ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 72
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚКМК | Оқу өндірістік тәжірибе бағдарламасы СМЖ- ӨЖМК ШЖҚКМК – 02/2-11-005 | № _1_ дана Күні ________ |
Сапа менеджмент жүйесі | СМЖ- ӨЖМК ШЖҚКМК - ЖБ | |
БЕКІТЕМІН
Директордың өндірістік ісі
жөніндегі орынбасары
_____________Р.А.Иматова
« ____» ___________ 2023ж.
МЕЙІРГЕР ІСІ БОЙЫНША
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫНЫҢ
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Мейіргер ісі негіздері»
Тәжірибенің атауы: «Пациенттерге мейіргерлік күтім көрсету»
Мамандығы: 09120100 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 4S09120101 «Фельдшер»
Курсы және оқу семестрі: II курс IV семестр
Оқу сағатының/кредиттің/көлемі: 144/6
Қабылдау бөлімі:36 сағат
ОЗБ:18 сағат
Бөлімшеде:72 сағат
Емшара бөлімі: 18 сағат
Өскемен 2023ж
«Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚКМК | Оқу өндірістік тәжірибе бағдарламасы СМЖ- ӨЖМК ШЖҚКМК – 02/2-11-005 | № _1_ дана Күні ________ |
Сапа менеджмент жүйесі | СМЖ- ӨЖМКШЖҚКМК КМК - ЖБ | |
ДАЙЫНДАҒАНДАР:
Дырданова Ф.А., Дутбаева М.Ж.
(оқытушының аты-жөні)
КЕЛІСІЛДІ:
ЦӘК отырысы ______№ ____ хаттама
ЦӘК төрағасы ________
«___» __________ 2023ж.
Әдіскер
_____________А.М. Аязбаева
«__» _______________ 2023ж
Директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары
__________ Р.А. Иматова
«__» ________________ 2023 ж
КЕЛІСІЛДІ:
Сапа бойынша басшылық өкілі
_____________ Д.С.Бегимжанова
«____» ________ 2023ж.
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Өндірістік практика 4 семестр аяқталғанда 144 сағат көлемінде 6 апта бойы өтеді.
ӨП мақсаттары:
• Оқу процесі барысында алған кәсіптік шеберліктері мен дағдыларын бекіту;
• Теориялық білімдерін кеңейту және жүйелендіру;
• Мейіргер процесінің барлық кезеңдерін ұйымдастыру бойынша білімдер мен шеберліктерін бекіту;
• Коммуникативтік дағдыларын дамыту;
• Медициналық этика мен деонтология принциптерін бекіту.
Оқу-өндірістік кәсіптік тәжірибе колледж тәжірибелі базасы ретінде бекітілген емдеу-алдын алу ұйымдарында өткізіледі.
Кәсіптік тәжірибе оқу процесінің бөлігі болып табылады, клиникалық кабинеттер мен тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінде алған білімдер, дағдылар мен шеберліктерінің сабақтастығы мен бекітуін қарастырады.
Кәсіптік тәжірибенің алдында қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі.
Тәжірибе өту орнына келген кезде емдеу алдын алу мекемесі бойынша әр оқушыға жалпы және тікелей жетекшіні бекіту туралы бұйрық шығарылады.
Тәжірибе өту кезінде студенттер тәжірибе өтіп жатқан емдеу алдын алу мекемесінің ішкі тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс.
Тәжірибе өту кезінде студенттер мейіргердің жұмыс орындарына бірден немесе екіден тағайындалады, барлық тағайындауларды тәжірибелі мейіргердің бақылауымен және тәжірибені тікелей жетекшісінің басшылығымен өз бетінше орындайды.
Тәжірибедегі студенттің жұмыс күнінің ұзақтылығы – 6 сағат, 30 минут. – 6 күндік жұмыс аптасында, оның ішінде 30 минуты түскі үзіліске арналады
Кәсіби тәжірибе мерзімдерін қысқартуға болмайды.
Себептерге байланыссыз тәжірибені босатқан күндері туралы колледж әкімшілігіне ескеріледі.
Кәсіби тәжірибе аяғына дейін студент тәжірибенің бағдарламасын уақыты бойынша да, көлемі бойынша да толық және сапалы орындауы тиіс.
Студенттер атқарған жұмыстарын күнделікке тіркеп, жұмысы алғашқы рет орындалғанда толық мазмұндалады, қалған ұқсас әрекеттері қысқартылып, тек саны ғана көрсетіліп отырады. Күнделіктерді тәжірибенің тікелей жетекшісі күн сайын тексереді. Тәжірибенің соңында тікелей жетекші тәжірибені 100 ұпайлық жүйемен бағалайды. Кәсіби тәжірибе аяқталғаннан кейін студенттер бағасы қойылған, мөрмен бекітілген аттестаттау кітапшасын, тәжірибенің күнделігін, бағасы қойылған жолдаманы, бағасы қойылған мінездемені тапсыруы керек. Күнделік, жолдама және мінездеме емдеу мекемесінің мөрімен расталады.
Бағдарламаның мазмұны
Барлығы - 144 сағат (24 күн).
Мейіргерлік күтім бойынша ӨП
Қабылдау бөлімшесінде жұмыс - 6 күн - 36 сағат.
Қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен жұмыс тәртібімен танысу. Мейіргердің лауазымдық нұсқаулығымен танысу. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөліп (3Н) принципін сақтау.
Қабылдау бөлімшесі мейіргерінің медициналық этика, деонтология ерекшеліктері. Қабылдау бөлімшесінде болған алғашқы сағаттарында пациенттің проблемасын анықтау. Пациенттердің санитарлық гигиеналық тазалауы: терісін және түкті жамылғыларын және көзге көрінетін шырышты қабаттарын тексеріп қарау; тырнақтарын алу, қыру, душтың астында жуындыру, сүрту немесе гигиеналық ванна жүргізу. Педикулез айқындалған кезде санитарлық тазалау жүргізу. Антропометрия жүргізу. Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттамасын толтыру, пациенттерді емдеу бөлімшесіне тасымалдау.
ОЗБ жұмыс - 3 күн - 18 сағат.
Орталық залалсыздандырубөлімшесінің құрылымы, жұмыс тәртібі және қауіпсіздік ережелерімен танысу. ОЗБ бөлімшесінің мейіргерінің лауазымдық нұсқаулығымен танысу. «Антисептика», «асептика», стерилизация» ұғымдары. Стерилизация тәсілдері. Орталық залалсыздандыру бөлімшесінің құрылымы. Медициналық тағайындауындағы бұйымдарды залалсыздандыру жағдайларына саниарлық-эпидемиологиялық талаптары. Жуу ерітіндісінің құрамы және температурасы, экспозиция уақыты, жуу ерітіндісін қолдану жиілігі. Залалсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылауын жүргізу. Стерилизацияға медициналық тағайындаудағы бұйымдарды орау. Стерилизациялық қораптардың түрлері және оларды стерилизацияға дайындау. Стерилизациялық қораптарға материалды орналастыру әдістері. (универсалды, түрлі)
Бөлімшеде жұмыс - 12 күн - 72 сағат.
Терапия бөлімшесінің құрылымы мен жұмыс тәртібімен танысу. Пост мейіргерінің лауазымдық нұсқаулығымен танысу. Мейіргерлердің кезекшіліктерін тапсыруда, таңертеңгілік конференцияларына, дәрігермен пациенттерді қарауға қатысу. Пациентердің жағдайын алғашқы мейіргерлік бағалауын жүргізу, пациенттің проблемаларын айқындау, мейіргерлік іс әрекеттерінің жоспарын дайындау, мейіргерлік күтімді аяқтау үшін мейіргерлік шараларды орындау, қойылған мақсаттардың орындалу дәрежесін анықтау. Пациенттерді күту кезіндегі мейіргерлік процессінің барлық кезеңдерін құжаттау. Тәуелді мейіргерлік іс әрекеттерін орындау, пациенттерді лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау. Жағдайы ауыр пациенттерді күту, пациенттерді тамақтандыру, пациенттерді ағымдық және қорытынды бақылау, мейіргерлік іс әрекеттерді бағалау.
Қажетті практикалық дағдылар:
-
Ауысымды қабылдау және өткізу -
Палаталар мен пациентті дәрігердің тексеруіне дайындау -
Дәрігерлік қысқа өтетін өндірістік кеңеске дайындалу ережелері -
Пациенттерді бөлімшеден шығару ережелері -
Назогостральді зонд және гастростома арқылы пациентті тамақтандыру техникасы. -
Тыныс алу жиілігін анықтау. Патологиялық тыныс алу типтері -
Ентікпесі бар пациенттің күтімі -
Қан құсатын пациенттің күтімі -
Кеудесінің ауыруымен болатын тыныс алу ағзалары патологиясы бар пациенттердің күтімі. -
Өкпе және қызба аруларымен ауыратын пациенттердің күтімі. -
Оксигендік терапияны жүргізу техникасы. -
Артериалдық гипертензиямен ауыратын пациенттердің күтімі. -
Жүрек тұсы ауыратын пациенттердің күтімі. -
Өткір миокард инфарктісімен ауыратын пациенттердің күтімі. -
Талып қалған жағдайда пациенттің күтімі. -
Коллапс жағдайында пациенттің күтімі. -
Тәуліктік диурез бен су балансын анықтау. -
Іші ауыратын пациенттердің күтімі. -
Диспептикалық бұзылыстарымен ауыратын пациенттердің күтімі. -
Метеоризммен ауыратын пациенттердің күтімі. -
Асқазан-ішектен қан кету кезіндегі алғашқы көмек. -
Асқазанды жуу. Активті және пассивті пациенттерге емшара жүргізу техникасы. Жабдықтарды өңдеп тазалау. -
Ас қорыту жүйесі ағзаларының ауруларын инструментальді зерттеу әдістері -
Жел шығаратын түтікті қою техникасы.
60. Қан кету кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек
2. Емшара кабинетінде жұмыс 3 күн- 18 сағат
Емшара кабинетінің құрылымы, жұмыс тәртібі және қауіпсіздік ережелерімен танысу. Емшара мейіргерінің лауазымдық нұсқаулығымен танысу. Емшара мейіргер үстелін дайындау. Дезинфекция. Аспаптарды залалсыздандырудың алдындағы тазалау. Шкафта, сейфте инъекцияларға арналған дәрі дәрмектерді сақтау. Улы және әсері күшті дәрі дәрмектерді сақтау және есепке алу ережелері. Кабинетке ағымды және толық тазалауына, сәулелендіруді жүргізу. Қолданыстағы бұйрықтар, емшара кабинетінің құжаттамасымен танысу. Тері асты, бұлшық ет, көк тамыр іші инъекцияларын орындау. Лабораторлық зерттеулерге көк тамырдан қан алу. Көк тамырға дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберуді орындау. Дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберуге арналған бір реттік жүйені толтыру. Емшара мейіргерінің құжаттамасын жүргізу.
Қажетті тәжірибелік дағдылар:
-
Емшара мейіргерінің үстелін дайындау. -
Қолданылған аспаптарды зарарсыздандыру. -
Тері асты, бұлшық ет, көк тамыр іші инъекцияларын орындау. Ампулалардан шприцті дәрі дәрмектермен толтыру техникасы. -
Көк тамырдан қан алу. -
Дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберуге арналған жүйені толтыру. -
Көк тамырға жіберуге арналған «бабочка» катетерін қолдану. -
Көктамрға инъекция салған орынды күту. -
Шприц, вакумконтейнер, «бабочка» катетері арқылы перифиериялық тамырдан қан алуды жүргізу -
Қан құюды жүргізу -
Қан тобы мен резус факторды анықтау -
Аға мейіргерінің дәрі дәрмектерге тапсырысын толтыру. -
Улы, әсері күшті дәрі дәрмектерді есепке алу және паудалану журналын толтыру. -
Анафилактикалық шок кезінде жәрдем көрсету. -
Кейбір дәрі дәрмектерді салу техникасы: инсулин, гепарин, бициллин, сульфат магний, хлорлы кальций, май ерітінділері, жүрек гликозидтері, антибиотиктер. Инъекицяларды орындау техникасы. -
Гемокультураға (сетрильдікке) және антибиотиктерге сезімталдылыққа тамырдан қан алу
ӨП тапсыруға арналған сұрақтар тізбегі
-
Ауру тарихының паспорттық бөлімін толтыру. Пациенттерді стационарға келіп түсу журналына тіркеу. -
Пациенттерді санитарлық тазалықтан өткізу. -
Барлық жастағы үлкендер мен балалардың антропометриясын жүргізу. -
Бөлімшелерге пациенттерді тасымалдау. -
Зарарсыздандыруды өткізу үшін хлораминді, хлорлы әкті езу. -
Палаталардың ылғалды тазалығын жүргізу. -
Пациенттің төсек орнын дайындау. -
Пациенттің іш киімі мен төсек орнын ауыстыру. -
Күнделікті туалет, теріні тазалау, ойылулардың алдын алу, жуындыру. -
Жағдайы ауыр пациенттің ауыз ќуысын тазалау. -
Жағдайы ауырпациентті тамаќтандыру. -
Пациенттерге келетін адамдарды бақылау және әкелген тамаќтарды беру, тумбочкаларының жағдайын тексеру. -
Жылытатын компресті, ќыша ќағаздарды, сүліктерді ќою. -
Жылытќышты, мұзды мұйықты қою. -
Дене ќызуын өлшеу, ќорытындыларын тіркеу. -
Ќан ќысымын өлшеу. -
Тамыр соғысын өлшеу, оның сипаттамасы, графикалыќ жазу. -
Тыныстық қимылдарды есептеу. -
Спирометрия жүргізу. -
Оттегін беру. -
Тазарту, ќоректік, тамшылы, сифон клизмасын жүргізу. -
Балауыздарды, суппозиторияларды, жел шығару түтікшелерін енгізу. -
Дәрет ыдысын әперу, несеп сауытты орнату және оларды зарарсыздандыру. -
Ингаляторды пайдалану. -
Шприцтерді жинау, дәрілермен толтыру, оларды тазалау және зарарсыздандыру. -
Ұлтабарды және асќазанды сүңгілеуге дайындау. -
Бүйректі, асқазан-ішек жолдарын рентгенологиялыќ зерттеуге науқасты дайындау. -
Пациентті несеп ќуығын катетерлеуге дайындау. -
Тері асты, бұлшыќ етке, көк тамырға инъекцияларды енгізуді жасай білу. -
Инфузиялық терапияға арналған жүйелердің монтажы және зарарсыздандыру. -
Антибиотиктерді езу. -
Жақпамайларды, сеппелерді т.б. ќолдану. -
Көзге, құлаққа мұрынға тамшы тамызу. -
Ауру тарихынан іріктеп алғаннан кейін ішке ќабылдау үшін дәрі-дәрмектерді бөліп тарату. -
Зертханаға, консультацияға, емшараларға жолдамаларды жазып беру. -
Шұғыл хабарламаны толтыру. -
Аддис-Каковский, Зимницкий, Нечипоренко бойынша несепті жалпы анализге сынама жасауға жинау. -
Тәуліктік диурезді өлшеу, графикалыќ жазу. -
Зерттеуге ќаќырыќ жинау. -
Флораға мұрыннан, көмейден жағынды алу. -
Ішек құрты жұмыртќасына, копрограммаға, жасырын ќанға нәжісті алу. -
Ауруханадан шығару және ќайтыс болған кезде ќұжаттарды толтыру. -
Кезекшілікті ќабылдау және тапсыру. -
Статистикалыќ есеп беруді құрастыру. -
Педикулезбен ауырған науқасқа тазалық жұмыстарын жүргізу. -
Гигиеналық ванна дайындау. -
Несебі тоқтамайтын пациенттердің күтімі. -
Электрокардиограммаға түсуге көмектесу. -
Гемокультураға (сетрильдікке) және антибиотиктерге сезімталдылыққа тамырдан қан алу -
Ағзаға дәрі дәрмектерді енгізу жолдары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. -
Медициналық ұйымның емдеу бөлімшелеріне дәріханадан дәрі дәрмектерді жазып беру ережелері. -
Талып қалу кезінде пациенттерді күту. -
Бөлімшелерде дәрі дәрмектерді сақтауға қойылатын жалпы талаптар. -
Наркотикалық, психотпропты және күшті әсерлі дәрі дәрмектерді сақтау және есепке алу ережелері. -
Тәулік диурезін өлшеу және су балансын анықтау. -
Емдеу бөлімшесінде пациенттерге дәрі дәрмектерді тарату ережелері мен ерекшеліктері.. Медикаментозды терапияны бақылау және тіркеу. -
Іші ауыратын пациенттерді бақылау және күту. -
Дәрі дәрмектерді қабыдаудың энтеральді тәсілі, артықшылықтары мен кемшіліктері. -
Майлы, гипертоникалық, дәрілік клизмаларды қою техникасы. Қолданылған инструментарийді өңдеп тазалау. -
Дәрі дәрмектерді преоральді, субвагиналды, трансбуккалды, ректалды қабылдау ережелері. -
Тазарту және сифонды клизмаларды жүргізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өңдеу. -
Энтеральді және ингаляциялық тәсілдермен жіберу кезінде қолданатын дәрі дәрмектердің формалары. Дәрі дәрмектерді қабылдауды бақылау. -
Нәжіс қабылдағыштарды, памперстерді қолдану. Нәжісті қолмен алып тастау. Аралық терісін және жеке бас гигиенасын мұқият сақтауын қамтамасыз ету. -
Дәрі дәрмектерді сыртқа қолдану тәсілді: жағу, сіңдіру, емдік пластырьды қолдану, сеппелер, примочкалар, құлақ, мұрын, көзге дәрі тамызу және дәрі май жағу. Артықшылықтары мен кемшіліктері. -
Стомдарды қоюға көрсеткіштер. Стомдарды күту ерекшеліктері. Стомаларды өз бетімен күтуге пациентті және туысқандарын үйрету. -
Дәрі дәрмектерді парентальді жолмен енгізу. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Шприцтер мен инелердің түрлері. Оларды қолдану ережелері. Инъекцияларды орындауда асептика ережелерін сақтау. -
Жел шығару түтігін қоюға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер. Мейіргер мен пациентті процедураға дайындалуы. Процедураны өткізу техникасы. -
Емшара кабинеті жұмысын ұйымдастыру: бөлмеге, жиһазға, жабдықтарға қойылатын талаптар. «Шартты стерильді зона» және дезинфекция зонасы туралы ұғым. Емшара кабинетін процедураға дайындау. Емшара кабинетінің санитарлық-індеттік тәртібі, тазалау түрлері және оларды өткізу ережелері. Емшара кабинетін тазалау инвентарін қолдануға қойылатын талаптар. Аурухана ішілік тазалық пен кәсіби қауіпсіздікті сақтауға қойылатын талаптар. -
Медициналық инструментариймен, жабдықпен жұмыс жүргізген кезде қауіпсіздік шаралары. Жарақаттанушылық кезінде шұғыл жәрдем көрсету принциптері. -
Диспептикалық бұзылыстары бар пациенттерді бақылау және күту. -
Ампуладан, флаконнан дәрі жинау техникасы. Манипуляцияларды орындау кезінде асептиканы сақтау ережелері. -
Құсу кезінде пациенттерді бақылау және күту. -
Тері ішілік инъекцияларды орындау техникасы. Тері ішілік инъекцияларды қоюға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер. Тері ішілік инъекцияларды салудың анатомиялық орындары. Инъекцияларға Мейіргернің және пациенттің дайындығы. Болуы мүмкін инъекциядан кейінгі асқынулар. Алдын алу және емдеу. Пайдаланылған жабдықты өңдеп тазалау. -
Тері асты инъекцияларды орындау техникасы. Тері асты инъекцияларды қоюға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер. Тері асты инъекцияларды салудың анатомиялық орындары. Инъекцияларға Мейіргернің және пациенттің дайындығы. Болуы мүмкін инъекциядан кейінгі асқынулар. Алдын алу және емдеу. Пайдаланылған жабдықты өңдеп тазалау. -
Бұлшық етке инъекцияларды орындау техникасы. Бұлшық етке инъекцияларды қоюға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер. Бұлшық етке инъекцияларды салудың анатомиялық орындары. Инъекцияларға Мейіргернің және пациенттің дайындығы. Болуы мүмкін инъекциядан кейінгі асқынулар. Алдын алу және емдеу. Пайдаланылған жабдықты өңдеп тазалау -
Асқазанды жуу. Асқазанды жууға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер. Активті және пассивтіпациенттерге процедураны жүргізу техникасы. Жабдықтарды өңдеп тазалау. -
Венепункция туралы ұғым. Көктамыр ішілік инъекцияны жасауға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер. Венепункция жасаудық анатомиялық орындары және тамырлардың түрлері. Венепункцияға мейіргер мен пациенттің дайындығы. Дәрі дәрмектерді көк тамырға енгізу техникасы. Венепункция жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Болуы мүмкін инъекциядан кейінгі асқынулар. Алдын алу және емі. Пайдаланылған жабдықтарды өңдеп тазалау. -
Ас қорыту жүйесі ағзалары ын инструменталды зерттеу әдістері. -
Биохимиялық зерттеуге қанды алуда мейіргернің ролі. Қан зерттеуіне көрсетімдер. Көк тамырдан шприцпен және жабық вакуумды жүйемен қан алу техникасы. Көк тамырдан қан алуға жолдамаларды толтыру және талдамалар қорытындыларымен жұмыс жүргізу. Көк тамырдан қан алу кезіндегі болуы мүмкін асқынулар және олардың адын алу. Зертханаға қанды тасымалдау ережелері. Пайдаланылған жабдықтарды өңдеп тазалау. -
Көктамырға тамшылату жүйесін монтажаду техникасы. Көк тамырға тамшылатып құю техникасы. Көк тамырға тамшылатып дәрі жіберіге көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер. Инъециядан кейінгі болуы мүмкін асқынулар. Алдын алу және емі. -
Кейбір дәрі дәрмектерді енгізу ерекшеліктері: инсулин, гепарин, бициллин, сульфат магний, хрорлы кальций, майлы ерітінділер, жүрек гликозидтері, антибиотиктер. Инъекцияларды орындау техникасы. -
Пациентті назогастральді зонд және гастростома арқылы тамақтандыру техникасы. Назогастральді зонд және гастростома арқылы пациентті тамақтандыруға көрсетмідер мен қарсы көрсетімдер. Парентеральді тамақтануға көрсетімдер. Парентеральді препараттар. Пайдаланылған жабдықтарды өңдеп тазалау. -
Судно мен зәр қабылдағыштарды қолдануға пациентке көмек көрсету. -
Қанды қақырығы бар пациенттердің күтімі. -
Аяқ терісінің күтімі және диабетикалық аяқтың алдын алу.
№ | Бөлімшелердің атауы | Сағат саны | Студент | Бағасы | |
Білу қажет | Істей білу қажет | ||||
1 | Қабылдау бөлімшесі | 36 | «Ауруханаішілік инфекция» ұғымы(ауруханалық, госпитальдік, нозокоминалды) АІИ таралу механизмдері, жолдары, медициналық ұйымдардағы инфекциялар көзі. Госпитальдік инфекциялардың резервуарлары, медициналық ұйымдарда микроағзалардың типтік орнығу жерлері. АІИ өсу себептері. Госпитальдік инфекциялар этиологиясы. Қабылдау бөлімшесі Мейіргерсінің медициналық этика, деонтология ерекшеліктері. Қабылдау бөлімшесінде болған алғашқы сағаттарында пациенттің проблемасын анықтау. Пациенттердің санитарлық гигиеналық тазалауы: терісін және түкті жамылғыларын және көзге көрінетін шырышты қабаттарын тексеріп қарау; тырнақтарын алу, қыру, душтың астында жуындыру, сүрту немесе гигиеналық ванна жүргізу. Педикулез айқындалған кезде санитарлық тазалау жүргізу. Антропометрия жүргізу. Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттамасын толтыру, пациенттерді емдеу бөлімшесіне тасымалдау. | Қабылдау бөлімшесі жұмысын ұйымдастыру. Қабылдау бөлімшесінде болған алғашқы сағаттарында пациенттің проблемасын анықтау. Пациенттердің санитарлық гигиеналық тазалауын жүргізу: терісін және түкті жамылғыларын және көзге көрінетін шырышты қабаттарын тексеріп қарау; тырнақтарын алу, қыру, душтың астында жуындыру, сүрту немесе гигиеналық ванна жүргізу. Педикулез айқындалған кезде санитарлық тазалау жүргізу. Пациентті тіркеу және медициналық құжаттаманы толтыру. Қан қысымын, бойын, кеуде шеңберін өлшеу, салмағын анықтау, пациенттерді емдеу бөлімшесіне тасымалдау | |
2 | ОЗБ жұмысын ұйымдастыру | 18 | «Антисептика», «асептика», сетрилизация» ұғымдары. Стерилизация тәсілдері. Орталық стерилизациялық бөлімшесінің құрылымы. Медициналық тағайындауындағы бұйымдарды стерилизациялау жағдайларына саниарлық-эпидемиологиялық талаптары. Жуу ерітіндісінің құрамы және температурасы, экспозиция уақыты, жуу ерітіндісін қолдану жиілігі. Стерилизациялау алдындағы тазалау сапасын бақылауын жүргізу. Стерилизацияға медициналық тағайындаудағы бұйымдарды орау. Стерилизациялық қораптардың түрлері және оларды стерилизацияға дайындау. Стерилизациялық қораптарға материалды орналастыру әдістері. (универсалды, түрлі) | Аспаптарды стерилизациялау алдындағы тазалау: Стерилизациялау алдындағы тазалау сапасын бақылауын жүргізу Стерилизацияға аспаптарды дайындау және орау. Бөлімшелерге стерильді материалдарды беру ережелері. ОЗБ жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. | |
3 | Бөлімшелерде жұмыс | 72 | Емдеу қорғау тәртібі туралы ұғым. Пациенттің психологиялық комфорты. Емдеу бөлімшесінің күн тәртібі. Қимыл белсенділік тәртіптерінің түрлері. Қимыл қозғалысы шектеулі пациенттердің потенциалды проблемалары. Пациенттің төсектегі жағдайларының түрлері. Жағдайы ауыр пациенттерді қауіпсіз тасымалдау ерекшеліктері: каталкада, кресло каталкада, арбаларда. Қозғалу кезінде пациенттерді демеу, көмек көрсету, жағдайы ауыр пациентті төсекте орнын ауыстыру және жылжыту. Қосалқы көтеру құралдары мен құрылғылары. Пациентті балдақпен, тростикпен, ходуноктарды қолдануға үйрету. Тиімді емдеу үшін пациентті жеке бас гигиенасының маңызы. Пациенттің терісіне гигиеналық талаптар. «Ойылу», «мацерация», пысынаушылық» ұғымдары. Ойылуларға әкеп соқтыратын негіізгі және қосымша факторлар. Ватерлоо және Нортон шкаласы бойынша ойылулардың даму қауіп қатерлігінің сандық бағасы. Ойылулардың алдын алу бойынша нұсқаулар. Төсекте жатқан пациентте ойылу пайда болуы қатері кезіндегі күтім жоспары. Бұлшықет релаксациясы және арқаны стимуляциялау массаж тәсілдерін қолдану. Ауыз қуысын, тісті, тіс протездерін күту, тісті тазалау. Ессіз түссіз күйінде пациенттің ауыз қуысын күту. Пациентті қыру. Көзді, мұрынды, құлақты күту. Жағдайы ауыр пациенттің басын жуу, шашын тарау. Жағдайы ауыр пациенттің төсекте аяқтарын жуу., аяқ қол тырнақтарын алу. Әйел және ер науқастың жыныс мүшлерін жуу. Судно мен несеп қабылдағышты пайдалануға пациентке көмектесу. Кіші және үлкен дәріте тоқтамағанда пациенттерді күту. Диетология, емдік тамақтану, диета, тамақтану тәртібі туралы ұғым, тамақтану түрлері, емдік «диеталық» үстелдер түрлері. Порциондық талапты дайындау. Пищеблокта дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасын сақтау. Дайын тағамды стационардың буфеттік бөлімшелеріне жеткізу ережелері (ыдыстары, тасымалдау) Дайын тағамдарды тарату ережесі «бірінші тағамдардың және ыстық сусындардың, екінші тағамдар, суық тағамдар және сусындардың температурасы. Ыдыстарды тазалау тәртібі. Жағдайы ауыр пациенттерді қасықтан, поильниктен тамақтандыру. Буфет, асхананың санитарлық-гигиеналық тазалауы. Пациенттерге келушілерді және әкелінген азық түліктерді бақылау. Төске жанындағы тумбочкалардың, тоңазытқыштардың санитарлық гигиеналық жағдайын, азық түліктердің сақталу мерзімін бақылау. Қызба туралы түсінің, топтастырылуы. Артериалдық пульс, оның қасиеттері және әр түрлі физиологиялық және патологиялық жағдайларда өзгерістері туралы ұғым. Дені сау адамның пульс жиілігі, тахикардия және брадикардия туралы ұғым. Пульсті зерттеу орындары. Пульсті есептеу. Пульс мәліметтерін сандық әдіспен бақылау парағы мен графикалық тәсілмен температуралық парақта тіркеу. Веналық, артериялық қысым туралы ұғым, эмоционалды жүктемелер кезінде оның өзгерулері, сыртқы орты жағдайларына байланысты қарт адамдарда өзгеруі. Систоликалық және диастоликалық артериялық қысымның қалыптағы көрсеткіштері, «әдеттегі қан қысымы», артериалық гипертензия, артериалдық гипотензия туралы ұғым. Артериялық қысымды иық артериясында өлшеу. Тыныс алу туралы ұғым. Тыныс алу түрлері. Тыныс алу сипатының ықтимал өзгерістері. Тыныс алудың патологиялық типтері. Тыныштық жағдайда әйел, еркек адамдағы, төсекте жатқан жағдайда, тік тұрған кездегі ересек адамның тыныс алу диілігі. Өзгерістерге әкеп соқтыратын факторлар. Тыныс алу жиілігін, тереңдігін, ырғағын анықтау. | Пациентке психологиялық комфорт жасай білу, пациентке қимыл қозғалыс белсенділік тәртібін түсіндіру. Пациентті әр түрлі тәсілдермен тасымалдау. Функционалды төсекті пайдалану. Пациенттің киім кешегі мен төсек орнын ауыстыру, ойылулардың алдын алу және тазалау. Пациенттің тісін күту. Әйелдерді, ер адамдарды жуындыру, басын жуу. Судно мен несеп қабылдағышты беру. Порциондық талапты құрастыру. Жағдайы ауыр науқастарға тамақ тарату. Стационар бөлімшесінде азық түліктерді сақтау жағдайлары мен санитарлық нормаларын бақылау. Келушілердің тамақтарын тексеру, тумбочкалар мен тоңазытқыштардың санитарлық жағдайын бақылау. Пациентті тамақтандыруға дайындау. Зонд, гастростома арқылы тамақтандыру. Дайын тағамдарды тасымалдау, сақтау және тарату ережелері. Жағдайы ауыр науқастарға тамақтандыруға көмек көрсету. Жасанды тамақтандыруға пациентті, аспаптарды дайындау. Күтім құралдарын, тамақтандыру құралдарын тазалау. Қан қысымын өлшеу. , қолтықта дене қызуын өлшеу. Термометрия мәліметтерін температуралық журналда сандық тәсілмен және температуралық парақта графикалық тәсілмен тіркеу. Гипертермия кезінде көмек көрсету және күтім жүргізу. Пульсті өлшеу. Пульс зерттеуінің мәліметтерін бақылау парағында сандық тәсілмен және температуралық парақта графикалық тәсілмен тіркеу. Тыныс алу жиілігін, тереңдігін, ырғағын анықтау. | |
4 | Емшара кабинетінде жұмыс | 18 | Емшара кабинетінің құрылымы, жұмыс тәртібі және қауіпсіздік ережелерімен танысу. Емшара мейіргерінің лауазымдық нұсқаулығымен танысу. Емшара мейіргер үстелін дайындау. Дезинфекция. Аспаптарды залалсыздандырудың алдындағы тазалау. Шкафта, сейфте инъекцияларға арналған дәрі дәрмектерді сақтау. Улы және әсері күшті дәрі дәрмектерді сақтау және есепке алу ережелері. Кабинетке ағымды және толық тазалауына, сәулелендіруді жүргізу. Қолданыстағы бұйрықтар, емшара кабинетінің құжаттамасымен танысу. Тері асты, бұлшық ет, көк тамыр іші инъекцияларын орындау. Лабораторлық зерттеулерге көк тамырдан қан алу. Көк тамырға дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберуді орындау. Дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберуге арналған бір реттік жүйені толтыру. Емшара мейіргерінің құжаттамасын жүргізу. | Емшара мейіргер үстелін дайындау. Дезинфекция. Аспаптарды залалсыздандырудың алдындағы тазалау. Шкафта, сейфте инъекцияларға арналған дәрі дәрмектерді сақтау. Улы және әсері күшті дәрі дәрмектерді сақтау және есепке алу ережелері. Кабинетке ағымды және толық тазалауына, сәулелендіруді жүргізу. Қажетті және комуникативті дағдыларды қолдана отырып: тері асты, бұлшық ет, көк тамыр іші инъекцияларын орындауды. Лабораторлық зерттеулерге көк тамырдан қан алу. Көк тамырға дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберуді орындауды.Дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберуге арналған бір реттік жүйені толтыруды. Емшара мейіргерінің құжаттамасын жүргізуді. | |