сымдар мен кабель талсымдар ұштарынан оқшауламаны алу; жалғау үшін сымдар ұштарын дайындау; ұсақ қималардың бір талды сым ұштарына сақиналар жасау; бір және көп талсымды кабельдер, бір және көп талды сымдарды ұштау және сымдармен талсымдарды қыспаққа қосу;
Люстралық қыспақтың көмегімен сымдарды жалғау; баспақ құрылғысымен және жұмысымен танысу; басу тәсілімен алюминий талсымдарымен үшталсымды кабельді жалғау және ұштау; бір сымды мыс (S=1:2,5мм 2) сымдарын және (S=2,5мм 2) алюминий сымдарын дәнекерлеуге дайындау. Мыс сымдарын дәнекерлеу; түйіспелі қыздыру тәсілімен жалғау үшін 16:240мм2 қима сымдарын және айлабұйымдарды дайындау; пропан бутанды жанарғымен танысу; термиттік және газдық балқытып біріктіру үшін жабдықтар, сымдар мен кабель талсымдарын дайындау.