Файл: Жалпы білім беретін мектептерді 1 8 сыныптарына арналан Жолда жру ережелеріні оу бадарламасы бадарламаны жасаан.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 230
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
23.
6-СЫНЫП
р/т№ | айы | Сабақ тақырыбы | Сағат саны |
1. | қыркүйек | Жол қозғалысы ережелері (қайталау). | 1 |
2. | қыркүйек | Көлік құралдарының қозғалысы. | 1 |
3. | қазан | Көлік құралдарының аялдау жолы. | 1 |
4. | қазан | Көлік құралдарының нөмір, айырым белгілерінің және жазбаларының мақсаты. | 1 |
5. | қараша | Оқушылардың жол-көлік оқиғағасы кезінде өзін-өздері ұстаулары. | 1 |
6. | қараша | Әртүрлі жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету. | 1 |
7. | желтоқсан | Жарақаттанғанда, жаралап алғанда және жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері. | 1 |
8. | желтоқсан | Жол қозғалысының қауіпсіздігі. | 1 |
9. | қаңтар | Қозғалыстың жас инспекторлары – ҚЖИ. | 1 |
10. | қаңтар | Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. | 1 |
11. | ақпан | Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері. Жол «қақпандары». | 1 |
12. | наурыз | Велосипедке қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар. | 1 |
13. | сәуір | Жол-көлік оқиғасына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерттеу. | 1 |
14. | мамыр | Қорытынды сабақ. | 1 |
| Барлығы: | 14 |
-
Жол қозғалысы ережелері (қайталау).
Жүргіншілердің көшелердегі және жолдардағы қозғалысы ережелерін қайталау, бағдарлық көлік құралдарын (автобус, троллейбус, трамвай, бағдарлық такси) пайдалану.
24.
-
Көлік құралдарының қозғалысы.
Көлік құралдары қозғалысының жылдамдығы. Жылдамдықты шектеу.
Жүргізуші автомобилін елді мекенде, халықаралық жолдарда қандай жылдамдықпен жүргізуге тиіс?
Автомобильдердің арасындағы қашықтық деген не?
Қозғалыстың басталуы және көлік құралдарының қозғалыс кезіндегі орналасуы. Қозғалыс бағытын өзгерту.
Автомобильдер мен мотоциклдердегі жарықтандырғыш аспаптар. Жарықтандырғыш аспаптарды қолдану ережелері.
-
Көлік құралдарының аялдау жолы.
Көлік құралын тоқтатуға қажетті уақыт.
Аялдау жолы. Аялдау жолының есебі.
Аялдау жолына әсер ететін факторлар.
-
Нөмір, айырым белгілерінің және көлік құралдарындағы жазбалардың мақсаты.
Нөмір, айырым белгілері және көлік құралдарындағы жазбалар және олардың мақсаты.
Нөмір белгілерінің орнатылатын жерлері.
Автопоезға, қолмен басқарылатын автомобильге, оқу-жатығу автомобиліне айырым белгілері.
Көлік құралын иілмелі сүйретпемен тартып жүргізген кезде тарту тросының таңбалануы.
Айырым белгілерінің жүргіншілер үшін мәні. Сүйретіп келе жатқан көлік құралының қозғалысы кезіндегі жүргіншілердің сақтық шаралары.
-
Оқушылардың жол-көлік оқиғасы (ЖКО) кезінде өзін-өздері ұстауы.
Жол-көлік оқиғасына қатысқандар мен оны көрушілердің өзін-өздері үстауы.
«Жедел жәрдем» шақыру. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мүмкіндігі. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттер тізбегі.
6. Әртүрлі жарақаттар алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
Жараларды өңдеу тәсілдері. Асептик және антисептик шаралары.
Жарақаттанған кезде ауруды бәсеңдету тәсілдері.
Басты ауыртып алған және омыртқа зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.
25.
7. Жараланған, жарақаттанған және жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері.
Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек.
Жаралардың асқынып кетпеуінің алдын алу.
Таңу және орап, байлау түсініктері.
Бас пен кеудеге, іш пен аяқ-қолға және бұт аралығына зарарсыздандырылған таңғыш салу ережелері.
Клиникалық өлім туралы түсінік.
Өкпенің тыныс алуының бұзылуы. Белгілері. Алғашқы көмек.
Жүректің тоқтауы. Белгілері. Алғашқы көмек.
Жүрекке сыртқы массаж жасау техникасы.
Қолдан демалдыру. «Ауыздан ауызға» қолдан демалдыра және жүрекке жабық (тікелей емес) массаж жасай білу дағдылары.
8. Жол қозғалысы қауіпсіздігі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі не нәрсеге байланысты?
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтын кім?
Жол полициясы қызметкерлерінен басқа көшелер мен жолдардағы тәртіпті тағы кім қадағалайды?
Жол қозғалысы ережелерін бұзған велосипед жүргізушілері мен жүргіншілерге қандай шаралар қолданылады?
Егер мектеп оқушысы ЖҚЕ бұзса, онда бұл үшін қандай жағдайларда ата-анасын жауапкершілікке тарта алады?
9. Жол қозғалысының жас инспекторлары – ҚЖИ.
Қозғалыстың жас инспекторлары немен айналысады?
ҚЖИ отрядтары қызметінің негізгі бағыттары.
Қозғалыстың жас инспекторларының слеттері.
-
Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары,
міндеттері және жауапкершілігі.
Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – қауіпсіздік кепілі.
Жол белгілерін бұзатын адамды қалай жазалауға болады.
Егер бұл орайда адам қаза тапса, ЖКО-ға кінәлі қандай жауапкершілік жүктейді.
26.
-
Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері.
Жол “ қақпандары”.
Жүргінші тротуармен қозғалыс кезінде қай жағын ұстануға тиіс?
Жүргіншілерге велосипед жолымен қозғалуға рұқсат беріле ме?
«Автоарна» белгісімен таңбаланған жолда жүргіншіге қозғалуға рұқсат беріле ме?
Жүргінші жолды кесіп жүріп өте отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай ережені орындауға тиіс?
Жүргіншіге көшені (жолды) егер жүргінші өтпесі жоқ болса, кесіп жүріп өтуге рұқсат беріле ме?
Жол бойында өсіп тұрған бұта несімен қауіпті?
Жүргінші тоқтап тұрған екі автомобильдің арасынан жолды кесіп жүріп өтуді бастағанда қандай сақтық шараларын қабылдауға тиіс?
Автобустан түсісімен жолды қалай қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?
Егер жүргін бөлікте машина көрінбесе, жолды қалайша дұрыс және қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?
Жолда қандай «тұрмыстық» дағдылар қауіпті?
Егер жолды кесіп жүріп өтіп бара жатқаныңда қандай да бір затыңды түсіріп алсаң не істеу керек?
-
Велосипедке қойылатын техникалық талаптар.
Велосипедшілердің қозғалысына қосымша талаптар.
Велосипедті шығар алдында тексеріп алу. Велосипедті бойыңа қарай іріктеп алу.
Велосипедтегі ақаулар және оларды жою. Велосипедшілер үшін жасқа қарай шектеулер. Жүргін бөліктегі қозғалыс тәртібі.
Маневр жасау, реттелмейтін көше қиылыстарынан жүріп өту ережелері.
Велосипедші жолдың әр бағытында екі жолақтан болған жағдайда велосипедтен түспей кері бұрылуға құқығы бар ма?
Велосипедші қозғалыс бағытын өзгертетіні туралы әрқашан ескерту белгісін беруге тиіс пе?
Жүк тасымалы ережелері.
-
Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерделеу.
Қала (кент) бойынша экскурсия.
Көлік пен жүргіншінің қозғалысын, жол полициясының жұмысын бақылау.
-
Қорытынды сабақ.
Тестілеу. 27.
7-СЫНЫП
р/т№ | айы | Сабақ тақырыбы | Сағат саны |
1. | қыркүйек | Автомобиль көлігінің республика экономикасындағы рөлі. | 1 |
2. | қыркүйек | Көлік құралдарын пайдалану ережелері. | |
3. | қазан | Көлік құралдарының аялдамасы және тұрағы. | 1 |
4. | қазан | Интервал және арақашықтық. Қозғалыс жылдамдығы. | 1 |
5. | қараша | Қозғалыс жолағы. Басып озу. | 1 |
6. | қараша | Жүргізушілердің жұмыс қабілеттілігі және олардың сенімділігі. | 1 |
7. | желтоқсан | Автомобильдегі медициналық қобдиша. | 1 |
8. | желтоқсан | ЖКО-да зардап шегушінің киімін шешу ережелері. | 1 |
9. | қаңтар | Жараланғанда, жарақаттанғанда және жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек. | 1 |
10. | қаңтар | Сынған кездердегі алғашқы медициналық көмек. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек. | 1 |
11. | ақпан | Теміржол өтпелерінен жүріп өту. Қала сыртындағы жолдарда. | 1 |
12. | наурыз | Велосипедшілер, мопедшілер қозғалысының ережелері. Велосипедтерде, мотоциклдерде және мотороллерлерде жолаушылар мен жүк тасымалы ережелері. | 1 |
13. | сәуір | Велосипедшілермен арнайы белгіленген алаңда практикалық сабақтар. | 1 |
14. | мамыр | Қорытынды сабақ. | 1 |
| Барлығы: | 14 |