Файл: ысамерзімді жоспар 13саба Сабаты таырыбы Брыш. Брышты градусты лшемі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
№13-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі
Бөлім: | Бұрыштар. Көпбұрыштар. |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 5.3.1.4. бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар жаңа сабақ бойынша бұрыш ұғымын меңгереді. Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар бұрыштың градусын табуға берілген есептермен танысады. Кейбір оқушылар үшін: Білім алушылар фигураның бұрышын табуға берілген есептерді сипаттап бере алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылар- мен амандасу, түгендеу. 2.Ынтымақ-тастық атмосферасын қалыптастыру 1.Мұғалім оқушыларды түгендейді. 2.Амандасадыжәне тілектерін білдіреді. | 1.Оқушылар мұғалім- мен амандасады. 2. Сабаққа дайындалады. Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Сұрақтар: 1.“Пайыз” ұғымын түсіндіңдер ме? Мысал келтіріңдер. 2. Пайызға байланысты мәтіндік есептердің шығарылу жолын білесің бе? 3. Пайыздық есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін ата. | 1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатыментаныстырады. Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. | Дескриптор: 1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі. 2. Өзгенің пікірін толықтырады. Жалпы- 3 балл. | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны | |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 1-тапсырма 7.6-суретте кескінделген бұрыштарды оқып, белгіленуімен жазыңдар. | Дескриптор:_1.Бұрыштарды_оқиды.2.Белгіленуімен_жазады.Жалпы_-_4_балл.'>Дескриптор: 1.Бұрыштарды оқиды. 2.Белгіленуімен жазады. Жалпы - 4 балл. | ДК экраны 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
| 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 2-тапсырма Бөлмедегі сағат қазір 1сағ. 25минутты көрсетіп тұр. Сағаттың сағаттық тілі мен минуттық тілі арасындағы бұрыш неше градус? | Дескриптор: 1.Есеп мазмұнын түсінеді. 2.Градусын анықтайды. 3.Жауабын жазады. Жалпы - 3 балл | ДК экраны 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
| | №870 №871 №872 есептерді шыгарады | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны | |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. Үйге тапсырма: №1092 есеп. №1093 есеп. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |