Файл: Жмыс берушілерді назарына! Бизнесті леуметтік жауапкершілігі жніндегі Парыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жұмыс берушілердің назарына!

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 873 Жарлығына және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2020ж. 06.03. №84 бұйрығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» жыл сайынғы конкурсы өткізіледі.

Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.));

2) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» (номинацияда өз ұйымы қызметкерлерінің жалпы әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);

3) «Үздік ұжымдық шарт» (номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады);

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» (номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады).

Қатысушылар жалпы қоғамның және жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өздерінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуы тиіс.

Бағдарламалар мен олардың жобалары үміткерлер дербес немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды қамтиды.

Жұмыс берушілерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз. Өтінімдер 2022 жылдың 1 шілдеге дейін қабылданады.


Барлық сұрақтар бойынша «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Абай қаласы, М.Әуезов көшесі 30, 7 кабинет мекенжайы бойынша хабарласуға болады, тел.8(72131)44612.