Файл: Анасы бар адамдар ешашан артаймайды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»

1 - жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!

1 - жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі балабақша меңгерушісі Марина Абылкасымовнаға беріледі.

2 - жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға... ГУЛНОЗА МОНОЛОГ

2 - жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ

Терме
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім - кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп. ЕРЖАН
2 - жүргізуші:

Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, дей сөз кезегін Бахытжан, Алтын,Айнур