Файл: Таырыбы Ойын арылы дадыларды жасарту Кні 17. 01. 2022ж Сынып 9 А.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тақырыбы: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Күні: 17.01.2022ж

Сынып: 9 «А»

Мектеп: №8

Мұғалімнің аты-жөні:Мұхамедибрахим Мұстафа

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өз ойындарын қайта қарау және көрсету

Оқу мақсаттары:

6.2.8.1. Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді сезініп, олардың айырмашылықтарын түсіндіре білу

Сабақ мақсаты:

1. Командалық ойындардағы тактикалық әрекеттерді еске түсіру, қайталау.

2. Топта бірлесіп тактикалық әрекеттерді талқылау.

3. Футбол ойынындағы тактикалық амалдарды анықтау және бағалау.

4. Ойынды қайта қарау және талқылау.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар мыналарды орындай алады:

  • Оқушылар командалық спорттық ойындардағы тактика мен стратегиялық амалдардың маңыздылығын түсінеді

  • Оқушылар үлкен және кіші футбол ойындардағы қолданылатын тактикалық амалдарға мысалдар келтіре алады

  • Оқушылар тиімді тактикалық амалдарды бағалай және анықтай алады

Тілдік мақсат

Тақырыпқа байланысты академиялық тіл мен қосымша тілді дамыту. Оқушылар ойынға байланысты негізгі термин сөздерді үш тілде білуі, жаза алуы және қосымша тіл арқылы ашып түсіндіре алуы.


Құндылықтарды дарыту:

Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнедерімен байланыс. Ойынға қатысты терминдерді үш тілде білу.


Акт қолдану:

Сілтемелер бойынша материалды көрсету


Бастапқы білім:

Оқушылар алдыңғы сыныптарда сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда меңгерген командалық ойындарға қатысу тәжірибесіне ие.


Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 мин


Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу, түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Оқушыларға бүгінгі сабақ мақсатына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл)!!! Слайдтар мен жұмыс орындау.

  • Командалық ойындарда не үшін тактикалық амалдарды қолданамыз?

  • Тактика амалдар қаншалықты маңызды?

  • Командаларда тактиканы кім ұсынады?

  • Үлкен және кіші футболда қандай тактикалық комбинацияларды білесіңдер?

Активити (Пазлдар).

Спорт залдағы жарты алаңында белгілі үш үлкен футбол командаларынан құралған пазлдарды белгілі уақыт аралығында жылдам дұрыс жинау. Оқушылар жылдам және қаншалықты футбол ойыншылары мен командаларды дұрыс білетінін көрсетеді. Аяғынша, сол суреттегі тактикалық комбинацияларға кері байланыс береді.

Денені қыздыру жаттығулары:

Спорт зал бойынша айнала арнайы жүгіру жаттығуларын орындау. Шеңбер жасап тұру: мойын бұлшық еттерінен бастап жаттығу жасау. Иық, қол, аяқ буындарына жаттығу жасау.


Бос кеңістік,


Бос кеңістік, ысқырық, телевизор презентация, тақта, стикерлер. Пазлдар



Сабақтың ортасы 25 мин

(Т,Б,Ж) Оқушылар футбол добын конустар арасынан алып жүреді. Әр оқушыда бір доптан. Бұл жаттығуда оқушылар допты жақсы сезінуімен қатар аяқ буынын қыздырады. Конустар арасынан асықпай бір қалыпты дұрыс допты алып жүреді. Допты алып жүргенде аяқтың сыртқы немесе ішкі жағымен өз қалауларынша қолданады



Оқушылар бір-біріне допты еден арқылы пас алмасады. Жаттығуды орындауда доптың дұрыс қарсы тұрған оқушыға бағыттауын қадағалайды. Допты табан арқылы тоқтатып, аяқтың сыртқы жағымен апереді.





Оқушылар алаңның ортасында 3-2 не болмаса, 4-1 болып квадрат ойнайды. Бұл жаттығуда оқушылар жылдам допты бір-біріне әперу болып табылады. Оқушылардың жеке шеберліктері жақсы көрінеді.



Оқушыларға мұғалімнің допты беру арқылы қақпаға допты тебу жаттығуы






Екі жақты футбол ойынын көрсету (ойында қайта қарау)




Үлкен, бос кеңістік ысқырық, кіші футбол қақпасы, футбол доптары, уақыт есептегіш
Ойын алаңы, футбол доптары, мұғалім ысқырығы, конустар
https://www.youtube.com/watch?v=jOivND5K4aI

Допты алып жүру

Үлкен, бос кеңістік ысқырық, кіші футбол қақпасы, футбол доптары, уақыт есептегіш
Ойын алаңы, футбол доптары, мұғалім ысқырығы, конустар

https://www.youtube.com/watch?v=1Rhr0r4Sbmo

https://www.youtube.com/watch?v=mL-zLfhHB_o

Оқушылардың допты жылдам бір-біріне пас беруі
https://www.youtube.com/watch?v=d4JuKSIuuUA Тактикалық амалдар.


Сабақтың соңы:

5 мин


Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығу жасатып,

сапқа тұрғызу.
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы – кіші футбол комбинацияларына көңіл бөлу, шабуылдағы тактикалық комбинацияларды үйрену

Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін

қадағалау.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді?




2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?




3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?




4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?




Жалпы оқушыларды бағалау:




Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)





Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)