Файл: ндіріс орындарында жасанды жарытандыру жйесін жасау Мазмны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 52
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өндіріс орындарында жасанды жарықтандыру жүйесін жасау
Мазмұны
Кіріспе
Тапсырма
Есептеу
Жарықтандыруды қайта құру
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кіріспе
Қауіпсіз еңбек жағдаймен қалыптастыра отырып, еңбек өнімділігі мен өндіріс мәдениетінің жоғарылауын қамтамасыз етуші факторлардың бірі-жағымды жарықтық климат.
Қазіргі күнде адам қоғамының жарықсыз өмір сүруі мүмкін емес. Жарық қондырғылары адамның сыртқы ортадан алатын жалпы ақпаратының 90%-ін беретін көру сезімімен қамтамасыз ететін жарықтық жағдай тудырады. Жарық жұмыс пен оқу үшін қалыпты жағдай тудырып, біздің жұмысымызды жақсартады. Қазіргі кездегі жарықтық-техникалық жетістіктердің көмегімен жарықты тиімді пайдалану-еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттырудың, зақымдану жарамсыз өнімнің шығуын төмендетудің маңызды қоры болып табылады.
Қазіргі таңда, тәуліктің қай мезгілінде болмасын жұмыс атқару үшін электр жарығын жан-жақты қолдану маңызды орын алады. Жарықтандыруды тиімді ұйымдастырудың гигиеналық және әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Жеткіліксіз жарықтандыру салдарынан көру органдарының патологиялар-ының дамуы, зақымданулардың көбеюі, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі жарамсыз өнімдердің көбеюі мүмкін.Қазіргі кездегі жарықтық техникалардың масштабын келесі сандарға жүгене бағалауға болады.
ТМО мекемелерінде, қазіргі уақытта, тек өнеркәсіп саласы мен ауыл шаруашылығында, қоғамдық және тұрғын жайларда, қалалар көшелерінде жалпы қуаттылығы 800 млн, квт, болатын 1 млд-тан астам жарық нүстелері орналастырылған. Қазақстанда электростанциялардың қуаттылығы 18 млн. квт құрайды, жыл сайын жарықтандыруға өндірілетін электр энергиясының 10%-ке жуығы жұмсалады. Жақын уақытта Қазақстанда; Балхаш маңында АЭС-ның құрылысы жоспарлануда, бұл тұрғын аймақтық, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының және басқа да мекемелердің жарықтануының жақсаруына елеулі үлес қосатын болады. 1923 жылдарда жасанды жарықтануды нормалаудың негізгін қалаушы процессор П.М. Тиходеев болды. Осы кездерде, электр энергиясының тапшылық кезінде, жарықтандырудың барынша жоғарғы деңгейі ретінде 100 лк ұсынылды. 1941 жылдары әртүрлі объектілерді жасанды жарықтандырудың басты көзі ретінде қыздыру (вольфрам спиральін 1700-1800 оС-ға дейін қыздыру арқасында) лампалары қолданылады. Бұл лампалар-дың жарықтығы өте жоғары болып, көру қабілеттілігіне әсерін тигізетіндіктен жарықтандыру арматуралары ойластырылып шығарылды.
1945 жылы қазіргі күндерде де лампалар ішінде басты орын алатын люминисцентті лампалар шығарыла бастады.
Қазіргі кездегі жарық техникаларының басты тапсырмасы адамдардың еңбегімен денсаулығы үшін жайлы жарық ортасын қамтамасыз ету сонымен қатар электр энергиясын тиімді пайдалану негізінде жарықты техникалық процесстерде қолданудың тиімділігі мен масштабын арттыру болып табылады.
Өндірістік жарықтандыруды барынша толық және квалификациялы қолдануға әрекет жасау нақтылы әдістемелік нұсқаудың мақсаты.
Өндірістік мекемелерді жарықтандыру жасанды және табиғи жарықпен жүзеге асырылады. Табиғи күн сәулеі жағымды спектрлі және адам көзіне үйреншікті болып келеді. Табиғи жарықтандыру психологиялық жағымды әсер етеді. Күн спектрінің құрамында адам денсаулығына маңызды ультракүлгін сәулелер бар, бірақ олар қарапайым шынылардан (әйнектен) өтпей ұсталып қалатындар үшін күн спектрінде ультракүлгін сәулесінің болуы өте пайдалы.
Табиғи жарықтандыру мен жасанды жарықтандырудың қоса қолданылуы бірлескен жарықтандыру деп атайды. Бірлескен жарықтандыруды нормалау табиғи жарық коэфициенті (ТЖҚ) бойынша жүзеге асырылады.
Жасанды жарықтандыру қабырғадағы терезелер (бүйірден), шыныланған жарық фонарлары (жоғарыдан) жарықтандыру, немесе екі тәсілді бір мезгілде қолдану арқылы (қиыстырылған) жүзеге асырылады.
Табиғи жарықтандыру деңгейі күні бойы өзгеріп отырады және атмосфера жағдайына тәуелді болады. Жасанды жарықтандырудың бұндай кемшіліктері болмағанымен, оның спектрлік сипаты табиғи жарықтыкінен нашар және энергия шығындылығымен, байланысты электр қауіптілігімен және т.б. кемшіліктермен (жарық ағымының импульсациясы, артық шу) сипатталады.
Жалпы-жарық көздеріменғимаратты жарықтандыруда қиыстырылған-жалпы жарықтандыру мен бірге қарқынды көру жұмыстары атқарылатын жұмыс орындарында жоғары деңгейдегі жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жергілікті жарықтатқыштарды орнатады. Қиыстырылған жарықтандыру жүйесі өндірісте кең қолданылады және экономикалық тұрғыдан ұтымды болып саналады.
Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады.
Көздің шаршаған дәрежесі заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады. Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.
Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға тиісті жауап беру қажет:
— жұмыс орындағы жарықтың «Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жалпы талаптар» 2.04-05-2002 ҚР СНиП бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес болу қажет.
— Жұмысшы беттердегі және қоршаған кеңістік шектеріндегі жарықтың мүмкіндігінше бірқалыпты таралу қажет;
— Жұмыс бетінде айқын көлеңкелер болмау қажет;
— Түсті дұрыс тарату үшін қажетті жарықтың қажетті спектралдық құрамын жарықтандыру қамтамасыз ету қажет;
— Жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың көзі болмау қажет, сондай-ақ электрге және өртке қауіпсіз болу қажет.
Жасанды жарықтың есептеу әдістері:
Светотехникалық есептеу: пайдалану коэффициент, нүктелік және салыстырмалы қуат әдістермен есептеледі.
1. Нүктелік әдіс
Бұл әдіс бойынша симметриялы шеңбер сәуле тарату әр жарық шамының жарық ағыны 1000 лм-ге тең деп алады. Бұндай жарық шамының құру жарықтандыруды шартты деп атайды. Шартты жарықтандырудың шамасы шамның жарық тарату және геометриялық өлшемдеріне байланысты: нүктеден шамның жарық түсіретін жеріне дейінгі проекциясының ( α ) және жарық түсіретін дәрежесінен шамның орналасу биіктігі ( h ) дейінгі арақашықтығы. Әр шамдағы жарық ағыны келесі формуламен анықталады:
Мұндағы μ – жойылған шамдардың әрекетін есептейтін коэффициент, (1,1-1,2) аралығында алынады;
∑Е – бақылау нүктесіндегі жалпы жарықтандыру;
шамның минималды жарықтануы;
қор коэффициенті;
2. Пайдалану коэффициент әдісі
η пайдалану коэффициентін анықтауға негізделген. Ол жарықтанатын аспаптың есептелетін бетіне түсетін толық жарықтың қатынасына тең.
Бөлме индексі:
Мұндағы: А – бөлме ұзындығы;
В- бөлме ені;
h- есепті биіктік
Әр шамның жарық ағыны :
Е – минималды жарықтандыру;
Кз – қор коэффициенті;
S – жарықтанатын аудан,
Z –жарықтың бірқалыпсыз коэффициенті ( 1,1-1,2);
N –шам саны.
К е с т е – 1. ВЗГ жарық шамы үшін жарық тарату.
a бұрышына бағытталған Ia жарық күші, кд | ||||||||||
0 | 5 | 15 | 25 | 35 | 45 | 55 | 65 | 75 | 85 | 90 |
180 | 183 | 191 | 195 | 180 | 175 | 160 | 140 | 50 | 8 | 2,0 |
К е с т е – 2. Бастапқы мәндер
Нұсқа | 39 | ||
Бөлме | Малярный цех | ||
Өлшемі | 15х20х4 | ||
Шам түрі | ВЗГ-100 | ||
Шам саны | 15 | ||
Көру жұмысының разряды | IV, б | ||
| | ||
rпот | 30 | ||
rст | 10 | ||
rпол | 10 |
Өндірістік жарықтандыру
Дұрыс жоспарланған және орындалган жарықтандыру, қалыпты өндірістік істі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда адамкөзінің көру кабілетінің сақталуы, орталық жүйке жүйесінің жағдайыжәне өндірістік қауіпсіздік жұмысшылардың жұмыс істеу орындарынан жарықтандыру жағдайына тәуелді. Сонымен қатар жарықтандыруға еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасы да байланысты болады.
Өндірістік жарықгандыру, адамның еңбек эрекеті жағдайыныңэлементі. Жұмыс орнын дұрыс жарықтандыру адамның көру қабылетін, жүйке жүйесінің қалыпты күйін сактауды жэне өндіріс үрдістеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Көрінетін жарық
Толқын ұзындығы 770-380 нм электромагниттік толқындар. Ол толқын ұзындықтары 10-340000 нм шектелген элекгромагниттік спектрдің оптикалық облысына кіреді. Оптикалық облысқа көрінетін жарықтан бөлек ультракүлгін сәулелер (толқындарының ұзындығы 10-380 нм аралығында) және инфрақызыл (жылулық) сәулелер (толқындарының ұзындығы 770-340000 нм аралығында) кіреді.
Табиғи жарықтану
Аспанның тура жэне шагылған жарығы есебінен жүзеге асады. Табиғи жарықталуды сипаттау үшін табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) қолданылады.
ТЖК=Е /е100%
мұндағы:
Е - жұмыс орнындағы жарық, лк (люкс);
е - орташа бұлттану кезінде көшедегі жарық
Аралас және жасанды
Егер, тәуліктің жарық мезгілінде табиғи жарықтануу мөлшерге сәйкес болмаса, онда жасанды жарықтандырумен толықтырады.
Жасанды жарықталу электр шамдарымен жүзеге асады. Оның түрлері: жалпы, жергілікті, қосарланган
Техникалық шамалар мен өлшем бірліктері
Толқын ұзындыгы 10 Нм мен 340000 Нм аралығында жататын электромагниттік спектрдің бөлігі, спектрдің оптикалық облысы деп аталады. Ол толқын үзындығына байланысты 3 түрге бөлінеді:
-
340000-770 Нм инфрақызыл сәулелену, -
770-380 Нм көрінетін сэулелену, -
380-1 ОНм ультракүлгін сәулелену.
Спектрдің көрінетін бөлігінде толқын үзындығының эр түрлі болуы, әртүрлі түс пен жарық береді: күлгіннен (Я.=400 Нм) қызьшға дейін (Х=750 Нм). Көру қабілетінің ең жоғарғы сезімтапдыгы толқын үзындығының 555 Нм (сарғыш-көк) келеді де, көрінетін спектрдің шегіне қарай төмендейді.
Жарықтандырудың түрлері мен жүйелері
Өндірістік бөлмелерді жарықтандыру үшін (тікелей және шагылысқан түрдегі) табиғи жарықты, электр шамдарын қолдану арқылы жасалынатын жасанды жарықты жэне күннің жарық кезінде (мөлшер бойынша жеткіліксіз) табиғи жарықты жасанды жарықпен толықгыратын аралас жарыктандыру қолданьшады. Табиғи жарық спектрінде, жасанды жарыққа қарағанда, адам организміне пайдалы ультракүлгін сәулелер өте көп болады және табиғи жарық көру жұмыстарына қолайлы эсер етегін диффузиялығымен (таралуымен) сипатталады.
Жасанды жарықты, қабырғалардағы жарық ойықтары (терезелер) арқылы қанағаттандыратын қабырғалық, аэрациялық және жиектік ойықтар арқылы қанағаттандырылатын төбелік жэне осы екеуін қосарлана пайдаланатын аралас деп бөледі.
Конструктивтік орындалуына байланысты
Жалпы жарықтандыру - жалпы бірқапыпты жарыктандыру (құрьшғылардың орналасуын есептемей жарық ағынын біпрқалыпты тарату) жэне жалпы локальдық жарықтандыру (жарық ағынын құрылғылардың орналасуын ескере отырып тарату) деп екі түрге бөлінеді. Ғимарат ішінде тек қана бір жергілікті жарықтандыруды қолдануға болмайды.
Функциональдық тағайындалуына қарай