Файл: Дипломды жобаны таырыбы "Астана аласындаы 4абатты монша кешені".docx
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 136
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
) = )= 0,13 л/сек
np– ауысымдағы жұмысшыларды максималды саны;
n1-ауысымдағы 1 адамға шаққандағы су тұтыну нормасы (дәрізбен 20-30л, дәрізсіз 10-15 л);
n2-бір душ қабылдауға шаққандағы су нормасы (30л);
R2- су тұтынудың біркелкісіздігінің коэффициенті (1,1…1,5);
R3- ауысымдағы максималды адамдар санының душ қабылдауға қатынасын ескеретін коэффициент (0,3…0,4).
Өрт сөндіруге кететін су шығыны өрт қауіпсіздігін бақылау органдарымен келісе отырып қабылданады. Әдетте бұл норма су құбырының тас жолында гидранттардың әрбір 80 м сайын орналасу жағдайында 10 л/с қабылданады. Ауысымдағы максималды есептік су шығыны мәліметтері бойынша су құбырының диаметрі мына формула бойынша анықталады:
d= = 17мм (20мм)
мұндағы Qобщ – судың есептік шығыны, л/с; v – құбыр бойынша су қозғалысының жылдамдығы, су шығыны көп болғанда 1,5…2,0 м/сек, су шығыны аз мәнге ие болғанда 0,7…1,2 м/сек қабылдау керек. Құбырдың диаметрінің алынған шамасы бойынша уақытша құбырды тұрғызуға ең жақын жоғары өлшемді құбыр қабылданады.
4.8 Уақытша қойма шаруашылықтарын ұйымдастыру
Уақытша қойма шаруашылығын ұйымдастыру кезінде келесі өзара байланысты мәселелер шешіледі:
-
Қоймалауға қатысты конструкция, материалдар мен бұйымдардың өндірістік қорын анықтау. -
Қойманың қажетті ауданын есептеу. -
Қоймалардың түрлерін таңдау және оларды құрылыс алаңында орналастыру.
Құрылыс конструкциялары, бұйымдары және материалдарының өндірістік қорларын анықтау барысында негізгі мәселе олардың құрылыс алаңыңда мүмкіндігінше минималды саны, көлемі болуы тиіс және нысандағы жұмыс өндірісінің үздіксіз болуын қамтамасыз етулері керек.
Кесте 7. Сақталатын құрылыс материалдары, конструкциялары мен бұйымдарыны үшін қойма ауданын анықтауға арналған есептік нормалар
5-кесте
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Аудан нормасы, м2, өлшем бірлігіне шаққанда | Кіру және өту аудандарын үлкейту коэффициенті |
Дуалға арналған құбыр | м | 2,1 | 1,5 |
Бұрыштама | м | 1,2…1,4 | 1,2 |
Профлист | м | 3,3 | 1,2 |
Бетон қоспасы | м3 | 2,0 | 1,3 |
Тас | м3 | 1,0 | 1,25 |
Биотуалет | шт | 2,8…4,0 | 1,5 |
Эл. сым | м2 | 1,0 | 1,25 |
Қада | шт | 1,0…1,7 | 1,3 |
Изо пленка | м2 | 0,5…0,7 | 1,4…1,8 |
Арматура д22 | кг | 1,6…1,8 | 1,6…2,0 |
Арматура д18 | кг | 1,4 | 1,4 |
Бетон М350 | м3 | 0,25…4,0 0,8 | 1,2 1,4…1,6 |
Арматура д20 монолит | кг | 0,6…1,6 | 1,5…2,0 |
Бетон В20 монолит | кг | 0,2 | 1,2 1,4…1,6 |
Терезе 1.5 м | шт | 2,5…5,0 | 1,3 |
Терезе 0.8 м | шт | 1,0…1,7 | 1,3 |
Терезе 2.2 м | шт | 0,25 | 1,3 |
Есік 0.9 м | шт | 0,25 | 1,4 |
Есік 0.7 м | шт | 0,2 | 1,4 |
Есік 1.5 м | шт | 0,4 | 1,4 |
Керамикалық кірпіш М25 250мм х 120мм х 88мм | м3 | 0,6…1,6 | 1,5…2,0 |
Перемычка В15 | шт | 0,2 | 1,1 |
Сухая смесь “GLATT” | кг | 1,5…3,0 | 1,2 |
Сухая смесь “FINISH” | кг | 1,5…3,0 | 1,2 |
4.9 Уақытша әкімшілік-тұрмыстық және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерімен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру
Жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған бөлме ауданы мен құрамы жұмысшылар санына, нақты жағдайлар мен қызмет көрсету мүмкіндіктеріне байланысты әрбір құрылыс алаңы үшін бөлек анықталады. Егер құрылыс-монтаждау жұмыстары бар кәсіпорында жүргізілетін болса, онда сол орында бар тамақтану, денсаулық бекеттерімен қолдануға болады.
Қоймаларға – жылытылатын және салқын қоймалар, қоймалық орындар, төбеліктер;
әкімшілікке – құрылыс алаңы басшысының, прорабтың, диспетчер және т.б. қызметтік бөлмелері;
санитарлық-тұрмыстыққа – киіну бөлмелері, киімді кептіру бөлмелері, шомылу, асхана мен буфеттер, денсаулық бекеттері және т.б.,
тұрғын және қоғамдық ғимараттарға – жатақханалар, дүкендер, асханалар, моншалар, клубтар және т.б. жатады.
Кесте 8. Құрылыс алаңындағы әкімшілік және мәдени-тұрмыстық бөлемелердің қажет нормалары
6-кесте
Атауы | Тағайындалуы | Өлшем бірлігі | Мұқтаждық нормалары |
1.Прораб бөлмесі | Әкімшілік-техникалық қызметкерлерді орналастыру | м2 | 1 адамға 3,0…3,5 |
2. Өткел | | м2 | 5…6 |
3.Киім ауыстыру бөлмесі | Жұмысшылардың киім ауыстыруы және арнайы киімдерді сақтау | м2, екі есікті шкаф | 1 адамға 0,9 , 1 – 1 адамға |
4. Душ қабылдау бөлмесі | Жұмысшыларға санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету | м2, тор | 1 адамға 0,43 12 адамға 1 |
5.Жуыну бөлмесі | Жұмысшыларға санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету | м2, кран | 0,05 1 адамға., кран 15 адамға |
6.Дәретханалар әйелдерге Ер кісілерге | | орын | 1 – 20 адамға 2 – 30 адамға 4 – 70 адамға 6 – 100 адамға 8 – 150 адамға 1 – 20 адамға 2 – 70 адамға 6 – 130 адамға 8 – 200 адамға 10 – 350 адамға |
7.Кептіру бөлмесі | Арнайы киім мен арнайы аяқ-киімдерді кептіру | м2 | 0,2 – 1 адамға |
8. Жылыну және демалуға арналған бөлме | Қыс уақытында жылыну және бөлінген уақытта демалу | м2 | 0,1 – 1 адамға |
9.Тамақтану бөлмесі | Тізімдегі санның 70% бөлмеде тамақтанады деген есеппен | м2 | 1адамға 1 |
10.Диспетчерлік | Диспетчерлік қызметті орналастыру | м2 | 7 – 1 қызметкерге |
11. Жалпы зал | Жалпыға бір жиналыстар мен қоғамдық шараларды өткізу | м2 | 0,7- 1 орынға |
12.Денсаулық бекеті | Медициналық көмек көрсету | м2 | 200…500 адам болғанда 20., 1000 адам болғанда 70 |
Кесте 7. Құрылыс алаңындағы қажетті әкімшілік бөлмелер
Техника-экономикалық көрсеткіштер
Құрылыс бас жоспарларында қабылданғанған шешімдердің экономикалық тиімділігі техника-экономикалық көрсеткіштермен және құрылыс бас жоспарының ең жақсы мысалдарымен салыстыру арқылы анықталады. Парақта бұл көрсеткіштер кесте түрде көрсетіледі. Құрылыс бас жоспарының сыйымдылығы құрылыс бас жоспарының алаңына салынатын нысанның құрылыс ауданына пайыздық қатынаспен сипатталады.
Құрылыс бас жоспарының техника-экономикалық көрсеткіштері
8-кесте
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Көрсеткіш шамасы | Ескертулер |
Құрылыс алаңының ауданы | м2 | 4100 | F |
Жобаланатын ғимараттың құрылыс ауданы | м2 | 1290 | Fп |
Уақытша ғимараттар мен имараттар құрылысының ауданы | м2 | 1078 | Fв |
Уақытша имараттардың ұзындығы: жолдар су құбырлары дәріз жүйелері электр тізбектеру жарықтандыру желілері қоршаулар | м | су-145 қоршау-330 электр - 165 | |
Құрылыс бас жоспарының сыйымдылығы | % | 58% | |
4.10 Құрылыс бас жоспарын графикалық рәсімдеу
Құрылыс бас жоспары А2 форматында жасалады. Құрылыс алаңындағы тұрғызылатын ғимарат өлшемдері мен габариттеріне байланысты 1:200 – 1:500 масштабында жасалады. Құрылыс бас жоспарын сызуды мына дәйектілік негізінде жасаған жөн. Ең алдымен масштаб орнатып алу керек. Содан соң сәулет-құрылыс бөліміндегі жасалған бас жоспардан көшіруді орнатады. Кейін монтаждау крандарының әсер ету жолдары мен орнатпа орындарын, олардың әсер ету аймақтарын, конструкция мен материалдарды сақтауға арналған ашық аудандар мен қоймалар орындарын, бетон қоспалары мен ерітінділерді қабылдау орындарын белгілейді.
Содан соң уақытша жолдар, өткелдер мен шығатын жерлерді трассалайды. Кейін уақытша ғимараттар мен
имараттарды орналастырып, барлық жүйелерді белгілеріне сәйкес суреттейді. Салынған ғимараттар мен имараттарға сандармен белгілеп, келесі экспликация жасалады:
Құрылыс бас жоспарының экспликациясы
3521 м2 құрылыс алаңы;
- Құрылыс өрісінің ауданы = 43695 м2;
- Бау-бақша алаңы = 24507 м2;
- жолының ауданы = 5870 м2;
- жаяу жүргіншілер жолдарының ауданы 873 м2
Құрылыс бас жоспарының бетінде құрылыста қолданылатын ең ауыр жүктердің кестесін келтіру керек. Сонымен қатар жобамен қарастырылған құрастырмалы конструкцияларды қоймалау нобайларын көрсету керек.
5. Экономикалық бөлім
5.1 Қазақстандағы құрылыс инвестициясы
Әлемдік экономикаға кірігіп, ашық экономикаға көшкісі келетін жас тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан үшін импорттаушы және экспорттаушы ретінде капитал қозғалысы процесіне қатысу өте маңызды. Бұл елді өндірісті интернационалдандыруға тартуға ықпал етеді. Осы уақытқа дейін Қазақстанның осы процестерге қатысуы шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым тартымды Азия мен Латын Америкасының басқа елдерімен салыстырғанда төмен болды. Мүмкіндігінше шетелдік инвестицияларды тартуға деген ұмтылыс стратегиялық және ағымдағы міндеттерді шешу қажеттілігімен байланысты. Инвестициялар жаңа ғылыми-техникалық базалар негізінде өндірістік қуаттарды қалыптастырады және елдердің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Жеке капитал, Портфельдік Инвестициялар және басқа активтер түрінде шетелдік капиталды тарту көптеген елдер үшін, әсіресе экономикалық және әлеуметтік дағдарыстардан шығатындар үшін маңызды рөл атқарады.
Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары
Экономиканы тұрақтандыру және өсіру және әлеуметтік бағдарды күшейту мақсатында инвестициялардың тиімділігін арттыру;
ғылыми жетістіктерді пайдалану және меншік пен нарықтық қатынастардың неғұрлым қолайлы нысандарын белгілеу мысалдарын анықтау және қолдану; жәнеөндірістік технологияларды қайта құрылымдауды жеделдету, әсіресе ауыр өнеркәсіпте шикізат пен жинақталған қалдықтарды терең өңдеу және тауарлары өндірісін ұлғайту сияқты озық технологиялар мен біліктілік жүйелерін енгізу арқылы.
Өзара пайда негізінде экономиканың басым салаларына шетелдік инвестицияларды тарту.
Құрылыстың мерзімі мен құнын қысқартуға кепілдік беретін нарықтық қатынастар жағдайында ынталандыру мен санкциялардың ғылыми жүйесін құру.