Файл: лФараби атындаы 145 жалпы білім беретін мектеп аза тілі мен дебиет пн бірлестігіні 20212022 оу жылындаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 43
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің 2021-2022 оқу жылындағы жартыжылдық е с е б і
Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің
2021-2022 оқу жылындағы
жартыжылдық е с е б і
Мақсаты:
Мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, құзырлылығын және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру арқылы оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуіне ықпал ету.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында ӘБ –те 8 мұғалім еңбек етеді. Барлығы жоғары білімді тәжірибелі ұстаздар. ӘБ мұғалімдерінің мақсаты мен міндеті – болашақ ұрпаққа жаңа технология әдістері бойынша оқытуда сапалы білім беруге талпынады.
2021-2022 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті
бірлестігінің сапалық құрамы
№ | Мұғалімнің аты-жөні | Стажы | Біліктілік санаты | |
жалпы | педстаж | |||
1 | Тлеболдинова Нурайса Искаковна | 42 | 37 | Педагог-зерттеуші 30.08.2018 №130 |
2. | Кіршібаева Райхан Ахметқазықызы | 40 | 35 | Педагог-зерттеуші 31.07.2019 №130 |
3. | Сайлыбаева Бибигуль Майлыбаевна | 33 | 33 | Педагог-зерттеуші 31.07.2019 №130 |
4. | Калиакбарова Ардақ Олжабековна | 21 | 21 | Педагог-сарапшы 30.08.2018 №130 |
5. | Табиев Айдос Мұратұлы | 6 | 7 | Педагог-зерттеуші 25.12.2020 №130 |
6 | Дәулетова Әзима Юсупқызы | 3 | 4 | Педагог-модератор 25.08.2019 №130 |
7. | Шарғынова ЖаннаТурсыновна | 26 | 26 | Педагог-модератор 04.06.2019 №130 |
8 | Ошанова Айгерім Мұхаметхалықызы | 0 | 1,5 | жоқ |
Бірлестік мүшелеріне жыл басында апталық жүктемелер бөлініп,бекітіліп берілген. ӘБ отырысы жасалынып, жыл бойына атқарылатын міндеттемелерді бөлісіп алды. Жылдың басынан әдістемелік бірлестікте айына бір рет 3 отырыс өткізілді, онда әр түрлі сұрақтар қаралып, шешімдер қабылданды.
Оқу материалы бағдарламаға, жоспарға сәйкес түгел қамтылды, мұғалімнің шығармашылық тақырыбы бойынша есебі тыңдалып, пікір алмасып, талқыланды.
ҰБТ-ға тиянақты дайындау үшін бірлестіктегі пән мұғалімдеріне 11-сынып оқушылары бөлініп, бекітілді. Осы оқушылармен оқу жылының басынан бастап осы уақыт аралығында мерзімді байқау тесті өткізілді.
Қорытындылары жазылатын кесте толтырылып, онда әр оқушының жинаған ұпайы, оның бағаға шаққандағы көрсеткіші, орта балл және орта баға шығарылып отырады.
Оқу жылы 01.09.2021 жылы «Кел, балалар,оқылық!» атты салтанатты жиынмен басталып, пән мұғалімдері өз сыныптарында алғашқы Білім сабақтарын берді
2021 жылдың 22-27 қыркүйек аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыуымен «Тілге құрмет-елге құрмет» атты апталық өткізілді. 22 қыркүйек күні апталықтың ашылуы мен жоспары таныстырылды.Тіл мерекесіне арналған өлең-жырлар оқылып,әндер шырқалды. Барлық сыныптарға апталыққа байланысты газет, буклет шығару тапсырылды. Бірлестіктегі барлық пән мұғалімдері сыныптан тыс іс-шаралар өтті.
Тіл қандай да болмаса ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің қазіргі таңда қолданылуының ерекше мәні бар. Өз халқының қадір - қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.
«Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші мектепте білім дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты апталық өз дәрежесінде өтті.
1-11 сыныптарда «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді, сонымен қатар «Тіл жеткізбегенді,үн жеткізеді» атты эссе сайысы ұйымдастырылды.Эссе қорытындысында 5 «А» сыныбында Унасбекова Дания I орын, Манат Сәуле II орын, пән мұғалімі Дәулетова Азима, 6 «Б» сыныбында Өсен Аяулым II орын, Үсенқызы Ұлдана III орын, Шыңғысбай Айзере III орын, пән мұғалімі Сайлыбаева Бибігүл.
6 «Ә» сыныбындаСоветхан Аружан, Сейдували Ислам II орын, пән мұғалімі Тлеболдинова Н.И. 8 «ә» сыныбында Қалиақбарова Х I орын, Ахмуханова Алуа III орын, пән мұғалімі Кіршібаева Р.А
«Тілге құрмет-елге құрмет» атты апталықтың салтанатты ашылуы 19 қыркүйекте болды.
Сол күні «Тілдер әлемінде» атты қабырға газеттері шығарылды. Әрбір қабырға газеті өзіндік талаптарға сай, мәні мен мағынасы жағынан ерекшеленіп тұрды. Онда тіл туралы мәлімет, оқушылар шығармашылығы жинақталды.
22 қыркүйек күні «Тілім менің байлығым атты» мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Апталықтың соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
І тоқсан соңында бақылау жұмысы алынып, сараптама жасалып, қорытындыланды. Бақылау жұмыстары да жоспар бойынша өткізілді.
Тоқсандық сапасы, үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасының есебін айқындау, бақылау жұмыстарында кеткен қателер, білім сапасын көтерудің жолдары қарастырылылды.
Қараша айында Ә.Бөкейханның 155 жылдық мерейтойында шәкіртім Керімбай Ілияс 7 «А» сынып оқушысы Республикалық байқаудан 2- кезеңге өтіп, 508 дауыс жинап, 1- орын алды.Жетекшісі Шарғынова Жанна Тұрсынқызы.
Тұңғыш Президент күніне орай «Менің елім, менің тұңғыш Президентім» атты оқушылар арасында мектепішілік шығармалар байқауын өткізіп, жақсы жазған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
10.12.2021 күні сағ 12:00 де акт залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Онда барлық сыныптардың оқушылары қатысты, өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар 6 «ә» сыныбында"Біз- Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!" атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті.
Сонымен қатар екінші тоқсанда онкүндік ұйымдастырылды
қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің
29.11-10.12 аралығында
«Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!»
атты онкүндік іс-шараның ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Таукенова Бейбіткүл Ясынқызы құттықтау сөз сөйлеп, онкүндікке сәттілік жолдады.Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кіршібаева Р.А онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Мерекелік іс-шарада мектеп оқушылары өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Онкүндік ары қарай жоспар бойынша жүргізілді.
Онкүндіктің жалғасын қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қалиақбарова А.О
8 «В» сыныбында «Мамандық таңдау- маңызды іс» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа мектеп директоры Таукенова Б.Я, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қойбағарова С.С, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кіршібаева Р.А, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Тлеболдинова Н.И қатысты.
«Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!»
атты онкүндік ары қарай жалғасын 1-11 сыныптар арасында Тұңғыш Президент күніне орай «МеніңТұңғыш Президентім» (1-4) « Елін сүйген –Елбасы»
(5-9)
«Ел ертеңін ойлаған –Елбасы» (10-11) тақырыбында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Биылғы жыл - қазақ халқы үшін айрықша ардақты, Мемлекетіміз үшін ең мерейлі жыл! Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік - біздің абыройымыз, намысымыз! Сынып жетекшілер Табиев А.,Калиакбарова А.О., Тлеболдинова Н.И., Сайлыбаева А.,Шарғынова Ж. ашық тәрбие сағаттарын өткізді
Оқушылардың Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 5"Б" сыныбында "Біз- Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!" атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Отан, туған жер, Тәуелсіз ел туралы жүрекжарды лебіздерін айтып, жарқын болашаққа жетелейтін рухани азық алып, алтын ұя мектептің тәрбиесі мен біліміне кенелді. Тәрбие сағатына мектеп әкімшілігі мен жас мамандар қатысты.
Сонымен қатар 30.11. күні Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Табиев А.М
6 «В» сыныбында «Тарих қойнауында» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Манкентбаева Л. , директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кіршібаева Р.А, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Тлеболдинова Н.И ағылшын пәнінің мұғалімі
Шакенова А.қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
07.12 күні мектепте 5-10 сынып оқушылары арасында «Жырлаймын, Тәуелсіздікті!»атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: оқу мәнерін меңгеру, өлең сөзге деген қызуғушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін ояту.
Мәнерлеп оқу нәтижесі төмендегідей:
№ | Оқушының аты-жөні | сыныбы | Алған орны |
1 | Махамбет Ілияс | 7 «А» | 1орын |
2. | Советхан Аружан | 6 «Ә» | 1орын |
3. | Арнурова Хадиджа | 10 «Ә» | 1орын |
4. | Дәулетбекқызы Аяжан | 6 «В» | 2орын |
5. | Бақыт Бектурған | 5 «Б» | 2орын |
6. | Нұрғали Аружан | 6 «А» | 2 орын |
7. | Сарбасов Даниял | 5 «Б» | 3 орын |
8. | Советбек Аида | 9 «Ә» | 3орын |
9. | Орынбек Диана | 10 «Ә» | 3орын |