Файл: Мейірімді трбиеші Жас келсе іске.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 35

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Мейірімді тәрбиеші»

«Жас келсе- іске» деген керемет нақыл сөз бар.

Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, мен үшін ол бір үлкен сый-құрмет, егер үлесім тиіп жатса, мен өзімді сонда ғана бақытты тәрбиеші - ұстаз, бақытты жанмын деп сезінер едім. Қазіргі заманда «ұстаз» болу үшін ерінбей еңбек ету қажет. Сол себептен өз біліп, көргенімді жан аямай, ат салысып болашақ Қазақстан азамат, азаматшаларына, өз ана тілімізді,дінімізді, салт-дәстүрімізді тәлім- тәрбие арқылы жеткізудемін. Және де қарт ата-анамызды, Ұлы Отан соғыс ардагерлерін, еңбек ардагерлерін сыйлауға үйретемін. Жас Отанымыздың болашақ жастарын «Алға тек алға» деген ұранмен тәрбиелеп, аяғымызды нық басудамыз.

Мен Туреханова Айдана Балтабаевна. 1997 жылы 24- ақпанда Ақсу ауданы Евгеньевка ауылында дүниеге келдім. Білімді аяқтағаннан кейін, Жаяу Мұса атындағы колледжге оқуға түстім. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Павлодар облысының Ақсу қаласының №2 балабақшасына тәрбиеші маманы болып жұмысқа орналастым. Жұмысқа алғаш келгенімде «жас маман» ретінде шын пейілдерімен қарсы алды. Жұмыс маған қызықты, әрі қатты ұнайды. Жұмыс орнымда барлығымыз апа - сіңлі ретінде бір-бірімізді шын көңіл-күймен құрметтейміз. Казіргі істеп жүрген тобым даярлық тобы. Бұл топта 23-бүлдіршін тәрбиеленеді. Осы бүлдіршіндер мемлекеттік ана-тілімізде сөйлеп, білім алуда. Одан әрі ана - тілімізде білімдерін алып, шыңдай түсулеріне өз үлесімді қосып, бар білгенімді, ақ-көңіл ниетпен жеткіземін. Осы топтың түлектері одан әрі білімдерін нығайтуға, Отанымыздың бір бөлігіне үлкен маман иесі болуларына, өсіп өркендеулеріне шын көңілмен тілектеспін.

Алға басқан ізімнің кері кеткенінен емес, басқа ел білер іс- қалды ма деп, өз еңбек жолымды саралай келе, №2 балабақшасында жұмыс істей отыра Павлодар қаласына «Педагогикалық шеберлік орталығына» біліктілікті арттыру бойынша 235 академиялық сағаттық көлемінде оқу курсын аяқтап, сертификатымды қорғап алдым.

Қазіргі бөбектерге айтарым қазақ елінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дінін, тілін ұмытпаса деген ниеттемін. Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.


Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде.