Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Мектепке дейінгі йым Абота ббекжайы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 57
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиелеу – білім беру процесінің циклограммасы
Мектепке дейінгі ұйым: «Ақбота бөбекжайы» КМҚК
Топ: «Балапан»
Балалардың жасы: 2 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 01.05 - 05.05.2023 ж.
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі 01.05.2023 | Сейсенбі 02.05.2023 | Сәрсенбі 03.05.2023 | Бейсенбі 04.05.2023 | Жұма 05.05.2023 |
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | ||||
| "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Аквариум балықтарына жем беруге шақыру (денсаулықтарына рұқсатты ескеру); балықтардың су астындағы тіршілігін бақылауға ынталандыру; қамқорлыққа тәрбиелеу. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Ойын бұрыштарында тұрған ойыншықтарды өз еркімен алып, өзге баламен бөлісіп, алмасуға ынталандыру; ойын әрекеттерін жасауды қадағалау; ойнап болғаннан кейін ойыншықты өз орнына жинау әдебін бекіту, мақтау; ойнамау себебін айтуға үйрету ("ойнап болдым"). | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Жуыну бөлмесінде жуыну әдебін игерту: қолдарын өздігінен сабындауды, су ағымы астына қойып, қысуды қадағалау; өз орамалын тауып, сүртіп, орнына іле білуге дағдыландыру; қолының тазағылын байқауға ынталандыру, мақтау. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Балаларға табиғат бұрышындағы өсімдіктерді суару не үшін қажет екенін айтқызу; балалардың суқұйғышты ұстап, өздігінен суаруын қадағалау; өсімдіктердің гүлдегенін байқату. | |
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Әңгімелесу: "2 жасар баланың ақыл-ойының ерекшеліктері", "2 жасар бала өзі туралы нені білуі және айта алуы керек?". «Ынтымақ - достық кепілі» 1 мамыр мерекесіне арналған саланатты жиын | ||||
Таңертенгі жаттығу | Жалпы дамытушы жаттығулар. "Қайырлы күн бәріңе!" балалар қолдарын жоғары көтеріп, иіліп амандасады. 1."Саусақтарым сәлем дейді бәріңе" – екі алақанды жайып, ашып-жұму (3-4 рет қайталау); 2."Қайырлы күн деп, күлімдейді көздерім", көздерін сипап, кірпіктерін қағып, күлімдеу; 3."Қайырлы таң, жаңалық бар деп құлағым", құлақтарын сипап, басын екі жаққа кезек иеді. 4."Қайырлы таң дейді менің қолдарым!" – деп, қол білезіктерін айналдырады; 5."Қайырлы таң дейді менің денем де!" – деп, денесін қозғайды (3-4 рет қайталау); 6. "Қайырлы таң дейді менің аяғым!" – деп, екі аяғын кезек-кезек алға қояды (3-4 рет қайталау); Бірінің артынан бірі жай жүріп, ""Тамаша, тамаша, бір, екі деп санаса"" деп айта жүріп, орындықтарға жайғасады. (дене шынықтыру) | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер) | | Ритмикалық жаттығу Мереке күні шар үрлеп (сап түзеп, бір орында жүру), Шығамыз ұстап көшеге (қолдарды жоғары сермеу). Шапалақтап, айналып (шапалақтау, айналу), Былай-былай би билеп (бас пен денені оңға-солға шайқау). Қимылдарды ырғақты, темпі орташа көңілді әуені жазбасына сай орындау. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) | Саусақ жаттығуы. "Біз текшені жинаймыз". Мақсат-міндеттер. Балаларды текшелермен ойнар алдында саусақтарын жаттықтыруға ынталандыру; қолдардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілеттерін дамыту; достыққа тәрбиелеу. Біз текшені жинаймыз, Мұнараны құраймыз: Жұдырыққа жұдырық Қоямыз, санаймыз. Бір, екі, үш, төрт, Бір, екі, үш, төрт, Жұдырыққа жұдырық, Биікке қалаймыз. Д. Ахметова (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, сенсорика, құрастыру) | «Пирамиданы жинайық» дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер. Балаларды пирамиданы құрастыра білуге баулу: сақиналарды алып тастау және қайтадан жинау. Балаларды бір затты екінші заттың үстіне қою арқылы бірдей көлемдегі заттарды табуға үйрету. Құрал-жабдықтар: бес сақиналы пирамидалар Педагог балаларға пирамиданы көрсетеді, олар оны тексереді. Содан кейін педагог өзінің іс-әрекетін мына сөздермен сүйемелдей отырып, сақиналарды пирамидадан алып тастайды: «Пирамида болды, сақиналар алынып тасталды - біз сақиналарды таяқшаға қоямыз! Содан кейін ол қайтадан пирамиданы бөлшектейді және жинайды. Осыдан кейін ол балаларға бәрін өз бетімен жасауды ұсынады. (сенсорика, құрастыру) | "Мозаика" үстел ойыны. Мақсат-міндеттер. Балалардың көзбен қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Шарты: геометриялық пішіндерден салынған, педагог көрсеткен, қарапайым өрнек кілемшесін салу, педагог көрсеткен үлгіге қарап, мозаика өрнегін құрастыру. Құралдар: шаршы пішінді қатпа қағаздан жасалған кілемшелер, табақшаларда геометриялық пішіндердің жинақтамалары. Педагог баладан қандай пішіндерді қолданғанын сұрастыра алады. (сенсорика, құрастыру) |
Таңғы ас | Гигиеналық дағдылар Мақста-міндеттер. Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру. Көркем сөз Біз қонаққа барамыз (сап түзеп жүру), Қолды сумен жуамыз (алақандарды тік ұстап, бүгу), Сабын салып, жу, жу (алақандарды бір-біріне тигізіп, ысқылау). Алақан су, су (саусақтарды қозғау), Сүлгі алып, сүртеміз (алақандарды үйкелеу), Тазалықты сақтаймыз (шапалақтау). Д. Ахметова (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | ||||
Ұйымдастырылған қызметке дайындық (ҰҚ) | | "Доптарды өз қораптарына сал" дамытушы ойыны. Мақсат-міндеттер. Балалардың түстерді ажырату, ойлау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; жаттығудың нәтижесіне қуануға баулу. Құралдар: түсі тоғыз түрлі шақпақ ұяшықтарға бөлінген шаршы пішінді қатпа қағаз беттері, ұяшықтардың түстіре сай дөңгелектер жинақнамалары. Педагог допты көрсетіп, мәнерлеп тақпақты оқып береді. "Доп". Доп, доп, доп, доп домалақ, Тыншымайсың домалап. Ас құйып ем күшікке, Үлгермеді ішіп те ... Төңкердің де табағын, Төгіп кеттің тамағын. Доп, доп, доп, доп домалақ, Осы әдетің жаман-ақ! Ә. Кекілбаев Балалар әрбір ұяшықтың бетіне, оның түсіне сай допты салады. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, мүсіндеу) | "Тауық пен балапан". Мақсат-міндеттер. Балаларға әңгіме мазмұнын мұқият оқып беру; әңгімедегі дыбыс иелерінің дыбыстарына еліктей білуге және қайталауға дағдыландыру; әңгіме тақырыбы мазмұнына сай қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, сурет салу) | Саусақ жаттығуы. "Лағым". Балаларды тақпақтағы сөздердің мағынасын түсініп, саусақтармен қимылдауға ынталандыру; ешкінің төлі лақтың қимылдарына еліктеуге дағдыландыру; есте сақтау, қуанышқа бөлену қабілеттерін, түйсіктерін дамыту. Балаларға лақтың суретін немесе ойыншығын көрсетіп, ұстатуға болады. "Лағым". - Секір, секір, лағым, Тартқанша құмарың! Желпілдесін жел күнгі, Жапырақша құлағың. Сырт-сырт етіп тұяғың, Би билеші, лағым! Ырғып өтіп жырадан, Басына шық қияның. С. Желдірбаева (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) | "Қозы". Мақсат-міндеттер. Балалардың қозы кескінін бақылауға қызығушылықтарын оятып, қарындаш ұшымен қозының үстіндегі жүнін ұсақ бұйра оюлармен толтыруға үйрету; қозының шиыршықталған бұйра жүнін бір-біріне тығыз салуға дағдыландыру; үй жануарлары мен олардың төлдеріне көктемде қамқорлық жасау керек екені туралы түсінік беру. (сурет салу) |
Ұйымдастырылған қызмет | | Музыка (Муз жетекшісінің жоспар бойынша) | Дене шынықтыру «Алға, Қазақстан!» Мақсаты: Балаларда биіктігі 10 см гимнастикалық орындықтан тепе-теңдікті сақтап жүріп өту іскерліктерін жетілдіру; бір ізбен жүре отырып, кеңістікте дене тепе-теңдігін сақтаудың дағдыларын дамыту; балалардың гимнастикалық орындықтан тепе- теңдікті сақтап жүріп өту жаттығуының техникасын дұрыс жасай білу икемділіктерін жетілдіре отырып, дене, аяқ бұлшықеттерін дамыту. | | Дене шынықтыру «Біз жас ұланбыз» Мақсаты: Балаларды сапқа тұрғызып, бірінің артынан бірін жеңіл, салтанатты адыммен жүргізу; еңіс тақтайдың үстімен жоғары және төмен жүру техникасын жетілдіру; еңіс тақтайдың үстімен жоғары және төмен жүру кезінде дене тепе-теңдігін сақтауда епті, жылдам, шапшаң болуға тәрбиелеу. |
Витаминдік таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды. Ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау) | ||||
Серуенге дайындық | Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Серуен | | Желді бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды жапырақтардың желде шайқалғанын көріп, құбылыстың болғанын байқауға үйрету; зеректікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. - Жел бізбен ойнамақ, Оңға, солға жасырынбақ. Жапырақтар да ойнайды, Күннің көзіне жылтыңдайды. Д. Ахметова - Балалар, қанекей, жапырақтарға қарайықшы, жел қайда жасырынып жүр? - Иә, жел жапырақтарды шайқап, бізбен ойнап жүр. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалықты сақтауға деген қызығушылықты арттыру; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Аралар" қимылды ойыны. Мақсат-міндеттер. Балалардың жан-жаққа белгі бойынша жүгіре білу, кеңістікті бағдарлау қабілеттерін дамыту; аралардың ұшқанына еліктеп, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру, достыққа тәрбиелеу. Педагог (аюдың рөлін де орындайды) балалармен бірге жүріп, белгілі сөздерді айтқаннан кейін, дауысын біраз қаттырақ шығарады, балалар жан-жаққа қашып жатады. - Аю маймаңдап келеді, Балды алғысы келеді. Ай-ай-ай, аю, байқа! Аралар жан-жақта! "Жу-у! Жу-у!" - деп ұшады, Мұрынды шағады. "Аюдың орманында" қимылды жаттығу. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балалардың бір-біріне қақтығысып қалмай, аяқтарды кең қалыпта ұстап, жүгіре білу қабілетін қалыптастыру. | Бұлтты аспанды бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларға бұлтты күн райы туралы ұғымдар беру, аспанның түсі көгілдір емес, сұр екенін байқату, бұлттардың сұр болса, жаңбыр жауыны болуы мүмкіндігі туралы байқату. "Туған елдің көктемі". Маржан жаңбыр Жауды да бір Кемпірқосақ керілді. Жарқ етті де, аунады қыр, Ырзық дәні себілді. Ш. Мәмбетов Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы құмнан тазалауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Күн мен жаңбыр" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балалардың "күн" және "жаңбыр" сигналды сөздер арқылы қимылдай білу қабілеттерін дамыту; жаңбыр құбылысы туралы білімдерін қалыптастыру. - Күн шықты – балалар ойнады. - Күн тығылды – жаңбыр жауды. "Тегіс жолмен жүреміз" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. | "Дөңгелек салынған суреттерді бақылау". (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Асфальт бетіне түрлі-түсті бормен салынған дөңгелектерді бақылауға ынталандыру; түйсігін, ой-қиялын дамыту. - Балалар, асфальт бетінде нені көріп тұрсыңдар? "Күлімдеген дөңгелектер". Дөңгелектер, дөңгелектер, Түрлі күлімдеген беттер. Міне, Дананың беті, Міне, Аланның беті, Міне – күлімдеген мен, Міне, күлімдеген сен. Д. Ахметова Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхананы тазалауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Құмалақтар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды бір топтасқан жерден белгі бойынша жан-жаққа шашырап бағыттай білу дағдыларын жетілдіру. - Табақшада жатты құмалақтар, Барлығы бірдей, доп-домалақтар. Марғау құмалақтарды шашты, Құмалақтар жан-жаққа домалаңдап қашты. "Шеңберге дәлде" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларда нысанаға (допты) дәлдеп ата білу, ептілік, мергенділік қабілеттерін дамыту. | Ауладағы құстарды бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды аулада, учаскеде ағаштарға ұшып-қонған құстарды байқауға, олардың қимылдарын анықтауға үйрету. - Балалар-ау, балалар! Шақырады кең дала. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып. Қос білекті сыбанып, Жүгірейік қуанып. Ө.Тұрманжанов Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалықты сақтауға деген қызығушылықты арттыру; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Балапандар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды ойын барысында айтылатын сөздердің мәніне, ырғағына сай қимылдауға үйрету, белгі бойынша белгілі жерге жиналу дағдыларын жетілдіру. – Балалар, сендер "балапан" боласыңдар. Балапандар тауық қорада отырады. – Балапандарым, шығыңдар аулаға! Өзіне қарай ойын алаңына шақыру. – Балапандар аулада аяқтарын жоғары көтеріп, жүреді. Қалай жүреді? Көрсетіңдерші. Қанаттарын қағып, жүгіреді. Қалай қағады? Көрсетіңдерші. Бидайды жерден былай шоқиды: "тоқ-тоқ-тоқ". Қанаттарын қағып, жүгіреді. Жарайсыңдар. Қимылдарды қосылып, көрсетіп жүру. – Балапандар! Әне, үлкен құс ұшып келеді! Жүгіріңдер қораға! Шақырулар айтылып жатқанда дауысты ақырындату керек, сонда балалар бір-біріне соғылмай, өз орындарын тауып, отыратын болады. "Көлшіктен өт" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды бір орнынан ұзындыққа екі аяқпен алға секіре білу қабілетін қалыптастыру; тепе-теңдік, ептілік, көзбен мөлшерлеу сезімдерін дамыту. |
Серуеннен оралу | Серуеннен кейін беті-қолды сумен тазалап жуу дағдысын бекіту. Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым, Таза бетің, маңдайың. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Түскі ас | Гигиеналық дағдылар Мақста-міндеттер. Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру. Көркем сөз Біз қонаққа барамыз (сап түзеп жүру), Қолды сумен жуамыз (алақандарды тік ұстап, бүгу), Сабын салып, жу, жу (алақандарды бір-біріне тигізіп, ысқылау). Алақан су, су (саусақтарды қозғау), Сүлгі алып, сүртеміз (алақандарды үйкелеу), Тазалықты сақтаймыз (шапалақтау). Д. Ахметова (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | ||||
Күндізгі ұйқы | Жастыққа басынды қоя ғой, Тәп-тәтті ұйқыға бата ғой. | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Әлди, әлди» Музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Қошақаным» Музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Екі дос» Әңгіме | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Балапаным» Музыка |
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары | Ұйқыашар жаттығулары. Керует жанындағы жаттығулар "Құстар" 1. "Құстар оянды". Б.қ.: аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды жан-жаққа созу, былғау – «құстар қанат қағып жатыр». 2. "Құстар достарын шақырып жатыр". Б.қ.: тұрып, қол белде, аяқ сәл алшақ. Оң жаққа, сол жаққа бұрылу, «Шиық-шиық» деп айту. 3. "Құстар жем шұқып жатыр". Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол төменде. Отыру, саусақпен еденді соғу, бастапқы қалыпқа келу. 4. "Құстар көңілденіп жатыр". Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол түсірілген. Жүріспен кезектесіп, бір орында секіру. (дене шынықтыру) | ||||
Бесін ас | "Қолды қалай дұрыс жуу керек». Сабынды қалай дұрыс ұстау, қолды сабындау, оны сүрту керектігін түсіндіру. Тәрбиеші қолды не үшін жуу керектігі жайлы сұрақ қояды. Кейін шараның орындалу ретін айтады, түсіндірме жасай отырып көрсету: Алдымен сабынның жан-жағын сипалаймыз, кейін оны сабын салғышқа салып алақанымызды сипаймыз — бірі екіншісін, енді саусақтарды айқастырып "кірпі" жасаймыз. Артынан қолды қалай сүрту керектігін көрсету. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Дербес әрекет | | "Отшашулар (Салют)". Мақсат-міндеттер. Балаларға қағаз бетіне түрлі түсті борлармен (қара түсті қоспау) ұзын және қысқа сызықтарды "отшашуларды", "сәулелерді" салуды үйрету; мерекелік отшашуларды педагогтың көрсетуімен және өз елестетуі бойынша салуға жаттықтыру; мерекелерді атап өту және оны безендіру рәсімі туралы түсінік беру. (Сурет салу) | "Аспаптар қалай дыбыстайды?" Мақсат-міндеттер. Балаларға аспап түрлері туралы түсінік беру; кейіпкермен қатынас орнатуда қаратпа сөз бен етістіктен тұратын сөз тіркесі арқылы аспаптардың дыбыс ерекшеліктерін айтып отыруға жаттықтыру; аспаптарды сыртқы бейнесі мен дыбысталу ерекшеліктеріне қарап, ажырата білуге дағдыландыру. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) | "Қызғалдақ". Мақсат-міндеттер. Балалардың алғашқы гүлі, қызғалдақпен таныстыру; көктемнің табиғи құбылыстары туралы түсініктерді қалыптастыру. (Қоршаған ортамен танысу, мүсіндеу) | "Мерекелік шелпектер". Мақсат-міндеттер. Балаларды сазбалшықтың біртұтас бөлігін екіге бөліп, домалатып, илеп, шарларды алақандар арасына қысып, жалпақ пішін жасауға үйрету; мүсіндеу тәсілдеріне жаттықтыру; балаларға өз әрекеттерін белгілі жүйеге салуға дағдыландыру; қолдың ұсақ моторикасын, түс пен пішінді қабылдауын, тілі мен есте сақтауын дамыту; балаларды өздерінің еңбек нәтижелерін бағалауға және нан өнімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. (Мүсіндеу) |
Балалармен жеке жұмыс | | "Қандай пішіндер жасырынды?" дамытушы жаттығуы. Мақсат-міндеттер. Балалардың түстерді, пішіндерді қабылдау, зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту. Құралдар: түрлі-түсті, көлемдері бірдей, көрнекілік жеке геометриялық пішіндердің модельдері: үшбұрыш, дөңгелек, шаршы. - Балалар, пішіндер сендермен тығылмақ ойнайды. Қандай пішіндер тығылғандарын айтайықшы. Педагог кезегімен түстері бөлек екі немесе үш пішінді бір-бірінің артына жасырады. Балалар пішіндердің көрінген бұрыштары мен қырларына қарап, пішіндерді атайды. (сенсорика, құрастыру) | "Шарды үрлеп өсірейік" шеңбер ойыны. Мақсат-міндеттер. Балаларды бірігіп шеңберді құру қабілетіне үйрету; ойын сөздерін бірге айтуға ынталандыру; тілін, жаттығуда жағымды әсерлерді алу қабілетін дамыту. Педагог балаларды жанына шақырады. - Шарды үрлеп көрейік (шеңберге тұру, қол ұстасу), Қол ұстасып, жүрейік. Ортадан артқа, артқа Шегіндік. Енді тоқта! Үлкен қылып үрледік (тоқтау), Пах! Шарымыз жарылды! (шапалақтап, сосын отыру) Пшшшшшшш ... (отырып жатқанда дыбыстар шығару) Балалар педагог соңынан қимылдарды қайталап жүреді. "Пах" және "Пш" дегенді балаларға қайталатып айтқызу қажет. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет дене шынықтыру) | "Ғажайып дорба" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер. Балаларды түрлі ойыншықтар мен заттарды атауға жаттықтыру, олардың жарылу қасиеті жөнінде ұғымдарын ұстап, сипап көру арқылы қалыптастыру. Шарты. Дорбада жатқан затқа (ойыншыққа) қарамай, ұстап-сипап танып, атап, ойынға алуға мүмкіндікті алу. Алған ойыншықығын суретін жабыстыру. Құралдар: дорба, дорбаға салынған түрлі ойыншықтар мен заттар. (жапсыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) | "Сылдырмақ" тақпағын мәнерлеп оқу, қимылды жаттығуы. Мақсат-міндеттер. Балалардың ырғақты есту, дыбыстық тіл мәдениетін дамыту; көркем сөзді айта тұрып, ойыншықпен қимылдау, қуанышқа бөлену қабілетін қалыптастыру. Педагог балаларға сылдырмақтарды таратып, еркін қимылдауға мүмкіндік береді. Педагог жолдардың ырғағына сай сылдырмақ туралы тақпақты мәнерлеп оқиды, балаларды бірге қосылып айтуға ынталандырады. Сылдырмақты соқпақ, Қолға алдық "тоқ-тақ". Жаңа жылды күттік, Тоқылдаттық "тук-тук". Д. Ахметова (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, музыка) |
Серуенге дайындық | "Киім-кешектер мен аяқ киімді таза ұстау туралы". Мақсат-міндеттері: балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру. Киім-кешектер мен аяқ киімдерді таза ұстаудың маңыздылығы жайлы айту, «тиянақтылық», «ұқыптылық» түсініктерімен таныстыру, киімдегі олқылықты байқауды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Серуен | Түскі уақыттаға серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) | ||||
Серуеннен оралу | Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуды үйрету. (дербес қимыл әрекеті) | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | | "Бұлттар ұшып келеді". Мақсат-міндеттер. Балаларды көгілдір түсті қағаз бетіндегі бұлттардың кескіндеріне желімді қылқаламмен жағып, қағаз бетінің барлық жеріне жапсыруға үйрету; сүлгіні қолдана білу қабілетіне дағдыландыру; балалардың байқағыштығы мен икемділігін, қолдың ұсақ моторикасын, түс пен пішінді қабылдауын, зейінін дамыту; балалардың табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын ояту; жапсыруда төзімділік пен тиянақтылық негіздеріне тәрбиелеу. (жапсыру) | "Ешкі мен лақ" Мақсат-міндеттер. Балаларды үй жануарлары ешкі мен лақтың тіршілігімен таныстыра отырып, олардың адамға тәуелділігі жөнінде ұғымдар беру; сурет мазмұнында аталған кейіпкерлерді байқап, атап, ұқсастықтарын байқап, көрсетуге машықтау; ертегі мазмұнының сөздерінен кейіпкерлерді тануға талпындыру. (Қоршаған ортамен танысу, мүсіндеу) | "Қозы". Мақсат-міндеттер. Балалардың қозы кескінін бақылауға қызығушылықтарын оятып, қарындаш ұшымен қозының үстіндегі жүнін ұсақ бұйра оюлармен толтыруға үйрету; қозының шиыршықталған бұйра жүнін бір-біріне тығыз салуға дағдыландыру; үй жануарлары мен олардың төлдеріне көктемде қамқорлық жасау керек екені туралы түсінік беру. (Сурет салу) | Шеңберде ойын. "Күн ойнап тұр күлімдеп". Мақсат-міндеттер. Балаларға Әтеш кейіпкеріне эмоционалды жауап беруге баулу; сөздерге қосылып, шеңберге жиналу дағдыларын қалыптастыру. - Әтеш ерте оянады, "Тұрыңдар!" – деп шақырады. Көк аспанға күн шығады, Достар ойынға шығады. Күн ойнап тұр күлімдеп, Аспан төрінде билеп, Алтын сақадай қызып, Шеңберлерде жүргізіп. Д. Ахметова (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, жапсыру) |
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Әңгімелесу: "Тұйық мінезді болу кемшілік пе?", "Баланың үрейлері", "Баланың мінезі және темпераменті". «Жасасын Жеңіс күні!» 9 Мамыр күніне арналған салтанатты жиын | ||||
Балалардың үйіне қайтуы | Балалардыңсөрелеріндегі артық киімдерін үйлеріне алып кету. Балалардың үйге дұрыстап сұрануы. |
ТЕКСЕРІЛДІ_________________________әдіскер Ж.Сулейменова