ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 108
Скачиваний: 1
Рахмет, ұстаз алғашқы!
8-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ сыр боп қалар еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
9-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз.
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне, балаңыз!
Ән: «Әліппе, әліппе»
10-оқушы: Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: Балалар, сендер менен не оқыдыңдар, не үйрендіңдер?
Хор: Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік. Енді кітапты өзіміз оқи аламыз. Ыбырай, Абай аталарымызбен таныстық.
Әліппе: Ы.Алтынсарин кім?
1-оқушы: Ы.Алтынсарин – тұңғыш қазақ ағартушысы. Ол алғаш Әліппені жазған.
Біз Ыбырай атамыздың «Бір уыс мақта» әңгімесі мен «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқыдық.
Мұғалім: Ендеше балалар сол «Мақта қыз бен мысық» ертегісін қойып берсек қайтеді?
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
Мақта қыз :
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Автор: Сол кезде мысық келіп мақта қызға
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Автор: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр :
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Автор: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаштар :
Биз жасыл ағашпыз,
Күтсеңдер гүл ашамыз,
Жолыңа нұр шашамыз,
Жапырағымыз азық,
Бұтағымыз қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.Автор: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.Қыздар:
Су - тіршілік негізі,Онсыз өмір сүрмейсің.Тазалықтың негізі,Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.Автор: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.Дүкенші : Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.Автор: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.Тауық:Мен ақ тауықпын,Өзім қақсауықпын.Күніне бір жұмыртқа берем,Жиі бидай жесем - деп әндетеді.Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.Автор: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.Тышқан:
Мен тышқанмын,Өзім дән екпеймін.Егістен ұзап кетпеймін,Айналам толы ән,Қоймам толы дән,Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.Мысық: «Еркем-ай»әніне салып айтып береді. Менің атым мысық-ай,Екі көзім қысық-ай.Тышқан аулап отырамынСүт-көжемді ішіп-ай.Автор: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағыздымысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.Автор: Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы, оқу не үшін керек?Балалар: Білімді болу үшін.Жүргізуші: Алфавит дегеніміз не?Балалар: Әріптер қатары. (Алфавиттегі әріптер туралы тақпақтар айтылады.)Әліппе менен басталып, Болған соң өзім бас әріп. Мереке, дулы жиынды Жүремін әр кез басқарып.Бас әріпке інімін, Дауыстының бірімін. Ә дегенің - Әліппе, Бастауы бар білімнің.Басындамын, бал десең, Бар боламын, бар десең.
Б әрине, басында Тұрар бестік бағаның.Ғанибет, ғибрат жанымда, Ғылым да менде, ғалым да. Керегіңді алып қал, Ғажайып мынау шағында.Дария- дарқан, даламын, Дарамын да данамын. Добы да боп кетемін, Ойынқұмар баланың.Инабат пен ибада, Ол тұрады алдында. Күллі адамзат сыйлаған, Имандылық бар мұнда.Апаға қоссаң, апаймын, Атаға қоссаң, атаймын. Дауыстыдан кейін кеп, Шолақ «Й» боп атандым.Мен, мен деген, мен деген, Мейірімі мол деген. Мұрасы мол әріппін, Малмен берер елге дем.Нардың нары – үлегі, Нарын құмда жүреді. Нартәуекел! – деп атам, Нарүлекке мінеді. Мені білген әрқашан, Нан қадірін біледі.Кем көре ме өзгеден, Басталмайды сөз менен. Ортадамын шаңғыда, Мен шығарам шаңды да. Соңына кеп тұра қап, Аттырамын таңды да.Отбасы, ол – Отаның, Ошағыңмен опа көр. Ой – отымен атаның, Көгеріп – көктеп жатады ел.Сәуле болып жарық күн, Суға да мен қарықпын. Сөз саптайтын серке боп, Тай тұяқтай әріппін.Ән: «Мұғалім – ол біздің»Әліппе: Сөз мәйегі мақал ғой, мақалдатпаймыз ба?Жігіт сегіз қырлы бір сырлы болсын.Тәртіпті бала – сүйініш, Төбең көкке жетеді. Тәртіпсіз бала – күйініш, Төмендеп басың кетеді.Өнер алды – қызыл тіл.Көз қорқақ, қол батыр. Би:«Комбой» Әліппе: Жасырынған жұмбақтар қайда жүр?Мұғалім: Қадірлі Әліппе! Мен жұмбақ айтайын, шешуін қонақтар тапсын.Әліппе: Олай болса, қонақтар, ойланып дайындалып отырыңыздар. - Судан шығады, судан қорқады.
-
Ертеңгісін алдында, түсте өзіңмен, кешке соңыңнан ереді. -
Бір із, бір іздің соңы мың із. -
Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау. -
Тіріден өлі туады, өліден тірі туады.
-
Үш көзді кім біледі?
-
Үш дананы кім айтады?
-
Төрт тұлғаны ше?
-
Жеті атаны кім біледі?