Файл: ндіріс орындарында жасанды жарытандыру жйесін жасау Мазмны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 53

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жұмысшы жарық барлық бөлмелерде және жарықтандырылатын аулаларда, қалыпты жұмысты, адамдардың жүрісі мен транспорттың қозгалысын қамтамасыз ету үшін қажет.

Апатгық жарықты, жүмысшы жарық кенеттен өшіп (апат болғанда) құрылгылардың токгауынан өрт, жарылыс, адамдардың улануы,технологиялық процесстердің үзақ бүзылуы жэне басқа да жүмысын токңгатуға болмайтын өндірістік орындарда қояды.

Эвакуациялық жарыктандыру бөлмелердегі жүмысшы жарық өшкен жагдайда, адам өтуге кауіпті жерлерде жэне 50-ден астам адам жұмыс істейтін жерлерде қойылады. Қоғамдық мақсаттағы бөлмелердің бір мезетге 100-ге жуық адам болатын есіктеріне міндетгі түрде жарықтық белгілер қойылуы керек.

Өндірістік жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар
Өндірістік және әкімшілікті-қоғамдық жұмыс алаңдарында, жұмыстың көпшілігі қүжаттармен болғанда, жарықтанудың комбинирленген жүйесін қолдану рүқсат етілген (жалпы жарықтануға қосымша жергілікті шам жарықтағыштары орнатылады, олар қүжаттар орналасқан зонаны жарықтандыруға арналған).

ЕО-да жақтаулы табиғи жарықтану қолданылады. Жұмыс бөлмелері мен кабинеттерде табиғи жарықтану болуы қажет. Қалған жерлерде жасанды жарықтану қолданылады.

Табиғи жарықтану жетпеген жағдайда біріктірілген жарықтану қолданылады. Сонымен қоса қосымша жасанды жарықтану тек қараңғы кезде ғана емес тәуліктің жарық кезінде де қолданылады. Жалпы жасанды жарық табиғи жарық жетпеген жағдайда жұмысқа комфорттық жағдай жасау үшін, тәуліктің түнгі уақытында, сонымен қатар табиғи жарығы жоқ ғимараттарда қолданылады.
Электрлік жарық көздері
Жарық көздері өндірістік кэсіпорындардың жарық беру қондыргыларының маңызды құрамдас бөлігі. Жарық шамдарының түрін және қуатын дұрыс таңдап алу, жарық беру құрылгыларының пайдалану сапасына, экономикалық тиімділігіне жэне жасанды жарықгандыруға қойылатын талаитарга сэйкес келуіне эсер етеді.

Жарық көздерін бір-бірімен салыстыру үшін және оларды таңдап алу үшін мынандай сипаттамаларды пайдаланады:

Электрлік (вольтпен өлшенетін номинальды кернеу, шамның ваттпен өлшенетін электрлік қуаты);

Жарықтық техникалық (люменмен өлшенетін шамның шығаратын жарық агыны, кейбір шамдар үшін жарық ағының орнына берілетін максимапды (ең жоғарғы) жарық күші, І тах, канделамен беріледі);

Жарықтандыру қүрылғыларында қыздырғышты шамдардың көптеген түрі қолданылады - вакуумдық (НВ), газ толтырылған биспиральды (НБ), криттгонды ксенон толтырылған биспирапьды (НБк), айналы диффузды қабықшамен жэне т.б. Соңгы кезде галоидгы шамдар - иодтық циклды қыздырғышты шамдар көп қолданыла бастады. Өйткені спираль тұратын колбада иодтың бар болуы спирапьдың қызу температурасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл кезде вольфрам буы қайтадан иодпен қосылып қайта вольфрамға қонады да, вольфрам жібін жіңішкеріп шашырап кетуден сактайды.


Мұндай шамдардың қызмет уақыты 3000 сағат, ал жарық кайтарымдылығы 40 лм/Вт, сәуле спекгрі табиғиға жақын.

Галогендік шамдар дегеніміз — шыны кварщтық түтікшенің ішіне екі шетінен ілінетін жіп тәріздес қыздырғышы бар құрылғылар.

Газоразрядты шамдар - спектрдің оптикалық диапазонында сәулеленуі, инерттік газдар мен металл буының атмосферасында электрлік разряд нәтижесінде, сонымен қатар люминесценция көрінісі әсерінен болатын құрылғылар.

Электр шамдары
Жарық көзі мен жарықгандыру арматураларыньщ жиынтығын электр шамы деп атаймыз. Жарықтандыру арматураларының маңызды функциясы жарықтандыру қондырғыларының тиімділігін көтеретін, шамның жарық ағынының тең бөлінуін қамтамасыз етуі болып табылады. Сонымен қатар жарық арматурасы жұмысшы көзін шамадан тыс жарық ашықтылыгынан қорғауға, электр желісін жүргізуге, жарық көзін бекітуге жэне ластану мен механикалык зақымданудан қорғауға негізделген.
Жасанды жарықты мөлшерлеу
Өндірістік жарықты жобалау құжаттарында СНжЕ II—4—79 сандық (ең аз жарық шамасы) жэне сапалық (көздің шағылысу көрсеткіші жэне дискомфорт, жарық жыпылықтауының тереңдігі т.б.) көрсеткіштері келтірілген.

Өндірістік жарықты жарық көзі мен жарыктандыру жүйесіне байланысты бөлек мөлшерлеу қарастырылған.

Жарыктандыру мөлшерін анықтағанда көру жұмысының дәлдігіне қарай жарықгандыру деңгейін көтеретін бірқатар шарттарды ескеруге тура келеді.
Табиғи жарықты мөлшерлеу
Табиғи жарық өзінің жарықтандыруының өте кең шекарада өзгеруімен сипатталады. Бұл өзгерістер күннің жыл мезгілімен, метеорологиялық фактор-лармен: күннің бұлттануы, жер бетінің шағылыстыру қасиетімен т.б. шартталынады. Сондықтан табиғи жарықтың жарықтылық шамасын сандық көрсеткішпен беруте болмайды. Табиғи жарықты мөлшерлеу шамасы ретінде салыстырмалы шама — табиғи жарықтылық коэффициенті (ТЖк) қабылданған.
Жасанды жарықты есептеу
Есептің мақсаты жарық беру қондырғыларының өндірістік бөлмелердегі қажетті керекті жарықтылықты қамтамасыз ететіндей қажетгі қуатын анықтау.

Жарық беру қондыргыларын жобалау барысында, мынандай сұрақтарды шешу керек:

1. Жарык көзінің турін таңдау;

2. Жарыктандыру жүйесін аныктау;

3. Жарық беру сипатына байланысты шам түрлерін таңдау;

4. Шамдарды бөліп орналастыру және олардың санын анықтау;

5. Жұмыс орнындагы қажетті жарықгылық мөлшерін анықтау.




Жұмыс орнын жарықтандыру.
Өндірістік ортада жарықтандырудың жеткіліксіздігі жұмыс қабілетіне, өнімділігіне, жұмысшылардың физикалық және моральдік күйіне, өнім сапасына және жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.

Өндірістік ортада жұмыс жағдайлары қанағаттанарлық болуы үшін жұмыс орнын жарықтандыру ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 құжатының талаптарына жауап беру керек. Яғни: жұмыс орнын жарықтандыру орындалатын жұмыс сипатына байланысты сәйкес жарықтандырылуы керек; жарықтылық жұмыс аймағына барынша біркелкі таралуы керек; жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың көзі болмауы (шу, діріл) керек және де электр және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбауы керек.

Негізінен өндірістік объектілерде табиғи жарықтандыру және жасанды жарықтандыруды қолданады. Табиғи жарықтандырудың көзі – күн радиациясы, яғни жер бетіне тіке және сәулелі таралған жарық түрінде жететін күннің сәулелі энергиясының ағыны. Табиғи жарықтандыру ең гигиеналы және әдетте үнемі адамдар болатын ғимараттарға қарастырылған. Егер көру жұмысының шарттары бойынша ол жеткіліксіз болған жағдайда қосымша жарықтандыру қолданады. Ғимараттағы табиғи жарықтандыру шеткі (сыртқы қабырғадағы жарық саңылаулары арқылы), жоғарғы (фонарьлар, жабудағы жарық саңылаулары, сондай-ақ ғимарат төбесіндегі ауытқушы қабырғалар саңылаулары арқылы).

Жасанды жарықтандыру көзі ретінде люминесценттік шамдарды таңдаймыз, өйткені олар қызу шамдарына қарағанда жарық беру күші мен үнемділігі жағынан тиімді. Жасанды жарықтандыру ортақ (барлық өндірістік ғимараттар жарықтандырылатын беттің үстіне бір деңгейде бір үлгілі шамдармен жарықтандырылады) және аралас болуы мүмкін. Тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға рұқсат етілмейді, өйткені ашық жарықтандырылған және жарықтандырылмаған аудандардағы ширақ контраст көзді талдырып, жұмыс үрдісін баяулатады және апаттық жағдайға әкеп соғуы ықтимал.

Люминесцентті лампалар өндірістік және басқа ғимараттарда табиғиға жақын жарық тудырады, олар басқа шамдармен салыстырғанда аса үнемді және гигиеналық тұрғыдан алғанда көзге жағымды жарық тудырады.

Люминесценттік жарықтардың басқа артықшылықтарына ұзақ қызмет ету мерзімін (10000 сағ) және 75 лм/Вт, т. жететін жоғары жарық шығару мүмкіндігін жатқызуға болады. Жарық шығару түтікшенің барлық бетінен жүреді яғни люминесценттік шамның ашықтығы мен соқырландыруы қыздыру шамдарынан әлдеқайда төмен. Колбы бетінің төмен температурасы (5°С) шамасында шамды салыстырмалы түрде өртке қауіпсіз етеді. Бірқатар артықшылықтарына қарамастан люминесценттік жарықтандыру кейбір кемшіліктерге ие: стробоскопиялық әсер тудыратын жарық ағынының пульсациясы, реттеуші қосушы құрылғыларды (дросселдер, стартерлер) талап ететін қымбат және күрделі қосу схемасы, шағылысу; қоршаған ортаның температурасына сезімталдық (20—25 °С); температураның түсуі мен жоғарылауы жарық ағынының азаюына әкеп соғады.


Люминофордың құрамына және құрылу ерекшеліктеріне қарай люминесценттік шамдардың бірнеше түрін ажыратады: ЛБ – ақ түс шамдары, ЛД – күндізгі жарық шамдары; ЛТБ – жылы-ақ түсті жарық шамдары; ЛХБ – суық түсті шамдар; ЛДЦ – дұрыс жеткізілетін күндізгі жарық. Ең қолданбалысы – ақ түсті жарық шамы. ЛХБ, ЛД және ЛДЦ шамдары жұмыс түс айыруды талап ететін жағдайларда қолданылады.

Люминесценттік шамдардың сипаттамасы ЛВ001 келітірілген. Биік өндірістік ғимараттардың (6 м астам) ашық кеңістіктерін жарықтандыру үшін соңғы кездері жоғары қысымды доғалы люминесценттік сынап шамдары таралуда (ДРЛ). Бұл шамдар кәдімгі люминесценттік шамдардан айырмашылығы кішігірім көлемде жеткілікті электр және сәулелі қуатты жинайды. Мұндай шамдарды қуаттылығы 80 нен 1000 Вт дейін шығарады. Шамдар сыртық температураның кез келген деңгейінде жұмыс істейді. Осыдан басқа қыздыру шамдарының орнына кәдімгі шамдардың ішіне орнатуға болады. Шамның кемшілігі – жанған кезде 0-7 мин дейін қыздырылып барып жануы жатады.

Жұмыс орнын рационалды жарықтандыру кәсіби ауру мен жарақатты ескертетін, адамның еңбек тіршілігіне тиімді әсер беретін маңызды факторлардың бірі. Жарықтандырылудың дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өкімділігімен еңбек қабілетін арттырып, еңбек жағдайына қолайлы жағдайларды жасайды.

Жарықтанудың жеткіліксіз болуы көз қысымына әкеліп, адам назарын әлсіретіп, мезгілсіз шаршауға алып келеді. Жарық бағыттының дұрыс түспеуі де жұмыс жағдайында жазатайым оқиға мен кәсіби аурулардың туындауы мүмкін. Сол үшін жарықтандыруды есептеу маңызды болып табылады. Егер жұмыс орнында табиғи жарық жеткіліксіз болса, онда жасанды жарықтандыру есептеледі. Олар екі жарық көзінен тарайды. Олар қызу және люминесцентті лампылар. Қызу лампысына қарағанда бірнеше артықшылығы бар люминесцентті лампыларда пайдалынамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1.  Айзенберг Ю.Б. Справочная книга по светотехники.-Москва,-1983.

  2. СНиП РК 2.04-05-2002. Естественное и искусственное освещение. Общие требования. –Астана, 2002.

  3. www.Malimetter.kz сайты

  4. Справочная книга для проектирования электрического освещения. Под редакцией Г.М. Кноринга. Л. 1976г.

  5. Абдимуратов Ж.С., Мананбаева С.Е. Безопасность жизнедеятельности. Медодические указания к выполнению раздела «Расчет производственного освещеня»  Алматы: АИЭС, 2009. -20с.