Файл: Бала ыын орау Бала ыын орау сратары арнайы абылданан халыаралы ыты актілермен реттеледі. Осы кнде глобальдік проблемаларды халыаралыыты дрежеде ана шешуге болады. Глобальдікке бала ыын орау проблемасы жатады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бала құқығын қорғау
Бала құқығын қорғау сұрақтары арнайы қабылданған халықаралық –құқықтық актілермен реттеледі. Осы күнде глобальдік проблемаларды халықаралық-құқықтық дәрежеде ғана шешуге болады. Глобальдікке «бала құқығын қорғау» проблемасы жатады.
Алғаш рет 1924 жылы бала құқығын мойындау және оны заңнамамен бекітуге халықаралық деңгейде Женевада әдейі шақырылған халықаралық конференцияда талқыланды. Халықаралық бала құқығын мойындау процесіне ерекше импульс берген, құрылғанының ең бірінші күнінен бастап жалпы адам құқығын қорғау контекстінде, бала құқығын қорғау және мойындау сұрақтарын қарауына белсене көңіл бөлген –Біріккен Ұлттар Ұйымы болды.
Бала құқығы облысында бірінші маңызды құжат болып 1959жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған — Бала құқығы декларациясы болды. Осы күндегі декларация қабылдауының мақсаты – барлық балаларға бақытты балалықшақ сыйлау және декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды өз қалауына және қоғам игілігіне қолдануына бағытталған.
Декларация барлық ата-аналарға, әйелдер мен еркектерге, ерікті ұйымдарға, жергілікті билікке және мемлекет өкіметіне, бала құқығын сыйлау, мойындау және үндеу ретінде идеясын бейнелейді.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқықтары декларациясында: адамзаттың балаға қолда бардың ең жақсысын беруге міндетті екендігі айтылған. Бірақ, өкінішке орай, бұл тұста біз күннен- күнге ұлғайып бара жатқан балалардың өлімін және өсіп келе жатқан ұрпақтың әлсіз денсаулығын айтуға мәжбүр болып отырмыз.
Декларациядан әлем қоғамдастығының ниеті мен ықыласы бір болуы керектігін білеміз, әлемдегі бүкіл балаларды бірлесіп бақытты етуі үшін, қажетті шараларды қолданып: күнелткен әлеуметтік проблемалардан қорғап қалуымыз, құқыққа, бостандыққа, бала абыройы мен жеке басына, кез-келген қол сұғуға рұқсат етпеуіміз қажет, өзіміздің жеке бас пайдамызды ұмытып, баланың қалауын және болашағын ойлауымыз қажет.
1959 жылғы Бала құқықтары декларациясының мұнан арғы дамуы мен бала құқығына қатысты жағдайды заңдық түрде бекітуі үшін, мемлекет тарапынан 1989 жылы 20 қарашада Балалар құқығын қорғау жайлы жан-жақты Конвенция қабылданды.
Бұл конвенцияны міндетті екенін барлық БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мойындады. Сол себепті барлық мемлекеттер конвенция бұйрығын ешбір қарсылықсыз, міндетті түрде орындап, бала құқығын қорғауға және кез-келген қол сұғуға жол бермеуі қажет.
Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңының 10-ншы бабында әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар екендігін, сонымен қатар, мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуіне қамтамасыз ететіндігін, оның тәні мен жанын жәбірлеуден, адамдық қадір қасиетін қатыгездіктен, дөрекілік пен қорлаудан, кемсітуден және оны адам мен адамзаттың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асыратындығын көрсеткен.
Адам өміріне қол сұғатын әртүрлі аспектілердегі қылмыстарды зерттеуге ерекше назар аударудың себебі алдымен қазіргі кезде олардың көп таралғандығымен емес, олардың қоғам үшін қауіптілігінің артуымен түсіндіріледі. Әрбір адамның өмірін сақтау маңыздылығы кісі өлтірудің түрлерімен, соның ішінде баланы өлтірумен күресу проблемаларына назар аударуды қажет ететіндігімен шартталады.
Қазіргі кезде нәзік жанды әйелдер мен болашағынан үміт күттіретін жастар арасындағы қылмыстық әрекеттердің саны арта түсуде.
Анасының өз баласын өлтіру қылмысын қоғамдағы жасалатын қылмыстардың ішіндегі ең қатігез, ауыр түріне жатқызуға болады.
Анасының нәрестесін туып жатқан кезде, сол сияқты одан кейін психикасының бұзылуы жағдайында немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы жағдайында өлтіруі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-ші бабына сәйкес қылмыс болып табылады. Бұл қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілігі сол- адамға туғаннан берілетін, оның өмірге деген шексіз құқығы бұзылады.
Аналардың туған сәбиін өлтіру фактілері жиі кездеседі. Балалардың мәйіттері және олардың дене бөліктері қалалық қоқсытың ішінде жиі табылуда. Қоқсықтың арасында тек қана нәрестелердің өліктері ғана емес, сонымен қатар әлі тірі балалар табылған оқиғалар да ұшырасып жатады.
Сонымен бірге баланың табиғи құқығына қол сұғатын көптеген басқа жәйіттерді де байқауға болады. Қазіргі кезде ауыстырып салу не өзгедей мақсаттарда пайдалану үшін адамның соның ішінде баланың мүшелерін немесе тінін алу жағдайлары көрініс табады. Бұл жәйт баланың өмір сүру құқығының бұзылуына әкелетіндігі сөзсіз. Адамның мүшелерін және тінді трансплантациялаудың көптеген құқықтық мәселелері анықталмаған.
Бүкіл әлемде адамның мүшелерін трансплантациялаудың коммерциализациясы бойынша қауіп күннен –күнге өсуде. Соның ішінде балалардың мүшелерін пайдалану жағдайлары да көбейіп кеткені мәлім. Айта бересек мұндай мысалдар өте көп.
Бала құқығы конвенциясы
Әлем балаларының ең қасиетті құқығы — өмір сүру құқығы. «Мемлекет бала денсаулығын және максималды ықтимал дәрежеде өмірін сақтап қалуға міндетті»- бұл норма Бала құқығын қорғау туралы конвенцияның 6-ншы бабында көрсетілген. Әрбір өкіметтің, мемлекеттің қасиетті міндеті бала өмірін қорғау және көркейту болып табылады. Баланың өмір сүру құқығын жариялайтын нақ осы қасиетті нормадан, конвенцияның басқа нормалары бастау алады. Баланың мынылырға құқығы бар:
1-ден, туған кезінде ат алуға, азаматтық алуға, соның арқасында ата-анасы кім және солар тарапынан қамқорлыққа ие болуға құқылы. (7-ші баб)
2-ден, индивидуалдығының сақталуына құқы бар. (8-ші бабы)
3-ден, өз ата-анасымен бірге тұруға құқылы; егер баланы бір, әлде екі ата-анасымен айырса, ата-анасымен байланыста болуға құқылы. (9-шы бабы)
4-ден, өз ата-анасымен кез-келген елге кетуге және ата-анасымен қайта қауышуға немесе ата-анасымен жеке қарым-қатынас жасау мақсатымен кез-келген елге келу құқығы бар. (10-шы бабы)
5-ден, емін-еркін өз көзқарасын білдіруге, информация алуға, шекараға тәуелсіз информация және идеяларын таратуға құқы бар. (12-ші, 13-ші баптар)
6-дан, ерік бостандығына, ұждан бостандығына, дін бостандығына құқы бар. (14-ші баб)
7-ден, ешқандай мемлекет пен қоғам тарапынын қысымсыз басқа адамдармен кездесуге және ассоциацияға кіруге немесе оны өзі емін-еркін құруға құқы бар. (15-ші бабы)
8-ден, жеке өміріне, жанұя ісіне және үй іші ісіне, жазысқан хаттарға араласпауына құқы бар, өсең-аяңдар мен жаладан қорғаныс алуға құқы бар.(16-шы баб)
9-дан, жоғары стандартқа сай медициналық көмек алуға құқылы. (24-ші баб)
10-дан, ішіне әлеуметтік сақтандыру кіретін, әлеуметтік қамсыздандырудың игілігін қолдануына құқы бар. (26-шы баб)
11-ден, дамуына (физикалық, ой-әрекетінің, рухани, өнегелі және әлеуметтік дамуы ) қажетті жағдайлардың болуына құқылы. (27-ші баб)
12-ден, білім алуға құқы бар. (28-ші баб)
13-ден, дем алуға, бос уақытқа және мәдени, шығармашылық шараларға қатысуға құқы бар. (31-ші баб)
Қарастырылып жатқан конвенцияны қолдаған қатысушы мемлекеттердің негізгі міндеттері мыналар:
-
Жоғарыда көрсетілген бала құқығының жүзеге асып, орындалуына кепілдік беру міндеті. -
Ата-аналар тарапынан және өзге адамдар тарапынан балаларға қорлық көрсетуден қорғау- мемлекеттің ең негізгі борышы болып табылады. Қатыгездіктің алдын алу шаралары және жапа шеккендерді емдеу программаларын құру мемлекет міндеті болып табылады. (19-шы баб) -
Ата-анасыз қалған балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы қажет: тиісті балалар үйіне орналастырылуы , әлеуметтік қамсыздандырылуы керек. (20-шы баб) -
Босқын немесе босқын статусын алуға тырысатын балаларды арнайы қамқорлық жасалуы қажет, осындай қамқорлықты қамтамасыз ететін компетенттік ұйымдармен қызмет істеуі керек. (22-шы баб) -
Баланың тұлға ретінде қалыптасатын, таланты, ақыл-ой мен физикалық қабілетінің максималды түрде дамытатын білім беруге міндетті. (29-шы баб) -
Балаларды ұрлап кетуден, олармен сауда жасаудан және контрабандадан сақтау міндеттері жатады. (35-ші баб)
Мемлекеттердің көбін осы күнде балалардың ұрлануының көбеюі уайымдатады. Конвенцияның 11-ші бабында мемлекеттердің осындай қылмыстарды бір жақты немесе екі жақты келісімдер қабылдау арқылы, әлі де күшінде бар құжаттарға қосылу арқылы тоқтату керектігі туралы атап көрсетілген. Қазір күшінде бар келісімдерге, 1921 жылы қабылданған әйелдер мен балаларды сатудан қорғайтын Женева конвенциясы мысалға келтіруге болады. Онда қылмыскерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қажет деп көрсетілген.
Көбіне балаларды құлдыққа сату үшін ұрлайды, әсіресе оларды жезөкшелікке және балалар парнографиясына көп баулуы алаңдатады. (34-ші баб)
Тағы бір назар аударарлық актуалды проблемадан, балалар арасында көп тарала бастаған есірткі қолданысын айтуға болады. Балаларды қылмыс жасауға, өз денесін сатып, тұлғасының деперсонализациясына алып келетін, нақ осы есірткінің өзі. Ең қорқыныштысы соңғы жылдары есірткі қолданатындардың жасаруы: есірткіге, енді, мектеп жасындағы балалар да қосылды. Бұл біздің балаларымыздың сана-сезімі төмен екендігін білдіреді және де толып жатқан басқа факторлардың (уағыз бен профилактикалық жұмыстың әлсіздігінен, салауатты өмір салты және есірткі қаупі жайлы ескертілмеуінен, ата-ана, қоғам тарапынын дұрыс қадағаланбауы) әсерінен болып отыр. Оны алдын алудың нормасы ретінде конвенцияның 33-ші бабында қарастырылған.
Ал бала еңбегі жайлы 32-ші бабтың 2-нші тармағында, мемлекеттердің осы мақсатта шаралар қолданылуының міндеттері жазылып, көрсетілген.
Жоғарыда көрсетілген бала құқығына қатысты халықаралық құжаттардың барлығы да БҰҰ-ның эгидасымен қабылданғанын көреміз.
Қорытынды
Қазіргі кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкіл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өміршеңдігін кепілдік етудегі және оның келешек дамуын болжаудағы өсіп келе жатқан ұрпақтың анықталған рөлімен түсіндіріледі.
Бірақ, шынында, әлемдегі бірде бір ел мемлекет бала құқықтарын сақтау жөнінен өзін үлгі етіп қоя алмайтындығын айтқан жөн. Демократиялық және экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінен-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санының өсуі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың болуын, медициналық қызметтің жеткіліксіздігінен балалар өлімінің көбеюін, бақылаусыз балалар санының ұлғаюын көруге болады. Осы фактілердің барлығы бала мәселесін тек қана ұлттық тәсілдермен шешу мүмкін еместігін дәлелдейді.
Мемлекет пен қоғам балаларды тәрбиелеу саласында қандай да бір тиімді шаралар қолданғанымен, ата-ана махаббатын, олардың қамқорлығын еш уақытта айырбастай алмайды.
Сондықтан да әрбір бала ата-ананың сүйіспеншілігі аясында моральдік, материалдық қамқорлыққа өсіп жетілуі тиіс. Әр ата-ана Президентіміздің «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасындағы: «Бүгінгі кезеңнің міндеттерінен біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік әсерін арқалайтынын күнделікті есте ұстауы тиіс» деген үндеудің терең мәнін түсініп, жүрекпен сезінуі керек. Жас ұрпақты моральдік тәрбиелеудегі немқұрайлық көзқарастың арқасында жіберілген залалдың орнын ештеңе толтыра алмайды.
Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесінің көкейтестілігі және көпқырлылығы соншалық, ол үнемі ғалымдар мен тәжірибедегі адамдардың назарын аударып отырады.