Файл: 2 сурак, Дене трбиесі физиологиясыны жасты ерекшеліктері бойынша негіздері. Спортты дарындылыты мселелері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 сурак. Әйелдер дене сапаларын дамытудың және қимылдардың, вегетативтік қызметтердің ерекшеліктері. Әйелдердің аэробты және анаэробтық мүмкіншіліктері.
Әйел кісілердің ағзасында ай сайын циклді өзгерістер өтеді. Өйткені жыныс бездерінде жұмыртқалар пісіп жетіледі. Олар эстроген бөлетін фолликулда піседі де, 13-14-ші күнде фолликул циклі ашылып, жұмыртқа – жасуша жұмыртқа жолы арқылы жатырға келіп түседі. Фолликул орнында сары зат түзіліп, ол прогестинді істеп шығарады да, басқа фолликулдар мен жұмыртқа жасушалардың дамуын тежейді. Жұмыртқа жасушаның шығуы овуляция. Овуляция дегеніміз – аналық жасушаның аналық безден бөлініп шығуы. Цикл 21-35 күнге дейін созылып, орташа 28 күнде қайталанып тұрады. Циклдер ай сайын 1-14 жастан 45-50 жасқа дейінгі аралықта өтеді. Еттеккір қанның мөлшері 150 мл-ге дейін жетеді. Оның бөлінуі 2 күннен 7 күнге дейін созылады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілігі төмендеп, көңіл-күйдің қанағатсыздануы пайда болып, сезім мүшелерінің сезімталдығы нашарлап, жүректің соғу жиіліктері артады. Жұмысқа қабілеттілік төмендеген кезеңде физикалық жүктемені азайту қажет. Сондықтан статикалық жаттығуларды жасауға және секіруге болмайды. Бұл уақытта, жаттығу кезінде техникаға көңіл бөлу керек.
Жүктілік кезінде алғашқы 3 айға дейін жаттығуға болады. Кейінгі 3 айда жүктеменің дейгейін анағұрлым төмендетіп, қалған 3 айда жаттығуды тоқтату қажет. Нәресте емшектен шыққан соң жаттығуды қайта жалғастыруға болады.
Жас спортшы қыздарда физикалық жүктемеден еттеккір циклінің бұзылу және тоқтауы мүмкін. Кейбір жыныстық жетілу жүктемеге байланысты болады.
Стайор қыздарда майдың азаюымен бірге ағзада эстрогендердің түзілуі азаяды да, циклдің бұзылуы мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шабуыл кезде Филиппин әйелдерінің барлығында аменорея байқалды.

2 сурак, 1.Дене тәрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері бойынша негіздері. Спорттық дарындылықтың мәселелері.
Жас спортшылардың қызметтік өзгерістерінің ерекшеліктері: 1) алдын ала дайындықтың; 2) бастапқы спорттық мамандық; 3) терең дайындық кезеңі; 4) спорттық жетілу кезеңі болып бөлінеді.
Хрущев С.Б., (1960) бойынша жас ерекшеліктері:
7 жасқа дейін – мектепке дейінгі то,
7-ден 11-ге дейінгі – кіші топ,
12-ден 15-ке дейінгі – орта топ,
16-дан 18-ге дейінгі – жоғары топ.
Биологиялық жас жылдам және баяу дамумен сипатталады.
Балаларда ересек адамдарға қарағанда қызметтік ерекшеліктер бар; 1) физиологиялық резервтердің салыстырмалы диапазоны үлкен емес (вегетативті метобализм); 2) вегетативті қамтамасыз ету тиімділігі аса жоғары емес; 3) жұмыстың анаэробты – гликотикалық деңгейі салыстырмалы жоғары емес.

Спорттық қабілеттіліктің өсу ерекшеліктері. Жас спортшылардың аэробты және анаэробты мүмкіншіліктері. Спорттық қабілеттілік мынадай факторларға байланысты бағаланады: қимыл жылдамдығы, жүгіру қарқындылығы мен ұзақтығы және қуаттылығы бойынша артуы. Жас ұлғаюымен қатар адамның жұмыс қабілеттілігі артады да, жас спортшылар қаншалықты өссе, олардың жұмыс қабілеттілігі де соншалықты арта береді.
Спортшы және спортшы еместердің арасында бірінші айырмашылықты 8 жаста байқап, нақтылы айырмашылықтарын 14-15 жаста көруге болады. Егер 10 жастағы юалаларда PWC 170 316 кгм\мин құрайтын болса, 15 жаста 2 есе өседі. Ал жас өспірімдерде (18-19 жас) ересек адамдардан айырмашылығы жоқ. Жоғары топтағы спортшыларды 7-8 жылдық стажбен вегетативтік жүйесінің қызмет жағдайы жетіліп, есейген спортшылардың спорттық жұмыс қабілеттілігінің жетуіне мүмкіндік береді.
Жастың өсуіне қарай аэробты өнімділік те артады. Жас спортшыларда аэробты өнімділіктің өсуіне байланысты абсалютті оттегінің барынша қажеттілігі шұғыл өседі. Ол 8-9 жаста 1,5 д\мин-ке, ал 14-15 жаста 3 л\мин деңгейіне жетеді. Спортрен шұғылданатын 10 жастағы балаларда спортпен шұғылданбайтын балаларға қарағанда жұмыс қабілеттілігі 14%-ке артады. 16-17%-ке өседі. Ал 13-14 жастағы балаларда бұл қажеттіліктің жылдық өсімі 1100 мл тең.

2. Мектепке дейінгі (4-тен 6-7 жасқа дейін), бастауыш мектеп жасындағы (6-7 ден 10 жасқа дейін), жас өспірімдердің (11-15 жас), жоғары мектеп жасындағы (16-18 жас) егде жастардың, морфофункциональды ерекшеліктері.
Анаэробты өнімділік. Балалардың анаэробты жағдайларға жұмыс қабілеттілігі нашар бейімделген. Сондықтан оттегінің қарыздық өлшемі негізгі көрсеткіш болып табылады. 9-10 жастағы балаларда оттегінің қарызы 1 л-ден көп, 14-15 жаста 2-2,5 л-ге жетеді. Ересек адамдарда 16 л-ден жоғары. Екніші бір көрсеткіші сүт қышқылының концентрациясы болады. Сүт қышқылы концентрациясының деңгейі қанша жоғары болса, энергиямен қамтамасыз етілуі соншалықты жоғары болады. Сүт қышқылы концентрациясының мөлшері 7-8 жастағы балаларда 80 мг%, 14-15 жаста – 100мг%, ересек адамдарда – 112 мг%.
Жүгіру дегеніміз – қимылдық әдет, ұшу кезеңінің ұзаруына және сүйініш кезінің төмендеу нәтижесінде орындалады, 3 жастан 10 жасқа дейін шапшаңдық, қадам жиілігі және жүгіру жылдамдығы артады да, ұшу кезеңі екі еседен де көп өседі. 10-11 жастағы балаларда жүгіру жылдамдығы -5,4 м\с болса, 14-15 жастағы балаларда 6,0 м\с, ал 17-18 жастағы балаларда 8 м\с болады.
Секіру – бұл кезде қимылдық әдет 3 жастан бастап қалыптасады да, 12-13 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай төменде        й бастайды.


Күш – кернеумен өлшенеді де, бұлшық етті қозу күйінде дамытады. Ол физиологиялық (нейро – гуморальды реттелудің жетілуі), морфологиялық (бұлшық еттердің биохимиялық құрамы, АТФ, КФ және ферменттердің пайда болуы, олардың ыдырауы) факторларға байланысты. Күш – статикалық бұлшық ет күші, динамикалық және жарылыс күші болып бөлінеді.
Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор күші лабораторияолық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын токпен әсер еткендей, ерекше күшпен анықталады.
3 сурак, Спорттық іріктеу әдістемесі. Спорттық дарын проблемалары. Морфологиялық және спорт физиологиясында статистикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктері.
Айқасқан тиімділіктер: бұл кезде резервті мүмкіншіліктердің деңгейі өседі. Денсаулықтың деңгейін өмір сүруді қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің функциональды мүмкіншіліктері бойынша, не болмаса жүрек-тамыр және тыныс жүйелері арқылы өлшеуге болады деп тұжырымдайды. Оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, оның көрсеткіші соншалықты маңызды болып, ағза қолайсыз факторларға қарсы тез бейімделеді. Ол денсаулықтың өлшемі болып табылады.
Таңертеңгі гимнастиканы физиологиялық негіздеу. Ол бұлшық еттерден афферентті импульстер түсіп орталық жүйке жүйесін жандырады да, оның жұмыс қабілеттілігін шұғыл арттырады. Күнделікті шұғылдану тірек-қимыл аппаратына, жүрек-тамыр, тыныс жүйелеріне және ас қорыту мүшелеріне тиімділік жасайды. Таңертеңгі гимнастика ағзаны шынықтыруға тиімді ықпал етеді. Өндірістік гимнастика жұмыс басталар алдында кіріспе түрде өткізіледі. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырып, қан айналым, тыныс алу қызметтерін көтеріп, ағзаны жұмысқа дайындайды.
Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор күші лабораторияолық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын токпен әсер еткендей, ерекше күшпен анықталады.
Физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді.

Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы – қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді.
4 сурак. Физиологиялық бақылау дене шынықтыруды және спорттық дайындықты тиімді басқарудың құрамды бөлімі.
Бұлшық еттің динамикалық күші қызметтің изотоникалық немесе ауксотоникалық режимдері жағдайында дамиды. Динамикалық күш оның шапшаңдық көлеміне немесе бұлшық ет қысқарып яки ұзарған кездегі салмақ қозғалысының баяулауына байланысты анықталады. Бұлшық еттедің динамикалық күші концентрикалық жиырылу экцентрикалық жиырылу кезіндегі сол бір бұлшық еттің статикалық күшінен аз болады.
Жиырылыс күші – бұлшық ет күшініің тез пайда болу қабілеттілігін сипаттайды. Жарылыс күшінің көрсеткіші градиент болып табылады, ол күштің барынша пайда болуымен жоғары нәтижеге жету қатынасын анықтайды. Градиент күші – спорттың жылдамдық – күш түрлері өкілдерінде басым болады.