Файл: Геронтология артаю жне крілік.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Геронтология қартаю және кәрілік

Геронтология (грекше. geron. geront(os) – қарт +logos оқу) – тірі жан-дардың, адамдардың қартаю қағидаларын, қарттық кезеңдері зерттейтін ғылым. Алғаш ретбұл термин 1903 жылы И. И. Мечникпен ұсынылған болатын. «Оптимизм этюдтарында» Илья Ильич кәрілікті зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы барын атап өткен.

Қазіргі заман геронтолгиясы – қартаю биологиясы, клиникалық герон-тология (гериатрия), геронтопсихология мен әлеуметтік геронтологияны (герогигиена) қамтитын пән аралық ғылым. «Гериатрия» терминін 1909 жылы американдық дәрішер И. Л. Нашер енгізген болатын. Ол АҚШ-та 1914 жылы «Гериатрия: қарттық аурулар мен олардың емі» атты алғашқы кітапты жарыққа шығарған. Қартаю биологиясының міндеттері – ағзалар мен популяциялардың алғашқы қартаю механизмдері мен өмір ұзақтығын анықтайтын факторларды іздестіру. Қартаю биологиясын зерттеу – түрлі жануарларды эксперименталды зерттеу мен адам өмірінің түрлі кезеңдерінде клиникалық талдамалар жүргізуге бағытталган.

Қартаю мен оның дамуындағы қосалқы аурулар негізінде жатқан меха – низмдерді түсіу қажеттілігі де айтылған. Осының негізінде қарт адамдарға тән аурулар нәтижелі емдеу мен алдын алу стратегиясы ойластыру қажет. ЖИА, инсульт, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы мен пневмония, өкпе рагі сияқты ауруларды алдын-алу, талдау тобының деректері бойынша өмір сүрі ұзақтығын 9,3 жылға ұлғаюына алып келуіне мүмкін (дамыған елдерде жылына 4,4 экономикасы барынша дамылған елдерде жылына 16,1).

Бүгінде, қазіргі заманда алдын-алу медицинасының кейінгі үрдісі денсаулық сақтау мен өмір сүрі ұзақтығын ұлғайтуға қарасты талпынысты әдіс-тәсілдердің қолданылуынсыз мүмкін емес келеді. Жаппай индустриали-зациялау, урбанизациялау мен дамып келе жатқан қоршаған ортаның ластануы жағдайында осы факторлардың ағзаға кері әсер етуінің аз ғана әлсізденуіне үміттіне аламыз. Нәтижелі өзгерістердік болуы маңызды ғылыми-техникалық мәселелердің шешілуі мен экономикалық шығындарды қажет етеді. БҰҰ талдаушыларының 21 ғасырдағы қартаю мәселелерін зертеу бойынша ғылыми бағдарламасының негізгі қағидасы ретінде дені сау болып қартаю концепциясын орындауда – адамның өмір сүру стиліндегі өзгерістер аса маңызды. Мысалы: диеталық әдеттер, жыныстық өмірдің басталу уақыты, алкоголь мен темекіден бас тарту уақыты және т.б. рақ ауруымен науқастануды алдын алуда маңызды болып, өмір сүруді ұзартуға әсерін тигізуі ықтимал.


Гериатрия

Егер тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және iateria - емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанда кариялар мен мүгедектер үй», геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериантриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде картаюдың әлеуметтік-гигиеналық себептері мен клиникалық белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексері әжістемесі ұсынылды.

Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфологиялық және гистохимиялық өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің финкционалдық мүмкіндіктерін (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады.

Психика функциларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалды және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қаситтер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады.
Қартаюдың түрлері

Қартаю кезеңі «кеш естиярлық», «қарттық жас» дегені анықтамалар кездеседі. «Демограциялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. Мынадай анықтамалар келтіріледі.

Қартаю бұл – адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулиялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым.

Адам өзін қай кезеңмен бастап қартпын деп санайды? Бұл сұраққа бір жақты жауап беру мүмкін емес. Сондықтан да қартаюды бірнеше түрге бөліп қарастырады: хронологиялық, физиологиялық, психолоиялық және әлеуметтік.


1)Хронологиялық (календарлық) қартаю – бұл өмір сүрген жылдар саны болып табылады. Ежелгі грек ойшылы Пифагор адам өмірінің 4 кезеңі (оның әрбірі 20 жылға тең) 4 жыл мезгіліне сәйкес есептеді, олар: қалыптасу кезеңі – 20 жасқа дейін; жас адам – 20-40 жас; күш кемеліне толған кез – 40-60 жас; қарттық – 60-80 жас.

2) Физиологиялық (денелік) қартаю – денсаулық жағдайы, ағзаның соматикалық ауытқулар жиынтығы. Оны хронологиялық қартаюмен салыстырғанда классицикациялау күрделі болып келеді. Біріншіден, физиологиялық қартаю процесі көп жағдайда жеке мәнге ие болады және бір ғана қарттық жаста бір адамдар дені сау, қарт болмауы мүмкін, екіншілерінің денсаулық жағдайы нашар болуы мүмкін. Екіншіден, тек бір адамның ғана түрлі мүшелері, тіпті бір мүше құрылымы бір уақытта және бірдей дәрежеде ескірмеуі мүмкін.

3) Псиохологиялық қартаю деп адам өзін қарт ретінде ұғына бастаған сәтті айтуға болады. Мұнда екі қиыншылық туындайды – біріншіден бұл сезім ерте немесе өте кеш келуі, екіншіден адам өзін психологиялық негізде қарт сезіну арқылы онда тұлғалық өзгерістер байқалуы мүмкін.

4) Әлеуметтік қартаю – барлық аталған қартаю түрлерінің белгілеріне негізделген, бірақ ол өткен өмір, басынан өткізген аурулар және эмоциялық сезімдердің қарапайым жиынтығын ғана емес, қартаю түрлерінің синтезі болып табылады.

Қартаю – ағзаның бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуі, жас кезеңдік патологияның дамуына алып келеді. Барлық жүйе жүйкелік, эндокриндік, иммундық, қан тамырлар, тыныс алу, ас қорыту және т.б. – қызметтерінің әлсіреуі қартаюшы ағзаның бейімделгіштігінің төмендеуінің себебі болып табылады. Соңында молекулярлы, ультрақұрылымды деңгейде жүретін барлық процестер ағза құрылысы, жасуша функциясының өзгеруіне өз «үлесін» қосады.
Қартайған адамның қиындықтары

Егде жастағы науқастар жиі ұйқысықдыққа шағымданады, оларда ұйықтау режимі өзгереді – олар көбінесе күндіз ұйықтап, түнде белсенділік көрсетеді (кіріп-шығады, палатаның ішінде жүреді, кітап оқиды). Осы жағдайда ұйқы турадыратын дәрілерді жиі қолдану тез үйренушілікке әкеледі. Сонымен қатар ұйқы тудыратын дәрулерді қолданған кезде әлсіздік, басының ауруы, таңертеңгі уақытты басының «сынуы», іш зату байқалуы мүмкін. Ұйқы тудыратын дәрілерді дәрігер қажет болған жағдайда тағайындайды. Мейірбике науқасқа дәрілік шөптерді ұсына алады (мысалы, сасық тұнбасы 10-15 мл-ден ұйықтар алдында 40 мин бұрын), 10-20 тамшы «Валокордин», бал араласқан жылы сүт (1ас қасық) және т.б.


Егде жас және қарт науқастардасоқылмалы бронхиттің өршуінің жиі байқалуы, кеуде қуысының жасына сәйкес өзгерімен, тыныс алу қозғалысының шектелуімен, жөтел түрткісінің нәтижесі аз болуынан дренажды қызметінің төмен болуы және жыбыр эпителийнің атрофиясына, кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуіне, инфекцияға қарсы қорғанысыны төмен болуына байланысты. Егде жас және қарт науқастарды емдеуді олардағы патолоиялық үрдістердің ерекшеліктерін, қосымша ауруларын, пациенттің жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Гериатриялық науқастардың созылмалы бронхитпен жиі ауруы бактерияға қарсы препараттарды жиі қолдануы балйаныисы. Осыған орай егде жастағы науқастарда бактерияға қарсы препараттардың кері әсері жиі байқалады, мысалы, есту қабілетінің төмендеуі (стрептомицин, гентамицин және т.б.), бүйрекке токсикалық әсер (канамицин), кандидоз, дисбактериоз және атрофиялық глоссит (тетрациклин, қосарланған антибиотики) және т.б. Егде және қарт жаста гемодинамика ерекшеліктерінің кейбір қатары дамиды: негізінен систолалық артериялық қысым (АҚ) жоғарлайды, венозды қысым төмендейді, жүректің жұмысы, кейіннен минуттық көлемі төмендейді. Жасы ұлғая келе ірі тамырлар қабырғасы өзінің иілгіштік қасиетін жоғалтады, атеросклерозды түйіндер және ұсақ тамырларды органикалық өзгерістер дамуының салдарынан ми, бүйрек және бұлшықеттің қан айналымы төмендейді. Қазіргі уақытқа дейін адамның жасына байланысты АҚ-ның қалыпты көрсеткіші құрастырылған жоқ – егде және қарт жастағы адамдарда АҚ-ның көтерілуі қалыпты конпенсаторлы көрініс ретінде қарастырылады.

Психикалық ауытқуларды (Деменцияны, Альцгеймер ауруын, қаңғып кету, шаталасып сөйлеу, галюциналициялар)

Егде және қарт жастағы адамдарға тән патологиялық өзгерістердің байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға біріктіруге болады:

Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті қосқанда)

Бір науқастың бойында екі немес одан да көп аурулардың болуы. Егде және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады.


Көбінесе аурулардың созылмалы ағымды болуы. Көптеген созылмалы аурулардың өршуіне жасына сәйкес эндокриндік алмасу және иммундық ығысудың қолайсыздығы әсер етеді.

Аурудың клиникалық ағымы әдеттегідей болмайды. Көбінесе аурудың неғұрлым Баяу және жасырынды бүркмелі ағымы анықталады. (пневмония, миокард инфарктісі, өкпе түберкулёзі, неопластикалық үрдістер, қантты диабет және т.б.). Мысалы егде жастағы науқастарда қызба, туберкулез немесе инфекциялық эндокардиттің, уш қіысындағыабсцесстің негізгі көрінісі болуы мүмкін.

«Кәрілік» аурулардың болуы (остеопороз, қуық үсті безінің қатерсіз ісігі, Альцгеймер ауруы, аәрілік амиолоидоз және т.б.)

Қорғаныс реакцияларының, бірінші кезекте иммунды реакцияның өзгеруі.

Әлеуметттік-психологиялық статустың өзгеруі. Әлеуметтік бейімсізденідің негізгі себебі адамның зейнеткерлікке шығуы, жақын туыстарын және жолдастарының өліміне байланысты оларды жоғалту, жалғыздық және басқа адамдармен қарым-қатынасының шектелуі, өзін күтудің қиындауы, экономикалық жағдайының нашарлауы. Осы жағдай аясында үрейлілік, депрессия, ипозондриялық синдром сияқты бұзылыстар дамиды (өзінің денсаулығы үшін шектен тыс патологиялық сақтану, ешқандай ауру болмаса да оның бар екеніне сену).
Жығылып қалудың алдын алу

Жарақаттанудың пайда болуын алдын-алуға ерекше назар аудару керек. Соғылу және сынықтар (әсіресе, сан сүйегінің мойны) науқастардың қозғалысын шектеп, өлімге әкеп соқтыратын пнемония, өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты асқыныстардың пайда болуы мүмкін. Қауызда науқасты жуындырғанда науқасқа тірек болу, қауызға енуге және шығуына көмектесіп, науқастың аяғы тауып кетпеу үшін еденге резеңкелі алаша төсейді. Мейірбике ауруханадағы бөлмелердің жағдайын, жарықтың жеткілікті болуын бақылайды. Еденде бөтен заттар болмау керек, сұйықтық төгілуін болдырмау керек, себебі науқас байқамай, аяғы тауып, құлап кетуі мүмкін. Гериатриялық бөлімшенің дәлізі кең, жиһаздармен толмау керек, дәліздегі қабырға бойына науқастар жүргенде сүйену үшін сүйеніш орнатылу керек.

Гериатрияда қолданылатын медбикелік үдеріс

Науқас пен медициналық қызметкердің арасында өзара қарым-қатынас пен келісімділігі жетістігі егде жастағы науқасты тиімді ем жүргізуде міндетті болып келеді. Дәрігер тағайындағанды (дәрі-дірмектер, тәртіп, емдәм т.б.) науқастың орындау дәрежесі әдебиетте «комплайенс» термині (ағыл. сompliance – келісім) деп аталады. Мәліметтер бойынша, егде жастағы науқастардың жартысы дәрігер берген нұсқауларын толық немесе таза оындамайды. Комплайенстың негізгі бұзылу себебі – дәрігер мен медбикенің жеткіліксіз қарым-қатынасы, сонымен бірге, конгнитивтік қызметінің бұзылуы. Гериатрикалық адамдарда комплайенстің болуына дәрігер аса