Файл: Жалпы білім беретін мектептерді 1 8 сыныптарына арналан Жолда жру ережелеріні оу бадарламасы бадарламаны жасаан.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 227

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




    1. Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өздері ұстау ережелері.

Жолдағы тәртіп. Жүргіншілердің тротуармен жүрген кездегі міндеттері. Жүргіншіге тротуарда тап болуы мүмкін қауіп.

Өзіңді көшеде және достарыңмен, ағаңмен, апаңмен, қарт кісілермен жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезінде қалай дұрыс ұстау керек.

Жүргіншілер мен көлік құралдарының оң жақты қозғалысы.

Көше қиылыстары және олардың түрлері.

Көше және оның құрамдас бөліктері: жүргін бөлік, тротуар туралы әңгіме; олардың мақсаты.

12.

Көше және оның құрамдас бөліктері: жүргін бөлік, жол жиегі, кювет туралы әңгіме.

Жүргіншілер мен велосипедшілердің жолы.

«Үй – мектеп – үй» бағдарын жасап, осы бағдардағы жүргінші үшін барлық қауіпті жерлерді көрсету.
3. Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.

Қозғалыс жылдамдығы және автомобильді тежеу. Аялдау жолы және тежеу жолы.

Жүргіншілер мен жүргізушілердің тәуліктің әртүрлі уақытындағы қозғалысының ерекшеліктері.
4. Жүргінші өтпелері.

Екі жақты және бір жақты қозғалысты жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.

Жүргін бөлікті жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар.

Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясының материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.
5. Реттелмейтін көше қиылыстары.

Реттелмейтін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.

Реттелмейтін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар.

Мектеп шағын ауданындағы реттелмейтін көше қиылыстары.
6. Реттелмелі көше қиылыстары. Бағдаршам.

Бағдаршамның мақсаты. Бағдаршам белгілері және олардың мәні. Бағдаршамдар түрлері.

Реттелетін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар.

Бағдаршам тарихынан.

Мектепке жақын көше қиылысына экскурсия.
7. Реттеуші және оның белгілері.

Реттеушінің белгілері және жүргін бөлігін осы белгілер бойынша кесіп жүріп өту ережелері.

Жол полициясы. Жол полициясы шешетін мақсаттар мен міндеттер. Жол полициясының инспекторы, оның жұмысы. 13.

8. Жолды тағы қай жерден кесіп жүріп өтуге болады.


Көзге шалынатын аймақта жүргінші өтпесі немесе көше қиылысы болмаған кезде жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.

Мұндай кесіп жүріп өту кезінде туындайтын қауіпті жағдайлар.

Жүргін бөлігін мұндай кесіп жүріп өту кезінде балалармен болған жол-көлік оқиғалары мысалдары (жол полициясы материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.
9. Автобуста және троллейбуста жүру.

Жолаушылардың міндеттері.

Автобус пен троллейбусты пайдалану ережелері.

Аялдамаға қозғалыс кезінде және қоғамдық көлік құралынан (автобустан, трамвайдан немесе троллейбустан) түскеннен кейін көшені (жолды) кесіп жүріп өту ережелері.

Мектеп шағын ауданындағы автобус пен троллейбус аялдамалары.

Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясы материалдары бойынша). Олардың туындауы себептерінің талдауы.
10. Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру.

Аялдамаға қозғалыс кезінде және трамвайдан түскеннен кейін жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.

Бағдарлық такси, жеңіл автомобиль, мотоцикл, велосипед, жүк машинасын пайдалану кезінде өзін-өзі қауіпсіз ұстау ережелері.
11. Жол белгілері және жолға салынған таңбалар.

Жол белгілерінің жүргіншілер мен жүргізушілер үшін мәні.

Жол белгілері: «Велосипед жолы», «Велосипедпен жүруге тыйым салынған», Табличкалар.

Жолға салынған таңбалар, оның мақсаттары мен түрлері.
12. Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

Өздігінен жүретін құралдармен қалада және қала сыртында ойнау мен жүруге арналған жерлер. Теміржолға жақын маңда ойнаудың қауіптілігі.

Мектеп пен үй шағын ауданының қай жерінде ойнауға болады.
13. Жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек.

Жарақат түрлері: сынықтар, ауыртып алулар, жаралар, жаралап алулар, күйіктер және т.с.с. Қан ағудың түрлері: артериалдық, веноздық, капиллярлық.
14.

14. Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

Қысып таңып тастау және бұрау салу жөнінен практикалық сабақ.

Орамал сияқты үшбұрыштап, айналдырып және мықтап бекітіп таңып байлау жөнінен практикалық сабақ.
15. Сен – велосипедшісің.

Велосипедте велофигуралар элементімен ойындар және жарыстар.
16. Қала сыртына шығу.

Қала сыртындағы жолмен жүргіншілер қозғалысының ережелері.



Жүргіншіге қала сыртындағы жолда төнетін қауіптіліктер.

Қала сыртында балалармен болатын жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясы материалдарынан). Олардың туындау себептерінің талдауы..
17. Көше жүргізушілер көзімен.

Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) деген не?

Жол-көлік оқиғаларының жүргіншілер кінәсінен туындау себептері:

  • жүргін бөлікті белгіленбеген жерден кесіп жүріп өту, өте жақын қозғалып келе жатқан көлік алдынан өту, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан өту;

  • жүргін бөлікке кедергілер (автобустың, автомобильдің, бұталардың) артынан кенеттен шыға келу;

  • 14 жасқа толмаған балалардың велосипедте жүргін бөлікте жүруі;

  • жүргін бөлікте не оған жақын ойнау.




  1. Қорытынды сабақ.

Жол қозғалысы ережелері бойынша ойын-жарыс.

Қорытындысын шығару. Үздік оқушыларды марапаттау.

15.

4-СЫНЫП





р/т

айы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Жүргіншілер қауіпсіздігі.

1

2.

қыркүйек

Біз жол қозғалысы ережелерін білеміз бе?

1

3.

қазан

Жол қозғалысы ережелері білімін тексеру.

1

4.

қазан

ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері.

1

5.

қараша

Ескерту белгілері.

1

6.

қараша

Оқушылар топтарының колоннадағы қозғалысы.

1

7.

желтоқсан

Адамдар тасымалы.

1

8.

желтоқсан

Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасу.

1

9.

қаңтар

Реттелмейтін көше қиылыстары.

1

10.

қаңтар

Автомобильдерді арнайы аспаптармен жабдықтау.

1

11.

ақпан

Жүргізушінің еңбегі.

1

12.

ақпан

Жолдағы жағдайларды макетте талдау.

Арнайы автоалаңдағы практикалық сабақ.

1

13.

наурыз

Жол белгілері.

1

14.

наурыз

Теміржол өтпелері.

1

15.

сәуір

ЖКО-да зардап шеккен балалар жарақаттарының негізгі түрлері мен себептері.

1

16.

сәуір

Қан аққан кезде алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

1

17.

мамыр

Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

1

18.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

18



1. Жүргіншілер қауіпсіздігі.

Көлік құралдарының түрлері: жеңіл, жүк, арнайы. Автомобильдер маркалары.

Кез келген қозғалып келе жатқан көлік – адамның қауіпсіздігіне төнген қауіп.

Қала көлігінің үдемелілігі және қозғалыс жылдамдығы.

Машина (автобус, трамвай және т.б.) бірден тоқтай ала ма? Тежеу жолы. Тежелу жағдайы.

Тұрған (тоқтаған) көлік – оны қалай айналып өтуге болады.

Мектепке, дүкенге, кітапханаға, стадионға және т.б. қауіпсіз жолды дұрыс таңдай білу.

16.

2. Біз жол қозғалысы ережедерін білеміз бе?

Балалармен жол-көлік оқиғаларының себептері: жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, жолаушылардың көлікте өзін-өздері ұстау ережелерін сақтамауы, көшеде және көлікте және т.б. тәртіпсіздік.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған балалардың әрекеттерін талқылау.
3. Жол қозғалысы ережелері білімін тексеру.

1-3 сыныптарда алған Жол қозғалысы ережелері жөніндегі материалдарды қайталау.
4. ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері.

Жол қозғалысына қатысушы, жүргінші, жүргізуші, аялдама, тұрақ, мәжбүрлі аялдама, жол, жүргін бөлік, тұйық көше, тротуар, жүргінші жолы, жүргінші өтпесі, теміржол өтпесі, көлік құралы, велосипед, тұрғын үй аймағы.
5. Ескерту белгілері.

Ескерту белгілерін бұрылыстың жарық көрсеткіштерімен немесе қолмен көрсету. Бұл белгілердің жүргізушілер мен жүргіншілер үшін мәні.

Бұрылыстар, тежеу, көлік құралын сүйрету кезіндегі, апатты аялдау кезіндегі белгілер.

Дыбыс белгілерін елді мекендерде, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жағдайларынан басқа, беруге тыйым салынған.
6. Оқушылар топтарының колоннадағы қозғалысы.

Оқушылар топтарының тротуарда, жол жиегінде, жүргінші өтпесінде қозғалысының тәртібі.

Оқушылардың колоннамен қозғалысының тәртібі.

Оқушылар топтарын жалпылама пайдаланылымдағы көлікке отырғызу тәртібі.

7. Адамдар тасымалы.

Адамдарды автобуста, жеңіл, жүк автомашиналарында тасу қалай жүзеге асырылады?

Тасымалданатын адамдар саны, сақтық шаралары, қозғалыс жылдамдығы.

Адамдар тасымалы кезінде нелерге тыйым салынады?


17.

8. Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасымалдау.

Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасымалдаудың ерекшеліктері. Қорапты отырғыштармен жабдықтау, алып жүрушілердің болуы, автомобильде «Балаларды тасымалдау» айырым белгілерін орнату.

Оқушыларды мінгізу және түсіру ережелері. Оқушыларды жүк автомобилімен тасымалдаған кезде олардың өзін-өздері ұстау ережелері.