ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
-
Тараудың атауы
7.4 А XIХ-XX ғасырдың басындағы
Қазақстанның мәдениеті
Мұғалімнің аты-жөні
Бұхарбай Алмас Үсібәліұлы
Күні
26.05.2023
Сынып
7 сынып
Сабақтың тақырыбы
Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
7.2.3.1 – Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау
Сабақ мақсаты:
Ғалым Шоқан Уәлихановтың еңбектерімен таныса отырып, ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау.
Сабақ барысы
-
Сабақтың жоспарланған кезеңдері/
мерзімі
Мұғалім іс-әрекеті /
Оқушы іс-әрекеті
Бағалау түрі
Ресурстар
Сабақтың басы/Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі:-
Сәлемдесу, оқушылардың оқу құралдарын түгендеу. -
«Ізгі ниет» әдісі арқылы оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау: «Сөйлемді аяқта....» әдісі арқылы оқушылар XIXғ. ІІ жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктеріне қорытынды жасайды.
ҚБ смайликтер аркылы
Бір біріне тілек айтады.
Сабақтың ортасы/
Жаңа материалды оқыту
25 минут
Жаңа сабақ.
Барлық оқушы
«Видеоматериалмен жұмыс » әдісі арқылы интерактивті тақтадан Шоқан Уалиханов туралы видеоматериалдан үзінді көрсету.
Оқушыларға сабаққа деген ішкі уәжін арттыру мақсатында диалогтық сұрақтар беру:-
Видеодан кім туралы таныстық? Бүгінгі сабағымызда ғалым туралы қандай деректермен таныс боламыз? -
Неліктен Шоқан Уалихановты қазақ халқының алғашқы ғалымы деп атаймыз? -
Ғылыми еңбектерін ата? -
Ғалымның қазақ тарихында алатын орнына сипаттама жаса.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Топтық жұмыс
1 топ кластер жасайды
2 топ кластер жасайды
Тарихи диктант
Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен ...... халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның ....., ......, ........., ......... т.б. еңбектері өте құнды саналады
Дескрипторы:
- Алғашқы қазақ ғалымы - Шоқан Уәлихановтың ғылыми
- география саласы бойынша ғылыми еңбегін анықтайды;
- әдебиетке қосқан еңбегін анықтайды;
- салған суреттеріне сипаттама береді;
- этнография саласындағы зерттеулерін анықтайды;
- ғылыми зерттеулерінің қазақ тарихында алатын орнына сипаттама береді.
Жұптық жұмыс
Зерттеу жұмысы: тарихи ақпараттармен таныса отырып, Ш.Уәлихановтың қоғамдық саяси–көзқарастарын анықта.
Оқушылар бецнематериалды толық көреді,түсінеді.
Оқушылар кластер жасап қорғайды
Смайлик арқылы
Ауызша мадақтау
Интерактивті тақта
А4 парағы мен арнайы мәлімет
Сабақтың соңы
7 минут
Сабақты қорытындылау
Жеке жұмыс
«Тұлғаны таны» әдісі бойынша ғалымның ұлағатты сөзі беріледі. Оқушылар тұлғаны анықтайды.
«Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын».
Дескрипторы-
Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихында алатын орнын сипаттайды
Үйге тапсырма:«Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапары» - туралы қосымша деректермен танысу.
Бес саусақ әдісі арқылы бағалау
Бағалау
Оқу мақсатына сай жасалған бағалау критерийлері арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды, топтық жұмысқа баға береді, өзара бағалау жүзеге асады.
Рефлексия
3 минут
Қалыптастырушы бағалау: Кері байланыс
БББ кестесі арқылы сабақта кері байланыс орнату.
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Өз ойларын,түсінігін жазып қалыптастырады.
Арнайы стикер таратылады
-