Файл: Компьютерлік оытушы программаларын олдану тсілдері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 149
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жаңа технологиялар мен инновациялардың мүмкіндіктері шексіз, артықшылықтары орасан. Оған «оnline» режимінде интербелсенді байланыс арқылы көрсетілген сабақтар арқылы анық көз жеткіздік.
Мүмкіндігі шексіз интербелсенді тақта арқылы мультимедиалық мәтіндер жазылған бейне материалдар, слайдтар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, анимацияларды қолданып, мұғалім өз пәнінің, түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі мол. Бұл жан-жақты, дарынды әрі бәсекеге қабілетті білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір тамаша баспалдағы деуге толық негіз бар.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгендей, кез-келген мұғалiм өзінің сабағында ақпараттық технологияларды пайдалануы олардың әлемдiк кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың кез-келген пәндi игеруге қызығушылықтарын арттырады.
Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.
Мысалы: (өз тәжірибемнен мысал)
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
II тарау. Практикалық бөлім
Мен 26.01.-09.01.2023жыл аралығында “Диплом алды практикасынан” өттім. Практикада 5-9 сыныптарға сабақ бердім . Жаңартылған білім беруге сүйене отырып 5«Ә» сыныбына “Роботтың сызық бойымен қозғалуы” атты тақырыпта ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты:
робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану және бір түс датчигі бар роботтыңсызық бойымен қозғалу программасын құрастыру болды. Жаңартылған білім мазмұны аясында көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақтың мақсатына толықтай жеттік деп айта аламын.Сабақтың кезеңдеріне тоқталып кетсек:
Ұйымдастыру кезеңі: алдымен сабақтың тақырыбын интербелсенді тақта арқылы экранда көрсетілген ребус арқылы ашып алдық және сабақтың мақсатымен таныстық. Психологиялық ахуал орнату үшін “жылы лебіз” әдісі арқылы үш тілде сабақ барысына, оқушыларға жылы лебіз білдіру.
Үй тапсырмасы: үй тапсырмасын балалардан “word wall” платформасымен сұрақ-жауап ретінде сұрадым балалар қызығушылық пен өте белсенді қатысып жақсы нәтижелер көрсетті.
Жаңа тақырыпты түсіндіру: бұл кезеңде « Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi шешендiк өнерiн жетiлдiредi танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) сыни ойлау дағдыларын дамытады өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады
Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.» демекші интербелсенді тақта кеңінен қолданылды және балалардың қызығушылығынарттырды
Бекіту: бірнеше тапсырмалар орындап алған білімдерін іс жүзінде қарап, шыңдады.
Рефлексия: сабақтың басында балаларға парақтар берілген болатын.Ол паракта роботтың бейнесін белгілі бір тапсырманы орындағанда көрсетілген жерді бояу керек. Бұл әдістің мақсаты өзін өзі бағалап үйрену. Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда және оның педагогикалық мәнін түсіну үшін оқушы мен қоршаған ортаның байланыс жүйесін ескеру қажет. Сонымен қатар, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды ғы-лыми-педагогикалық негіздеуде адамның бір-бірін түсінуі мен қабылдауының психологиялық механизмдерін зерделеу қажеттігі туындайды. Әсіресе, жеке тұлғаның интеллектуалдық, ақыл-ойы дамуына тығыз байланысты. Тақырып бойынша жиналған білімдеріне талдау жасайды.
Қорытындылайтын болсақ Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалана отырып,бағалаудың қалыптастырушы түрін кеңінен қолдандым. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға,өзін-өзі бағалауға ,бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||
| | | |||
Бөлім | Робототехника | ||||
Педагогтың аты-жөні | | | |||
Күні: | | ||||
Сынып: 5 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | | |
Сабақтың тақырыбы: | Роботтың сызық бойымен қозғалысы | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.3.3.3 – робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану | ||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | ||||
Түс датчик жұмыс істеу принципін түсінеді; | |||||
Көптеген оқушылар: | |||||
Роботтың программалық блоктарын біледі, программа құрастыру барысында қолдана алады; | |||||
Кейбір оқушылар: | |||||
Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастырады; |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Сыныпта жағымды ахуал орнату. "Жылы лебіз"әдісі арқылы үш тілде сабақ барысына, оқушыларға жылы лебіз білдіру. | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | Ауызша бағалау | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 20 мин | "Сұрақ-жауап" әдісімен өткенді қайталау: Өткен тақырыптар интерактивтік тақта да көрсетілген цифрлы ұяшықтарда жасырулы тұр. Цифрлы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Түс датчигінің қызметін еске түсіру "Түсті анықтау" программалық блок құрастыру алгоритмін қарастыру 1. Старт блогы на Күту блогын жалғаймыз. 2. Датчиктен мәліметтер алу үшін оның режимін ауыстырамыз: Түс датчигі ⇒Салыстыру ⇒Түс(2) көк. 3. Күтублогына Дыбыс блогын қосамызда, файл атауын Blueдеп өзгертеміз. 4. Дыбыс блогына Рульдік басқарублогын жалғаймыз. 5. Рульдік басқару блогын жалғап, Қосу (Включить на количество оборотов) режимін таңдаймыз. Рульдік басқару күйін (25)-ге келтіреміз. 7. Программаны роботқа жүктейміз. Тапсырма №1
Тапсырма №1 жауаптары 1) программалық блок 2) программалық блок Дескриторы: - түс датчигі орнатылған программалық блокты құрастырады; - программалық блоктарды атайды және түсіндіреді; - деңгейлі прогрммалық блоктарды құрастырады; ҚБ: "Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады Бір түс датчигінің көмегімен жүретін EV3 роботының 58 ә-суреттегідей қозғалысының қарапайым алгоритмін қарастырайық. Робот сызық бойында түп-түзу болып қозғалмайды, тек сызық бойымен алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қозғалыс жасай отырып, біртіндеп алға қарай жылжиды. Алгоритм өте қарапайым: егер түс датчигі қара түсті көрсе, онда робот бір бағытта, ал ақ түсті көріп қалса, екінші бағытта айналады (59-сурет). Көрсетілім. Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасы. Программаны құрастырып болған соң, роботқа жүктеп тексереміз. Программа құрудағы қателер робот арқылы тексеріп, тестіленгенде тез анықталады.Роботты іске қосып, оның қара сызық сызылған алаңнан қанша уақытта өтетінін есептейміз. Жеке жұмыс Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастыру. Бір түс датчигі орнатылған роботтың программалық блогы
Дескриптор:_-бір_түс_датчигі_бар_роботтардың_программасын_құрастырады;-_программалық_блоктарды_атайды_және_түсіндіреді;ҚБ'>Дескриптор: -бір түс датчигі бар роботтардың программасын құрастырады; - программалық блоктарды атайды және түсіндіреді; ҚБ:"Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады Роботқа екі түс датчигін орнатамыз. Робот Цвет (түс) және Яркость отараженного цвета режімдерін пайдаланып қара сызықытың бойымен қозғалады. Роботқа екі түс датчигін орнатамыз. Робот Цвет (түс) және Яркость отараженного цвета режімдерін пайдаланып қара сызықытың бойымен қозғалады. Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалуы алгоритмі:
Көрсетілім. Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасы. Программаны құрастырып болған соң, роботқа жүктеп тексереміз. Программа құрудағы қателер робот арқылы тексеріп, тестіленгенде тез анықталады.Роботты іске қосып, оның қара сызық сызылған алаңнан қанша уақытта өтетінін есептейміз. Жеке жұмыс. «Талдау» әдісі Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастыру. «Талдау» әдісі бойынша құрастырылған программалық блоктарды талдау Дескриптор: -екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастырады, тексереді. - программалық блоктарды атайды және түсіндіреді; ҚБ: "Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады | Сұрақтарды тыңдайды, жауап береді 1-тапсырманы орындайды Программалық блоктарды атайды, құрастырады 2-тапсырманы орындайды. Программалық блокты атайды, құрастырады 3-тапсырманы орындайды. Программалық блокты құрастырады, талдайды | Ауызша бағалау "Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы робот кеудесін бояйды Ауызша бағалау "Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың басы мен қолын бояйды Ауызша бағалау "Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың аяғын бояйды Ауызша бағалау "Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың басы мен қолын бояйды | Интербелсенді тақта Компьютер Презентация Таратпа материал | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3-4 мин | Рефлексия:тақырып бойынша жинақтаған білімдеріне талдау жасайды. | | | | ||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы 1 мин | «Үй тапсырмасы» Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалысы кезінде оның алдына кедергі қойылды (сурет). Робот кедергіні айналып өтіп, қайтадан қара сызықтың бойымен қозғалуы үшін суретте берілген программаны қалай өзгертуге болады? Қосымша қандай датчик қойылуы керек? Мәселені шешудің жазбаша алгоритмін дайында. | | | |
Қорытынды
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін шынайы өмірлік қажеттіліктерге асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелейміз.
Қорыта келе, ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру — жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Завьялова О.А. Воспитание ценностных основ информационной культуры младших школьников. - Журнал «Начальная школа» №11, 2005.
2. Захарова Н.И. Внедрение информационных технологий в учебный процесс. – Журнал «Начальная школа» №1, 2008.
3. Иванов В.В., Зайцева С.А. Этическая составляющая в информационной культуре учителя. - Журнал «Начальная школа» №11, 2005.
4. Каминский В.Ю. Использование образовательных технологий в учебном процессе. – Научно-практический журнал «Завуч» №3, 2005.
5.Н.Амирғалина. «Білім берудің инновациялық технологияларының бірі- тірек конспектілері». // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (17-19б.).
6.Г. Амандыкова. «Іет тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2007ж., (103-105 б.).
7.Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж., (22-24).
8.Г. Такишева. « Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі», // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (14-17б.).
9.Н.Байтерекова. «Мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану». // Білім. Алматы, № 4, 2009 ж., (26-28).