Файл: Дипломды жмыста жобаланатын имаратты бас жоспары, архитектуралы жоспарлау шешімдері жне рлеу сыныстары келтірілген.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 127

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

АННОТАЦИЯ

Тақырыбы: «Жамбыл облысы Аса ауылындағы мәдени-сауық орталығы».

Дипломдық жұмыста жобаланатын ғимараттың бас жоспары, архитектуралық жоспарлау шешімдері және әрлеу ұсыныстары келтірілген.

Жобаланатын ғимараттың конструкциялық схемасы тағайындалған, оның барлық конструкциялық элементтерінің сипаттамалары келтірілген.

Сыртқы қоршағыш конструкциялардың жылу-техникалық есебі, бөлмелерді жасанды жарықтандыру есептері және құрылыстың жалпы құны есептеліп негізгі ТЭК-і келтірілген.

Түсіндірме жазба көлемі бет, графикалық материал – 2 планшет (110×160см), кесте , суреттер, библиография 26 атаудан
АННОТАЦИЯ

Тема: «Проектирование культурно-развлекательного центра в с. Аса Жамбылской области»

В дипломной работе разработаны решение генерального плана торгового центра, обоснованы архитектурно-планировочные решения здания, даны рекомендаций по отделке.

Установлены конструктивная схема проектируемого объекта, обоснованы основные характеристики всех конструктивных элементов.

Приведены теплотехнический расчет наружных ограждающих конструкций (стена, покрытие), расчеты искусственного освещения основных помещений.

Определены расчетная стоимость проектируемого объекта и вычислены основные технико-экономические показатели.

Пояснительная записка стр., графические материалы – 2 планшета (110×160см), таблицы – , рисунки – , библиография – 26 наименований.

МАЗМҰНЫ







беті




КІРІСПЕ




1.

АРХИТЕКТУРАЛЫҚ БӨЛІМ




1.1.

Жоба алдындағы талдау




1.1.1

Мәдени-сауық орталықтарын (клуб) қала құрылысы жүйесінде орналастыру тәртібі




1.1.2

Мәдени-сауық ғимараттарының архитектуралық жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар




1.2.

Жобаланатын мәдени-сауық орталығының бас жоспар шешімі




1.3.

Жобаланатын мәдени-сауық орталығының архитектуралық-жоспарлау шешімдері




2.

КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ




2.1.

Үйлердің конструкциялық схемалары




2.2.

Жобаланатын ғимараттың конструкциялық схемалары




2.3.

Жобада қабылданған конструкциялық шешімдер




2.3.1

Іргетастар




2.3.2

Колонналар




2.3.3

Қарылар




2.3.4

Қабатаралық және жабын жамылғылары




2.3.5

Қабырғалар




2.3.6

Шатыр




2.3.7

Едендер




2.3.8

Есік, терезелер




2.4.

Сейсмикаға қарсы шаралар




3.

ҚҰРЫЛЫС ФИЗИКАСЫ БӨЛІМІ




3.1.

Жалпы жағдайлар




3.2.

Сыртқы қоршағыш конструкциялардың жылу техникалық есебі




3.3.

Бөлмелерді жарықтандыру




4.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ (ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ) БӨЛІМІ




4.1.

Құрылыстағы нарықтық қатынастар




4.2.

Жобаланатын ғимараттың құрылысының есептік құнын анықтау




4.3.

Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер







ҚОРЫТЫНДЫ







ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ






КІРІСПЕ

Қазақстандағы қалалық және ауылдық жерлердегі іске асырылып жатқан ауқымды өнеркәсіптік және тұрғын, қоғамдық үйлер құрылысы біздің Республикамыздағы қарқынды экономикалық дамумен тікелей астасып жатқан мәселе екені даусыз. Бұл жердегі негізгі көңіл бөлетін нәрсе құрылыс қарқынымен қатар олардың архитектуралық келбеті, бөлмелерінің сәнді көз тартарлық интерьері және тағы басқа сәулеттік мәселелер болып табылады.

Қоғамдық ғылыми техникалық прогресс, өндірістің қарқынды дамуы және халықтың материалдық әл ауқатының ұдайы көтерілуі, елдегі тұрмыстық мәдени қызмет көрсету шекарасының ұлғаюына және халықтың демалысын өткізу формаларының жаңа түрлерінің пайда болуына және елдің (тұтынушылардың) мәдени-сауық мекемелеріне оларда көрсетілетін сервистік қызметтеріне деген талаптарының қатаюына әкеліп соғатын процесс болып табылады. Қоғамдағы мұндай ахуал елді мекендердегі қоғамдық үйлер мен ғимараттарға деген сұраныстың олардың архитектуралық жоспарлау құрылымына және сәулеттік композициясына деген көзқарастың жан жақты болуына және елді мекендердің архитектуралық келбетінің жақсаруына әкелетін үрдіс болып табылады.

Қоғамдық үйлер мен ғимараттар адамдардың қоғамдық іс әрекетінің әр түрлі тұстарының материалдық ортасының негізін құрайды. Қоғамдық өмір формаларының көп түрлілігі (қоғамдық-саяси, мәдени, әкімшілік шаруашылық, болашақ ұрпақты оқыту және тәрбиелеу, денсаулық сақтау, әртүрлі демалысты ұйымдастыру, спортпен шынықтыру және салауатты өмір салтын дамыту, мүмкін болатын әртүрлі коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету салалары) қоғамдық үйлер мен ғимараттардың түрлерінің, салаларының өте үлкен ауқымды бағыттарда болуына тікелей әсер ететін шешуші фактор болып табылады.

Сәулет (архитектура) өнерінде негізгі көңіл бөлінетін және міндетті түрде оң шешімін табатын төмендегідей басты бағыттар:

  • көлем, кеңістік атты композициялық түсініктерді тәжірибе жүзінде ашу;

  • тектоника басты және қосалқы композицияларды анықтау, көлеммен мен кеңістікті бөлшектеу;

  • архитектуралық масштаб, композициядағы пропорциялық жүйелер, архитектуралық модульдер;

  • эвритмия, оптикалық тәуелділіктер, суреткерлік айшықтылық, түстік шешімдер.

Композиция құралдары арқылы оларды әртүрлі сатыда үйлестіре отырып, адамдарға эмоционалды әсер беретін үйлер мен ғимараттарға қажетті архитектуралық әсем келбет беріледі.

Ғимараттардың тектоникасы, оның конструкциялық және материалдық негізімен тығыз байланысты және архитектуралық ғимараттың құрылымын жасайтын архитектуралық келбетін келтіретін процесс.



Архитектуралық масштаб жобаланатын ғимараттың архитектуралық сапасын анықтайтын өте маңызды критерий болып табылады.

Жүйедегі архитектуралық масштаб арқылы және жобада пайдаланылатын пропорцияларға байланысты үйлер мен ғимараттар көрерменге жеңіл ауқымды немесе керісінше, ауыр және басыңқы болып қабылданады.

Материалдардың қасиеттерін, әсіресе олардың беттік фактураларын көркемдік жағынан ыңғайластыра үйлестіре қолдана білу жобаланатын ғимаратқа қажетті пластика беруге, ал оның сыртқы беттеріне әсем және қонымды архитектуралық келбет беруге жол ашады.

Жобаланатын объектілердің жоспарларының, бас жоспарларының, интерьерлерінің және сыртқы келбетінің композициялық шешімдеріне төмендегідей факторлар әсер етеді: табиғи және жасанды жарықтандыру, инсоляция, аэрация, акустика, инженерлік-техникалық жабдықтау (жылу жүйесі, желдету, ауаны кондиционерлеу т.б.) ерекшеліктері. Архитектуралық композицияның көркемдік негіздерін жетік білу сәулеттік өнерді жетік меңгеруге, оның композициялық заңдылықтарын үйлесімді қолдана білуге, көркемдік талғампаздыққа жетелейтін процесс болып табылады. Тек сәулет өнерінің теорияларымен қаруланған сәулетші ғана тиімді, берік және әсем туындыны өмірге алып келеді.

Жоғарыдағы үш ұғымды үйлестіру мәселесі сәулет өнерінің сан ғасырлық тарихының негізгі діңгегі болып қала береді. Әртүрлі тарихи кезеңдерде бұл мәселе салыстырмалы түрде әртүрлі маңызға ие болып, сәулеттік іс әрекеттердің жалпы бағытын анықтап отырды. Дегенмен барлық негізгі жағдайларда архитектуралық ғимаратты тұрғызудағы негізгі көрсеткіш оның пайдалылығ (тиімділігі)болып табылады. Құрылысты жүргізу кезінде бұл көрсеткіш ғимараттың беріктігмен, әсемдігімен үйлестіріледі, сөйтіп ғимараттың сәулеттік келбеті эстетикалық және идеялық тұрғыдан толыға түседі.

Тоқырау жылдарында экономикалық қиындықтардың әсерінен, мәдениет ошақтарына қаржы бөлуге мүмкіндік болмай, олардың жұмыстары тоқырап қалды. Бұл үрдіс әсіресе, ауылдық жерлердегі клуб, кинотеатр, мұражай, мәдениет сарайы сияқты ғимараттарға зор зиянын келтірді. Кейбір елді мекендерде мұндай мекемелердің жұмысы тоқырап қалғаны былай тұрсын, ғимараттардың өз басы жекешеленіп қолдан-қолға өтіп, ең соңында бөлшектеліп бұзылып сатылып кеткедрі де болды.

Дегенмен, республикамыздағы соңғы жылдардағы экономикалық дамудың қарқынды өсуі, елдің әл ауқатының жоғарғы деңгейге көтерілуін қамтамасыз етті.

Бұл жерде Үкіметіміздің соңғы жылдары (2000 жылдардан бастап) ауылдың,
ауыл экономикасын, ауылдық жерлердегі халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған экономикалық шаралары оң нәтижесін бере бастады десек өтірік айтпағанымыз. Әл-ауқаты, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары халықтың рухани мәдени байлығын көтеруге деген сұранысы да жоғары болатыны белгілі.

Осындай үрдіс соңғы жылдары Республикамыздың түпкір түпкірлеріндегі барлық елді-мекендерде іске асырыла бастады. Мәдени ошақ ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, немесе мұндай мекемелер болмаған жерлерде жаңадан салынып іске қосылуда.

Осы жағдайды талдай отырып, мәселені шешуге өзімнің кішкентай үлесімді қоссам деген ниетпен дипломдық жұмысымды осы бағытқа арнадым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Жамбыл облысы Аса ауылындағы мәдени-сауық орталығын жобалау» деп аталады.

Менің таңдаған тақырыбым қазіргі күн талабына сай және актуалды. Өйткені жобалануға тиісті мәдени-сауық орталығының ғимараты аудан орталығы «Аса» ауылының архитектуралық сәулетін, көркемдік келбетін ашатын және осы аймақтағы әлеуметтік экономикалық ахуалды көтеруге өзіндік үлесін қосатын қоғамдық объект болатынына сенімдімін.

1. АРХИТЕКТУРАЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 ЖОБА АЛДЫНДАҒЫ ТАЛДАУ

1.1.1. Мәдени-сауық орталықтарын (клуб) қала құрылысы жүйесінде орналастыру тәртібі

Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда мәдени-сауық ғимараттарын әдетте (басым жағдайларда) сол елді мекеннің орталық алаңына орналастырады, өйткені мұндай ғимараттар қоғамдық орталықтардың негізгі құрылымдық және композициялық элементі болып табылады.

Клуб ғимараттарына құрылыс алаңын таңдау – елді мекеннің орталығын құру және дамыту мәселелерімен тығыз байланысты процесс. Бұл жағдай төмендегі бірнеше талаптармен байланысты: тұрғындардың ыңғайлы және ________; жақсы көріну үшін биіктеу жерлерге орналастыру; ғимараттарды орналастыру үшін ашық бос жерлердің болуы; құрылыс орнының оңтайлы геологиялық жағдайы.

Ғимараттың сәулеттік-көркемдік айшықтылығын көрсету үшін құрылыс орнының табиғи жағдайын (рельеф, су көлшіктері, көгеріштер және т.б.) пайдаланудың маңызы зор.

Әсіресе, көңіл бөлетін нәрсе мұндай типтегі ғимараттарды саябақтардың жанына немесе ішіне орналастыру, өйткені жылдың жылы мезгілдерінде саябақты әртүрлі мерекелік, спорттық және т.б. шараларды өткізуге өте ыңғайлы болып шығады. Егер де саябақ болмаған жағдайда, клуб ғимаратының алдынан, жанынан скверлер қарастыру қажет, ал саябақты бос жерлерге орналастыру керек және парк ішінде әртүрлі жаздық спорт ғимараттарын орналастыру қажет.


Клуб ғимаратын алаңда орналастыру үшін орынды дұрыс таңдай білу маңызды, өйткені алаңның жоспарлық ұйымдастыру құрылымы әртүрлі болып келеді, дегенмен оларды төмендегідей үш түрге бөлуге болады: периметральды, сызықты, арал түрінде.

Бұлардың ішінде жиі қолданылатыны периметральды схема, бұл жағдайда ғимараттар алаңды барлық жағынан қоршап, тұйық кеңістік құрайды. Дегенмен барлық жағдайда құрылым композициясын шешкенде клуб ғимараттарына жетекші роль беріледі.

Күрделі әдіс жоғарыда айтылған әдіске барлық сипаттамасы бойынша келеді, ал одан айырмашылығы алаңның бір жағын ашып, оны табиғи ландшафты понорамаға қарату керек: таулы рельеф, талды алқап, сай жыралар және т.б.

Сызықтық схема әдетте ауқымы тар жерлерде қолданылады, және бұл жағдайда ғимаратты негізгі көшенің бойына орналастырады.

Алаң құрылымының композициялық ансамблінде клуб ғимараттарына басты роль берілетіндіне байланысты, оны жан жақтан жақсы көрінетін, және оған келуге ыңғайлы жолдары бар биіктеу жерге орналастырған жөн.

Клуб бөлмелерін жарық жақтарына бағыттау оншалықты негізгі фактор болып табылмайды. Дегенмен ғимаратты жер теліміне орналастырғанда кітапхананы, үйірме бөлмелерін және спорт, көрермендер залын оңтүстік және оңтүстік-батыс бағыттарға қаратпаған жөн, өйткені бұл бөлмелердің тікелей түсетін күн сәулесінен қатты ысып қапырықтанып кетпеуі қажет.

Өте негізгі үйлердің бірі көпфункционалды ғимараттар болып табылады, өйткені бұл үйлерде басқа қоғамдық мақсаттағы бөлмелермен қатар клубтық және спорттық бөлмелері де қарастырылады. Көпфункционалды үйлерін, клуб ғимараттары секілді орталық алаңға жақсы көрінетін тұстарға, немесе саябаққа жапсарлас жер теліміне орналастырған өте дұрыс шешім болып табылады.

Клуб ғимаратының анағұрлым айшықты келбетін ашу үшін, ғимаратты ашық галерея, бастырма, пергола арқылы жалғау немесе бірден басқа бағыттағы ғимараттармен блоктау арқылы бірыңғай архитектуралық ансамбль құру керек.

Клуб ғимаратына маңызды мәселелердің бірі, ғимараттың алдыңғы жағындағы алаңшаны сәулеттік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу. Көліктердің тікелей бас кірме тұсқа келуіне жол бермеген жөн. Сондықтан да бұл алаңшаларды декоративті бетон плиткаларымен қаптау және гүлзарлар мен газондар орналастыру керек. Ғимараттың бас фасады жағынан жеке ағаштарды немесе топтық ағаштарды егу керек, және олар фасадты көлеңкелеп жауып қалмауын ескеру қажет. Бұл жақ беттегі орында клубқа келушілердің жиналатын кеңістігі ретінде қарастырған жөн және оның ауданын көрермендер залындағы әр орынға 0,2м