ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 63
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебіТӘРБИЕ САҒАТЫТақырыбы: «Жол – көлік апаттарын алдын алу»Сыныбы: 6 сынып Сынып жетекшісі: Бесембай Жансұлу Рымбекқызы2021-2022 оқу жылыТәрбие сағаты: «Жол – көлік апаттарын алдын алу»\Сабақтың тақырыбы: ««Жол – көлік апаттарын алдын алу»»Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесініңбелгілерімен таныстыру3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .Мұғалім : Ал енді «Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын . ІІ. Негізгі бөлім:Тақтадағы жұмбақтарды шешу:Жұмбақтар1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.Өміріңді күзеткен, (Автобус) Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер) 3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген , Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол) 4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) 5. Арқаным бар тым ұзын,Ала-алмайсың бір үзім.Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) 6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам» Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.1. Неге ?Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.ТақтадаҚызыл – Тоқта !Сары – Сақтан !Жасыл – Жол ашық!Алиша : Қызыл көзін ашқанда ,Сынық сүйем баспа алға !Аянат : Сары көзін ашқанда ,Қарап қалма аспанға !Аяулым: Жасыл көзін ашқанда ,Өте бергін , жасқанба !Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады. Ән: БағдаршамСахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары» Нұрай:Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,Ауырса адамды, аңды да емдейді .Отырған мынау Медбике апағаАйтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады) Алиша:Апа, қараңыз мына сұмдықты ,Маймақты кім қыңжылтты ? Нұрай:Маймағым, не болған өзіңе,Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?Нұрай:Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.Жармасып бал тасыр машина үстінеДомалап түсіп шыңғырдым құлындай.Алиша:Бір асар тәтті бал үшін,Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !Нұрай:Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\Оқушы қалай өтетінін көр сетеді. Аянат:Көреген, дәу қырағы.Көшемізде тұрады.Оның аты – бағдаршам,Жол сілтейді әрқашан.Ол бергенде команда,Бағынамыз әмәнда. БағдаршамТұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. БағдаршамАшса кезек үш көзін,Айтты деп ұқ үш сөзін.«Тоқта, сақтан, жол ашық!»Жүрме жолға таласып. Аянат:Төрт топтан құралған,Белгілер туыстай.Жол сілтеп тұрады.У-шусыз ұрыспай.Сақтандыру , ескерту белгісі :НұрайлымҚып – қызыл үшбұрыш,Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.Тыйым салу белгісі :АянатҚызылмен боялған , шеңбермін аумақты,Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты. Міндеттеу белгісі :АлишаБелгімін көрсетер жылдамдық бағытты,Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,Абай бол , шартыңды міндетті орында ! Ңұсқау белгісі Аяулым:Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.Күндіз де , түнде де от болып жанады,Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым. Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік. Қорытындылау :Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.